Тақырып:Әлеуметтік медициналық көмек Топ: 2-001 клд орындаған:Қанат Жақсылық Тексерген: Айгүл Өмірзакқызы



Дата10.01.2020
өлшемі2,33 Mb.
#55626
Байланысты:
алеуметтык медициналык комек
алеуметтык медициналык комек

Тақырып:Әлеуметтік медициналық көмек

Топ:2-001 КЛД Орындаған:Қанат Жақсылық Тексерген: Айгүл Өмірзакқызы


Қарағанды 2020

Қарағанды Медицина Университеті.



Мейіргерлік білім беру мектебі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. 
  • МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру –  бұл тұрғындарды ауру, жарақат,  жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.  
  • Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

Алдын алу және әлеуметтік-психология бөлімшесі 2007 жылдан бастап жұмыс істейді, құрамы: салауатты өмір салты кабинеті, әлеуметтік-психология қызметі, «Шаңырақ» жастар денсаулығы орталығы. Бөлімше меңгерушісі СӨС координаторы Идрисова Б.К. Бөлімшеде денсаулықты күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында алдын ала іс-шаралар жүргізіледі. 10 денсаулық мектебі бар: артериалды гипертония, тыныс демікпесі, қант диабеті, инсульт, глаукома және т.б. әлеуметтік қызметкерлер алдын алу іс-шараларын жүргізіп, науқастын әлеуметтік деңгейін анықтайды, әлеуметтік қызметті қажет ететін мақсатты топтарды саралап, патронаж жасайды.

  • Алдын алу және әлеуметтік-психология бөлімшесі 2007 жылдан бастап жұмыс істейді, құрамы: салауатты өмір салты кабинеті, әлеуметтік-психология қызметі, «Шаңырақ» жастар денсаулығы орталығы. Бөлімше меңгерушісі СӨС координаторы Идрисова Б.К. Бөлімшеде денсаулықты күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында алдын ала іс-шаралар жүргізіледі. 10 денсаулық мектебі бар: артериалды гипертония, тыныс демікпесі, қант диабеті, инсульт, глаукома және т.б. әлеуметтік қызметкерлер алдын алу іс-шараларын жүргізіп, науқастын әлеуметтік деңгейін анықтайды, әлеуметтік қызметті қажет ететін мақсатты топтарды саралап, патронаж жасайды.
  • Психологтар алдын алу психологиялық жұмыстар жүргізеді, медициналық қызметке қосымша әлеуметтік-психологиялық қызмет жасайды және әр түрлі тақырыптарда тренингтер өткізеді. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап қарт адамдардың жағдайын жақсарту мақсатында «Сенім» клубы ашылды. Мамандар жыл сайын қарт адамдарға медициналық тексеруді ұйымдастырып, қарттар денсаулығы, тамақтануы жөнінде дөңгелек үстелдер және т.б. өткізеді.
  • Халықаралық тәжірибе
  • Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді.  
  • Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас.
  • Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады.  
  • Әлеуметтік сақтандыру  Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады. 
  • Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.
  • Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.

Азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі. Оған профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілікті  бақылау, медициналық манипуляциялар кіреді.
  • Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы әдістерді қолдануды және күрделі медициналық технологияларды қажет ететін профилактика, диагностика және емдеу шаралары кіреді.
  • Жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі.
  • Жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде   көрсетіледі.

Мүмкіндігі шектулі(ЖИТС, АИТС ин.жұқтырған) балалардың білім алуға, педогогикалық қолдауға;

Уақытылы ем алуға,денсау-лықты түзетуге қажетті құралдарда пайдалануға;

Денсаулық сақтау саласында білім алуға;

Тегін медициналық көмекті кепілдік берілген шеңберде пайдалануға;

Мектеп жасындағы балалар стацинарда не емдеу орталықта-

рында білім алуға;

Балалардың құқықтары

Медициналық комек алу үшін


  • Дәрілік қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.
  • Мейірбикелік күтім – ауру салдарынан өз-өзіне қызмет ете алмайтын, бөгде адамның әрдайым күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға.
  • Паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын  барынша жақсартуға бағытталған.

Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету 1.Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге жол беріледі:


1. Өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген ес-түссіз жағдайда;

2. Айналасында- ғыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;

3. Психикасының ауыр түрде бұзылуынан зардап шегуші;

4. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдар қатысты;


  • Алғашқы медика – санитарлық көмек (дәрігерге) дейінгі және дәрігерлік көмектен тұрады.

  • 2. Жоғары дәрежелі медициналық көмек.

    3. Мамандандырылған медициналық көмек.

    4. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

ҚР-дағы медициналық көмек түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 1. ҚР Конситутциясы 1995 алматы 2011
  • 2.Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-4 кодексі.Алматы 2009
  • 3. Всеобщая Декларация прав человека,1948
  • 4.http://ukma.kz/mindetti-leumettik-meditsinaly-sa-tandyru-zh-jesi-m-ms.html

Назарларынызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет