Тақырыбы: Жыр падишасы –Фариза Мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі68 Kb.
#45966
Тақырыбы: Жыр падишасы –Фариза

Мақсаты: оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист

Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.



Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, әдебиет сүйер қауым! Бүгінгі «Жыр падишасы –Фариза» атты поэзия кешімізге қош келіпсіздер! Бүгінде ақын көп. Ақынның көп болмағы –әдебиет үшін табыс. Бірақ осы өлеңдердің қалай оқылып жатқанын ешкім саралап жатпаса да уақыт атты тамаша таразы бар. Жүректен шыққан туындыларды халық жүрегіне жеткізетіні белгілі. Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынова.

«Поэзия – әйелдей жұмбақ әлем,

Сиқыр сырын түсінер тұлға де кем.

Жаны –тұнған тұңғиық тереңдік те,

Қимылы –ырғақ, әуен.

Поэзия арудай құпиясын ұқтырар жылдап әрең..» деп өзі жырлағандай, жыр құпиясынан бұрын өмір дерегіне көңіл бөлсек.



1-оқушы: Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Әкесі – Иманғалиев Оңғарсын. Анасы –Иманғалиева Қалима. Ұлы –Оңғарсынов Әнуар (1966 ж) немерелері –Анита (1987 ж), Алан (1996 ж), Әнел (1999 ж) 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл –әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

1966-1968 ж Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 ж республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.



2- оқушы: 1970-1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы болып істеген. 1978-1996 жылы республикалық «Ақ желкен» журналының бас редакторы қызметін атқарады. 1996 жылдан бастап 2004 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Парламент депутаты болған.

3- оқушы: Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді. «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ», «Асау толқын», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Сұхбат», «Дауа» т.б өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы «Алмас қылыш», қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы «Тартады бозбаланы магнитім» «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік», сондай-ақ «Дала тағдыры», «Ақбөбек жырлары», «Жантолының монологі», «Мүшайра», «Мен өмірді сен деуші ем», «Интервью» т.б поэмалары жарияланды.

4-оқушы: Фариза Оңғарсынова – әйел тақырыбын шығармаларына негіз еткен ақындардың бірі. Оның «Дыбыстар әлемі» дастаны қазақтың композитор қызы Ғазиза Жұбановаға, күйші Дина Нұрпейсоваға, «Бибүгіл –ән» жыры әнші Бибүгіл Төлегеноваға, «Назқоңыр» Роза Бағлановаға, «Жыр анасы» Мариям Хакімжановаға, «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» топтама өлеңдері Әлия мен Мәншүкке арналған. Сондай-ақ «Қыз махаббаты», «Қыз сөзі», «Шығыстағы ару қыз», «Парсының сұлулары» атты жырлары ақынды әйел адамның жиынтық бейнесін сомдаушы қаламгер ретінде танытады. «Шашы ағарған қыз» секілді прозалық туындысының сөз өрнегіндегі орны ерекше.

Жүргізуші: Фариза ғасырдан ғасырға жалғасқан қазақ поэзиясындағы мәңгілік махаббат тақырыбын жырлады. Ал махаббат, сүйіспеншіліктің шалқар шыңы Отанға, туған жерге деген сезім емес пе? Фариза апамыз туған ауылын әр кез есінен шығармай ойлап жүретінін өлең жолдарында айтады. Баяғы сағымдай болып кеткен балалық шағы өткен жерін көз алдына елестетіп бір тебіренеді.Ақынның туған жер деп тебіренген жүрекжарды жырларымен таныс болыңыздар.
5- оқушы: «Туған ел»

Аймалайды өпкен желі,

Нұрға оранып көк пен жері.

Бала сағым бұлдырайды,

Гүлмен ойнап бөктердегі.

Қаз-үйректің таныс әні,

Ерке өзенмен табысады.

Бір-бірінен күле қашып,

Ақ толқындар алысады.

Терек, қайың жымыңдасып,

Самал желмен тұр ымдасып.

Жапырақтар тербеледі,

Бір-бірімен сыбырласып.

Гүл жамылған өлкедегі бұталар да ән төгеді.

Күн шуағы аймалаған,

Елім неткен көркем еді!


Жүргізуші: Фариза жырларын оқыған сайын көз алдымызға шыңның басындағы мұңлы шынар және кәусар бұлақтың сұлулығы мен мөлдірлігі келеді. Фаризаның сирек бақытқа ие болуының ең бастысы тарихпен тамырлас, халықпен тағдырлас жандардың ғана несібесіне бұйыратын, адамгершілік шалқарынан бастау алып жатқан жан мөлдірлігіне лай түсірмей жүре ала білгендігінде шығар. Оның жырларындағы тұңғиық тереңдік пен айна көлдей айқындықтың қос қайнары өткеннің өзек өртер өкініштері мен келер күннің үмітті үздіктірер пәк арманы болса керек. Фариза жыры- айдын көл, шалқар теңіз емес, тылмыс мұхит. Көкірекке сонша сыр, көңілге сонша жыр тұндыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық қылары даусыз. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамти алады деседі.
6-оқушы: «Жаным –дала»

Жаным – дала, көгінен бұлт арылмай,

Батпан зілдер басса да жүр тарылмай.

Шідірлеуі көңілді зулат, жырым,

Баяғының құс қанат тұлпарындай.

Естімейді қалғыған шаққа жаным,

Ұмытылса, жүйткуде бақ, талабым.

Талма шақта талысып кетсе жырым,

Сен қақырат мәңгілік қақпаларын.

Жол –дария тұрмайды ағын ұрмай,

Жоғалма жыр, жылдарға тамырың жай.

Дәуірлердің дауылы дақ салмаған

Ата-мұра қобыздың сарынындай.

Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,

Жыр –әуезім суарған мұңым, жасым.

Ойсыздықтан өрекпіп тойғандардың

Құлағына қайғы боп ызыңдасып.
7- оқушы:

Рақат түн дырду мен дабыр қалып,

Жазылған жыр жүректің шамын жағып.

Ерлігі мен елдігі қалғығанды

Аттан салып оятсын дабыл қағып.

Дүниеден іздеумен нұрлы бесін

Талпыныстан танбаған жыр күресім.

Адамдық пен адалдық семсеріндей

Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.

Зула, менің жыр-күймем, шабыт жегіп,

Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп.

Жүректердің құрсауын ағыт келіп,

Зорлықтардың зардабын шеккендерге

Әділеттен сыбаға алып беріп!


Жүргізуші: Алып ұшқан арманыңды, маздап жанған мақсатыңды ғұмырыңа шақтап тілемесең, адамның түбіне түпсіз тілегі жетеді екен ғой. Мұқағали поэзия патшайымы Фаризаны мың бір ақынның ішінен таңдап алып, кеудесіне сыймаған өкініші мен өтінішін аманаттаған. Өйткені Фариза –Нарынның құмында күйіп, күн қақтап, жел сорып, іңкәр дүниеге мен келдім деп жылап емес, айқайлап келген Ақын.

Сен мені білесің бе, білесің бе,

Жан екенмін жаралмаған күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып

Тастағысы келеді күресінге.

Фаризажан, сен соны білесің бе? –дей келе «Фариза» әніне кезек берейік.


Жүргізуші: Фариза –аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Ол –қоғам қайраткері, халқының ардақтысы. Атаның қаны, ананың сүтімен сіңген адал қасиетінен еш жаңылған жоқ. Ақын жайында айтылған замандастар пікіріне кезек береміз.

Замандастар көзімен

8- оқушы: «Фариза Оңғарсынова поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады» Н.Ә.Назарбаев.

9-оқушы:

«Фариза халықтық рух бар, ол – елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын.»



Әбілда Тәжібаев

10-оқушы:

«Фариза – поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын» Ғабит Мүсірепов


11-оқушы:

«Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар».



Әкім Тарази.

12-оқушы:

«Фариза прозасындағы эссе –қара сөз дегені болмаса, баяғы сол есіліп тұрған поэзия»



Шерхен Мұртаза.
13- оқушы:

«Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек»



Ақұштап Бақтыгереева
14- оқушы:

«Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары». Әбіш Кекілбаев


Жүргізуші: Фариза –биік сезімнің ақыны. Оның көңіл күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді. Фаризаның көп өлеңдері әйел тақырыбына арналған. Ол әйел психологиясын, оның басындағы өмір сырларын көп біледі, айқынырақ түсінеді. Ол әйелге тән төзімді, өткір сезім күйлерін, кейде сол сезімге малтығып қалатын әлсіздікті, көңілдің нәзіктігін, адал махаббатты тереңірек жырлайды. Оның сезімі де мұңды, ойлы. Оның өлеңдерінде қуанышы мен қайғысы аралас жүретін азапты күндерінің суреттері мол кездеседі.

15-оқушы: «Тыңда мені жүрекпен» өлеңі оқылады
Жүргізуші: Қара өлеңнің ханшайымы, халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 75- ке қараған шағында дүниеден өтті. Өмірін өлең деген құдіретпен өрнектеп, жырдан маржан сүзген ақынның артында өшпес ізі қалды. Көзі тірісінде Фариза Оңғарсынова ұлттық әдебиетіміздің дамуына сүбелі үлес қосты. Алматыдан арқаға бет түзеген ақын өмірінің соңғы жылдары Астанада өтті. Фариза Оңғарсынова Астанадағы Ұлттық Пантеонға жерленді. Ұлттық Пантеон – Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекеттік қайраткерлеріне арналған зират. Енді мәңгілік мекені де Арқа төсі болмақ. Серік Тұрғынбекұлы ақынды ақтық сапарға шығарып салғанда

«Айта алмай бір-біріне ақыл құрап,

Қамығып қайран елің жатыр жылап.

Өледі бұл дүниеде адам ғана,

Өлмейді ешқашанда ақын бірақ!» деген еді. Иә, «Өлді деуге сия ма, айтындаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп Абай айтқандай, өшпес жырлары барда Фариза есімі жадымызда мәңгі сақталады. Кешіміздің соңында Фариза апамыздың алдында тағзым ете қазақ әдебиетінің даңқы арта беруін тілейміз. «Жыр падишасы – Фариза» атты поэзия кешімізден соң Фариза ақынның өлең-жырларын оқуды сіздер де жалғастырады деген сеніммен кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!



А Н Ы Қ Т А М А

Қызылорда қаласы

253 орта мектебі 7.03.2016 жыл


Тақырыбы: «Жыр падишасы - Фариза»

(Әдеби поэзия кеші )
Мақсаты: Оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист

Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.


Поэзия кешінің өтілу барысы:

1.Поэзия кешінің ашылуы

2. кезек ақынның өміріне, еңбек жолдарына берілді. Оқушылар осы төңірегінде жақсы түсінік айтты.

3. Ақынның «Туған ел» өлеңі мәнерлеп жатқа оқылды

4. «Жаным дал» өлеңі оқылды

5. Ақынға арнап Мұқағали атамыз «Фариза» өлеңін жазған. Кезек әнге берілді.

6. Ақын жайында қоғам қайраткерлері, замандастары айтқан пікірлерге берілді. Ақын туралы айтылған пікірлер тыңдалды.

7. Ақынның «Тыңда мені жүрекпен « өлеңі оқылды

8. Қорытынды.

«Айта алмай бір-біріне ақыл құрап,

Қамығып қайран елің жатыр жылап.

Өледі бұл дүниеде адам ғана,

Өлмейді ешқашанда ақын бірақ!»



Иә, «Өлді деуге сия ма, айтындаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп Абай айтқандай, өшпес жырлары барда Фариза есімі жадымызда мәңгі сақталады. Кешіміздің соңында Фариза апамыздың алдында тағзым ете қазақ әдебиетінің даңқы арта беруін тілейміз. «Жыр падишасы – Фариза» атты поэзия кешімізден соң Фариза ақынның өлең-жырларын оқуды сіздер де жалғастырады деген сеніммен кешімізді аяқтаймыз.

Төрайымы: А.Сейдахметова

Хатшы: А.Жолаева
Каталог: uploads -> doc -> 0ce9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce9 -> Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
0ce9 -> Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс салт жырлары. «Бесік жыры»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет