Тақырыбы: Сөйлем мүшелері І деңгей тапсырмалары: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда, тиісті сызықтармен сыз



бет1/2
Дата17.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#4066
  1   2
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері
І деңгей тапсырмалары:
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда, тиісті

сызықтармен сыз.


  1. Балапан ауладан дән тауып алды. 2. Дулат пен Индира мектепке қарай асығып барады. 3. Нұрила апасына тез бауыр басты. 4. Самал қуыршаққа көйлек тікті. 5. Серік доп ойнады. 6. Бағдат досына хат жазды.



2.Өлеңді оқып, тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Құмырсқа

Шидей болып құмырсқа,

Шаршамайды жұмысқа.

Ала жаздай дән тасып,

Демалады ол қыста.



  1. Жұмбақтарды көшіріп жазып, шешуін тап. Сөйлем

мүшелеріне талда.
Түс кезінде қысқарса,

Кешке қарай сорайған.

Күннің көзін бұлт шалса,

Қас қаққанша жоғалған.

/ Көлеңке/
Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ жесе, ызың- ызың етеді.

/ Ара /

Түгел айтсақ не барын:



Төрт құлақ та, бір қарын.

/ Жастық /



ІІ деңгей тапсырмалары:



  1. Мақалдарды жатқа жазып, сөйлем мүшелеріне талда.

1. Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озады.


2. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.


3. Ақылды мақтанса, іс тындырар,

Ақымақ мақтанса, тіс сындырар.



  1. Көп нүктенің орнына баяндауыш болатын сөздерді қойып жазу. Сөйлемнен тек қана тұрлаулы мүшелерді табу.

1. Сәкен табиғат көрінісі бейнеленген үлкен суретті ... . 2. Мая теледидардан қызық кино ... . 3. Шоқанның аты бәйгеден бірінші болып ... . 4. Даяна апасына бақшаның шөбін ... . 5. Дидар мен Думан көлеңкеде ... .



  1. Орны ауыстырылып берілген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем мүшелеріне талда. Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.




    1. Самал, бармақшы, Сырым, тауға, мен.

    2. Ажар, бара жатып, мектепке, Мадиярдя, жолықтырды.

    3. Шыршалар, аулаға, біз, әкелеміз, үшін, отырғызу.

    4. Махмет, отыр екен, інілерімен, ойнап.




  1. Мәтінді түсініп оқы.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Тұрлаусыз мүшелердің астын қажетті сызықпен сыз.
Бәйге

... бір тойда бәйге болды. Сабыр ... атқа мініп шапты. Басын ақ шыт ... байлап алды. Төреші бәрін қатар тұрғызып, қолындағы ... сілкіп қалды. ... дүбірлеп кетті. ... сатыр –сұтыр шаба жөнелді. Көк ала шаң ... көтерілді. Жүйріктер суырылып .. шыға бастады.



Керекті сөздер: Торы, орамалмен, үлкен, жалаушасын,

сәйгүліктер, дала, алға, аспанға.



ІІІ деңгей тапсырмалары:


1. Суретке қарап әңгіме құра. Құраған сөйлемдеріңнен тұрлаулы

және тұрлаусыз мүшелерді тап.


2. «Нан» тақырыбына мына сөздерді пайдаланып, өлең

құрастыр.
Нан.
... таңнан,

... ақ нан.

... әлі

Таңдайымнан ... .



3. «Туғам өлкем» тақырыбына шағын шығарма жаз.

Құраған сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелерді сөз

таптарына тала.

4. Шешуі бұлақ, тауық, балық болатын жұмбақтар құрастыр.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.


  1. Ұршық, қайық, ғарыш, терек, қыран сөздерінің әрқайсысына сөйлем құрап жаз. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.


Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
І деңгей тапсырмалары:



  1. Жұмбақтардың шешуін тап. Бірыңғай мүшелердің астын сыз.




    1. Тау, қыр, жазық, өзен, көл-

Қабырғада биік тұр.

Нансаң, кел же, өзің көр –

Бір қағазға сыйып тұр.

/ Карта/


2. Гүл секілді

Қызарады, көктейді.

Күн секілді,

Бірақ нұрын төкпейді.




  1. Сөйлемдерді оқы. Бірыңғай мүшелерін тап. Олардың қандай сөйлем мүшесі екенін анықта.

Түйе сүтінен құрт, май, ірімшік алынады. Гүлжанардың салған

суреті әдемі, мазмұнды, көлемді болып шықты. Қанат

демалысын Астанда , Қарағандыды, Өскеменде, Атырауда

өткізді. Қала да егілген ақ, қызыл, сары, көк гүлдер мен

мұндалап тұр. Хайуанаттар бағынан маймылды, пілді,

қасқырды, жыланды көрдік.

3. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерге тиісті жалғауларды жалғап

жаз.

Қар астында өсімдік дәндерін құс..., тышқан... тауып жейді. Біздің еліміз алтын... , күміс..., мұнай..., мыс... бай өлке. Нанда жер..., гүл..., күн... иісі бар. Жылқы..., түйе..., қой..., сиыр..., сүт..., ет..., жүн..., теріс... адамға көп пайда келтіреді.


4. Мәтінді түсінік оқы. Бірыңғай мүшелерді көшіріп жаз.

Қазақстан таулары.


Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Қаратау, Ұлытау, Қазығұрт, Іле, Алатауы бар. Тау биіктеген сайын ауа райы салқындайды, ауаның қысымы кемиді. Ауа таза, мөлдір, салқын болады.Таулардың теріскей жағы салқындау, дымқыл болады, ал күнгей жағы жылырақ, құрғақтау болады.
ІІ деңгей тапсырмалары:


  1. Көп нүктенің орнына керекті сөздер қойып жаз. Бірыңғай мүшелерді тап.




    1. Зат есім, ... , ... , ... – сөз таптары.

    2. Бастауыш, ... – тұрлаулы мүшелер.

    3. Тыныс белгілеріне нүкте, ... , ... , жатады.

    4. Ек, егін, ... – түбірлес сөздер.


  1. Өлеңді жатқа жаз. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерді тап. Сөйлем мүшелеріне талда.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым – ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

/ Абай /




  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тиісті тыныс белгілерін қой. Сөйлемде қандай мүшелер кездесті?

1. Ана тіліміз ғылым білім қаржы қаражат саласында да кең қолдануға болатын қуатты құрал екенін көрсетеді. 2. Осы тайпаның адамдары шетінен алғыр өжет батыл айлакер екен. 3. Біздің еліміз тәуелсіз егеменді іргелі ел. 4. Сәбиттің бөлмесі кең таза жарық екен.




  1. Көп нүктенің орнына қажетті бірыңғай мүше болатын сөздерді жаз.Сөйлем мүшесіне талда.

Біздің сыныптың оқушылары шетінен өнерлі, ... , ... екен.

Алмаз мәтінді мәнерлеп, ... , ... оқыды. Бақшада

сәбіз, ..., ... , ..., ...., ... өседі. Әр адам табиғатты қорғап, ... , ...

керек. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ... , ... .



  1. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрап жаз.

Сөз тіркестері: 1) Үш қыз, бес ұл 2) шаңғы, теуіп, коньки теуіп

3) асқар тау, айдын көл

4) ән айтты, би биледі





  1. Өлеңді жатқа жаз. Бірыңғай мүшелерді тап. Тиісті тыныс белгісін қой.

Үй салайық сәнді кең

Топырақ үй алдымен

Құмды еле де тас тасы



Дайын тұрсын қақпасы.


ІІІ деңгей тапсырмалары:


  1. Бірыңғай мүшелерді қатыстыра отырып, сұрақтарға жауап жаз.




    1. Еңбек сабағына қандай құралдарды пайдаланасың?

    2. Сынып кезекшісінің міндетіне не кіреді?

    3. Сен қандай ақын, жазушылардың кітаптарын оқыдың?



  1. Берілген суреттерге қарап, бірыңғай мүшелерді қатыстырып сөйлем құра. Қандай сөз табы екенін айт.





  1. Құрамында бірыңғай мүшелері зат есім, сын есім, етістік болатын сөйлемдер құра. Қай сөзбен байланысқанын тап.


Тақырыбы: Сөз таптары
І деңгей тапсырмалары:


  1. Сөздерді оқып, оларға сұрақ қой. Сөздерді сөз таптарына талда.

Құмыра, алтау, әсем, қуыршақ, келе жатыр, қауіпсіз, гүлзар, жиырма үш, бейнеленген, қамшы, елгезек, Қаскелең, асау, сарбаз, жүз он бір.




  1. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Жұмбақты сөз таптарына талда.

Ақтылы қой шұбырып,

Жайыла алмай келеді.

Қойшы қуып, жүгіріп,

Қайыра алмай келеді.

/ Бұлт, жел /




  1. Өтірік өлеңді сөз таптарына талда. Сан есім қай сөзбен байланысып тұрғанын тап.

Елу метр есіктен

Еңкеюмен шақ кірдім.

Жүз қасқырды өшіккен

Бір қозыға бақтырдым.

Күн көзі өте қоймайтын

Үй қаладым қар – мұздан

Футболшылар ойнайтын

Доп жасадым қарбыздан.

ІІ деңгей тапсырмалары:



  1. Жаңылтпашты жатқа жаз. Сөз таптарына талда.

Ақ шар ұшты,

Көк шар ұшты

Көп шар ұшты

Бес шар ұшты.



  1. Берілген зат есімдерге тиісті сын есімдерді қосып, мағынасына қарай етістік ойлап жаз.

Әңгіме , көбелек, бұлт, асқабақ, бұрым, халық, бойжеткен,

орман, жазу.

Керекті сын есімдер: Ұзын, ақша, әсерлі, алып, өнерлі, ұзын,

ну, көркем, сұлу.



Үлгі: Әсерлі әңгіме айтылды.


  1. «Сыңарын тап» ойынын ойнап көр. Араласқан сөздердің ішінен сын есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін тап.

Орман, үлкен, тәтті, жасыл, сай, қалың, жидек, бұлақ, шырша,

мөлдір, терең, машина.


  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді сөз таптарына талда.




  1. Самал қуыршаққа көйлек ... . 2. Бағдат ... хат жазды. 3. ... мақтанса, іс тындырар, ақымақ мақтанса ... сындырар.



  1. «Сыңарым қайда?» ойынын ойнап көр. Ол үшін бағанның сол жағындағы сөздерді оң жағындағы сөздермен біріктір.

Қырық , ақ, қызыл, түстік, кәсіп, гүні,

қысты, еш, оң, жол, өнер, бел аяқ, беу, бір, қу,

құм, барыс




  1. Жалпы есімдерді бірінші бағанға, жалқы есімдерді екінші бағанға бөліп жаз.

Құстар, Ертіс, ғалым, Сарыарқа, әнші, тасбақа, шекара,

Жаяу Мұса, итмұрын, Құтжол, көкөніс, Өзбекстан, Тұрар,

оқулық, көл, Каспий, гүлдер.




  1. Сұңқар, көрші сөздерін жекеше түрде, көрермендер, ғарышкер сөздерін көпше түрде тәуелдеп жаз.




  1. Өлеңді жатқа жазып, етістіктердің болымсыз түрлерін тауып, болымды түрлерін айналдырып жаз.

Қорқақ.
Қорқақ жанның қолынан

Еш нәрсе де келмейді.

Оның бар яки жоғынан

Өмір өзгермейді.

/ Б.Ысқақов/


ІІІ деңгей тапсырмалары:

1. Құрамында зат есім, етістік, сын есім, сан есім бар 3 сөйлем ойлап жаз.


2. Суретке қарап әңгіме құрап жаз. Сөйлемдерді сөз таптарына талда.



Каталог: uploads -> doc -> 136e
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
136e -> 3 Негізгі бөлім і-тарау Термодинамика тарауының физикалық негіздерінің тиориясы теориясы
136e -> СабақТЫҢ тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран»
136e -> Қан және лимфа. Қанның жасқа байланысты өзгеруі
136e -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: тіліміздегі кірме сөздер, олардың тілімізге кіру себептері туралы мағлуматтар беру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет