Тақырыбы: «Мың бір мақал» ойыны Сайыстың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі25,98 Kb.
#5663
Тақырыбы: «Мың бір мақал» ойыны

Сайыстың мақсаты: Балаларға қазақ халқының туған жер, Отан, оқу-білім, еңбек жайында айтылған мақалдар жөнінде, тіл шеберлігіне деген ұғымдарын кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, туған жерін, елін, Отанын құрметтеп, сүюге баулу.

Сайыстың шарты:

А) Киім кию, өздерін таныстыру.

I айналым

Ә) Сөз тапқанға қолқа жоқ.

II айналым

Б) Ой түбінде жатқан сөз.

III айналым

В) Әзіліміз жарасса...

IY айналым

Г) Көрермендер көрімдігі.

«Мың бір мақал» ойынына қатысушыларды ортаға шақыру.

(Ойыншылар ортаға шығып, өздерін таныстырып, қойған сұрақтарға жауап береді.)

I айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Бұл айналымда оқушылар мақалды жалғастырады.

1. Білім қымбат, білу қиын.

2. Оқу- білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

4. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

5. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.

6. Отан-оттан да ыстық.

7. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

8.Әркімнің өз туған жері-мысыр шаһары.

9. Ел іші-алтын бесік.

10. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

11. Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

12. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

13. Қыстың қамын жаз ойла.

14. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

15. Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.

16. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

17. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

18. Талапты бала талпынған құстай.

Бірінші айналымның қорытындысы шығарылып, ұпай сандары саналады. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Музыкалық үзіліс:

II айналым «Ой түбінде жатқан сөз» деп аталады. Бұнда қалған екі ойыншымыз еркін тақырыпта, өздері білетін мақал айтып жарысады. Бірақ, бірінің айтқанын бірі қайталауға болмайды.

Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Музыкалық үзіліс:

III айналым «Әзіліміз жарасса» деп аталады.

Бұл айналымда қалған ойыншы қойылған мақалдардың мән-мағынасын түсіндіреді.

1. Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер.

2. Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді.

3. Жолдас-жолдасқа қиянат еткен оңбас.

4. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

5. Досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам.

Бүгінгі «мың бір мақал» ойынының жеңімпазын құрметтеп, қошаметтеп шығарып салу.

Музыкалық үзіліс:

IY айналым «Көрермендер көрімдігі» деп аталады.

Көрермендер арасынан үш оқушыны ортаға шығарып, Отан, білім, еңбек, туған жер, оқу, дос туралы мақалдар айтқызып жарыстыру. Ұпайы көп ойыншы «көрермендер көрімдігі» атағы беріледі.

Осымен «мың бір мақал» ойыны аяқталды. Ойыншыларды мақтау қағазымен марапаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 0cb6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cb6 -> Салт-дәстүрім ‒ қазынам Мақсаты
0cb6 -> Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет