Тақырыбы: Жыл басы Наурыз! Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру



Дата15.09.2017
өлшемі76,05 Kb.
#32358
Тақырыбы: Жыл басы Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру;

Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт- дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.

Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген Наурызды!

Қарсы алайық Наурызды!
Наурыз мейрамы шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданға дейін пайда болған көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі "Наурыз парсы сөзі , қазақша

" жаңа күн" деген мағынаны білдіреді.Оның өткен тарихын зерттейтін болсақ, сонау көне заманнан бастау алған бұл мерекені халық болып, тойлау ғасырдан ғасырға жалғасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келеді. Халық бір-бірін мерекесімен құттықтайды,Ән салынып би биленеді,әртүрлі ойындар ойналады.



Би:қазақша

Әже ортаға келіп шашу шашады.

Наурыз тойы береке

Наурыз тойы -жыр аңыз

Қызхық думан ұүрамыз

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз.

Құттықтау сөз кезегі мектеп-лицей директоры Қаракеева Айжан апайға беріледі.

Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бүлдіршіндеріміздің " Алтын сақа " ертегісінің желісімен қойылған " Жыл басы -Наурыз " атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Көрініс

(Шал қолында қамшысы бар , мал жайып жүреді).



Шал: Шек,шеку,ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. " Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі ақтым еңіреп бақтым" деге осы екен ғой. Уһ әбден шаршадым, дем алайыншы,-деп малдас құрып отыра кетеді. Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп, қылқындыра бастайды.

Мыстан:Уһ, бәлем қолыма түстің бе?

Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Шал: Бір отар қой беремін.

Мыстан:Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.

Шал: Жәрәйді,жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді,соны ал.

Мыстан:Онда келісемін, оны қалай бересің?

Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын

сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.

-Міне ,алтын сақа- деп қалтасынан алтын сақасын алып, береді де өзі кетіп қалады.

Мыстан алтын сақаның жанында отырады.

( Бала сақасын іздеп шығады)

Бала: Апа , апа анау сақамды алып беріңізші?

Мыстан:Ой ,мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.

Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап, алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.

Қыздар: Кенжебек , Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.

Осы кезде Мыстан атып шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.



Мыстан : Сендерге Кенжебек керек болса, мені шартымды орындаңдар.

Қыздар : Орындаймыз апа орындаймыз.

Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер.
Айзере: Құтты болсын наурыз

Қалдырмасын қауіп із

Бейбітшілік сақтауда

Болмасын еш дауымыз


Айкүміс: Құтты болсын наурыз

Сарқылмасын сары уыз,

Кенелсін көкөніске

Гүлдеп бақша бауымыз


Айнамкөз: Көктемде толған өзегі

Күткен ел наурыз көжені

Бұлақ боп ағып әр үйден

Тасыған ырыс өзені.


Ақниет: Күн мен түн теңелдім

Жер шуаққа кенелді ,

Соны тойлар ел енді ,

Наурыз тойы салтымыз,

" Көгерсін" деп халқымыз,

Көшеге тал егеді,


Ұлар: Жаңғырар дәстүр салтымның

Көзделсін бұлақ жалғасы

Қастерлі менін халқымның

Мереке Наурыз-жыл басы.


Мыстан: Жарайсыңдар!

Қыздар: Апа енді Кенжебекті жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ ,маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер

Ән: Қазақы дастарханым.

Мыстан: Ой , рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.

Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан:Жоқ ,менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?

Балалардың орындауында : айтыс

Хабибулла

Сізді көріп сермеді жыр құлашын

Кеудемде бір қамданып тұрды лашын

Наурызда жөн сұрау айып емес

Амансың ба?Атың кім құрбыласым?
Ұлар

Жыр дегенің әнің бе жер тепкізген

Жөн сұрайтын бар ма еді жігіт бізден

Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ,

Сыйлық беріп әжемді селт еткізген.

Хабибулла

Не десеңде теңсіңдер еріктерің

Сый жинауға алаңға келіп пе едің?

Өйтетіндей ескеріп ерте тұрып

Өзің маған (ұйқашар( беріп пе едің?
Ұлар

Бейтанысқа біз қашан таян дедік

Қозы келсе болар ма Баянды ерік,

Ұйқың әлі жігітім ашылмаса,

Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп.
Хабибулла

Ағаттығым болды ау бұл бір істеген

Ендігіде жөніммен дұрыс келем

Наурызың құрбылас құтты болсын

Танысармыс бір көрген біліс деген
Екеуі

Өлең жыр шырқалады қос-қосымен

Айтысты аяқтайық осыменен

Сау болып тұрыңыздар уа халайық

Келесі кездескенше Әз наурызда.
Мыстан: Ой,рахмет,көңілім көтеріліп қалды ғой.

Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?

Мыстан:Жібермеймін,( ойланып тұрып)қане ұлдарыңның күшін сынап көрейінші қол

күрестірсін.

Екі бала ортаға шығып, қол күрестіреді..

Мыстан: Қандай күшті балалар.Бірақ мен Кенжебекті Жібере алмаймын , менің қарным

ашты.


(Қыздар жиналып ақылдасыды)

Қыздар: Апа , мынау ұялы телефон, мұнымен барлық жермен сөйлесесіз, өлең тыңдайсыз, ойын ойнайсыз. суретке түсесіз.

Мыстан:Қане әкел бері көрейін.

Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.



Мыстан: Әй, әй тоқтаңдар..

-Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!


Ән :"Ертегілер" орындайтын Айнамкөз.
Фатима: Көктем туған бұл шақта

Күн менен түн теңелді,

Ырысы мол қазаққа

Жыл басы-Наурыз сен едің.


Хабибулла: Наурыз жырын жырлаймыз

Оныменнен тұрмаймыз

Шындалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз.



Нармин: Құтты болсын наурыз

Үйге ат ізін салыңыз

Ұлы күні ұлыстың

Дастарғанда барымыз


Аяулым: Қыс кетіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның кенелген Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!


Ән : Қошақаным

Айару: Наурыз тойы береке

Наурыз тойы жыр аңыз.

Қызық дулы мереке

Қызық думан құрамыз,



Қалжан: Құтты болсын наурыз

Жалқаулық қас жауымыз

Дала толы егіске

Малға толсын тауымыз.


Әдемі: Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың

Құтты болсын қадамың!


Жания Наураз тойы елдің тойы

Көктем тойы -төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!


Кәусар:Айналайыгн ән- елім,

Жайбасарым , мәуелім,

Кел шертейік биылда

Наурыздың әуенін


Бақнұр: Ал, балалар ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Күні түні он үш күн

Наурыз тойын тойлайық .


Айкен : Тойлауға наурызды көктем келді

Тазарып қарды жазық бөктерлерді.

Табиғат анамыз мейірі де

Бетіңнен жылы леппен өпкен желі.



Нурилла : Ұлы күні ұлыстың

Ұлысады еңбекпен

Өнімі көп жұмыстың

Наурызда тер төккен.




Нұрәділ:

Балалар қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар: тақия тастамақ, ат жарыс

Дұрыс ,балалар ұлттық ойындар өте көп арқан тартыс, ханталапай қыз қуу .



Қазір қыз қуу ойынын ойнайық .Ойын шартын түсіндіру.

Тәрбиеші:Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке аяқты анық бастық

Келешекке енді мін болмайды,

Салт- дәстүр , әдет- ғұрып танытайық.

Біздің халықтың тәрбие тәсілдерімен тәжірибелері өте көп Соның бірі қазақтың асыл дәстүрінің бірі бесікке салу салты.

Бесікке салу.

Тәрбиеші: Арпа бидай тары бар,

Қатық малта тағы бар.

Ошақта шоқ әлі көп.

Астан үлкен ешкім жоқ .

Қазан аузы жоғары- дей келе ұлттық тағамдарға,наурыз көжеге кезек берейік.
Тәрбиеші:" Жыл басы-Наурыз "ертеңгілігіміздің аяқталу уақыты жақын қалды,

атамыздан бата сұрайық.

Мерекеге арнап тілек айту.

Тәрбиеші: Құтты болсын наурыз тойы

Барлық жанның орындалсын арман ойы.

Тауық жылы құт береке әкеліп,

Еліміздің ұлассын тойға тойы.

Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз



Тәтті болып жасалған,

Наурыз көжеден дәм татамыз.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет