Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет1/7
Дата08.10.2019
өлшемі144,83 Kb.
#49390
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия кірісу

Тақырып:Философия, оның пәні және функциялары.

«Философия» пәнінің негізгі бөлімдеріФилософия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады:1.Онтология (болмыс туралы ілім); 2. Гносеология (таным туралы ілім); 3. Антропология (адам туралы ілім); 4. Аксиология (құндылықтар туралы ілім) 5. Этика (мораль туралы ілім) 6.Логика (ойлау заңдары туралы ілім) 7.Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)

Философиялық дүниетаным және жүниетанымның тарихи түрлері:

Дүниетаным– дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты: Мифология; Дін;Философия;

Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен ) – қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.

Философия – дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымының діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:

1.Нақты ұғымдармен категориялардан құралады; 2. Қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді; 3. Рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы); 4. Қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелілікке негізделеді.) Философияның – дүниетаным ретіндегі эволюциясы үш кезеңнен өтті: Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары – сыртқы күштердің – Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б шығыс елдерінде және Ежелгі Грецияға тән). Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (Орта ғасырлық Еуропаға тән). Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіндегі Еуропаға, Жаңа заманға, қазіргі заманға философиялық мектептерге тән.)



Философиялық білімнің ерекшіліктері (екіұдайлығы).Философиялық білімнің басты ерекшелігі – оның екіқұдайлылығында. Ол ғылыми бөлімге жақын: пәні, әдістері, логткалық - ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.

Философиянығ функциялары. Философияның қызметі (функциялары) – философияның мақсат-міндеті мен арнаулы іске асатын негізгі қолданылу салалары.

Философияның негізгі функциялары мынадай:

1.Дүниетанымдық функция. 2.Теориялық функция. 3.Гносеологиялық функция. 4.Аксиологиялық – (грек. аxios – құнды) функциясы 5.Әлеуметтік функция.

6.Тәрбиелі функция 7.Сандарлы функция 8.Болжамдық (футурологиялық) функция Философияның негізгі сұрағы.Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп – ойлаудың болмысқа, болмыстың – ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады. Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: аамның (философияның басты міндеті болып табылатынын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтаулы, қандай сипаттағы жүйе құруын – дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында. Материя және сана (рух) – болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі – онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды. Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі. Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні – «Дүние таныла ма, әлде, танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» - деген сұрақ. Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар: 1.Материялистерге; 2. Идеялистерге; 3. Дуалистерге бөлінеді.



Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық жағына қатысты екі бағыт туындайды: Сенсуализм– (латынның «sensus» - сезім) – таным көзі және ақиқат өлшемі – сезімдер (түйсіктер) екені мойындалатын философиялық ағым.

Эмипиризм («эмпирио»-«сезімдік тәжірибе»)-біліміздің қайнар көзі – сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт. Рационализмнің (латынның ratio-«ақыл» сөзінен) негізін қалаушы Р. Декарт деп саналады. Рационализмнің басты идеясы – ақиқат білім тек ақылдан, тікелей ақылдан алынады және сезім мен тәжірибеге тәуелсіз.

Философияның даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуына құрал ретінде пайдалынылған және пайдаланылатын әдістер: Диалектика– заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп – салдарлық байланыстарын, қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресін ескере отырып, қарастыратын зерттеу әдісі. Метафизика – диалектикаға қарама – қарсы әдіс. Догматизм – қоршаған дүниені догматтар шеңберінде – «жоғарыдан берілген», абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана қарастыратын және қабылдайтын ойлау әдісі. Эклектика– біртұтас творчествоға енбейтін түрлі, еркінше алынған фактілерді, ұғымдарды, концепцияларды біріктіру нәтижесінде сырт қарағанда шын көрінгенмен үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау. Софистика – ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі. Герменевтика – мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. Герменевтика батыстық философияда кең таралған. Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің саны бойынша классификациялау нәтижесінде: Монизм– болмыста бір ғана бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. Плюрализм– болмыста екіден көп бастапқы негіздердің болуы мойындалатын философиялық ілім.

Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің сапасына қарай классификациялау: Материализм, Идеализм, Объективті идеализм, Субъективті идеализм Гилозоизм– тірі және өлі табиғаттың жандылығын насихаттайтын философиялық ілім. Пантеизм- Құдай (идеалды бастама) және табиғат (материалды бастама) теңестірілетін философиялық ағым: «Құдайдан тыс табиғат жоқ, табиғаттан тыс Құдай да жоқ». Деизм – «Құдай – дүниені жаратушы» деп, бірақ «дүниені жаратып және оның заңдарын қоса шығарып бергенмен Құдай одан кейінгі пәнилік істерге араласпайды, бұл дүние өз заңдарымен дамиды» деп санайды.

Онтологияның негізгі ұғымдары:Космос – ежелгі грек тілінен аударғанда «тәртіп» деген мағынаны білдіреді. Космос немесе тәртіп, антикалық философияда тәртіпсіздік, жүйесіздік ретіндегі Хаосқа қарсы қойылды. Космология – ғарыш және дүние құрылысы туралы ілім.Космогония – дүниенің шығу, қалыптасу, қазіргі жағдайға дейнгі даму процесі туралы ілім.Космогенез – дүниенің пайда болуы, қалыптасу процесі. Агностицизм– дүниенің танылмайтындығын тұжырымдайтын философиялық ағым. Агностицизм ең ежелгі, европалық формаларына софистика мен скептицизмді жатқызуға болады. Жаңа Заманда агностицизмді Беркли, Юм, Кант дамытты. Материалистер мен объективті идеалистер, әдетте дүниенің танылатындығын мойындайтындықтан, агностицизмді көбіне субъективті идеалистер жақтайды. Релятивизм– (латынның «relativus» - салыстырмалы) – кез-келген білімнің салыстырмалылығын, шарттылығы мен толық еместігін және соның негізінде объективті ақиқатқа жетудің қандай да болмасын мүмкіндігін терістейтін философиялық бағыт. Релятивизмнің негізін қалаушылар софистер мен скептиктер болды, ал Жаңа Заманда релятивизм позитивизм бағытының құрамында дамыды.

Рационализм- (латынның «ratio» - «разум» - «ақыл-ой») – «ақыл-таным негізі, танымның басты құралы және ақиқат өлшемі» ретінде қарастырылатын философиялық бағыт. Иррационализм– (латынның «irrationalis» - «бейақыл», «бейсана») – ақылдың танымдық қабілет-күші шектелетін немесе терістелетін, ал болмыс мәні ақылдан өзгеше және ақылға берілмейтін құбылыс, нәрсе ретінде түсінілетін философиялық бағыт.

Тақырып: Ежелгі Үнді философиясы.

Ведалар (сөзбе-сөз «білім» деген мағынада) – б.д.д XV ғасырларда Орта Азия, Еділ жағалауы, Ираннан Үндіге көшпелі тайпалар – арийлер келіп қоңыстанғаннан кейінгі кезеңнен жеткен тарихи-мәдени ескерткіш – діни философиялық трактаттар жиынтығы. Бұл күнге келіп жеткен Ведалардың түрлері :1.Ригведа; 2.Самаведа; 3.Яджурведа; 4.Атхарваведа; Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады: Атман – Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі. Манас - өмір барысында қалыптасатын адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін. Сансара – жанның тән мен космостық Брахман (Құдай) арасындағы тоқтаусыз, мәңгілік қозғалысы. Карма– адамның келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы өмірдегі іс-әрекетіне байланыстылығы. Адам өмірлік сынақтар арқылы өз жанын жетілдіріп, жоғары адамшылық дамуға – мокшаға жетуге ұмтылуы тиіс (Бұл мақсат жолында жан ондаған, жүздеген өмірлер сүруі мүмкін).Мокша – карма тоқтайтын, жан эволюциясы, космостық Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс аяқталатын жетілудің жоғарғы шыңы. Мокшаға жету кез-келген жанның мақсаты. Мокшаға жеткен жандар шексіз өмірлер тізбегінен босап, махатмаға – Ұлы жандарға айналады. Ахимса – жер бетіндегі тіршілік формаларының (адамның, жануарлардың және бүкіл табиғаттың) өзара байланыстылығы, біртұтастығы. Ахимсаның басты қағидасы – «Кіші бауырларға, тірі табиғатқа қиянат жасамау» Ежелгі Үнді философиясының онтологиясы (болмыс пен бейболмыс туралы ілім) – космостық эволюция, цикл, тәртіп, жүйе, және өзара байланыс – Рита құдайының заңдарына сүйенеді. Упанишадтар бойынша дүниені жаратушы құдай – Брахман. Философиялық түсіндірмеде Брахман – дүниедегі жоғарғы мән, бүкіл тіршілік атаулының бейтұлғалық құдіретті бастамасы. Упанишадтарда үнді философиясының «карма» сияқьы маңызды ұғымы тұжырымдалды. Карма ұғымы – ведалық «рита» ұғымының негізінде қалыптасты. Ортодоксальды немесе ведалық мектептер – Ведаларды қасиетті деп танитын және оларға сүйенетін бағыттар. Ортодоксальды (ведалық) мектептерге миманса, веданта, және ведалармен қатар басқа білім деректерін де мойындайтын ньяя, вайшешика, санкхья, йога жатады. Веданта– дербес мектеп ретінде басқа ортодоксальды мектептерден кешірек – б.д VII – VIII ғасырларда, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі Дүниеде ведантаның алғышарттары (Упанишадтар мәтіндері, Бхагавадгита, т.б) ғана болғаны туралы айтуға болады. Бейортодоксальды (бейведалық) мектептер деп ежелгі Үнді философиясының Ведаларды «қасиетті кітап» деп санамайтын және басқа деректерге сүйенетін ілімдерін (чарвак , буддизм, жайнизм) атайды. Миманса (дәлме - дәл: «ойлау», «зерттеу», «талқылау») – мәселені ойлау, талқылау және сындарды зерттеу арқылы шешу дегенді білдіреді. Миманса өз ішінде екі ағымға бөлінеді: ертедегі, басты міндеті ведалық ритуалды зерттеу болып табылатын пурва-миманса және кейінгі – басты мақсаты таным процесін және оның формаларын зерттеу болып табылатын уттара – миманса. Негізгі еңбектері: Джаймини, «Миманса-сутра» немесе «Джайнизм - сутра» (б.д.д 200 жыл) «Ньяя» термині «ереже», «аналитикалық зерттеу», «логика», «ойлау» деген мағына береді. Ньяя философиясының орталық мәселесі-таным теориясы мен логика сұрақтары болып табылады. Ньяя логикасы Үнді философиясының «логикалық қорытынды- танымның сенімді көзі» деп мойындайтын барлық жүйелерінде қабылданып, қолданылады. Ньяя онтологиясы вайшешика мектебінің мектебінің онтологиясына ұқсас. Ньяя философиялық ілімінің негізін қалаушы – шамамен б.д I ғасырында өмір сүрген дана-Готам (Гаутама) болып табылады. Негізгі енбектері. Готам. «Ньяя-сутра» «Вайшешика» атауы «вишеша»-«айырмашылық», «ерекшелік» сөзінен шыққан. Мектептердің бұлай аталуына өз жүйесінде «айырмашылық» ұғымына айрықша мән беретіндігі себеп болады. Негізін қалаушысы – шамамен б.д.д IV – ғасырда өмір сүрген Улука есімді дана (лақап аты түсіндірмелер) Санкхья термині «сан», «санау», «есеп» мағынасын береді. Санкхья философиясы болмыстың негізгі элементтерін олардың пайда болу, қалыптасу ретіне қарай: алғашқы түпнегізден – көптүрлі дүниенің санының ұлғаюына қарай жүйелеп, зерттейтін ілім.Негізін қалаушысы – б.д.дVII – ғасырда өмір сүрген Капила деп саналады. Негізгі еңбектері: «Санкхьясутра» және «Санкхья правачана-сутра». Капиланың бұл еңбектері және оынң шәкірттерінің қолжазбалары бізге жеткен жоқ. Санхья дәстүрі бойынша ежелгі дүниеде сақталған трактат-Ишваракришнаның «Санкья-карикасы» ғана. «Йога»термині «бірігу», «қатысу», «тәртіп», «терең толғаныс» деп аударылады. Йоганың маңызды ерекшелігі-ерекше рухани күйге жетуге арналған арнайы тәсілдерінің жүйесі болуында. Бұл рухани күй арқылы адам физикалық дүниеден азар болып, жоғарғы «менді» (пурушаны, космостық сананы) таниды. Йогамен қатар аскетизм және медитация (терең толғанысы) Классикалық йоганың негізін қалаушы – б.д.д II ғасырда өмір сүрген Патанджали деп саналады. Негізгі еңбектері Патанджали. «Йога-сутра» («Патанджали - сутра»); Въяса, «Йога-бхашья» («Вьяса-бхашья») – Йогасутраға коментарийлер; Вачаспати. «Таттва вайшаради» - «Йога - бхашьяға» түсіндірмелер.

Бейортодоксалды мектептерБуддизм – Үндіде (б.д.д V ғ кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда (б.д.д. III ғ кейін), т.б басқа аймақтарға кең тараған философиялық ілім. Негізін қалаушысы Солтүстік Үндідегі ақсүйек отбасыда дүниеге келген Гаутама Будда (Сиддхардха) (б.д.д 563-483ж.ж). Буддизмнің негізгі идеясы – «Орта жол» - ұшқарлыққа салынбау, өзін-өзі ақылды тежеу, жетілу арқылы нирванаға жету, яғни жоғарғы рахат күйге бөлену. Орта жол – рахат – ләззат жолы мен (көніл көтеру, жалқаулық, тәндік және моральдық азғындау) «аскетизм жолы» (тән қажеттілігін тежеп, жоқшылық, мұқтаждық, тәндік моральдық азап пен тозу жолы) екеуінің арасындағы тепе-теңдікті сақтай білу дегенді білдіреді.

Дхарма – материя мен сананың бірін-бірі алмастырылатын элеметтері. Дхарма - өмірлік энергияның тұтануы.Сонымен буддалық 4 ізгі ақиқат мыналар: 1.өмір – азап; 2.азап біздің нәпсі, тілектерімізден туады (даңғойлық, дүниеқұмарлық, рахат күйге ұмтылу, т.б) 3.азаптан құтылудың жолы бар. Азаптан құтылу үшін тілектерден, құмарлықтан арылу қажет. 4.бұл дүниелік тілектерден құтылудың, нирванаға (Ұлы Азаттықа) жетудің және жетілудің 8 жолы бар.

Будданың бес қағидасы: 1.өлтірме! 2.ұрлама! 3.ізгілікті, иманды бол; 4.өтірік айтпа! 5.естен адастыратын, масайрататын нәрселерді қабылдама. Буддизмдегі адам мәселесі. Осы дхармалар тән мен психиканың барлық құбылыстарын анықтайды:1.денелік тәндік формалар; 2.сезімдер; 3.ұғымдар-танымдар; 4.сана тудыратын дхармалар; Нирвана– құштарлықты, демек сонымен бірге азапты болдырмай, қайта туылуларды тоқтатып, сансарадан, карманың құзырынан – Себептілік доңғалағына босану. Нирвана өмірдің жоқтығы емес, керісінше, тұлға тіршілігінң айырықша түрі мен тәсілі. Нирвана «мұхит сияқты терең; мұзарт сияқты биік; бал сияқты тәтті». Нирвананың не екенін әркім өзі жеткенде ғана біле алады.

Жайнизм. Негізін қалаушы – Вардхамана (б.д.д VI – V ғ) деп саналады. Вардхамана көбіне Махавира («Ұлы Батыр») және Джина («жеңімпаз») деп те аталады. «Жеңімпаз», «Ұлы батыр» есімдері – оның өз құштарлығын жеңіп, рух азаттығына жетуі құрметіне берілген. Жайнизм өз ішінде екі негізгі бағытқа бөлінеді: шветамбарлар («ақ кигендер») және дигамбарлар («жалаңаштанғандар», «ауаны киім еткендер»). Екі бағыт та бірдей философиялық көзқарасты ұстанады, олардың арасындағы айырмашылық діни әрекетінің кейбір сұрақтарына байланысты. Негізгі еңбектері. Б.д.д VI – ғасырда жазылған «Шветамбарлар каноны» - (бұл кітапқа Махавираның еңбектері де енген). Дигамбарлар бұл канонның ең ежелгі бөлімдерін ғана мойындайды. Жайнизм ілімі: бойынша адам мәні 2 нәрсемен анықталады. Оның бірі-джива, яғни жанды емес дене. Олар карма арқылы біріктіріледі. Адживамен бірігу дәрежесіне қарай джива екіге бөлінеді: толыққанды болмыс формасы, толыққанды емес болмыс формасы. Толыққанды емес формасында джива материямен байланыста болады, өз қасиеттерін жойып алады, сол себепті азап шегеді. Чарвака – локаята«Чарвака» терминін «материалист» терминінің синонимі деп санауға болады. Чарвак сөзінің шығуы туралы мынадай болжамдар бар: 1) «чарвак» - материалистік идеяларды насихаттаған алғашқы философтың есімі; 2) «чарвака» термині «чару» - «жағымды, түсінікті» сөзінен туады; «вак» - «сөз»; 3) «чарв» термині – «жуу, шайыну» мағынасын білдіреді және материалистердің «іш, же, көңіл көтер» ұранымен байланыстырылады. Негізін қалаушы. Үнділік мамандар чарвака ілімінің негізін қалаушы ретінде әйгілі дана Брихаспатиді атайды. Брихаспатиге Ведалық гимндердің ең бір бүліншілік, лаңкес бөлімі танылып, Махабхаратадағы және басқа да эпикалық поэмаларға материалистік рухтағы ойлар авторлығы жатқызылады. Чарвака Ежелгі Үнді философиясындағы жалғыз материалистік мектеп. Чарвака ілімі өз дамуының алғашқы кезеңінде «локаята» («лока» - «бұл дүние») деп аталған. Локаята б.д.д І мыңжылдықтың ортасында пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет