Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі110,37 Kb.
#41200
  1   2
Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» ММ




Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Секция: қазақ әдебиеті
Жұмыстың авторы: Асилбекова Эльмира

7- сынып


Ғылыми жетекшісі: Бирмуканова А.М

Лисаков қаласы 2013жыл



АБСТРАКТ

Білім, ең алдымен, тіл арқылы, әсіресе, ана тілі арқылы беріледі, демек, ана тілі - білімнің негізгі құралы. Ана тілі арқылы басқа халықтардың тілін оқып үйренуде жеңіл.

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысының басты мақсаты – көпшілікті толғандырып жүрген тіл мәселесін зерттеу, ана тілінің тазалығы үшін күресу жолдарын көрсету.

Жұмысты орындауда Эльмира өзі зерттеген фактілерге сүйенеді, өзі түйін жасап қойылған сұрақтарға жауап іздейді.

Зерттеу жұмысы жас ұрпақты ана тілін сүюге, құрметтеуге, тіл тазалығы үшін күресуге тәрбиелейді.


Лисаков қаласының «№3 орта мектебі»ММ 7-сынып оқушысы Асилбекова Эльмираның тақырыбы:

«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте»

атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

Эльмираның зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады. Оқушы өзінің көргенін түйіндеп қорытынды жасаған.

Зерттеу әдістемесінің сапасына келетін болсақ, деректі дәлелде, мысалдар келтірілген.

Шешендік шеберлігі, ауызша түсіндіруі жақсы. Жұмыс жақсы деңгейде орындалған. Оқырмандарды қызықтыратын фактілер кездеседі.

Эльмира өз жұмысын одан әрі әлі де зерттеп, толықтырады деп ойлаймын.

Пікір беруші: Панияз .Ш

тарих пәнінің мұғалімі,

бірлестік жетекшісі



Лисаков қаласының «№3 орта мектебі»ММ 7-сынып оқушысы Асилбекова Эльмираның тақырыбы:

«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте»

атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

Асилбекова Эльмираның «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы ғылыми жұмысының мақсаты – ана тілдің тазалығы, сауатты сөйлеу мәселелерін зерттеп, мәселелердің туындау себептерін айқындай отыра, оларды шешу жолдарын көрсету.

Эльмираның бұл тақырыпты таңдаған себебі – тіл мәселесі бүгінгі күнде ең өзекті мәселе болып табылады.

Эльмира осы жұмысты жазарда өз мектебінің, өз сыныбының балаларына сауалнама жүргізіп, көптеген материалдар жинақтаған.

Эльмира – өте ізденімпаз, талантты, жауапкершілікті сезінетін шәкірт. Сондықт ан мен ұстазы ретінде шәкіртімнен үлкен жетістіктер күтемін.

Оның жазған ғылыми жұмысы ана тіліміздің тазалығы үшін күресуте өз үлесін қосады, өзгелерге үлгі болады деген сенімдемін.

Пікір беруші: Бирмуканова.А. М

«№3 орта мектебі » ММ қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі, ғылыми жетекші.
Мазмұны:
I. Кіріспе бөлім

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі ---------------- 1-бет



II. Негізгі бөлім

«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте...»

1. Тіл тарихы - ел тарихы ---------------------------------- 2-бет

2. Тіл құдіреті ----------------------------------------------3-4-бет

3. Тіл тазалығы- еліміздегі өзекті мәселе-------------------5-бет

4. Сөз қадірін білмеген- өз қадірін білмейді---------------5-6-бет

5. Әдеп пен тәртіптің басы- тіл------------------------------7-бет

6. Таза, мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады----------------8-бет

7.Таз қалыпқа түсудің кейбір көріністері------------------9-бет

8. Ана тілің – арың бұл -------------------------------------10-бет

9. Ананың тілі – айбыным менің ----------------------------11-бет



III. Қорытынды

Тіл және тәуелсіздік.------------------------------------------12-бет



1

Кіріспе.

Анамыздың ақ сүтімен боймызға дарыған

тілімізді ұмыту, бүкіл ата бабамызды,

тарихымызды ұмыту.



Бауыржан Момышұлы.

Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де басынан кешірді. Осы замандар бойында қазақ халқының күнделікті пікір алысу қажетін өтеп отырумен қатар, рухани байлығы – ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп сақтап келеді. Тіл тарихы – сол тілді жасаушы жіне сол тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан да белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі – халықтың тарихына байланыссыз қарауға болмайды. Тіл тарихы мен халық тарихының байланысы – екі жақты байланыс. Тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса, халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жатқан оның тілінің тарихымен байланысында зерттеу соншалықты қажетті.

Қазақ халқының «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бір елі ауызға- екі елі қақпақ», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» тағы басқа да даналық ойлары көп-ақ. Бұдан сөйлеудің де өзіндік мәнер үлгісі, дағды жүйесі, мәдениеті барлығын көреміз.

Ана тілімізді жақсы білу, тіл мәдениетін сақтау, оны шұбарламау- әркімнің азаматтық борышы.Тіл мәдениетін білудің артықшылығы да осында!

«Өнер алды қызыл тіл» деп халқымыз айтқандай, сөйлей білу де үлкен өнер.

Таза ұлттық тілімізде, мәдениетті нақышты, жүйелі сөйлеген сөз тыңдаушысын ешқашан да жалықтырмайды.



2

Тіл тарихы- ел тарихы.

Қазақ тілі IX ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебісіне ие болды. Қазақ тілі – осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай Халық Респуликасы, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Туркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын да қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады.

Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың обьективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, кеңес үкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келген.

Біз егемендік алғанға шейін кеңес өкіметінің құрамында болдық. Кейін кеңес өкіметінің саясаты барлық одақтас республиканы ортақ бір тілде сөйлеуге ұмтылды. Сондықтан біздің қазақ тіліміздің көптеген сөздері орыс тілінен алынды. Қазақта жаңа сөз туындамады. Оның орнына орыстың сөзін қолдандық. Қазақстанда славян тектес халық көп тұрады. Сол себептен кейбір Қазақстан аумақтарында қазақтың саны аз болғандықтан славян халқымен ортақ тіл орыс тілі болды. Қазақстанның Солтүстік аймақтарында қазақ мектебі, бала-бақша, жоғары оқу орындары тек орыс тілінде білім берді. Біздің қазақ халқы осыған бейімделіп орыс тілінде сөйлейді. Қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп мемлекеттік тіл болуына егемендікті алғанда ғана қол жеткіздік.

1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» заңда тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі делінген. Тілдің дамуы тұтастай толығымен ұлттық мәдениеттің дамуы мен өзара байланысты, осы тұрғыдан тіл өзінің қоғамдық қызмет атқарады. Ал бірінші бапта «Қазақ тілі қазақ ҚСР- нің мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазылған. Ал жоғарыда аталған «Тіл туралы» Заңға орыс тілі былайша белгіленеді.Қазақстанда орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып табылады. Кейін 1997жылғы 10 маусымда қабылданған заңда орыс тілі «ресми тіл» деп айқындалды. Біздің республикамызда орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады. Заңда бұл екі тілдің де мәртебелері белгіленген Республика аумағында оларды қолдану принциптері бұл тілдердің дамуына кедергі

3

келтірмеуі тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін». «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Бірақ әлі де шешілмей келе жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Ең бастысы – өз ұлтымыздың ана тіліне, халықтық тамаша салт- дәстүрлеріне деген енжарлығынан әлі арыла алмай келе жатқанында. Отбасында, ата-анамен балалардың орыс тілінде сөйлей салуы жазылмаған әдетке айналып кеткен. Отаршылдық, империялық дәуірдегі орыс тіліне басымдылықпен қарау көзқарасынан әлі құтыла алмай келе жатқанымыз жасырын емес. «Тіл тарихы – сол тілді жасаушы және сол тілді қолдаушы халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан да белгілі бір тілдің тарихының сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі – халықтың тарихымен байланыссыз қарауға болмайды. Тілдің тарихы мен халық тарихының байланысы – екі жақты байланыс. Тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі – халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса, халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жатқан оның тілінің тарихымен байланысында зерттеу соншалықты қажетті » деп ғалым К.Аханов текке айтпаған ғой. Сонымен бірге қазақ тілінің мүмкіндігі шектеулі, болашағы жоқ деген жалған түсініктегі, тілді үйренуге жалқауланып жүрген шектеулі жандар өз ұлтымыздың арасында кездеседі.

Олар бұл күнде күн сайын сөйлескілері келмейді. Бұның өзі басқа ұлттардың біздің тілімізге деген ықыласын төмендететіні сөзсіз. Бірақ мұндай кері кеткен көзқарасты, төзімділікпен өркениетті түрде жеңе білуге тура келеді. Ондаған жылдар бойы халық ағзасына еніп, дамып кеткен дертті бірнеше жылда емдеп тастау мүмкін емес қой. « Аура батпаңдап кіріп, мысқылдап шығады» деген мақалды ескере отырып, кәсіпқойлық пен төзімділікті ұмытпауға тиіспіз. Бәрінен бұрын әрқайсымыз ана тілімізді сүйіп, білуге ұмтылып, үйреніп ол тілде оқып әрі жаза білуіміз қажет.

Тіл құдіреті.

Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды. Тіл – халықтың нәресте кезінен бүгінге дейінгі барша болымыстың шежіресі, халықтың мәдениеті мен ақыл- ойының ең асыл айғақтары жинаұталған қоймасы.

«Тіл – сөйлеу- сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бірде біріне көңіл аудармау- ең үлкен қылмыс», дейді академик, жазушы Ғабит Мүсірепов. Тіл тағдырына қатысты өзекті-өзекті осынау үш мәселенің бірін назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі жөнімен сөйлей білу мәдениеті болсын, оқып-тоқу арқылы тілдің тоқсан толғам сырын игеру болсын немесе рухани болмысымыз көрініс табар әдеби тіліміз болсын – бұдан кім-кімнің де бейтарап қала алмайтыны аян.

Қазақ халқының «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» , «Бір елі ауызға екі елі қақпақ», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» т.б басқа да даналық ойлары көп-ақ. Бұдан сөйлеудің де өзіндік мәнер үлгісі, дағды жүйесі, мәдениеті барлығын көреміз.

Нақ бүгінгі таңға шешілуге тиісті алайда ең бір күрделі мәселелердің бірі- қазақ және Қазақстандағы басқа ұлт тілдерін одан әрі дамыту мәселесі болды. Республикадағы қазақ тілінің жағдайы сын көтермейтін дағдарысқа ұшыраған еді.

Қалыпты жағдайда дамыған тіл 80 қоғамдық функцияны атқаруға жарайтын болса, қазақ тілі небәрі он түрлі функцияда пайдаланып келді. Қазақ тіл қағаздарын жүргізуден, әсіресе қалаларда шеттетілді. 60-90жылдары өазаө мектептерінің саны, әсіресе бұрыңғы Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында күрт қысқарып кетті. Қазақтың әсіресе қалада тұратын жастары ана тілін нашар білетін немесе тіпті туған тілінде сөйлей алмайтын жағдайға тап болды. Қалыпты дамыған қоғамдық өмірде тіпті кешірімсіз, келеңсіз құбіліс көрініс алды. Немересі атасын, керсінше атасы немересін түсінбейтін болды, ал аталары мен бауырынан өрген балалары әр түрлі тілде сөйлейтін жағдайға жетті. Тіл мәдениетіне деген мұндай теріс көзқарас қазақ халқының ғасырлар бой қалыптасқан әдебиетіне, тарихына және салт-дәстүріне салқының түсірді. Мұндай құбылыс Қазақстанда тұрып жатқан ұлттық топтар. Ұйғырлардың, украиндардың, немістердің, месхеттік-түріктердің, татарлардың арасында да көрініс берді. Орыс тілінің мәдениетін көтеруге деген талап та төмендеді, онда жаргондық сөздер көбейіп кетті. Мәдениеттің бұлай құлдырауы көптеген ұрпақтарды алаңдататындығы табиғи құбылыс еді. Республикада қазақ тілін қайта түлету және дамыта түсу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды.



Тіл тазалығы – еліміздегі өзекті мәселе. 5

Қазақ тілін мамандар құжаттарды қазақ тіліне аударып, олар бірыңғай қазақша жазылып жатса да, көбінесе іс жүзінде емес, қазақ жүзінде болғасын адамдар оған көп көңіл аудармайды. Билікте отырғандардың бірен сараңы болмаса, басым көпшілігі орысша тәрбиеленген. Егер де еі жоғарыдағы бастықтар орысша сөйлеп отырса, халық та өз қалаған тілінде сөйлеседі ғой. Мәселен, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:



  • Құрметті әріптестер, қай тілде сөйлесек те бәрібір емес пе ? Құқығымды бұзбауларын сұраймын маған орыс тілінде сөйлеу ыңғайлы,- деп отырса, әркім өз қалауынша сөйлесе бұл сұмдық болар еді. Көптеген шенеуліктердің түрі ғана қазақ , ал өздері шала қазақ. Бұл жайлы Сұлтанәлі Балғабаев былай дейді:

Сөзіне қарасаң- орыс сияқты,

Түріне қарасаң – кәріс сияқты.

Сұрастыра келсең... қазақ болып шығады.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп жатса да, қазақ тілінде таза сөйлейтін басшылар аз. Мемлекеттік тіл- халықаралық қызметте деп жатса да, оны кәсіпорындардың бақылаушылары тіл туралы заңды орындауға құлқы жоқ. Мысалы жалпы ережелердегі 6 бапта орыс тілін қолдану деген заңды қабылдаса, үкімет қалай қазақ тілін дамытпақ ?



Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді.

Мысалы сыныптағы өзімнің дотарымды алайын. Ильяс пен Олжасты алып қарасақ, екеуі де қазақ. Қазақ мектебінде оқыса да, үйінде екеуі де орысша сөйлеседі. Ата-анасы үйде мектепте болған жағдайларды орысша сұраса, балларда орысша жауап береді. Себебі, үйіндегі ата-ана баланың қай тілде сөйлеуіне ықпал етеді. Баланың да тілі, үйде қалай сөйлесетіндігіне байланысты. Үйінде орысша сөйлеп, мектепке келіп қазақша шала сөйлеуге әсерін тигізеді ғой. Сабақта 45 минут қазақша сөйлесек те, сабақ үстінде қалам, карындашты орысша сұрайтын балалар бар. Тек қана сабақта емес, үзілісте де орысша мен қазақшаны араластырып сөйлейтіндер көп кездеседі. Біздің оқушылардың көбісі орысша сөйлегенді ұнатады, яғни олар үйіндегі адамдармен, достарымен орысша сөйлейтіндігін көрсетеді. Шығарма жазып жатқанда балалар кәдімгі қазақша сөздердің аудармасын, оның мағынасына түсінбей жатқандары бар. Олар білмеген қазақша сөздерді орысшаға айналдырып шала сөйлейтіндері аз емес. Балалар бір-бірінен керекті затын сұрағанда: - Сенде ластик бар ма ? – деп сұрайды. Бұл оқушының, осы сөзді орысша айтып дағдылануынан болады. Мектептегі үлкен сыныптар орысша сөйлесе, оны көріп кімгеорысша сөйлеу ыңғайлы, солар солай сөйлейді емес пе ? Мектептегі қазақ балалары бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрса, басқа ұлт өкілдері, оның ішінде орыс бауырларымыз қалай қазақша үйренгісі келсін ?

Сыныптағылар орысша сөйлемей ең алдымен қазақша таза сөйлеп алуымыз керек. Балалардың орысша, шұбарлана сөйлеуі, менің ойымша, қаламыздағы ірі, маңызды ұйымдардың жұмыстарының орыс тілінде жүргізілуі. Мәдениет үйін алып қарасақ, ондағы үйірмелер орысша, сондықтан қазақ балаларына орысша сөйлеуге тура келеді. Дүкендегі сатушылар да орыс болса, оларға қалай қазақша айтасың ? Тіпті дүкендегі қазақ сатушыларын айыра алмайсың. Біздің қаламыздағы барлық дүкендерде қатты әсер етеді. Ата-аналар балаларын қазақ мектебінде қазақша сөйлеп, қазақша дұрыстап оқысын дейді, бірақ ондай ата-аналар аз кездеседі. Өз мектебімізде қазақ тілінде сауатты сөйлеу жұмысының дұрыс жолға қойылмағаны балалардың 45 минутта қазақша шала сөйлеп, үзіліске шыққанда кейбір балалар орысша сөйлегенінен байқалады. Сыныпта қазақша сөздерді дұрыс құрастырып сөйлей алмайтындары, қазақтың ұлттық тағамдарын білмейтіндері кездеседі. Мектептегі асханада да орысшалап тұрсақ, бұл біздің қазақ тілін шұбарлап сөйлеуге әсерін тигізеді. Орыстар кем дегенде қазақша амандасуды, дүкенде қазақша сөйлесуге шамалары келеді ғой. Бірақ та қазақтың қзі солай айта алмаса не шара ? Ең алдымен өзіміз қарапайым қазақтарға қалай сөйлеу керектігін үйретіп алу керекпіз . Қай жерде болсын қазақ балалары өз сөйлеміне орысша қоспай сөйлей алмайды. Таза сөйлейтіндері бірең-сараң. Ауылдағыбалаларды алып қарасақ, олар қазақша сөйлейді, бірақ өз ана тілінде таза сөйлей алмайды. Теледидарда әр түрлі телеарналар орыс тілінде болса, сол теледидардан көрген заттарын орысша айтуға бейімделіп кетеді. Елімізде 8 миллион қазақ тұрса да, көбісі ана тілінде дұрыс сөйлемейді.

Ел болудың ең бірінші кепілі,

Бостандықтың ең негізі бейнесі-

Ана тілім, босағада тұрма сен,

Төрге шығып,

Теңеліп ап сөйлеші.

Теңелмесең,

Мен тәуелсіз емеспін,

Бостандық та жалған әрі алдамшы.

Еркіндігім-

Ана тілім үшін мен,

Күресемін соңғы демім қалғанша.

Алтының да, Байлығың да құр әлсіз,

Ұлтыңды қорғамайды ол ешқашан!...

Мінбелерде менменсініп тұрмаңыз,

Туған тілді қор ғып, жерге тастасаң...



7

Әдеп пен тәртіптің басы- тіл.

Мектеп ұстаздарына, сыныптастарыма әр түрлі сауалдар қоя отырып мен мынадай пікірлерге келдім:



  1. Қазіргі жастардың орысша сөйлеуге бейім тұру себебі, олардың бала-бақшадан көрген тәрбиесі, естіген сөзі орысша болғандықтан. Қазіргі кезде ақпарат құралы, көптеген телеарналар, радио ақпарат құралдары орыс тілінде болғандықтан деп ойлаймын.

  2. Менің ойымша, қазіргі балалардың орысша сөйлеуі олардың кінәсі емес, оларды тәрбиелеген ата-аналар кінәлі. Ата-аналар өздері орысша сөйлеп тұрғанда балалары қалай қазақша сөйлейді ? Олар да ата-аналарына еліктеп орысшаға дағдыланып кеткен.

  3. Балалар қазақша өлең, күйлерді тыңдамайды. Олар қазіргі ағылшынша, орысша өлеңдерді тыңдайды. Ол да балалардың қазақша емес, орысша сөйлеуіне әкеледі.

  4. Жастардың қоршаған ортадағы адамдармен, достарымен, үйіндегі ата-аналарымен орысша сөйлесуі олардың өз тілін шала білулеріне әкеліп соғады.

  5. Орыс тілін үйрену жеңіл деп ойлаймын.

  6. Қазақтардың көбі орыс мектептерде оқиды. Өйткені, ата-аналары орыс мектепте оқыған. Қазақтардың көбі орысша сөйлейді. Себебі, біздің елде орыстар көбейіп кеткен. Олармен көп қатынс жасайды. Бұл жерде тек орыстар ғана кінәлі емес, қазақтар да өз тілі туралы ойланбайды. Орысшаны зуылдатып сөйлейді.

  7. Кейбір адамдар өз тілінде сөйлеуге ұялады.

Қорытындылай келсек, көп балалардың орысша сөйлеуі ата-анаға келіп тіреліп тұр. Ең алдымен ата-ана өз баласына дұрыс тәрбие беруі керек. Сондықтан «Әдеп пен тәртіптің басы- тіл» деген мақалды ата-аналар жадында сақтауы қажет. Орыс тілін жеңіл дегендер – өзінің ана тілінде сөйлегісі келмейтіндер. Егер қазақ тілін үйренгісі келетіндерге әрине жеңіл болады. Өз тілінен ұялатындар өз тілінен безгендер деп ойлаймын.

Таза, мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады... 8

Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі- сөз тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да бар екені мәлім. Ондай құбылысты тіл-тілдің барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған, ауыз- түйсігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем.

Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан «остановкаға барамын», «субботада келді», «звонит ет» т.б осы тәрізді сөздер кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер. Тілімізде осы ұғымдардың дәлме-дәл атауы бола тұрса да, оны елеусіз қалдырып, өзге тілдегі бейнелі қолданыстарды көшірме сөзбен қазақшалай беру түсініксіз , тіпті түсінікті бола қойғанның өзінде әсерсіз, нәрсіз сөз тізбегін құр көбейте түсер еді. Жұртшылық қабылдаған , тілде орныққан, норма ретінде

танылған шет тілдік сөздің орны бөлек.

Өз тілін шала білетіндер жайында жазушы Дулат Исабеков өзінің «Әпке» шығармасында әңгімелейді.

Қамажай: Темірбек – ау мынауың... күні бұрын неге айтпадың ? Ұят боп қалды-ау, ә ? Ылғи да асығыс. Тым болмаса телефонмен бір айта салсаң етті.

Темірбек: Ничеге, ничего, мамуля. Куаныш атаулының ойда жоқта болғаны жақсы. Күні бұрын білген куаныш куаныш емес. Эффектісі аз болады. Ал сұлтан, бұл кісі менің әпкем, өзім мамуля деп атап кеткем. Мына қыз- қарындасым. Оның қасындағы подружкасы. Екеуі институтта бірге оқиды.

Ал мына екі қыз Кәмила және Светлана. Қазақша таы Сұлухан. Аты не очень удачный ат. Сондықтан Светлана деп кеткенбіз. Все мы знакомы, моя миссия окончена, теперь прошу за стол.

Әрбір дамыған елдің арнайы тілдік нормалар негізінде қалыптасқан әдеби тілі болады. Кез келген өзін сыйлайтын білімді азамат сөйлеу кезінде сол әдеби тіл нормаларына сүйенеді. Әдеби тілде дұрыс сөйлей білу- талғаммен, киіне білумен пара-пар. Әрбір әдеби тіл- мейлі ол ағылшын тілі, араб тілі болсын, ғасырлар бойы белгілі бір нормаға түскен, қалыптасқан жүйе, толыққанды ансамбль. Өз сөзінде басқа елдің сөзін араластыра сөйлейтін адам- үстіне қазіргі үлгідегі сәнді косьтюм, басына үкілі тақия киіп шыққан адаммен бірдей әсер қалдырады. Тіл тазалығы жайлы ұлы Абайдан бастап, қазіргі кезге дейін күнделікті баспасөзде де жазылып жүр, жазыла да бермек.

Тіл – қандайда болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан «тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің сөз мәдениетіне арналған оқулықтарда берілуінің ерекше мәні бар. Өйткені мұндай гуманистік ой-



9

пікірді зердесіне ұялата білген жан мәдениетсіздікке бармайды. Өз халқының қадір-қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді. Біздің қоғамға ана тілін ардақтай білетін, оны қызғыштай қоритын жас жеткіншектер керек. Тіл мәдениеті үшін күрес- екінші бір тілді мұқату үшін күрес емес, ана тілінің қызмет өрісін кеңейту. Тілдің қоғамдық қызметі өрістегенде ғана, ана тілінің көсегесі көгереді, дүние жүзіндегі дамыған тілдердің қатарынан орын алады.



Таз қалыпқа түсудің кейбір көріністері.

Осыдан он жылдай бұрын, сексенінші жылдардың ортасынан бастап қазақ халқының арасында ұлттық сана-сезім біраз сілкініп оянған еді. Әсіресе, халықтың өз ана тіліне деген ынта-ықыласы, ілтипаты мен құрметі әжептәуір күшейді. Көпшілік жерде, үлкенді- кішілі мәжілістерде жұрттың қазақша сөйлеуге деген бейімділігі байқалды. Қазақша шала білетіндер өз пікірін қазақ тілінде айтуға тырысатын игі ниет білімді. Тіпті, алқалы жиындарда жаны қиналса да кәдімгідей тырысып, ана тілінде тұңғыш рет баяндама жасағандар да болды. Ана тілін білмейтіндігінің ұят екендігін мойындап, ендігі жерде қазақша сөйлеуді үйренетіндігіне ант-су ішіп уәде бергендер де табылады.

Өкінішке қарай, міне осы ұлтжанды сезім бар болғаны он жылға жа жетпеген жағдай бар. Қазір бұрыңғы асып-тасқан қарқын басылып, қазақ тілін менсінбейтін баяғы таз қалпымызға қайта түсуге айналғандаймыз. Ашығын айтар болсақ, бүгінгі таңда қазақ тілінің туын желбірете көкке көтерген ұран, жігерлі сөздер азайған, қызу, қарқынды кіріскен жұмыстардың көбі қожыраған. Халықтың ана тіліне деген лап етіп оянған ыстық сезімі суынуға беттеген. Мұның нақты көрінісі мына жағдайдан байқалады:

Соңғы кезде қазақ мектебіндегі баласын орыс класына күрт көбейді. Бұның дәлелі, біздің қаламыздағы орыс мектептеріне барып көріңіз- кез-келген кластан бұрын бірнеше жыл қазақша оқыған, сосын оны тастап, қайтадан орысшаға ауысқан қазақ балалары алдыңыздан топырлап шығады. Тіпті, бірінші класты қазақша оқыған, сосын одан үміт үзіп, қайтадан орысша бірінші класқа барғандар да жеткілікті.

Жалпы, бұл ретте өзіміздің Елбасынан үлгі- өнеге алсақ қайтер еді ? Қазақсатн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кез-келген жерде қазақ тілінің мәртебесін қорғауға, оның абырой- беделін көтеруге күш салады. Мүмкін болған жердің бәрін де екі тілде бірдей тең бірдей тең сөйлеуге тырысады. Ал басқа лауазымды азаматтардың көбі сәл бірдеңе болса мемлекеттік тілді белінен бір-ақ басып жүре береді. Мұны қалай түсінеміз ?

Ана тілің – арың бұл... 10

Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жояотырып, ұлтбезерлік тудырады. Оны үкімет орындары адамгершілік жолына бөгет зиянды ауру деп танылу керек.

Қазақ мектебінде оқымағаннан кейін, қазақ балалары көшеде ойнап жүргенде де орысша сөйлеп, үй ішінде де ата-анасымен орысша былдырласып, осы кезде ана тілінен мүлде құры қалған жастар қалада көбейіпті...

Бір жігіттің үйленген тойында бес-алты 20 жастан асқан қазақ қыздары жалпы қазақтың ішінде өне бойы орысша сөйлесіп отырысты.

«Қыздар, қазақша сөйлемесеңдер, мен орысшаларына түсінбеймін», деген соң, жым-жырт, үндемей отырысты. Себебі қазақша сөйлей білмейді екен. Біреуіне сөз бергенле. Жолдастар, конечно мен қазақша хорошо не говорю, сондықтан извините меня я по-русски буду говотить»,- деп орысша сөйлегенде, орыс тілін тағы да әбден былықтырды.

Қазақ тілінің осындай мәселелерінен құтылу үшін не жасауымыз керек және не істеуіміз керек ? деген сұрақтарға жауап іздеудеміз.

Біздің қаламыздағы мәдениет үйінің есіктерінде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жазады. Қазақ тілінде жазып жатс а да сол мәдениет үйінен қазақ тілінде сөйлейтін 1-2 ғана оқытушыны көресіз, ал қалғандары орыс. Олар орыс болса да қазақ жерінде тұрып бірде-бір қазақша сөз білмейді. Ол үшін есіктерде ғана емес, жұмысшыларды да қазақ тілінде үйретуіміз керек. Үлкен залдарда болатын концерттердің көбісін қазақ тілінде болуы керек. Қазақша үйірмелер көбірек болуы қажет.

Ананың тілі – айбыным менің. 11

Қазіргі мәдениетті жан-жақты білімді жастарымыздың ақыл-ой көрінісі- әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуі- заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да қатты қастерлеген. Бұл ретте К.Паустовскийдің «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлткісіз баға беруге болады. Өз Отанына деген махаббат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес», - дегенін еске алсақ, әр адамның өз ана тіліне деген құрметі арта түсер еді.

Ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу – мәдениеттіліктің белгісі. Сөз сөйлеудегі орашолақтық, олақты, сөзді жүйелей білмеу адам ойының таяздығын көрсетеді.

Тіл тазалығы үшін күрес- тіл мәдениеті үшін күрес. Сондықтан да оқушылар тіл тазалығын сақтауға, тіл мәдениетін игеруге, әдепті, келісті, мәдениетті сөйлеуге үйрену керек, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді көп білуге, оларды орынды қолдана алуға өзіндік сырын, мән-мағынасын тани білулері тиіс.

Қазақ тілін оқып, дұрыс игеру- тіл мәдениетін меңгерудің жолы. Адамның мәдениеттілігі білімімен, дүниетанымдылығымен, еңбектегі қол жеткен табыстарымен ғана шектеліп қоймай, сөйлеу мен жазу тілінің тазалығымен, байлығымен, өткірлігімен де анықталады.

Қорытынды. Тіл және тәуелсіздік. 12

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес.

Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса күндердің күні өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.

Қазақ жерінде орыс мектептері, орыс сөздері енген бері қазақтың ұлы ақындары, жазушылары тіл тазалығы үшін күресіп келеді. Солардың бірі ғалым Сұлтанәлі Балғабаев. Ақынның «Барлық қазақ қазақша оқысын !» деген өлеңінен үзінді келтіргім келеді.

Ана тілім,

Қанша рет сатты сені,

Пәлеге қаншама рет сатты сені.

Көмейіңе қоғасын от тығындап,

Байтұрсынов Ахаң ғып атты сені.

Білмейтіндер жаман мен жақсы парқын,

Сатты сені,

Сатқандай өз халқын.

Сатты атаққа,

Аз күндік лауазымға,

Сатты темір орденге,

Жұлдызға Алтын,

Дейтұғын қорған болар, арашалар

Азаматың сатқан соң,

Не шара бар ?!

Өз ұлтыңа келгенде шексіз «батыр»,

Өзгелердің алдында бейшаралар...

Қазақтың рухынан безген мүлде,

Данышпансып сөз айтқан өзге тілде,

Кім білсін,

Тағы сатып кетпес пе екен,

Сыналар бір қиындық кез келгенде.



Ойымды қорытындылай келсем, мені де қазақ тілінің болашағы, ана тіліміздің тазалығы, тіл сауаттылығы мәселелері қатты толғандырады. Мен тілдің шұбарлануымен күрескім келеді. Өз ана тілімнің саф алтындай таза сақталғанын қалаймын. Бұл тек менің ғана емес, мен сияқты жас жеткіншектердің де арманы. Тілдің болашағы – біздің қолымызда ұмытпайық, ағайын !

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Н.Уәли, Ө.Қылдырбаев «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» 10 сынып Алматы «Мектеп» 2006жыл

  2. Н.Оразақынова, Н.Әміреев Н.Сапақов «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» 10 сынып Алматы «Мектеп» 2006жыл

  3. Сұлтанәлі Балғабаев «Қазақтың қызық кітабы» Алматы «Қазақстан» 1998жыл

Сауалнама



сұрақтар

Оқушы саны



ИӘ

ЖОҚ

1.

Сен қазақ тілі, тарих, әдебиет сабағында қазақ тілінде еркін сөйлей аласың ба ?

20

12

8

2

Қазақша бағдарламаларды көресің бе ?

6

14

3

Қазақ тілінде газет-журналдарды оқисың ба ?

8

12

4

Достарыңмен қазақ тілінде көп сөйлесесің бе ?

10

10

5

Отбасында ата-анаңмен ылғи қазақша сөйлесесің бе ?

12

8

6

Қазақша сөйлегенде орыс сөздерін көбірек қолданасың ба ?

10

10

7

Қазақтың білуге тиісті салт-дәстүрлерін білесің бе ?

12

8

Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет