Тақырыбы: Мақсаты: Тақырыптың өзектілігі



Дата13.04.2017
өлшемі102,99 Kb.
Тақырыбы: Мақсаты: Тақырыптың өзектілігі:білім беру жүйесінің ақпараттандырылуына байланысты педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру мен компьютерлік сауаттылығын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқыту үдерісінің тиімділігі мен білім беру сапасының артуы;

  2. Интерактивті технологияның көмегімен оқушылардың шығармашылық деңгейінің артуы;

  3. Компьютердің түрлі бағдарламалық мүмкіндіктерінің көмегімен дарынды балалармен жасалатын жұмыстардың жандандырылуы;

  4. Үлгерімі төмен оқушылардың оқуға деген ынтасының артуы;

Негізгі түсініктер:ақпараттық коммуникациялық технология, ақпараттық ресурс, мультимедиа, электрондық портфолио, сайт, қашықтықтан оқыту технологиясы, АКТ құзыреттілік.

Жоспары:

  1. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен оның маңызы

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің АКТ құзіреттілігі

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніндегі АКТ-ның қолданылуы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР мемлекеттік стандарты. Қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары. Жалпы техникалық талаптар, СТ РК №34.016-2004

2. ҚР жалпыға міндетті стандарты «Қашықтықтан оқытуды технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру» - Астана, 2009

3. Электронды оқыту жүйесінің тұжырымдамасы- Астана, 2011

4. Ахметова Г.К.,Қараев Ж.А.,Мұхамбетжанова С.Т. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі.- Алматы: АҚ ҰБАО «Өрлеу», 2012

5. Электрондық оқыту жүйесін (ЭОЖ) қолданушылар мен әкімшілдердің біліктілігін арттырудың модульдік бағдарламасы - Алматы, 2012

6. Педагогтардың АКТ-ны қолдану арқылы құзырлылығын қалыптастыру бойынша портфолио - Алматы, 2012

7.Ерболатов  А. Жаңа ақпараттық технология – мектепте. // Информатика негіздері. №2, 2010 ж.

8. www.edu.kz

9. www.egov.kz

10. www. nci.kz

11. www. moodle.nci.kz

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.


Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.аоиполлолоилоииририририририириририририририрррр
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның (бұдан әрі - АКТ) бір өзі атқара алады.

АКТ дегеніміз – белгілі бір күткен нәтижені алу үшін ақпаратты қолдану, тапсыру, сақтау, өңдеу, автоматтандырылған әдістер, амалдар, құралдар жиынтығын көрсететін информатиканың ғылыми аясындағы қолданбалы бөлігі.

Білім беру жүйесіндегі АКТ мақсаты:


  • ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасау және оны жүйелеу;

  • білім беруді ақпараттандыру кезеңіне педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

  • Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жағдай туғызу.

Білім беру жүйесіндегі АКТ объектілері мыналар: компьютер, мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайын-дау программалары (Microsoft Office Power Point), мультимедиялық бағдарламалар, интерактивтік құрылғылар, интернет ресурстары (электрондық пошта, іздеу сайттары (www.yandex.com, www.google.kz, www.mail.ru, www.yahoo.kz)).

Қазақ тілі  сабағында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға, сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндіктер ұсынады.

Қазіргі замаңғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:


  1. Интернет ресурстар

  2. Қашықтықтан оқыту технологиясы

  3. Интерактивті технология

Қашықтықтан білім беру дегеніміз  — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып, бүкіләлемдік желі көмегімен барлық компьютерлерді бір желіге біріктіріп сабақ өтуші тұлғаны тьютор деп атаймыз.

Қазіргі заманда оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілетін дамытуға бағытталған қарқынды қолданылатын АКТ технологиямыз интерактивті технология екені күмәнсіз.

Интерактивтік оқыту технологиясы– бұл  ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен  білім алушы  мен  оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына  қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни  ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары,  рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды.

Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы  жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндірудіжеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.



Дүниежүзіндегі интерактивті технологиялар

  1. Interwrite Board интерактивті тақтасы

  2. Hitachi экраны және интерактивті тақта

  3. SMART Technologies Inc технологиясы

  4. Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы

  5. Webster тақтасы

  6. Activ Studio бағдарламасы

Осы аталғандардың ішінде біздің тәжірибемізде жиі қолданысқа иеленгеніACTIVstudio бағдарламасы. Ол арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында АКТ және интерактивтік технология құралдарын білім саласында қолдану ерекше мәнге ие:



  1. оқушыларды жаңа бағдарламалық құрылғылармен, мультимедиялық технология құралдарымен ауқымды ақпараттарды сақтауға, оның ішінде аудиовизуалды түрде таныстыру;

  2. ақпараттық технология құралдары базасын қалыптастыруда арнайы қосымша құрылғылармен қамтамасыз етуді;

  3. телекоммуникация құралдарымен, телефондық, теледидарлық , спутниктік байланысты ақпараттық алмасу оқу орындарында да жеке қолданушы ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда педагогтің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру және оны дамыту – қазіргі білім мен тәрбиенің бірлігін құрайды. Әйгілі ғалым Сеймур Паймерттің пайымдауы бойынша “Шынайы АКТ құзіреттілік дегеніміз тек компьютермен жұмыс жасау қырларын меңгеру ғана емес, сол білімдерді қажетті бағытта орынды әрі жүйелі қолдана білу “ деп тұжырымдаған. Яғни педагогтің АКТ құзіреттілігі дегеніміз - компьютер мен ондағы бағдарламалармен жұмыс жасау, олардың функциялары мен мүмкіндіктерін толық меңгерумен қатар, олардың өз қызметіндегі тиімді қолдана алу мүмкіндіктері.

Филолог ұстаздың АКТ құзыреттілігі мыналар:



  1. Интернеттің базалық қызметтері мен технологияларын меңгеру және оларды білім беру жүйесіне қолдану;

  2. 2. Сандық жүйелерді қолдану талаптары: электрондық оқулықтар, электрондық оқыту жүйесі (e-learning);

  3. Білім беру жүйесін ұйымдастыру құралдары: оқушылардың білімін бағалайтын тестілік бағдарламалармен жұмыс жасау

  4. Интернет мүмкіндіктерін білім беру жүйесіне бағыттау:қажетті ақпаратты табу, өзгерту, интернет желісінде ақпарат алмасуды қамтамасыз ету (электрондық пошта).

  5. Қажетті бағдарламалық өнімдерді орната білу (мәтіндік және кестелік редакторлар, мультимедиялық бағдарламалар, презентациялық бағдарламалар )

  6. Қай бағытта қандай бағдарламалармен жұмыс жасау қажеттігін түсіну.

Ұстаздардың АКТ құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін келесі маңызды міндеттерді шешу қарастырылады:

  1. білім беру ұйымдарын компьютерлік сыныптармен жабдықтау;

  2. халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту;

  3. интернет тарифін азайту;

  4. халықты компьютерлік техникамен қамтамасыз ету;

  5. электронды қызметке қол жеткізетін қоғамдық пункттер құру;

  6. ақпараттық ресурстарды және интернетті кеңейту;

  7. ақпараттық теңсіздікті төмендету қоғамдық қолдау жасаумен айқындалып жүзеге асырылады.

Елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға лайықты білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл бағыт оқу – тәрбие үрдісінің педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін мәнді өзгерістермен халықаралық білім беру деңгейіне көтеруді көздейді.

АҚТ технологияны қолдану мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді:



  • Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады

  • Білім сапасын арттыра алады

  • Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады

Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

  • Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігінің өсуімен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады .

  • Оқуға деген қызығушылығын арттырады

  • Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі

  • Уақытты үнемдейді

  • Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді

  • Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқытуда келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

  • оқушылардың дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру;

  • ақпараттық –коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету;

  • ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы;

  • сыныптағы әр деңгейлі оқушылар ескерілуі;

  • өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;

  • өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету;

  • оқушылар өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Демек, жаңа ақпараттық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.Ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет