Таласпаева Жанар Серкешқызының ғылыми еңбектері 200-ге жуық, оның ішінде2002 жылы доцент ғылыми атағын алғаннан кейін: 1 монография



Дата26.06.2018
өлшемі36.08 Kb.
түріМонография
Таласпаева Жанар Серкешқызы

10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын беру туралы



АНЫҚТАМА
________ іс
Таласпаева Жанар СеркешқызыМ.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2014 жылғы 7 қарашасындағы К-315 бұйрығымен Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры міндетін атқарушы қызметіне, 2001 жылғы 31 қазанындағы К-168 бұйрығымен Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметіне, 2005 жылғы 12 тамызындағы №141 бұйрығымен Тіл және әдебиеті институтының директоры қызметіне тағайындалды.

Ж.С.Таласпаева1970 жылы дүниеге келген, ұлты – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматшасы, 1999 жылдан бастап филология ғылымдарының кандидаты. Ғылыми–педагогикалық өтілі – 24 жыл, 3 ай, профессорміндетін атқарушы қызметінде – 2 жыл, институт директоры қызметінде – 11 жыл.

Таласпаева Жанар Серкешқызының ғылыми еңбектері 200-ге жуық, оның ішінде2002 жылы доцент ғылыми атағын алғаннан кейін: 1 монография, 7 оқу құралы, 7 оқу-әдістемелік құрал,шетел мемлекеттерінің ғылыми журналдарындағы мақалалар – 17 (оның ішінде Thomson Reuters (ISI web of Knowledge. Impact-factor=0.165) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық ғылыми журналдарда 6 мақала), Комитет тізіміндегі ғылыми журналдарда 23 мақала, шетел мемлекеттерінің ғылыми конференция материалдарында 11 баяндама (Чехия, Болгария, Ресей, Украина) жарияланған.

Таласпаева Жанар Серкешқызы 2007, 2012 жылдары қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, 2010,2015 жылдары Мемлекеттік тілді дамытуға және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2011, 2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының алғыс хатымен, 2011 жылы«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» Үлкен алтын медалімен, 2016 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.АЛТЫНСАРИН» белгісімен марапаттталды.

Еңбектерінде келесі ғылыми жаңалықтар қарастырылған:

- Солтүстік Қазақстан өңірі ақын-жазушыларының өмірі мен қоғамдық қызметі туралы мәліметтер жинақталып, әдеби мұралары зерттеледі. Олардың шығармаларына лингвостилистикалық талдау жасалып, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны айқындалады;

- Қазақ халқының XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басында өмір сүрген суырып салма әнші-ақын – Мұсайын Сегізсеріұлының өмірбаяны мен шығармашылығы зерттеледі. Ақын туралызерттеулер баспа бетіне тұңғыш рет жарыққа шығарылады;

- ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ақын, журналист Ғалым Малдыбаевтың өмірдеректері зерттеліп, поэзиясына лингвокогнитивті талдау жасалады. Қаламгердің қоғамдық қызметі жайында мол мағұлматтар жинастырылып, тілдік тұлғасы жан-жақты ашылады.

- Көркем шығарма тілі табиғатының ерекшеліктері зерттеледі. Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев, туындыларының концептуалдық аясы қарастырылады. Ғылыми зерттеулері суреткер болмысының акиқат шындығын, көркемдік, эстетикалық күш-қуатын көрсете білуге арналады.

- Белгілі мақсатқа сәйкес үйлестіріліп қолданылатын айтушы сөзінің коммуникативті-прагматикалық, ассоциативті-стилистикалық мәнін ашудағы сөз топтарының қызметі, сөйлеу стереотипі, прагматикалық клишелер туралы мағлұматтарберіліп, мәтінге стильдік талдаудың теориялық және тәжірибелік аспектілері қарастырылады.



«Ғалым Малдыбаевтың тілідік тұлғасы». Монография. -Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2015.-161 бет, көлемі 24 баспа табақ; «Қызылжар өңірінің ақын-жазушылары шығармаларының әдеби мұрасы». Оқу құралы. -Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2014. Т.1. 104 бет, көлемі 8 баспа табақ; Т.2. 101 бет, көлемі 8баспа табақ; «Қазақ тілінің стилистикасы». Оқу құралы. - Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2006. -85 бет, көлемі 8 баспа табақ; «Тіл және әдебиетті оқытудағы инновациялық әдістер».Оқу-әдістемелік құрал. - Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2010. -286 бет, көлемі 8 баспа табақ; «Қазақ орфографиясының мәселелері» Оқу-әдістемелік құрал. -Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2014 ж. -160 бет, көлемі 8 баспа табақ; «Мәтінге стильдік талдау» Оқу-әдістемелік құрал. -Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2016ж. -80 бет, көлемі 8 баспа табақты құрайтын еңбектері оқу үдерісінде қолданылады.

Ғылыми кеңес хатшысы Шайкенова А.Ж.
«____» ________2016 ж.
Каталог: files -> degree
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
degree -> Қадыров жанбай тұрарұлының ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет