Тақырыбындағы шығармашылық жұмыс. (тәрбиешілерге көмекші құрал) Атырау облысы. Атырау қаласы



бет1/10
Дата01.06.2017
өлшемі5,95 Mb.
#17487
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін қолдану” тақырыбындағы шығармашылық жұмыс.

(тәрбиешілерге көмекші құрал)



Атырау облысы. Атырау қаласы

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін қолдану” тақырыбындағы шығармашылық жұмыс.



Атырау -2012

Құрастырған: Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі М. Ә. Кунасова.


Пікір жазғандар: Сұлтанова Ғалия Сағынтайқызы.

Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие кабинетінің меңгерушісі

Жұмашева Нұржауған Сарсенқызы. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к
Баспаға Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институының ғылыми кеңесі ұсынды.

(№ 2 хаттама 11 мамыр 2012 ж.)

Бұл нұсқауда ұлттық тәрбиенің негізгі нышаны болып табылатын ауыз әдебиеті бағытында жүргізілген шығармашылық жұмысымның жиынтығы көрсетілген. Мектепалды тобында ата-аналармен, балалармен өткізілген әр-түрлі іс-әрекет үлгілері берілген нұсқауды мен мектепалды топ тәрбиешілеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынамын.


Мазмұны
Кіріспе 4 бет

Педагог мамандардың жұмыс позициялары 5 бет
Мақсаты мен міндеттері 12 бет
Жұмыс барысы 15 бет
Инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану 20 бет
Балалармен, ата-аналармен жүгізілген
іс-әрекет үлгілері 35 бет
Тест тапсырмалары бойынша балалардың
білім деңгейінің көрсеткіштері 54 бет
Қорытынды 70 бет

Кіріспе
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына, туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Сол себептен тіл мәдениетін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Мектепке дейінгі балалар отбасында, балабақшада фольклорлық шығармалармен және көркем әдебиеттің тұғырлы туындыларымен тәрбиеленеді. Қазақ ұлтының тілашар дәстүрі бойынша тілі шыға бастаған кезде бөбекке санамақтар - сан үйрету, жаңылтпаштар - тіл ширату, тақпақтар - ой дамыту, жұмбақтар - ой қорыту, мақал – мәтел - тіл мен ойды саралау, мазақтамалар - намыс ояту үшін қолданылады. Әсіресе, ертегілер баланың қиялын кеңейтіп, дамытады. Өз тәжірибемде ең әуелі осыларды пайымдап, пайдаланамын. Қысқасы, халық ауыз әдебиеті - тәрбиенің негізі. Онсыз тәрбие тәлімсіз, мәнсіз болады. Көркем әдебиеттен нәр алған бала инабатты, тәрбиелі, жігерлі болып өседі. Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», — деген болатын. Сондықтан бұл еңбекте халық ауыз әдебиеті нұсқаларын пайдалану арқылы тілге үйрету әдістемесіне ерекше көңіл бөлдім.

Педагог – мамандардың жұмыс позицияларын ертегі кейіпкерлері арқылы суреттеп көрсек
Қазақ ертегісіндегі бай кейіпкері өз мақсатына жету үшін қамшыны, ұрыс, айқай жазалауды қолданады. Бай баланы тәрбиелемейді, оны жаттықтырады. Бай тәрбиешінің ұстанымы балалардың шығармашылықтарын басып, дамуына кедергі келтіреді.




Мақта қыз тәрбиешінің ұстанымы балалардың психикалық белсенділігінің шектелуіне соқтырады. Мақта балаларға өзін

еліктейтін жалғыз үлгі ретінде ұсынады. Сондықтан баланың танымдық, білімқұмарлық қызығушылықтары жоғалады.

Қызыл телпек көңілді, ерке, балалармен ұқсастығы бар.



Бұл тәрбиешінің ұстанымы балаларды өз әрекеттерін жоспарлауына, болжауына қиындық туғызады.

Ұйқы аруы үнемі ұйықтап жүреді. Қоршаған ортаның ол үшін еш мәні жоқ. Ұйқы аруының позициясын ұстайтын тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы болмайды.

Осындай тәрбиешімен ұзақ уақыттарын бірге өткізетін балалардың

ұйымшылдығы, мақсаттығы жоқ және бастаған істерін аяқтай алмайды.




Ертегідегі әже тәрбиеші – қамқоршы, ол балаларды өте жақсы көреді, балаларын қорғаштап көп нәрсені балалар үшін өзі атқарады.



Бұл позициядағы тәрбиеші балалардың психикалық дамуын тежейді.


Қар ханшайымы – позициясындағы тәрбиеші балаларды өзі қалаған үлгі ретінде тәрбиелейді.



Біреудің дегенімен жүретін балалар өз ой-пікірлерін жоғалтады.

Жиренше позициясындағы тәрбиеші өз ісіне мақсат қоя алатын, өте сауатты тәрбиеші. Оның көздеген мақсаты балаларды жан-жақты дамыту.



Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім” деп атап көрсеткеніндей, рухани ұлттық қажеттілікке

жараған білім ғана – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Ұлттық тәрбие бағыты бойынша алдыма қойған




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет