Тақырыбы: Мәңгілік ел ұрпағымыз! Мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі25,66 Kb.
#45553
Тақырыбы: Мәңгілік ел ұрпағымыз!

Мақсаты: Оқушыларға Республика президентін еліне тірегі болған азамат ретінде таныту; елбасынан үлгі алып, елін мақтан етуге тірбиелеу; болашақта тәуелсіз елінің өркендеуіне өздерінің де қосатын үлесі мол екенін білдіріп, ол үшін білімді, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болу керектігін ұғындыру.

Барысы: Гимн орындалады

Әдеби монтаж

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізді!

Туған еліміз Қазақстан Президентіміз Нұрсұлтан Елбасынан үлгі алам Қазақстаныммен мақтанам!

Елбасшы – Әбішұлы Нұрсұлтан Ұлы міндетін атқарған. Халық үшін терін төккен, Елбасымен мақтанам!

Н.Назарбаев басшымыз,

Сарбазымыз, біз оның сақшысымыз,

Келеміз ізін басып, әр қадамын,

Соңынан еріп, белестерді бағындырып
Ән «Атамекен»

1-оқушы:


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсетті, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты

2-оқушы:


Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-оқушы:

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5-оқушы:

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

6-оқушы:

2002 жылы Астана - Бәйтерек монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Астананың Есілі сарқырайды, Аделя Мың бір шырақ түнімен жарқырайды. Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім», Астанамның сұлулығын айқындайды.

7-оқушы:

Астана сұлулығын бізге берген Ұлтжандылық иделы- Елбасы . Қазақ халқын жаһандандыру - Жылдағы жолдауларының идеясы

8-оқушы:

Қазағымның желбіреп көк байрағы

Гүлге оранды ауылы мен аймағы

Нұрсұлтаны биіктерге бастады

Елінің көркеюін жоспарлады
9-оқушы:

Елімнің көркеюіне атсалысам,

Міндетімді орындаймын, білім алам!

Әр басқан қадамымды аңдап басып,

Тәрбиелі балалардың алды болам.

10-оқушы:

Отанымды сүйемін, құрметтеймін

Президенттің айтқанын екетпеймін.

Патриоты боламын Отанымның

Жалқауланбай еңбек етем, еш талмаймын!


11-оқушы:«Табысқа жету үшін денің сау болуы қажет!» деген еді елбасы

Сондықтан шұғылданып спортпенен, шынықтырам денемді.


12-оқушы:Елбасымыз айтқандай, Еңсемізді түзу ұстап, боламыз біз білімді де, тәрбиелі де, сымбатты болашақ!

13-оқушы:Халық танып, тарих білсең Отаныңды сүйгенің!- деген еді елбасым Кітап оқып, білім алып, Ұлтжанды азамат - мен боламын! Берік Отанды біз сүйеміз, дамығанын қалаймыз. Еңбек етіп ерінбей, мамандық білгірі боламыз.

Бәрі:Бұл үшін біз әрине, жалықпай білім аламыз

14-оқушы: Президентім Қайратты қабілетті

Халқы үшін бәйгеге басын тікті

Елдің жүгін көтеріп қажымастан

Мен сияқты балалрды бақытты етті

Ұстаздар ұлағатын ұғынамын,

Ұлардай ұзаққа ұшуға ұмтыламын

Елі сүйген, елін сүйген Елбасындай

Патриоты елімнің мен боламын!

15-оқушы:Тәуелсіз Қазақстанның ұланымын Болашаққа немқұрайлы қарамаймын Аянбай білім алып, еңбек етіп, Достарымды ұлтжандылыққа шақырамын!

16-оқушы:Жанымыз қаламайды аласаны, Жас Ұлан алда талай бел асады. Әлемге туған елді танытатын, Біз – балалар Қазақстан болашағы

17-оқушы:Серпігенде бодандықтың тұманын, Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім. Өзің болдың көшбасшысы елімнің, Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

18-оқушы:

Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!
Ән «Нұр аға» Назерке

19-оқушы: Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы – оның білімді, талантты адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. «Бүкіл адамзаттың келешегі жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты» -деген екен Ғ. Мүсірепов. Олай болса өскелен ұрпағымызды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтің рөлі айқын деп ойлаймын. Тұнғыш президентіміздің идеалы негізінде ұлтжанды азамат қалануына сенімдімін!

20-оқушы:

Елімнің көркеюіне атсалысам,

Міндетімді орындаймын, білім алам!

Әр басқан қадамымды аңдап басып,

Тәрбиелі балалардың алды болам.

Қорытынды:

-Тәуелсіздік таңы үшін күрескен елбасы туралы айтылған осы ықылас – ниеттеріңіз, аппақ көңілдеріңіз үшін сіздерге көп көп рахмет. Еліміздің көз қуанышы болып, аман – есен ер жетіңдер. Тәуелсіздік тұғырымыз биік болсын! Тәуелсіздігіміз берік болсын!

Ән:«Көк тудың желбірегені»

- Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас - тартысты тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының да жаңа беттері ашылды.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын, ой жіберіп жіті қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара, - деп ақын жырлағандай бүгінде Елбасы десек тәуелсіздік, Тәуелсіздік десек Елбасы ойға оралып, нұрлы, бейбіт бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады. Олай болса «1 желтоқсан тұңғыш президент күні» бүгінгі сабағымыз Елбасымызға арналады.

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан-Нұрлы жол»

Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы, ҚР рәміздері, сөзжұмбақ, суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ой қозғау.


— Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан мемлекеті туралы не айта аласың?
— Ұлттық рәміздеріміз туралы не білесің?

  • Тарихыңды білесің бе?

  • Біздің тұңғыш президентіміз кім?

  • 11 қараша күні елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

ІІ. Мұғалім сөзі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

ІІІ. Сұрақтарға жауап алу.



  • Елбасы Қазақстандықтарға жылда не арнап отырады?

 Жақында шыққан жолдауы қалай аталады?

 Жолдаудағы негізгі идея не?

 «Мәңгілік ел» туралы не білдік?

 2015 жылы қандай мерейтойлар бар?

 Қазақтың қандай хандарын білесің?

 Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеулерің керек?



ІV.Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Жолдау тақырыбы: «Нұрлы ……»(жол)
2. «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі кім туралы? (Шоқан)
3. Елбасының есімі? (Нұрсұлтан)
4. Бес қарудың бірі. (Садақ)
5. Дала жұлдызы кім? (Алтынсарин)

V.Бекіту. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» ассоциация құру.
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет