Тақырыбы: Құстар біздің досымыз Орындаған



бет2/3
Дата19.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#4229
1   2   3

Мұғалім:
Ей, адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.

Оныменен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһанда аялап алақанда.

Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,

Күнде ұлы сәулесін төгеді жадырап.

Бар тіршілік тұрады бұл жерден жалына,

Дүниеге жер ана қара шаңырақ.-деп ақын Ә. Нәлібаев

жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты

қонысы мен мекені-табиғат. Бүгінгі біздің тақырыбымыз да сол табиғат

жайында болмақ. «22сәуір- Жер күні» тақырыбында болатын кешімізді

бастауға рұқсат етіңіздер.


Бастаушы:
Табиғат әсемдіктің көркісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай тынысың.

Қазына «қара жер де»-дейді халық

Күн көрген, жерден алып,

Жер анадан үзіліп кете алмаған.

Кемеңгер небір дана, небір алып.


Бастаушы:
Ақын жырлағандай біз өмір сүріп отырғандай табиғат

байлық, қазына, өмір, денсаулық ұйытқысы. Олай болса атамыз қазақ

табиғатқа бас иіп, қадірлей білген. Бүгінгі күндері адамзат бар байлықты

табиғаттан алып, оны аялауды, қорғауды естен шығарып алғандай.


Бастаушы:
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей

байланысты болған. Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп,

оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Өздерін табиғаттың бөлінбес

бөлшегі іспеттес көрді.

Экологиялық түсінік.
Бастаушы:
Соңғы жылдары елімізде табиғатты қорғау шараларына

көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән

берілуде. 1997 ж. 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997 ж. 6

тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы заңдар қабылданды

және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізуде.
Бастаушы:
Табиғаттың көркі, келбеті бар тамаша туындыларының бірі-

хайуанаттар болса, бірі әсем әнге бөлейтін-құстар.

Аң да адамды жағалайды

Санап тұрған бауырлас

Ұя салып паналайды

Үйді дала қарлығаш,

Әрқашанда зәру аң-құс,

Адамдардың мейіріне

Айтатындай іштей алғыс

Адал аппақ пейіліне-

(көрініс «Ақ қайың»)

Сахнада ағаштың түбіртектері қойылған. Сахна ортасына ақ қайың

бейнесіне енген қыз, қолында жоғары көтерген құс ұясы. Мұңлы музыка

ойналады.

Ақ қайың сөзі:

Орман едік бір кезде біз жайқалған,

Аң мен құстың әсем әні сайраған.

Әні кеткен, бұл өлкенің сәні кеткен,

Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен.

Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп,

Анам, әкем, бауырларым, қайдасың?

Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.

Жалғыздықтың мұңы көп...

Соны айтуға, адамзатқа тілім жоқ.

( Қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді.)

Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі?

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырқып алдық қой.

Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, соны қырқып алайық.

Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні

ғой.


Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны

ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның

арғы басын.

(Ақ қайыңды қырқып жатқанда, құс ұшып келеді.)

Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы.

Қырықпаңдаршы.

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұршы.

Баласы: Әке, ол өз ұясын қорғап жү ғой. Осы ағашты қырықпай-ақ

қояйықшы.

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сен де, нәзік жүрек. Мә, саған,-деп

әкесі құсты таспен атып ұрады.

( Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл келтіреді.

Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді. Мұңлы музыка ойналады.)

Құс ақырын басын көтеріп:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын,

Не қалады? Не көреді артыңдағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Сарғайып жапырағы өлімсіреп,

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?


Бастаушы:

Адам өзіне қажетті тағамды, заттарды табиғаттан алады. Ас

атасы-наннан жердің иісі шығады. Адамға қажетті көкөністер табиғаттың

желісі. Табиғатпен етене өскен халқымыз сол ортаға байланысты ғасырлар

бойы қалыптасып, жазылмаған заңға айналған дәстүрлері сан тарау. Біз

ұрпағымызды табиғаттың көз тойғысыз көрінісін, сұлулығын тыныштығын

бұзбай, аялап қамқор бола білуіміз қажет.
Бастаушы:

Халқымыз байқампаз тұрақтылықты, мейірімділікті

қастерлеп ақ ниет, аппақ сезімді «Аққу сезім» деп атаған, әсемдік символына

балаған. Сондықтан, халайық орманды кесіп, құстарды және жануарларды

атып табиғаттың сұлулығына қауіп төндіруден сақтанайық. Және құрып,

экологияға ұшыраған жерлерімізді сақтауға көңіл бөлейік.


Әдеби монтаж.



Каталог: materialy -> biologia
biologia -> Сабақ «Астың ауыз қуысында қорытылуы»
biologia -> Сабақ Биология (8 сынып) ОҚО, Аманкелді жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Бейсебай Камила Сабақтың тақырыбы
biologia -> Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа бөлімдері. Сабақтың мақсаты
biologia -> Сабақ Тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүректің жұмысы, реттелуі
biologia -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
biologia -> Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой өрісін дамыту. Тәрбиелік
biologia -> Сабақтың мақсаты: Антропогенез-адамның шығу тегі туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың Ұбт дайындығын күшейту
biologia -> Сабақтың тақырыбы: "Кесірткенің сыртқыжәнеішкіқұрылысы"
biologia -> Сабақтың тақырыбы: § 41. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі. Сабақтың мақсаты
biologia -> Ххі ғасыр көшбасшысы. /Сайыс сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет