Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда



Дата22.02.2018
өлшемі77,63 Kb.
#38154

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда
Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға

таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Кітап көрнекілігі.Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері. «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар оқушылар,ата-аналар!Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан жаңғырығы‑жадымызда» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шақырады.

Республикам әнұраным!



Әнұран:

Салтанат:

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.



Назым: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн



Данияр: Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.



Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»

(8-сынып оқушылары)

Бір топ:

Естідіңдер ме?

Бұл не масқара!

Неге халықпен санаспайды?

Қашанғы шыдаймыз?

Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды.
/сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды/
Ержан: Демократияны бұғаудан босатыңдар,

Әр халыққа өзінің көсемі керек...


Назым:
Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?


Гүлжаухар:

Бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,

Тілің құрып барады білесің бе?
Ержан:

Ескерусіз дін жатыр жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға , көзді байлап

Санаспайды, әй,, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.
Айгерім:

Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге.

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/
Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!

\ сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\


  • Бар болғаны осы еді қылмысымыз,

Савицкий көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды тексерер түрме деген,

Концлагерь болды ғой біздер үшін.

\Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға сүйреп әкеліп, тепкілеу,айқай- шу, алаң қызыл қанға боялады
Бекзат:

1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 23 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық

(1 минут үнсіздік).
Әдеби монтаж /Оқушылар шығармашылығынан/

Салтанат:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылмас барлық шарасы.

Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттер «контреволюциөнерлер емес» -еді.

Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова,Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.
Би: «Бозінген»

Бекзат:

Түн кәдімгі милиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді.Себебі,бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған қыз-жігіттердің қатігездік жасағанын көргендердің ішінде Қайрат Рысқұловта бар еді.


Тұтқынға түстім жаутаңдай

Жолама ешкім қасыма

Бара салсаң сәлем айт

Елдегі құрбы досыма.-деп мұңая жырлаған албырт жас, ел жаңа-жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде тұтқынға алынды.


Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

( Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат,нағашысы,жеңгесі отырды.)

Нағашысы:Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің. .

Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Ән: «Желтоқсан желі»

Нағашы:Астан алыңқыра.Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат:Иә, нағашы,бар ғой бар.

(Осы кезде есік қағылып,үш-төрт милициа үйге кіріп келеді.)



Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз.Прокурордың санкциясы бар,Міне,

Екі жігіт Қайратқа:Тез жинал,бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі;Ойбай-ау,бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Қайрат:Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым ?

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді ,міне, абақтыға жабылдым.


Ән: «Туған жер». Орындайтын: Алдаберлі Ұлбосын
Көрініс: «Қайраттың жауабы»

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!

Кезекші: аключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат: Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші: Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бесте жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.


Ән: «Желтоқсан желі» Орындайтын: Жансая мен Маржан

Салтанат: Пешенесіне жазылған азғана ғұмырдан соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізіді.

Оған бағыттылған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа терілген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси “Саяси көз қарастыларға” арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірі “ұлтшыл” атанып, осы келуі ғажап емеспін.




Өлең:«Анасына арнау» Орындайтын: Орынбай Жансая

Бекзат: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт.

Жел кірді көңіліме жиырма бірде

Айдады ерікке қоймай несібе

Желпілдеп, желдім неге несіне

Түседі ау адасқаным енді есіме-, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді. Өкінішке орай 1988жылы 13 мамырда Семей түрмесінде ҚР 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнімен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапында жер жастанды.
Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаңшыды‑ау жанды батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін
Би: «Наурыз шашу» 9-сынып оқушылары

Бекзат:

Президенттің жарлығымен 1996жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира , Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымды көп еңбек етті.



Ән: «Перзент сыры» Орындайтын: Алдаберлі Ұлбосын

Салтанат: Осымен бүгін желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Садыбаева Анар апайға сөз беріледі.
Жабық деп жариялаймыз.Келгендеріңізге көп рахмет!Сау болыңыздар!

Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет