Тақырыбы: Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті



Дата11.12.2019
өлшемі37,9 Kb.
#53409
Байланысты:
жулдыз
жулдыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





СОӨЖ

Тақырыбы: Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті.

Орындаған: Кәтібаева Ж.Ш

Қабылдаған: Икрамова А.Ш.

Алматы,2019ж

Жоспары:


I.Кіріспе:
Қазіргі таңдағы шығармашыл тұлғаның маңыздылығы.

II.Негізгі бөлім:


1. Оқушылардың шығармашылығын арттырудың мақсаты мен міндеттері
2. Оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер, олардың
жүргізілуі.

III.Қорытынды.


Нәтижелер мен оқушылар жетістіктері

IV. Қолданылған әдебиеттер



Шығармашылық жұмысымның мақсаты:
Оқушылардың ой – қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу.
Міндеттері:
— Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту
— Оқушылардың қабілеттерін мен шығармашылықтарын қалыптастыру.
— Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу.
Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет.
Тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар:
жазбаша тапсырмалар, ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім. Жазбаша тапсырмалар шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастыру.
Ауызша тапсырмалар тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру, ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру.
Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың жауапкершілігі күшейеді, өз бетімен жұмыс істейді, ойлау қабілеті жетіледі, тіл байлығы артады, сөздік қоры молаяды.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс — әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
берер білімнің ғылымилығын арттыру;
алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
оқушысының ой белсенділігін дамыту;
әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.


Дамыта оқытудың да басты мақсаты — баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан — жақты дамыту.
Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін — өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін — өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін — өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін — өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез — келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Оқушының шығармашылық іс — әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми — педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс — әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне — өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік — жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой — пікірде болған деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс — әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу — танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.
Оқыту процесі — екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы,
дербес іс — әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал — тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми — шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану — олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай — ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез — құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым — қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай — ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой — пікірлері қалыптасады.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
жолдасының жауабыңа пікір айту;
сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс — әрекетін бақылауға қолайлылық оқу — танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:

  • оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;

  • сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

  • шығармашылық ой — өрісі артады;

  • кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;

  • ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

  • мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;

  • оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

  • білімін жүйелі түрде толықтыруға;

  • өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;

  • тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

  • оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.

Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерін негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыруы;
білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т. б.
Шығармашылық сабақтардың өткізу оқушының танымдық іс — әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелермен факультатив сабақтарының маңызы зор. Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін. Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

  • оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым — қатынасы ретінде қабылдау.

  • күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

  • өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

  • ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  • оқушылардың өзін — өзі шығармашылық басқаруы;

  • тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

  • ата — аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікір таластардың негізі болып табылады.
Талантты балалардың өмірінде және іс — әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс — әрекет ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға болады. Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата — ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет.
Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш — жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушының білім сапасын көтеру – негізгі мақсат. Баланың білім сапасы қай уақытта көтеріледі? Мұғалім сабақты дұрыс ұйымдастыра білсе, жаңа технологияны пайдалана білсе, оқушыларды сабаққа қызықтыра білсе нәтиже берері анық. н.
Сабақтардағы 5 минуттық эссе жазу, 5 жолды өлең шығару, бейнеге еніп сөйлеу, ертегі құрастыру, мақал құрастыру сияқты шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, оқушыларымның шығармашылық қабілеттері арта бастады. Көп жылғы еңбектің түбінде еленері сөзсіз.
О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалім үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса, бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Қорытынды: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екенін ескерсек, бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт те естен шығармай болашақ білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ізденіп, ерінбей, жалықпай еңбек етуге әзірмін.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш.Т

  2. Ж.Әбиев

  3. /adisteme.kz/okushyilardying-shyigarmashyilyik-kabiletterin-damyitu.html

  4. https://stud.kz/referat/show/25282


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет