Тақырып: Тұмар ханшайым. Негізгі мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі294,71 Kb.
#45667
Тақырып: Тұмар ханшайым.

 

  Негізгі мақсаты:



оқушыларға Тұмар(Томирис) ханшайымның ерлігі туралы мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже :Тұмар ханшайым ерлігі жайлы мәлімттер алады.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, осы жолда қайсарлыққа тәрбиелеу, қажет болса Отаны үшін жанын беруге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу қабылетін дамыту.

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. 

Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді. 
Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді. 
- Мидиялықтардың патшасы! -, дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. - Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш. 

Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды. Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты тұтқынға алады.  Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. 


Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін! 
Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. 

Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді. 


Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді. Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді. 

 



Сақ патшайымы – Томирис

Жеке жұмыс:

«Майшам ойға жетелейді» сыни ойлану арқылы эссе жазу.

Қорытынды:



Тақырыбы: Бейбарыс сұлтан

Негізгі мақсаты: Бейбарыс сұлтан туралы қосымша мәлімет беріп, оқушылар санасына ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Күтілетін нәтиже: Бейбарыс сұлтан туралы қосымша мәлімет алады.

Тәрбиелік мақсаты: бөтен елде жүріп туған елін, ана тілін ұмытпау, салт-дәстүрін, әдет ғұрпын дәстүрлеу.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, өзіндік жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс деп атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі Әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. 


Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. Египеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңғы бастаған кезде, Бейбарыс бас сауғалап, Сирияға қашып кетеді. Содан мамлюктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады. Мұнда таққа жаңа отырған Мұзаффар Сайфуддин Құтұз сұлтан оны әскеріне басшы етіп, Сирия жеріне ішкерлей кірген моңғолдарға қарсы күреске аттанады. Айн-Жалут түбіндегі шайқаста мамлюк қолы моңғолдардың тас-талқанын шығарады. Осы соғыста Бейбарыс ер жүректілігімен айрықша көзге түседі. Бірақ Құтұз, неге екені белгісіз, басқаларға сый-сияпат жасап, Бейбарысты елеусіз қалдырады. Осыған өкпелеген Бейбарыс өзіне ниеттес адамдармен келісіп, Каирға қайтар жолда Құтұзды өлтіреді. Жақтастары Бейбарысты Египеттің сұлтаны деп жариялайды. Сөйтіп ол әд- Мәлік әз-Заһир Руки-әд-Дүние вә-д-Дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихи деген есіммен Египеттің тағына отырады. Билік басына келісімен Бейбарыс бар күш-жігерін крест жорығына қарсы шабуылға жұмсайды. Негізгі шабуыл 1265 жылы басталып, крест тағушы франктердің қамалдары бірінен кейін бірі алынады. Бұдан кейін Кіші армения патшалығына (1267 ж.) Кіші Азия селжұқтарына қарсы жорықтар жасап, берберлерді бағындырады. 
Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады. 
Жат жұрттардағы қыпшақ әдебиетінің бүкіл Шығыс елдеріне кең тараған туындысы - қазақ сахарасының перзенті қыпшақ Сұлтан аз-Захир Бейбарыс жайлы қиссалар.

Сұлтан аз-Захир Бейбарыс деген кім?


Арабтың, «мамлюк» деген сөзінің көп мағынасының бірі – ақ құлдар. Ал осы мамлюктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз бойында монғол шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған қыпшақтар болған. И. М. Фильштинский зерттеулеріне қарағанда, моңғолдар өзгелермен бірге қыпшақтарды да шетелдік көпестерге, әсіресе италиялық саудагерлерге сатып отырған. Ал олар мұндай өтімді «тауарды» Жерорта теңізінің арғы жағалауындағы Мысыр еліне апарып, артық бағамен қайта сататын болған. Тұтқындар ішінен қыпшақтардың батырлығына, ер жүректілігіне, төзімділігіне, шыдамдылығына қызыққан Мысыр сұлтандары оларды әскери қызметке тартқан, сарай жасақтары еткен. Біртіндеп жоғары әскери қолбасшы мәртебесіне қолы жеткен қыпщақтар жұрты қолдамаған сұлтандарды тақтан оп-оңай-ақ тайдырып отырған.                                       
Мысырлық қыпшақтардың салтанат құруы, әсіресе, XIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Мысалы, 1250—57 жылдары Египетті түркінің бахрлықтар деп аталған Айбек бастаған қауымы билеген. Олардың бахралықтар деп аталуына себеп болған жайт қыпшақтардың әскери казармаларының Ніл өзені ортасындағы аралда болғандығынан еді. Сондықтан да олар «бахрлықтар», яғни «аралдықтар» деп аталып кеткен.
Мемлекет билігі қолдарына тигеннең кейін қыпшақтар күрдтер әулетін аластаған. Сөйтіп, олар Египетті ұзақ уақыт билеген. Олардың басын біріктіріп, жеңістерге жетелеген, күні бүгінге дейін аты халық аузында аңыз боп қалған қыпшақ текті сұлтан аз-Захир Рукн ад-Дин Бейбарыс болған.
Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге сатылған.
И. М. Фильштинский еңбектеріне карағанда жас батыр әуелі Сириядағы әскери мектепте оқығаннан кейін, мамлюк жасақтарына жазылады. Әл-Мансур деген жерде болған алғашқы шайқаста-ақ ол ерлігімен көзге түскен.
Крест тағушыларды талқандағаннан кейін Бейбарыс өзінің, негізгі қарсыласы Туран шаһ пен бақталасы Кутузды да тақтан тайдырған. Бейбарыс үкімет басына келген тұс монғолдардың 1258 жылы Бағдадты қиратып, Аббастан тараған халифалар әулетінің бірқатарын дарға асып үлгірген кезі болатын. Солардың тірі қалған біреуі соңынан Шамға қашып кеткен. Оны сол жерден Бейбарыс Мысырға алдырып, 1261 жылы әл-Мустансир деген атпен халифа етіп жариялаған. Сол жаңа халифаның қолынан өзі де сұлтан лауазымын алған.
Бейбарыс енді Машриқ елдерін жаулап алып, Мысырға ұмтылған монғолдардың тас-талқанын шығарғаң. Әскер ішінде темірдей тәртіп орнатқан.
Осы қыпшақ батыры тұсында Мысырдың егін шаруашылығы мықтап дамыған. Суландыру жүйелері жөнделіп, қалпына келтірілген. Қыпшақ текті көптеген әскербасыларға Сирия мен Египеттен жер бөліп берілген. Бейбарыс басқарған жылдары Мысыр, сөйтіп, тез дами бастады. Египеттің әл-Искандария (Александрия), Дамиетта, Әл-Қаһира (Каир) секілді қалалары ірі-ірі сауда орталығына айнала бастаған. Сауданың өсіп-өркендеуіне Бейбарыс та барынша жағдай жасауға тырысқан. Мұнда Венеция Сицилия, Генуя, Индия, Орта Азияның сауда керуендері мен кемелері соқпай кетпейтін. Сол үшін де қыпшақтар олардан көп заттар алатын.
Бейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қол басшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы — крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай қия бастырмаған.
Көп ұзамай-ақ Бейбарыстың есімі де «Мың бір түн» хикаяларының негізгі кейіпкерлерінің бірі Аббас әулетінен шықкан халифа һарун ар-Рашид (786—809) секілді аңызға айналған, Өйткені, Бейбар-ыс жайлы риуайаттарда ол да халифа һарун ар-Рашид сияқты қарапайым киініп, түнгі Каирді аралап кетеді екен. Халық өмірімен жақын танысқандықтан, қылмыстыларды жазалап, күнәсіздерге көмектеседі екен. Міне, оның осы қырына мұхаддистер де ол туралы қиссаларға ерекше мән беріп, ұзағырақ  айтатын болған.
Араб халкы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, кисса, әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс туралы халык романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд аз-Захир (1223—1292), тарихшы-шежірешілер әл-Мақризи (1362—1442) мен Ибн Тагрибердилер (1409—1470) қалдырған мағлұматтарды атаған.
Египетте біраз жылын өткізген ағылшын шығыстанушысы Э. У. Лэйн: «Каир каласында отызға жуық қиссашылар бар деседі. Олардың бәрі де тек «аз-Захирдің» («Сират аз-Захир» немесе «ас-Сира аз-Захирийа») ғұмырнамасы атты шығарманы жатқа айтады»— дейді.
Египеттің осы заманғы тамаша ғалымы, классик жазушысы Таха Хуссейн (1889—1975) де өзінің «Аййам» («Күндер») деп аталатын өмірбаяндық жазбаларында бала кезінде өзінің ең көп естігені Бейбарыс батыр жайлы риуайаттар еді деп еске алады. Мұнда да бір белгілі шындық бар екені даусыз.
Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс— жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген.
Халық аузында Бейбарыс қапыда Қалауын деген уәзірдің қолынан қазаға ұшырайды. Ол жауыздықпен батырдың балаларына да у беріп өлтіреді. Жақын жолдастары мен зайыбын қуғын-сүргінге ұшыратады. Бірақ Қалауынның өзі де өлім құшады.
Осындай қыпшақ батыры, жауынгер азаматы жайлы қисслардың бір нұсқасын шығыстанушы В. Н. Кирпиченко араб тілінен орыс тіліне тәржімалап, 1975 жылы Мәскеуде басып шығарған.
Иә, Бейбарыс жайлы осындай классикалық дүние өткен заман оқиғаларының сәулесін елестетіп қана қоймай, тарихи оқиғаларды суреттеу негізінде туған шынайы да көркем шығарма ретінде ғасырдан ғасырға жетіп, елеулі мұра ретінде ел аузынан түспей келеді.
Бейбарыс Хулагу әулетіне қарсы күресу мақсатымен Алтын Орда ханы Беркеге елші жібереді. Осыдан бастап Египет пен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнап, екі ел арасындағы одақтастық қашан Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталады. Өйткені бұл байланыстың осыншалық ұзақ уақытқа ұласып, берік сақталуының негізінде египет елін билеген Бейбарыс сұлтанның бір кезде тағдырдың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата бабасының еліне жақындауды мақсат тұтқан арман тілегі жатқан еді. Бұл, сайып келгенде, Мысыр елін «Қыпшақ Египеті» атандырған мамлюк-қыпшақтардың ортақ мүддесі болатын. Сондықтан олар Бейбарыстан кейін де, қашан мамлюк қыпшақ әулетінен күш кеткенше «Алтын Орда» атанған қыпшақ елінен, өздерінің ата мекенінен қол үзбеуге ұмтылады. Берке ханмен байланыс және туыстыөқ қатынас орнатты. Қатал тағдыр желі тағы да олардың жолын кесті. Египетте мамлюк-қыпшақтар билік басынан қуылды, Қыпшақ даласында Алтын Орда ыдырап кетті. 

Бекіту:
Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр.

 Қорытынды: Оқушылар Бейбарыс туралы –көрген көркем фильмді талқылау.



Рефлексия : Бейбарыс жайлы- тағы қандай тарихи мәліметтерді білеміз?

Бейбарыстың ерлігі –үлгі ретінде қандай жайттарды ұнады?



Тақырыбы: Шыңғысұлы Жошы хан

Мақсаты: Оқушыларға Жошы хан туралы, оның қазақ хандарының атасы екені туралы мәліметтермен таныстыру арқылы оқушылардың танымдылық қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Жошы хан қазақ хандығына қосқан үлесі жайлы мәліметтер алады.

Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227) - монғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, монғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бір қатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстүк Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.

1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады.

Содан үш жыл өткен соң, Жошы қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың алпыс мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш ара салмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.

Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкесінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады.

Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері қайтып кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227 жылы қайтыс болады.



Жошының өлімі жөнінде әр түрлі әңгіме бар. Оның бірі Жошы аң аулап жүргенде, жараланған құланның айғыры шайнап өлтірді десе, екіншісі аттан құлап, мойны үзіліп өлді дейді. Қалай болғанда да, Жошы ханның қазақ жерінде, Ұлытауда өлгені анық. Соның куәсіндей болып, Жезқазған қаласынан 45 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің сол жағасында Жошының мазары сол күйі әлі тұр.
Жошы- Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандығының арғы атасы. Шешесі-Бөрте. Шыңғыс хан қоңырат тайпасының қызы Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен Бөртені тұтқыннан босатып алады. Осыған байланысты Жошыны Шыңғыс ханның баласы емес деген ел арасында сөз тараған. Бірақ Шыңғыс хан өмір бойы Бөртеге де, Жошыға да құрметпен қараған. Жошы жас кезінен аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, Шыңғыс хан әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. Шыңғыс хан керей, найман, меркіт, т. б. Тайпаларды бір оралыққа біріктіргеннен кейін (1206ж), Жошы хан әкесінің тапсырмасы бойынша жеке жасағымен 1207–12 ж. Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстанған көптеген тайпаларды бағындырды және 1211–1215 ж. ж. Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысты. 1218ж. Көктемде Жошының жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттердің бір тобын өкшелей қуа отырып, Ырғыз өзені бойында Хорезм шаһы Мұхаммедтің 60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездесті. Әскерлерінің аз екеніне қарамастан Жошы батыл қимылдап, өзінің қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мұхаммед шаһ оның әскерлерімен бетпе-бет шайқасудан үнемі қашқақтап, бекініс қамалдарды пайдалануға мәжбүр болды. Келесі жылы Жошы жасағы Жетісудағы барлық қалаларды бағындырып, 1220–1222 жылдары Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жаркент, т. б. Қалаларды қоршауға алды. Хорезм мемлекеті толығымен жаулап алынғаннан кейін, ол 1223 жылы әкесінің шақыртуымен Сайрам және Талас аралығындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін үлкен әйелі Бөртеден туған 4 ұлына бөліп береді. Жошыға Ертістен Орал тауларына дейінгі, одан әрі Батысқа қарай бағынған жерлердің бәрі тиесілі болды. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты (қ. Алтын Орда). Құрылтай аяқталғаннан кейін, Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде, Жошы оларға ілеспей өз ордасында қалып қойды. Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген біріңғай түркі тілдес тайпалар құрылды. Шешесі Бөрте қоңырат қызы болғандықтан, ол өз қол астындағылармен өте жақын қарым-қатынаста болды, әрі ол түркі тайпаларының басын біріктіріп, тәуелсіз саясат жүргізуге тырысты. Сол заманда өмір сүрген шығыс тарихшыларының айтуынша, Жошы күш- қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Оның іс-әрекеттерін Шыңғыс хан құрған мемлекетке жауыздық деп түсінген тете інісі Шағатай Жошыны үнемі әкесіне жамандап отырған. Баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенетін. Бұл жағдай әке мен бала арасындағы кикілжіңнің басты себебі болды. Жошы әкесінен алты ай бұрын қазаға ұшырады. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде «аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, бір деректерде «жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен» деп көрсетеді. Жошы Шығыс Еуропаға жорық жасау жоспарын жүзеге асыра алмай дүние салды. Жошының бірнеше әйелдерініен көптеген балалары болған. Солардың ішінде тарихи деректерде кездесетіндері: Орда- Ежен, Бату, Берке, Шибан, т. б. Мазары Жезқазған қаласынан 45 км. Жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жошының өлімі атты тарихи күй бар. Жошының өлімі жөнінде қазақ халқында «Ақсақ құлан, Жошы хан» атты тарихи күй бар. Жошы қазасына байланысты аңыз оқиғасы негізінде «Ақсақ құлан» мультфильмі түсірілген (1968 ж, суретші-мультипликатор Ә. Қайдаров)
Жошы хан (1187–1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет — Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.

1211–1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.

Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкеінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады.

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін бөліске салған кезде Жошының еншісіне Ертістен бастап, Орал тауының аралығы және одан арғы батысқа қарайғы жерлер тиеді. Ордасы Ертіс өзенінің бойына орналасады.

Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері қайтып кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227 жылы қайтыс болады.



Жошының өлімі жөнінде әр түрлі әңгіме бар. Оның бірі — Жошы аң аулап жүргенде, жараланған құланның айғыры шайнап өлтірді десе, екіншісі аттан құлап, мойны үзіліп өлді дейді. Ал енді бір дерек жеке билікке ұмтылып, әке ырқына көнбей, асаулық танытқан ұлын Шыңғыс өзі арнайы адам жіберіп, бел омыртқасын үздіріп өлтіртті дегенді айтады. Қалай болғанда да, Жошы ханның қазақ жерінде, Ұлытауда өлгені анық. Соның куәсіндей болып, Жезқазған қаласынан 45 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің сол жағасында Жошының мазары сол күйі әлі тұр.

Қорытынды:



Тақырыбы: ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК БАТЫР


Мақсаты: Оқушыларға Шақшақ Жәнібек туралы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, өз жауынгерлік парызын абыроймен орындауға тәрбиелеу.


Дамытушылық мақсаты: өзіндік жұмыс істеу қабылетін қалыптастыру.

Шақшақ Жәнібек — қазақтың тұңғыш генералы


Шақшақ Жәнібек – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қолбасшы, даңқты баһадүр, кемеңгер саясаткер, мемлекеттік жоғары дәрежедегі қайраткер. Тұңғыш рет тархан (фельдмаршал) деген дәрежеге ие болған қазақ батыры. Ол жеңіліс көрмей, қорқыныштың не екенін білмей өткен.

Отбасы

Жәнібек Қошқарұлы 1693 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Тосын құмында (қазіргі Жәнібек ауылы) дүниеге келіпті. Оның атасы арғын руынан шыққан Шақшақ Аманжолұлы Есім ханның тұсында хан қолбасшыларының бірі болған екен.

Шақшақ Жәнібек

Жастайынан қаруды серік еткен

Жәнібек те өзінің сұңғыла ақылдылығымен, көзсіз батырлығымен тарихта қалды. Ол 16-14 жасынан бастап жорықтарда қол бастады. Жәнібек тархан алғаш Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтіріп, көзге түсті. 18 жасында ол өз жасағын құрды. Ержүрек батырлардан құралған жасақ жоңғарлармен шайқастарда жан аямай күресті. Хандықтың солтүстігіндегі жерлерді жаудан қорғаған Жәнібектің қолы болатын.

1726 жылы Ордабасыдағы ұйғарымнан кейін құрылып, Бұланты өзені бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Шақшақ Жәнібек батыр басқарған.

Батырды ақындар да жырға қосқан

Батырды ел ақындары да жырға қосты. Бұқар жырау өзінің үш жүз батырларына арнаған толғауында Жәнібекті ерекше атап өтсе, Тәттіқара ақын:

«Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы – болат найза.

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда»,- деп бағалаған.



Қолбасшы әрі саясаткер

Абылай ханды жоңғар тұтқынынан босату ісіне араласып, кейін оның негізгі кеңесшілерінің бірі болды.

Шақшақ Жәнібек – жалғыз қазақ жұрты ғана емес, күллі Ресей патшалығы тарапынан да жоғары бағаланған тұлға. Оған көне жазбалар мен Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Омбы архивтерінде сақталған құжаттарда кездесетін Шақшақ Жәнібекке қатысты деректер дәлел бола алады.

1742 жылы Орынбор губерниясының генерал-губернаторы И.Неплюев Сыртқы істер алқасына жазған мәлімхатында «Ол ықпалы мен беделі жағынан халық арасында хандар мен сұлтандардан кем саналмайды. Хан немесе сұлтан тұқымынан болмаса да, Жәнібек өте ақылды, өзін басқа ел ағаларынан артық санайды» деп жазған.



Құрметті атаққа ие болуы

Осы жылы ол үлкен сый-құрметке бөленді. Оған ресми түрде үлкен тархан деген атақ берілді. Тархан – шығыс әскери тілінде «фельдмаршал» дегенді білдіреді. Ресей жағы Жәнібек тарханға Орынбор мен Орта Азия арасында қатынап тұрған сауда керуенінің қауіпсіздігін сақтауға сенім артқан екен. Қазақтың тек төре тұқымынан шыққандарды ғана хан сайлайтын заңынан хабарсыз орыс жағы Әбілқайыр хан дүниеден өткенде орнына Жәнібекті ұсынған.

Өмірінің соңғы жылдары батыр хандықтың солтүстік өңірлерінің шаруаларымен айналысып, шекарадағы қалалар тұрғындарының орыс көпестерімен арадағы сауда қарым-қатынасын реттеуге күш салды.

Ұрпақтары

Шақшақ Жәнібектің 4 әйелі болған. Олар батырға 4 ұл, бір қыз туып берген. Оның үлкен ұлы Дәуітбай да тархан дәрежесін иемденеді. Қазақтың дұшпанына сес, кейінгі батырларына да ес болған Жәнібек баба 1752 жылы өзінің туған топырағында дүниеден өтті. Денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

Шақшақ – бұл Жәнібек батырдың шыққан руының атауы. Әкесінің аты Қошқар болса, атасы Көшей Есім ханның сенімді батырларының бірі болған. Жәнібек батырдың өмір сүрген жылдарына қатысты әлі күнге дейін бір ортақ байлам жасалмады. Соңғы жылдары қалыптасқан ресми дата бойынша 1693 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданының Тосын құмында дүниеге келіп, 1750-1752 жылдары осы жақта дүниеден озған.

   Қошқарұлы Жәнібек батыр туралы тарихи деректер оның басқа тұстастарымен салыстырғанда аса көп сақталған. Алайда мұрағат материалдарының көптігіне қарамастан, батырдың өміріне қатысты кей оқиғаларды дәл анықтау мүмкін болмай отыр. Шақшақ Жәнібек батырдың өмірін мұрағат материалдарына сүйене отырып зерттеушілер оны Кіші жүз ханы Әбілқайырдың сенімді серігі, әрі ресейлік бағыттағы саясаттың белсенді қолдаушысы болғандығына баса мән береді. Осыған байланысты Шақшақ Жәнібектің тарихи қызметі аз насихатталып, көбіне шеттетіліп, өзіне лайықты бағасын ала алмай келеді деген пікірлер айтылуда. Дегенмен, Шақшақ Жәнібек батыр көзі тірісінде-ақ халқының зор құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болған даңқты батыр, ел басқарған тұлға ретінде танылды. Шақшақ Жәнібек Әбілхайыр хан кезінде бүкіл кіші жүздің бас қолбасшысы болады

   Сонымен, Шақшақ баласы Көшей екеуі Есім ханның тұсында өмір сүрген. Ел аузында сақталған аңыз бойын­ша Шақшақ Аманжолұлы Есім ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған. Есім ханның қалмақтарға қарсы соғысында ерен ерлігімен көзге түскен. Осындай көп соғыстың бірінде ол өз әкесінің атын ұран қып, «Аманжолдап» шауыпты. Содан бастап тоқал арғындар жауға бүкіл арғынның ежелгі ұраны «Ақжолға» қосып, «Аманжол» деп шабатын болған көрінеді. Тоқал Арғынды шежірешілер «Кіші жүзге» жатқызады, өйткені тоқалдан туған арғындар туысқандарымен келіспей қалып Торғай жеріне көш аударады. Кіші жүзне кірген Арғын тайпасының рулары: Шақшақ, Сарыжетім және Әйдерке.(Олардың ұрпақтарының негізгі бөліктері қазіргі заманда Торғайда және Науырзымда тұрақтаған). Есім хан Ташкенттің ханы Тұрсынды шапқанда да Шақшақ қалаға «Аманжолдап» ұран сала кіріп, үлкен ерлік көрсеткен. Осы ерлігін бағалаған Есім хан Шақшаққа соғыс олжасына қосып, Тұрсын ханның қыздарының бірін сыйлайды. Шақшақ жасы егде тартып қалғандықтан, қызды өзінің ұлы Көшей батырға қосады. Көшейдің осы әйелінен Жәнібектің әкесі Қошқар батыр туады.

Шақшақ Жәнібектен үш ру тарайды: Дәуітбай, Жауқашар, Тоқтамыс. Олардың көбі Торғайда жасайды. Орыс патшайымы ІІ Елизавета Шақшақ Жәнібекке Тархан атағын берген, ол атақ орыстың фельдмаршал лауазымына тән, яғни ол атақты алған адам «дворян» болып саналады. Ал «дворян» деген ақсүйек деген мағынаны білдіреді, және Тархан атағы ұрпақтан ұрпаққа, үлкен ұлға беріліп отырылған. Осыған байланысты Жәнібек батырдың ұлы Дәуітбайға оның Тархан атағы берілген, сондықтан Дәуітбай руын торғайлықтар Тархандар деп де атайды және тектілер ұрпағы деп санайды. Шақшақ Жәнібектің екі ұлы Ақманбет пен Тоқманбет Кенесары хан иеміздің соңынан еріп ақырына дейін соғысқан, олардың тағдыры белгісіз.

Атақты Ыбырай Алтынсарин нағашысы Алтынсарының (Дәітбай руынан) қолында тәрбиеленіп , алғашы мектептерді салып берген Дәуітбайдің ұлдары, өйткені олар Шақшақ Жәнібектің өсиетін орындаған. Шақшақ Жәнібек былай деп айтқан «Егер қазақ мықты ел болғысы келсе, ұрпақтары сауатты болуы тиіс» деген.

Қазір сіздергі дәріс берген Дәітбайдің, яғни Шақшақ Жәнібектің ұрпағы Олжас Оралұлы. Осы мектепте Жәнібек бытырдың ұрпақтары Орал Айдана мен Орал Мирас оқыған.

Қорытынды:

Тема: Керимбаев Борис Тукенович


Цель: дать знание о полковнике Керимбаеве Борисе Тукеновиче (кара мовлади).

Воспитывать у учащихся чувство патриотизма. Провести профориентационную работу, для поступления юношей в военные училища.



Текущая версия (не проверялась)


Керимбаев Борис Тукенович




 

Рождение:

12 января 1948({{padleft:1948|4|0}}-{{padleft:1|2|0}}-{{padleft:12|2|0}}) (66 лет)
п. Прудки, Жамбылский район (Алматинская область), Алматинская область, Казахская ССР

Образование:

Ташкентское высшее общевойсковое командное училище

 

Военная служба

Годы службы:

1966 - 1992

Принадлежность:

СССР
Казахстан

Род войск:

войска специального назначения

Звание:

Полковник

Командовал:

командир 177-го отдельного отряда специального назначения

Сражения:

Афганская война (1979—1989)

 

Награды:
















Керимбаев, Борис Тукенович (12 января 1948, п. Прудки, Алматинская область, Казахская ССР) — полковник в отставке Вооружённых сил Республики Казахстан. Бывший командир 177-го отдельного отряда специального назначения 1-го формирования (1980-1983) в годы Афганской войны, более известного как 2-й Мусульманский батальон.В 1970 году окончил Ташкентское высшее общевойсковое командное училище имени В. И. Ленина.

Служба в Советской Армии


В 1970 году по окончанию училища начал офицерскую службу командиром мотострелкового взвода в Группе советских войск в Германии.

В 1973 году назначен на должность командира разведывательной роты.

В 1975 году переведён на службу в должности командира разведывательной роты в Среднеазиатский военный округ.

В 1977 году назначен на должность начальника штаба , а позже и командира мотострелкового батальона.

В 1980 году был оформлен в 10-м управлении Генерального штаба ВС СССР для загранкомандировки в Эфиопию в должности советника командира пехотной бригады.

В январе 1980 года распоряжением начальника ГРУ ГШ генерала армии Ивашутина назначен командиром вновь формируемого 177-го отдельного отряда специального назначения (177-й ооСпН) или войсковая часть 56712.

177-й ооСпН создавался на базе 22-й отдельной бригады специального назначения САВО в г.Капчагай Алматинской области КазССР.

29 октября 1981 года 177-й ооСпН (после ввода - в/ч 43151) под командованием Керимбаева вошёл в Афганистан и сосредоточился возле г.Меймене провинции Фарьяб.

По итогам боёв по разгрому крупных формирований афганских моджахедов в окрестностях Меймене, которыми командовал полевой командир по имени Мовлади-Кара, личный состав 177-й ооСпН дал прозвище своему командиру "Кара Майор" (Чёрный Майор) за смуглое лицо. "Кара" - на тюркских языках означает "чёрный" (большинство бойцов отряда были выходцами из Средней Азии и Казахстана). А воинское звание Керимбаева на тот момент было майор.

15 января 1982 года 177-й ооСпН был переброшен под н.п.Дарзоб для участия в армейской операции.

12 июня 1982 года 177-й ооСпН под командованием Керимбаева 500-километровым маршем был переброшен н.п.Руха в Панджшерское ущелье для участия в 5-й Панджшерской операции.

По окончанию операции руководство 40-й Армии поставило перед Керимбаевым боевую задачу по выполнению частичного контроля над Панджшерским ущельем и блокированию формирований афганских моджахедов на неопределённый срок.

Для усиления позиций 177-го ооСпН в н.п.Руха были приданы от 108-й мсд следующие подразделения:


  • От 1074-го артиллерийского полка - гаубичная батарея Д-30, реактивная артбатарея РСЗО БМ-21.

  • От 177-го мотострелкового полка - танковый взвод, и мотострелковый батальон (для сторожевого охранения).

Керимбаев организовал активное противодействие находящимся в Панджшерском ущелье формированиям афганских моджахедов, в первую очередь группировке Ахмад Шах Масуда. Через 8 месяцев постоянных огневых контактов с преобладающим по численности противником, регулярных засадных операций и рейдов, Ахмад Шах Масуд вынужден был согласиться на временное перемирие с командованием 40-й Армии. На переговорах с Ахмад Шах Масудом кроме представителей штаба 40-й Армии участвовал Борис Керимбаев. Итого перемирия стало прекращение боевых действий группировки Ахмад Шах Масуда против советских войск. В ответ Ахмад Шах Масуд потребовал вывести из Панджшерского ущелья 177-й ооСпН со всеми придаными ему подразделениями. 8 марта 1983 года Керимбаев выведет все подразделения из ущелья и 177-й ооСпН будет передислоцирован в н.п.Гульбахор провинции Парван

В октябре 1983 года Борис Керимбаев сдал должность командира 177-го ооСпН Квачкову Владимиру и отбыл для прохождения дальнейшей службы в Среднеазиатский военный округ.

С октября 1983 года по конец 90-х годов, Борис Керимбаев проходил службу на должностях командира батальона, заместителя командира бригады в 22-й отдельной бригаде специального назначения в г.Капчагай Алматинской области КазССР.

К 1990 году был переведён на службу в Штаб Гражданской обороны КазССР.

В 1992 году по состоянию здоровья уволился в отставку в звании полковника.

Награды:


Орден Красного Знамени

Орден За службу Родине в Вооружённых Силах СССР 3 степени



Заключительная часть.
Каталог: uploads -> doc -> 0629
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0629 -> Сабақтың тақырыбы: «Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар»
0629 -> Сабақ жоспары Пән: АӘд сынып: 11 Күні: Сабақтың тақырыбы
0629 -> Қорытынды есебі «экспо-2017: Болашақ энергиясы»
0629 -> Сабақ ІІ. Өтетін орны: «СҚӨ және дизайн» бөлімі. ІІI. Сабақтың тақырыбы : «Жазық геометриялық денелердің изометриялық проекциялары»
0629 -> С. тақырыбы: Жасуша ядросы құрылысы, қызметі. Ядроның биологиялық ролі. Ядро шырыны. Хромосомдар. Ядрошық
0629 -> Бекітемін «Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мм басшысы Ә. Ж.Ұлықпанова


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет