Тақырыбы: Олимпиада чемпиондары. Спорт тақырыбын нәтижелеу. Етістік түрлерін қайталау



Дата05.11.2016
өлшемі66,87 Kb.
#853
Тақырыбы: Олимпиада чемпиондары. Спорт тақырыбын нәтижелеу. Етістік түрлерін қайталау

Мақсаты: а) білімділік: оқушылардың Қазақстан спорт жұлдыздары туралы алған білімдерін тексеру, спорт тақырыбын қорытындылау, етістік түрлерін пысықтау .
ә) тәрбиелік: оқушыларды тапқыр да ойлы,салауатты өмір сүретін ұрпақ болуға тәрбиелеу; интеллектуалды білімдерін шыңдау, ұлтжандылыққа баулу.


б) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сайыс арқылы шығармашылық қасиеттерін дамыту, тірек сөздер арқылы қазақша сөйлеу тілін жаттықтыру.
Көрнекілігі: Бейнеролик, слайдтық презентация,спорт жабдықтары, үлестірмелі жадығат: мәтін,тест,сұрақтар, т.б.
Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, топтық сайыс, тест, дәстурлі емес тәсілдер (интервью алу, бейнеролик жасау, пікір алмасу жургізу)
Сабақтың барысы Ұйымдастыру сәті . Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақта берілген үй тапсырмасы тестке дайындалып келу және диалог құру еді, қазір диалог айтып ,сол тест жұмысын орындап тапсырамыз . (3-5минут) Жаңа тақырыпқа көшу . Өткен бірнеше сабақ бойы біз «Спортпен айналысамыз» модулін өттік. Қазір әлемде маңызды бір оқиға өтіп жатыр. Ол қандай оқиға?(ой қозғау). Сочиде өтіп жатқан Олимпиада кезіне тұспа-тұс келген сабағымыз да осы тақырыпта болмақ. Отанымыздың болашақ чемпиондары болу үшін еліміздің спорт тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет. Осы мақсатта 5- сынып оқушыларының Отанымыздың спорт шеберлерін, атақты жұлдыздарын қаншалықты меңгергендіктерін байқап көреміз.

Тауды биік деме сен

Талаптансаң шығарсың,

Жауды мықты деме сен

Білімді болсаң жығарсың – дегендей бүгінгі «Олимпиада чемпиондары» атты интеллектуалды сайыс сабағын бастайық. Бұл білім сайысына 5 – сынып оқушылары қатысқалы отыр. Олар: 5 д – сыныбының «Намыс» тобы мен «Барыс» тобы.

Топтарды, топ басшыларын таныстыру

Сонымен, сайысқа қатысушы екі топтың басшылары:


1. «Намыс» тобы. Шаяхметов Аңсар

2. «Барыс» тобы. Мақсотов Әлішер
Бұл білім сайысы 5 кезеңнен тұрады:

1-кезең Сергіту сәті. Білектесу

2-кезең Грамматикалық тур:

а) Семантикалық карта

ә) Морфологиялық талдау

3-кезең Шығармашылық тур (интервью алу, бейнеролик қорғау)

4-кезең Ауызекі тур

5– кезең Топ басшыларының сайысы.

Әділқазы, аққазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді бар әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.Қатысып отырған ұстаздар қазылыққа шақырылып, оларға бағалау парақтары таратылады.


Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер - дей келе сайысымыздың 1- кезеңі «Сергіту сәтін» бастаймыз. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сұрақтарды бокс шлемінен кезек-кезек суырып, жауап береді. Топ көмектеседі.


І. «Намыс» тобына:

1. Гиннесс рекордтар кітабына енген ауыр атлетикадан ең жас Олимпиада чемпионы кім?( Зульфия Чиньшанло )

2. Қазақстанға ең көп алтын әкелген қай жылғы Олимпиада? (2012ж Лондон)

3.Біздің облыстан шыққан Олимпиада чемпионы бар ма? ( Даниял Гаджиев күрестен 2012ж )

4. Қазақстанда өткен ірі әлемдік спорт жарысы қандай? ( Азиада )

5. Сочидегі Қысқы Олимпиада қай күні басталды? (7ақпан)

6. Қалай ойлайсыңдар, қазір балалар неге спортпен көп айналыспайды? ( )

7. Владимир Смирнов деген кім?(атақты шаңғышы, Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы )

8. Ең алғаш Олимпиада ойындары қай елде пайда болды? (Грецияда)

9. Биылғы Қысқы Олимпиадада Қазақстанда медаль бар ма, қандай, қай спорт түрінен? (Қола медаль ,мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен)

10.Илья Ильиннің туған жері ?( Қызылорда қаласы )
2. «Барыс» тобына:

1. «Күш атасы» атанған палуан (Қажымұқан )

2. Олимпиада ойындарының символы(Бес шығыршық)

3. Денсаулық , күш туралы мақал мәтелдер айту (Денсаулық зор байлық, Күш атасын танымайды,Шынықсаң шымыр боласың )

4. Біздің облыста спорттың қай түрлері жақсы дамыған?( Күрес, шорттрек, конькимен сырғанау, волейбол, хоккей, футбол... )

5.Көптеген атақты боксшылар шыққан облыс (Жамбыл облысы)

6. Мәнерлеп сырғанаудан жүлдегер жалғыз қазақ қызы кім? ( Алия Юсупова )

7.Сочидегі Олимпиаданың салтанатты жабылуы қашан?(23ақпан)

8. Ольга Шишигина деген кім? ( )

9. Орал қаласында қандай ірі спорт ғимараттары бар?( Мұз Сарайы, Атоян атындағы ашық стадион, Динамо, Юность стадионы, жүзу бассейні... )

10.Лондонда Жеңіл атлетика падишасы атанған Қазақстан қызы ( Ольга Рыпакова )
Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, білім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда

– деп келесі 2-кезең «Грамматикалық тур» кезеңін бастаймыз. Өздерің білесіңдер , қазір сендер «Етістік түрлері» грамматикалық тақырыбын аяқтап жатырсыңдар .Мына семантикалық карта арқылы осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді көреміз (тақтадағы кестемен жұмыс). Екі топ араласа жауап береді, әділқазылар жалпы бағасын қояды. 1-5 балл әр топқа

Және осы ережені ауызша айтып қана қоймай, етістікке морфологиялық талдауды қалай жасай алатындарың сыналады.(Бокс шлемінен сөздері бар парақ суырып, тақтада талдайды) 1-5 балл


Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, сан қырлы болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады

дегендей ендігі кезең «Шығармашылық турға» кезек берейік. Біз сендермен «Спорт» модулін өттік .Біздің спортшыларымыз жөнінде көп мәлімет алдық. Енді сол мәліметтер бойынша әр топқа шығармашылық тапсырма берілген еді. Ғаламторды пайдаланып, Қазақстан толағайлары туралы білгендеріңді топ алдында дәстүрлі емес түрде қызықты етіп көрсету. Әр топқа 1-10 балл. Ал ендеше дарындылар алға!(С.Сапиевпен интервью, бейнеролик жасап көрсету ) Кәне, 2 топ қандай шығармашылық жұмыс таңдап көрсетеді екен? «Намыс» тобынан біздің Альбина болашақта тілші болғысы келеді екен, оның арманы атақты жұлдыздардан интервью алу.Сол арманы бүгін орындалып, біздің қалаға келген С.Сапиевпен сұхбатын тамашалайық! , .
  Ал «Барыс» тобы қазіргі заман талабына сай ғаламтордан бейнеролик тауып көрсетіп, сол бойынша бізбен «Пікір алмасу» ойынын өткізбекші.

(Екі топ тапсырманы орындап болғанша «Чемпиондар әні» бейнеклип көрсетіледі)

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау
– дей келе бүгінгі сайысымыздың соңғы, шешуші кезеңі «Топ басшыларының сайысы» . Бұл блицтурнир деп те аталады. Сұраққа тез ,тек «»иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

І. «Намыс» тобының басшысына:

2. «Барыс» тобының басшысына:

Сайыстың соңында сөз әділ қазыларға беріліп, жеңген топ дипломмен марапатталады. Үздік білім көрсеткен оқушыға «Ең белсенді сайыскер» медалі ұсынылады


Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.



Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп бүгінгі интеллектуалды сайысымызды осымен аяқтаймыз. Рефлексия : Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар, соны мына смайлик стикерлермен білдіресіздер. Бағалау :стикер арқылы бір бірін бағалайды Қорытындылау . Инсерт кестесі ( Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? ) Үйге тапсырма- бүгінгі сайыс туралы шағын эссе жазып келу 1-деңгей, диалог құру 2-деңгей, берілген мәтінді әңгімелеу 3-деңгей
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет