Талдықорған қаласындағы нзм-нің 12-сынып оқушысының қазақ әдебиеті пәнінен сыни талдау жұмысы Ермекбаева Зере 12е-сынып Оралхан Бөкей өзінің «Апамның астауы» және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімелерінен қандай әсер тудырды?



Дата27.12.2016
өлшемі22,96 Kb.
#5749
Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысының қазақ әдебиеті пәнінен сыни талдау жұмысы

Ермекбаева Зере 12е-сынып

Оралхан Бөкей өзінің «Апамның астауы» және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімелерінен қандай әсер тудырды?

Оралхан Бөкей - ХХ ғасырдағы проза жанрында шебер қалам тартқан танымал суреткер. Оның қысқа әңгімелерінен ауылға, туған жерге деген махаббаты, сағынышы сезіліп тұрады. «Апамның астауы» және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімелерінен қазақы ауыл тіршілігі, ондағы балалар өмірі, адамдарға деген махаббат, қимас сезімді байқаймыз.

Әңгіменің қисынды құрылымынан болар, алдымен оқырман ауыл өмірінің қайнаған ортасына түседі. Ауыл табиғаты, ауыл еңбегі, ондағы балалар өмірін өз басынан өткергендей болады. Кейіпкерлердің мінезінен, рухани әлемінен, мақсатынан оқырман өзіне жақындық іздейді, эмоцияға беріледі.

Автор екі әңгімеде де «үйіміздің айналасы шулаған балалардың базарына айналатын», «апаммен қонаққа барғанда, барлық жылы-жұмсақ менің аузыма тиетін», «туысқандарының үйін сағалап жүретін» деген есімше тұлғалы етістіктерді жиі қолданады. Өткен шақта тұрған бұл етістіктер автордың алыста қалған ауылына деген ерекше сағынышын, махаббатын, сезімін оқырманға дәл береді. Біз де осы ауылды тамсана сағынғандай боламыз.

Екіншіден, оқырманда кейіпкерлерге деген жылы, жағымды көзқарас қалыптасады, өйткені автордың кейіпкерлері - қарапайым, еңбекқор, мейірімді, адамгершілігі мол, әңгімешіл, арманшыл, артық мінездері жоқ адамдар. Оған біз әр эпизодта көз жеткіземіз. Бірінші әңгімеде «бүкіл ауыл балаларының анасы сықылды Апам», «кез-келген ер-азаматтың ісін атқарар Апам» болса, екінші әңгімеде «бұзау бағып жүрген бала Тортай», «таңнан кешке дейін бас алмай кітап оқитын Тортай»,«Бір жетім бала болыпты,- деп әңгіме бастайтын Тортай», «жазушы болғым келеді» деп армандағыш Тортайды» көреміз.



«Ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел қолынан келетін; қазақ
әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер» аналар туралы айтқанда жазушы қазақ әйелдерінің биік рухын, жігерлі тұлғасын әр эпизод арқылы жандандыра алады.

О.Бөкеевтің әңгімелерін оқи отырып, мен С.Мұратбековтің «Жусан исі» хикаятының кейіпкерлерін еске алдым. Бұл шығармада да Тортай сияқты жетім бала - Аян бар. Ол - «Балалар, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтып беремін, жүріңдер» дейтін әңгімешіл, арманшыл бала. Бұл шығармада да «Апам» бар. Ол - Аянның жалғыз сүйенері.

Кез-келген оқырман аталған шығармаларды оқи отырып, «Біз өз құндылығымызды, салт-дәстүрімізді сақтай алып отырмыз ба, қазіргі жаһандану заманында адамгершілік қасиеттерімізді жоғалтып алмаймыз ба?» деген ойға қалары сөзсіз. Әңгіменің оқырманы да өз айналасынан тау тұлғалы абзал ананы, алыстағы арманға қол созған қарапайым құрбы дос іздері сөзсіз. Менің құрбым «мұндай аналар қазір жоқ» дейді, мен онымен түбегейлі келісе алмаймын. Қазір де аналарымыз бен әжелеріміз бала бақыты үшін қоғам жұмысына араласуда, ұрпақтарының бейқам өмірі үшін «баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын» деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс жүргенін дәлелдеуге тырыстым. Оқушысын таласты пікірге, сыни ойға жетелеген шығарманың маңыздылығы да осында. Мен автордың осы шеберлігіне тәнті болдым.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет