Тақырыбы:«Бізде қонжық қонақта»



бет1/4
Дата19.05.2017
өлшемі0,63 Mb.
#16541
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы

МКҚК «Бәйтерек» балабақшасы

(Тәй-тәй инновациялық әдістемесі)


Өткізгендер:Нурмагамбетова Д,

Нұрбербергенова Ж,

Жайчибекова Г.

Ақшұқыр 2014 ж

Тақырыбы:«Бізде қонжық қонақта».

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта».



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Орыс тілі, математика, қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың қонжық туралы білімдерін кеңейтіп, оның тіршілігі туралы мәлімет беру. Геометриялық пішіндерден сюжетті сурет бойынша (күн, үй) пішіндерден құрастырып үйрету.

Дамытушылық: Балаларға қонжықты көрсетіп әңгімелеу, ойын арқылы танымдық қабілеттерін және саусақ қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік:Ертегі кейіпкерлеріндегі жаксы қасиеттерді бойына сіңіріп, жамандықтан сақтануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:

Көркем әдебиет орталығы: орталықтарға арналған текшелер және ноутбук, ертегі кейіпкерлерінің суреттері және үлестірмелі материалдар, ойыншық қонжық.

Таным орталығы:орталықтарғаарналған текшелер, ойыншық қонжық.

Қажетті заттар:қағаздан қиылған геометриялық пішіндер.



Ғылым орталығы: ойыншық қонжық, бас киімдер.

Қажетті заттар:дидактикалық ойынға: кірпі, қоян, тасбақа ойыншықтары.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Тәрбиеші: (балалады шаттық шеңберіне тұрғызады).
Қуан, шаттан, Алақай,

Қуанатын күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар, қазір сіздер «Көркем әдебиет»орталығында «Үш аю» ертегісін тыңдайсыңдар; «Математика» орталығында геометриялық пішіндерден қонжыққа үй құрастырасыңдар; «Ғылым» орталығында қонжықты зерттейсіңдер. Өз қалауларың бойынша текшелерді алып орталықтарға бөлінеміз.

Ғылым орталығы:
Тәрбиеші: Балалар «Ғылым» орталығына қош келдіңіздер. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаймыз.
Мынау оған керегі,

Балды жақсы көреді.

Қыс бойы жылы апанда,

Ұйықтау оның өнері.(Аю)


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, бүгін бізге аюдың баласы қонжық қонаққа келді. Балалар қонжық қандай?

Балалар: Ол кішкентай, түсі: ақ.



Тәрбиеші: Балалар қонжық жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа қалың жүннен көрінбейді. Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю(гималай), қоңыр аю барибал, ерінді аю, молай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю суда жүзеді, ал қара, қоңыр аю орманда болады. Қыста апанда жатады.

Тәрбиеші: Балалар қонжықтың біздерге әкелген мынадай ойыны бар екен. Суретте қандайжануарлардың суреттері бейнеленген?

Балалар: Кірпі, тасбақа, қоян.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет