Талдықорған қаласы,№5 орта мектеп-лицейі Карымбаева Айгүл Мырзағалиқызы химия пәні мұғалімі Сайыс сабағы



Дата15.09.2017
өлшемі87,45 Kb.
#32529
Талдықорған қаласы,№5 орта мектеп-лицейі

Карымбаева Айгүл Мырзағалиқызы

химия пәні мұғалімі

Сайыс сабағы

Қорытынды сабақтар жылдың басынан өтілген материалды қайталау, жинақтау, қорыту бағытында өткізіледі .Бұл сабақтарды әр түрлі дәстүрлі емес әдістермен өткізудің мәні зор. Осындай дәстүрлі емес сабақтардың бірі сайыс сабағы ойын түрінде ұйымдастырылды.

Ойын сабағының мақсаты - ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау, оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырқылыққа, ізденуге баулу .

Төменде 8-сыныпта «Химия қызықтары» тақырыбы бойынша өткізілген қорытындылау сабағы ұсынылады.

Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығуын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сынып лидерін табу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта , флипчарт беттері(10 б)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды, мұғалімдерді орналастыру)

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі ...

Бүгінгі қорытындылау сабағы «Химия әлемі» тақырыбына арналған сабақ. Сабақ ойын түрінде өтеді. Сабақ бойы химиядан алған білімдеріңді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап бересіздер. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді мына турларда көрсете аласыздар: «Бәйге», «Полиглот», «Химия әлемі», «Тест сұрақтары», «Егер мен болсам», «Оратор» .

Ойынға 8 оқушы қатыстырылды. Ойынды бағалайтын қазылар алқасы таныстырылды.

І ТУР - « БӘЙГЕ»

Тур тапсырмасы. «Менен сұрақ – сізден жылдам жауап». Кім тез жауап береді?

1. Заттар және олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым ( химия).

2. Заряды +1 бөлшек (протон) .

3. Ядросында протон саны бірдей атомдар түрі (химиялық элемент).

4. Қазіргі кезде неше элемент белгілі? ( 110).

5. Периодтық жүйедегі элементтердің көлденең қатары (период).

6. Электрон жұбы арқылы жүзеге асатын байланыс (коваленттік байланыс).

7. Теріс және оң зарядталған атомдар (иондар).

8. 6,02 * 10 23 атом сандары ( Авогадро саны).

9. Қай элементтің атомдық массасы 14? (N).

10. 3 периодта ІІ А топта, реттік № 13. Бұл қандай элемент? (AL).

11. e¯ беру процесі қалай аталады? (тотығу).

12. ЭТ ең жоғары элемент, Х (хи) =4,0 (фтор).

13. Заряды жоқ бөлшек (нейтрон).

14. Тұздың суда еруі қандай құбылыс? (физикалық).

15. Химиялық реакцияға түсетін заттарды не дейді?( реагенттер).

16. Реакциялардың жүруін заттардың формулалары және коэффициенттер жәрдемімен шартты түрде жазуды қалай атайды? (химиялық реакциялардың теңдеуі).

Қазылар алқасы осы турдың бағасын береді.



ІІ ТУР – «ПОЛИГЛОТ»

Бұл тур екі сатыда өтеді.



  1. Химиялық таңбалармен жұмыс.

Тапсырма. «Таңбаны оқып, қазақша және латынша атаңыз». Әрбір оқушыға бір элементтің таңбасы көрсетіледі.

N – азот – нитрогениум P – фосфор - фосфорус

O – оттегі -оксигениум Cu –мыс -купрум

S –күкірт - сульфур H – сутегі-гидрагениум

C – көміртегі - корбанеум Fe –темір-феррум

Оқушылар оқиды, атайды, бағаланады (10 ұпай, 20 ұпай).



  1. Аннаграммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша атап, формуласын айту.

а) ус –су- Н2О-вода, ғ) дой – йод- І2-йод,

ә) тотегі – оттегі – О2- кислород, д) мазла – алмаз – С- алмаз,

б) тегіус – сутегі – Н2 – водород, ж) тифгра – графит – С – графит,

в) онзо – озон – О3 – озон, з) торф – фтор – F2 – фтор,

г) тоза – азот – N2- азот, к) ролх – хлор –СІ – хлор.

ІІІ ТУР – «ХИМИЯ ӘЛЕМІ»

Кестедегі 9 шаршыға 20, 30, 40 сандары жазылған. Әрбір санның шамасына қарай сұрақтар берілген. Логотип орналасқан: а)мектеп басшылығынан сұрақ немесе 10 балл; ә) мектеп кеңесі қоры – сыйлық.
1


I: С0 – 4е¯=С+4 Бұл қандай процесс ? Неге?( тотығу ,е¯ беру)

II : Химиялық элементтердің периодтық заңын кім және қай жылы ашты?(1869ж.,Д.И:Менделеев)



III : 1s1 элементтің электрондық формуласы?(Н)

IV : О0+2e-=O-2Бұл қандай процесс?Неге?(тотықсыздану,е қосып алу).

V : Азот атомының құрамы қандай? (N=7p+ ,7n0, 7e-).

V I : Периодтық жүйедегі орны бойынша №20 элементке сипаттама беріңіз (4 период, ІІ А тобы,Аr(Са)=40)

V II: Мектеп қорынан –сыйлық немесе сұрақ.Электротерістілік қандай әріппен белгіленеді?(Х-хи)

V III: 10 моль алюминийдің массасын табыңыз .(Аr(АІ)=27); m=n ·M=10· 27=270)

: Мектеп басшылығы-10 бал немесе сұрақ.Оттегінің тығыздығын (р) есептеңіз:

р(О2)=М(О2)/Vm=32/22,4=0,089г/л

Қазылар алқасы ұпайларын береді.4 оқушы қалады.Сайыстан шығып қалған оқушыларға ескерткіш-сувенир беріледі.



IV-ТУР-«ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ»

Қатысушылар өзге оқушылардың алдын-ала даярлаған сұрақтарына жауап береді.Сұрақты балды аз жинаған сайыскер бірінші таңдайды.

№1Оттегі жай зат күйінде қайда кездеседі:

а)жер қыртысында;ә)атмосферада;б) гранитте?

2.Дүние жүзінің химиктері пайдаланатын элементтердің химиялық таңбаларын кім ұсынған:

а)Пруст;ә)Резерфорд;б)Берцелиус?

3.Нажағайлы жаңбыр кезіндегі электр разрядтарынан немесе қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде қандай газ түзіледі: а)сутегі;ә)оттегі;б)озон?

4.Вr2-бром молекуласындағы химиялық байланыс:

а)иондық; ә) ковалентті полюссіз ;б)ковалентті полюсті.

Бұл турдың қорытындысында екі оқушы қалады.Егер балдары бірдей екі сайыскер қалса қосымша сұрақтар қойылады



1.Сыртқы энергетикалық деңгейдегі 4е- бар атом:

а)гелий; ә)көміртегі; б)оттегі.


1

1

1

1



1


2.СО2-көмірқышқыл газының қатты күйіндегі кристалл торы:

а)иондық; ә)атомдық ;б)молекулалық.



4.Молекулалық кристалл торы бар зат:

а)АІ; ә)SO2 ;б)КСІ; в)С(графит).



5.Оттегін немен анықтауға болады:

а)лакмуспен; ә) шоқтаңған шырамен ;б)әк суымен;в)иістен?

а)сутегі; ә)оттегі; б)озон?

V-ТУР-«ЕГЕР МЕН БОЛСАМ. . .»

«Сіздердің алдарыңызда тұрған металдан жасалған жанбайтын сейф.Бұл сейфтің ішінде ,сөрелерінде сутегі газын алуға керек реактивтер орналасқан:қорапшада – мырыш,шыны ыдыста –қышқыл,штативте –сынауықтар.Ал енді осыларды қолданып ,сутегі газын алыңыздар және түсіңдіріңіздер»



VI-ТУР « ОРАТОР»

Сайыскерлер сұрақтың нөмірін таңдап ,тақырып алады.

№1.Жай зат –озон-оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі.

№2.Сутегі-ең жеңіл газ.

3.Оттегі-тіршілік көзі.

4.Иондық байланыс ерекшелігі.

Сайыскерлер дайындалғанша көрермендермен сұрақтар,сөзжұмбақтар бойынша жұмыс жүргізіледі.



Турлардың атаулары

Қатысушылар
О1


1.Бәйге(дұрыс жауапқа 10ұпай)

1

2

3

4

5

6

7

8

2.Полиглот(10,20 ұпай)

























3.Химия әлемі(20,30,40ұпай)

























4.Тест сұрақтары(30ұпай)

























5.Егер мен болсам(0 ден100-ге дейін ұпай)

























6.Оратор(0ден100-ге дейін)

























Қорытынды

ІІ-орын

























Жеңімпаз






















































Тақырыпты , тарауды қайталауға, жүйелеуге арналған сабақтар оқушыларды белсенділікке,алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды.
Каталог: uploads -> doc -> 024e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
024e -> Сабақ: №23 Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі Мақсаты
024e -> Аты – жөні Туған жылы Еңбектері
024e -> Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет