Тақырыбы: «Мәңгілік ел болашағы – білімді жастардың қолында»



Дата16.02.2018
өлшемі57,82 Kb.
#37714
«№ 16 ЖОББМ» КММ Хамзина А. К.

Зияткерлік сайыс

Тақырыбы:

«Мәңгілік ел болашағы – білімді жастардың қолында»

Мақсаты:

Мәңгілік Ел мен рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;

Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.



Сайыс нәтижесі:

Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Көрнекілігі, ресурстар:

АКТ, тапсырмалар, слайдтар, бейнеүзінділер, ұлттық бұйымдар

Сайыс шарты:

Сайысқа төрт команда қатысады. Әр топтың аты, ұраны болу керек. Сайыс ІV геймнен тұрады.

Сайыс барысы:

1-гейм

Бәйге


Сайыскерлерге викториналық сұрақтар қойылады:

1-топқа:

1. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? (жеті жарғы)

2.Отырардың ежелгі аты (Фараб)

3. Қазақтың үш бәйтерегі? (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

2-топқа:

1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан қала? (Түркістан)

2. «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қай ғалымның сөзі? (Қ. И. Сәтбаев)

3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей (шолпы)

3-топқа:

1. Қазақ хандығының негізін салған хандар? (Жәнібек пен Керей хан)

2.География, химия салаларына еңбек сіңірген қазақтан шыққан тұңғыш академик? (Қ. Сәтбаев)

3. «Көшпенділер» трилогиясының авторы? (І. Есенберлин)

4-топқа

1. Қазақ халқының ежелгі қалалары? (Отырар, Сығанақ, Тараз, Исфиджап)



2. Ала жіпті қазағымыз қай салт-дәстүрде пайдаланды. (тұсаукесер)

3.Үрленіп тартылатын музыкалық аспап (сыбызғы)




2-гейм

«Қызық екен...»



Ұяшықтың астында тапсырмалар жасырылған. Егер дұрыс жауап берсе, көрсетілген ұпайды алады. Ұяшықты ұпайы аз команда таңдайды.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

10- Қуанышты хабар жеткізген адамға қандай кәде жасалады? (сүйінші беру)

20-Баланың нағашыларына алғаш барғанына орай берілетін үлкен сыйлық қалай аталады? (бәсіре)

30- Қара жәшік (торсық, тұмарша)

40- Киіз үйді

Ұлттық ойындар:

10- Ұлттық ойын ойнағанда осы металды құйып, пайдаланады

20- Бұл қандай ойын? (ойын ойнату)

30- бейнесұрақ (тоғызқұмалақ)

40- Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Бұл қандай ойын?

100 жаңа есім:

10- Бекмағанбетова Мәуия Бекмағанбетқызы – ақын. «Мүшәйра» байқауларының жеңімпазы. «Кеңгір самалы» жыр жинағының, «Байқоңыр дауысы қалықта», «Жас қанат», «Сәтбаев вальсі» патриоттық әндер мәтіндерінің авторы. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы

20- Тілеуов Мусен Нақыпбекұлы кенші-ақын. «Үркер», «Думаным ұласып ғасырға» жыр жинақтарының авторы. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы

30- Шермұханбет Байбосынұлы - Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері.«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы

40- Бейсенбекова Шабал Бейсенбекқызы. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Ана даңқы» ордендерімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО және Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы

«Туған жерге – тағзым»

10- Жезқазған қаласынан 45 км теріскей, Кеңгір өзенінің сол жағасында орналасқан Қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІ ғ.) сәулет өнерінің айқын бір үлгісін сипаттайтын көне ескерткіш. (Жошы хан күмбезі)

20- Қыпшақ заманынан келе жатқан көне архитектуралық ескерткіш. Жезді ауданының орталығынан 9км жерде орналасқан күмбез Ұлытау төңірегіндегі күмбездердің ең сәулеттісі (Аяққамыр күмбезі)

30- Домбауыл кесенесі. Орта ғасырлық сәулет өнерінің керемет ескерткіші. Жезқазған қаласының солтүстігіне қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.Ардақты, халқына қадірлі тұлғаның басына қойылған ескерткіш 1946-47 ж Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жетекшісі Әлкей Марғұлан зерттеген

40- Ә. Марғұлан кеңінен пайдаланған жазба деректердің бірінде, яғни Хафиз Таныштың Бұқар әмірі Абдаллах ІІ туралы жазбаларында Орталық Қазақстан өлкелеріне жорыққа шыққан осы билеушінің Жошы хан мазарының алдында орналасқан Сарай бекінісінің жанында болғанын атап өтеді. Типологиялық тұрғыдан күшейтілген бекініске жататын бұл қалашық Алтын Орда дәуірінде, атап айтқанда ХІІІ-ХIV ғасырларда салынған. Бұл қала қалай аталады? (Шотқара)


3-гейм

«Мәңгілік Ел – рухани жаңғыру жолында»

шығармашылық жұмыс


І топ: презентация

ІІ топ: фото коллаж

ІІІ топ: Фильмді дыбыстау

ІV топ: Тұжырымдамалық карта



4-гейм

100 Ән жобасы

Ән «Атамекен»

Сергіту сәті

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл»

Кері байланыс


Бұл бөлімде сайыскерлерге берілген мақал-мәтел, жұмбақтардың шешімін тауып, қазақша, орысша, ағылшынша айтып, жазып көрсетеді.

1.Ел іші - ... бесік (алтын, золото, gold)


2.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, аіr)


3.Өшпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын ... жоқ. (темір, железо, іron)


4.Мектеп - ... , білім - теңіз. (кеме, корабль, ship)
5.Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады (кітап-книга- book)

6.Отан ... басталады (отбасы, семья, family)
7.Бұлақ көрсең ... аш. (көз, глаза, еуе)

8. Көп болса алыстайсың

Мезетпен қашықтайсың

Асықсаң аз болады

Табасың мұны қайсысың? (уақыт-время-time)

«Оқушы үні!»




«№16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Зияткерлік сайыс

«Мәңгілік ел болашағы – білімді жастардың қолында»

8 сынып

Өткізген: Хамзина А. К.

Сәтбаев 2017жыл
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет