Тақырып: Обал мен сауап Құндылық: қиянат жасамау



Дата28.06.2017
өлшемі49,36 Kb.
#20099
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мекеп: Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебі

Тақырып: Обал мен сауап

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: әрқашан көмектесу,өзгелерді ренжітпеу, жануарларға қамқорлық көрсету.



Сынып: 2

Оқушылар саны:




Сабақтың мақсаты:

Мейірімділік туралы түсінік бере отырып , қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.



Міндеттері:

  • Әрдайым өзгеге көмектесуге үйрету;

  • Балаларда бірін-бірін,өзгелерді  ренжітпеу қасиеттерін дамыту.

  • Қиянат жасамауға, қамқорлыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

 Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


  • Қандай әсер алдыныз?

  • Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Үй тапсырмасын тексеру.

№ 19  сабақ   «Құс ұясын бұзбайық»

Б.Әділов


  1. Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

  2. Біз жан-жануарларға қандай қамқорлық көрсете аламыз?

  3. Өзгелерді ренжіткенде біз қандай сезімде боламыз?




Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесін

Халық даналығы



  1. Сауап дегенді қалай түсінеміз?

  2. Қиянат жасамаудың жолдары қандай?

  3. Қиянат жасамайтын адам қандай адам?







  1. Әңгiмелеу

Мұғалім сыйы

Ертегі  

 «Түлкімен ешкі»

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.

Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.



  • Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

  • Ой, не қыласың жаным жай тауып тұр.

Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онын мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып , жөніне кетіпті...



  • Балалар түлкінің бұл іс – әрекеті  дұрыспа?

  • Сіздер түлкінің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?

  • Өзгелерді ренжітпи қиянат жасамай өмір сүру оңайма?







  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Балаларды екі топқа, екі шеңберге бөлемін

Ойын «Обал –Сауап»

Қазір біз «Обал –сауап» деген ойын ойнаймыз, мен бір сөйлемді бастап, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе сол оқушы сөйлемді «Обал болады» немесе «Сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс. Мысалы:

-көк шөпті жұлма обал болады

-торға түскен құсты босат,сауап болады.

-құстың ұясын бұзба,обал болады.

-ақты төкпе, обал болады.

-көшеде үлкен қарияға жолдан өтуге көмектес сауап болады.

-автобуста үлкендерге орын бер, сауап болады.

-көршіңе көмектес, сауап болады.







  1. Топпен ән айту.

«Жарқын заман бөбегі»

Сөзі: Е.Жумагалиев

Әні: И.Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс

 Дәптердегі суреттерді бояу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру







  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.

Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген мен жақсылық жасауға ұмтылуды үйрендім. Менің бойымда  үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөлені табиғатты аялау қасиеттері қалыптасты. Себебі мен Қазақстанның нағыз ұлтжанды азаматымын. Мен елімнің мақтанышы боламын. Мен жақсылық нұрын құямын






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет