Талибандардан кейінгі Ауғанстан; Ауғанстанның ұстанған бағыты қандай?



Дата15.09.2017
өлшемі93.52 Kb.
Талибандардан кейінгі Ауғанстан;

Ауғанстанның ұстанған бағыты қандай?

Ясир РАШИД

Халықаралық қатынастар кафедрасы

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түйін

Қыркүйектің 11 жұлдызы тек Америка үшін емес, Ауғанстан халқы үшін де ұмытылмас және маңызды күн. 11 қыркүйек – Талибандардың қатаң режимінің құлдырауын білдіретін және Ауғанстан саясатына Американың араласа бастаған күні. Талибан режимінің құлауы және Ауғанстандағы демократия мен сөз бостандығы принциптеріне негізделген уақытша үкіметтің келуі – халықтың жарқы болашаққа деген сенімін нығайтты.

Бұл мақалада Талибандардан кейінгі Ауғанстанның саяси, экономикалық, және әлеуметтік жағдайы түсіндіріледі. Мақалада Карзайдың елге сіңірген еңбегі туралы туралы; яғни, Талибан режимі құлағаннан кейінгі Ауғанстанның бірінші сайланған президенті және оның басқару уақытындағы елдегі өзгерістер жайында айтылады.
Кілтті сөздер: Ауғанстан, Талибан режимі, халықаралық лаңкестік, Ауғанстанға Американың басып кіруі, режимнің ауысуы, Конституция, жаңа үкімет.
Талибандардан кейінгі Ауғанстан;

Ауғанстанның ұстанған бағыты қандай?
Талибан үкіметінің құрылымы түгел радикал Исламизм болғандықтан, Ислам қағидалары жоғары деңгейде бекітілген. Әйелдер билікке еш араласқан жоқ, олар үйлерінде төрт бұрышқа теңеліп отырды, тек ер адамдар ғана қалағанындай өмір сүріп, экстремистік Талибан үкіметінің заңдарына сәйкес жұмыс істей алатын. Этникалық ұлтшылдық Ауғанстандағы қоғамдық өмірінде кең өріс алып, демократиялық құндылықтар белгісіз болып қала берді.

Бірақ 2001 жылдың соңында Ауғанстанға Американың басып кіруі, Ауған халқының жүрегінде үшін үміт ұялатты. Американдықтардың Ауғанстанға шабуылы – радикалды исламисттердің езгісі мен қорқынышынан босап, қоғамда жаңа адам құқықтары қорғалатын жүйенің орнығатынын білдірді. 2001 жылдан кейін және әлем елдерінің, әсіресе НАТО мүшелерінің ынтымақтастығы ретінде заманауи уақытша Үкімет құрамын жасақтау туралы Бонн конференциясысынан кейін Ауғанстан жаңа жолға бағытталды. Талибаннан кейінгі жаңа мемлекеттік жүйе, біріншіден, әйелдер құқықтары, сөз бостандығын, өз пікірін білдіру еркіндігі, демократия мен саулау жүйесі қоғамға енген жаңа терминдерге айналды.

Ауғанстанның жаңа конституциясы әйелдердің елдегі саяси, мәдени және әлеуметтік өмірге қатысуымен қабылданып, бекітілді. Бүгінгі таңда парламент және сенатта орынның 25%, аймақтық кеңестерде 29% орын әйелдерге берілді. Сонымен қатар, сондай-ақ, үкіметке үлес қосқан әйелдер, қазіргі уақытта мемлекет министрлерінің қатарында бар (Әйелдер істер министрлігі, Жоғары білім министрлігі, Нашақорлықпен күресу министрлігі және Еңбек және әлеуметтік істер министрлігі). Хамед Карзай үкімет басына келгелі бері негізінен облыстар мен бөлімдерді басқаруда әйелдер белсене ат салысты.

Әлеуметтік медиа да ауған халқы үшін Талибандар құлағаннан кейін пайда болған тағы бір ерекше құбылыс болатын. Ендігәрі елде 50-ден астам жеке каналдар, 300-ден астам БАҚ және 100-ден астам радиостанциялар белсенді жұмыс істейді. Сонымен қатар, сөз еркіндігі Ауғанстан жаңа жүйесінің ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде Хамид Карзайдың режимінің кезінен қолданылды. Талибандар режимінің кезінде медиа құралдарының өте аз болуы Ауғанстанда сөз еркіндігінің болмауын көрсетеді.

Сонымен қатар, алғаш рет, әйел бастаған Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды. Азаматтық қоғам қайтадан саяси – әлеуметтік қызмет үшін қызмет ететін ерлер мен әйелдерден қайта құрылды. Осы кезеңде, әртүрлі тақырыптардағы жүдеген кітаптар (поэзия, романдар, әңгімелер мен тарихи зерттеулер) жазылып, жарияланған еді.

Америка мен оның батыс одақтастарының тікелей қолдауымен жабық және экстремистік Талибан режимінен демократиялық жүйеге ауысу, ауған халқына көп әсерін тигізді. Ауғанcтанда ұзақ соғыстан кейін қауіпсіздік мәселесі үлкен маңызға ие болды. Мектептер мен ЖОО-қыздар мен ұлдар үшін ашық болды. Сонымен қатар, үлкен қаражат түріндегі және гуманитарлық көмек ауған халқына үлкен әсерін тигізді.

Енді, 2001 жылдан бері ауған халқы үлкен үміт пен оңтайлы сеніммен келеді. Бұл онжылдықта ел елеулі табыстарға қол жеткізді. Мысалы, қауіпсіздікке келсек, Ауғанстандағы шетелдік әскерлердің мыңдаған күші Ауғанстанға қайтарылмас көмек көрсетуде. Бұл кезең барлық ауғандықтардың жадында өте маңызды кезең ретінде сақталып қалады.

Жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті мақсат еткен халықаралық қоғамдастықтың күші, әсіресе Америка және оның одақтастары,әлі де қолайлы нәтижеге жеткен жоқ. 2001 жылдың соңындағы Ауғанстанға Американың шабуылы, жалпы айтқанда Талибан мен басқа да экстремистік топтар мен террористердің бұдан былай Ауғанстанда жойыла бастайтынын бастауы болады деп еді. 2007 жылға дейін Талибан туралы ешқандай жаңалықтар болдмаы, бірақ 2007 жылдан кейін Талибандар БАҚ ең негізгі тақырыбына айналды.

Талибандар аймақтағы басқа да лаңкестіктоптармен біріге отырып, Ауғанстанға өз әсерін тигізе бастады. Карзай үкіметінің соңғы жылдарында Ауғанстан мен Америка Құрама Штаттары арасында бір кикілжің пайда болды. Карзай Ауғанстандағы терроризмге қарсы күресте, Америка теріс, әділ емес саясат жүргізіп жатқанын айыптап, АҚШ терроризмге қарсы күресте ешқандай шара өолданып жатпағанын айтт. Басқа жағынан, Америка Хамид Карзай бастаған Ауған үкіметі АҚШ-тың артқан үмітін ақтамай, тіпті Ауғанстандағы қауіпсіздікке күмән тудырып, Хамид Карзайдың жергілікті Талибандармен келіссөздер жүргізеді деген мәлімдемелер де болды.

Президент Хамид Карзай билігінің соңына қарай, Талибандар жеткілікті күш жинап, ықпалын арттырды. Олар Ауғанстанның біраз бөлігін, әсіресе оңтүстік өңірлерді өз иелігіне өткізу мүмкіндігіне ие болды. Осы кезеңде, Талибан мен Ауғанстандағы басқа да бірқатар лаңкестік топтар елдің орталық бөлігіне топтасты. Бірақ Ашраф Ғани мен Абдулла (сайлау қарсыласы) бастаған ұлттық бірлік үкіметінің қалыптастуы, қарулы оппозициямен түбегейлі өзгерістер жасалады деген үміт берді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани өз сөзінде Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, лаңкестік топтарға қарсы күресуге уәде берді. Бірақ соңғы жылдарда, ұлттық бірлік үкіметі қалыптасқаннан бері Ауғанстан аумағында сенімсіздік толқындары таралуда. . Енді Талибан және Ислам мемлекеті сияқты басқа да лаңкестік топтар Ауғанстанның ең қауіпсіз аймағына да жетеді деген қорқыныш ұялутға күші бар. Тіпті ең қауіпсіз аймақ болып саналатын Ауғанстанның солтүстік бөлігінде де, қауіптілік деңгейі жоғарылуда. Соңғы 3 айда Құндыз провинциясы Талибандардан құлады. Құндыз провинциясы Бадахшан, Балх, Фарьяб, Сари-Пуль, Джаузджане сияқты басқа провинцияларына лаңкестерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін, солтүстік Ауғанстандағы негізгі провинциясы болып табылады. Ауғанстан саяси сарапшылары елдің үкіметі осы бағыттарда террористік топтарға соққы бере алмай, осы аймақтар лаңкестерлің қол астына өтеді деген жорамалдар айтуда. Дегенменен, шетелдік күштердің саны 2015 жылмен салыстырған айтарлықтай төмендеді, бірақ әлі күнге дейін әскери кеңесшілер ретінде он мыңнан астам шетелдік қарулы күштер елде әлі де бар.

Экономика саласында Ауғанстан сәтсіздіктерге көп ұшырауда. Америка Құрама Штаттары мен оның Батыс одақтастарының жариялаған жоспарына сәйкес, 2014 жылдың басынан бастап, шетелдік қаржылай көмек аяқтала бастады. Ауғанстан экономикалық жағдайы күрт төмендей түсті. Жұмыссыздық мәселесі ауған халқы үшін күрделі мәселеге айналды. Дегенмен, Ауғанстан үкіметі төтенше бюджеттің жартысынан көбі экономикалық апатты шешуге жұмсалып жатқанын мәлімдесе де, елде осының нәтижелері еш сезілмейді.

Ресми сауалнаманың мәліметтері бойынша, ұлттық бірлік үкіметінің атқарып жатқан жұмысына тек халықтың 10% ғана қанағаттандырылды, қалған 80% -дан астамы ел саясатына мүлдем риза емес болып табылатыны айқындалды. Сонымен қатар, Ашраф Ғаниге қарсы жала бар: соғыс стратегиясының оңтүстіктен солтүстікке ауысып, Талибандар мен Ислам мемлекетімен өзара байланысы бар деген айып тағылуда.

Екі ел басшыларының (Ашраф Ғани мен A.Abdullah) арасындағы саяси көзқарастырындағы айырмашылықтар елдің саяси жүйесінде күрделі қайшылықтарға әкеледі. Зерттеу жұмыстарына сүйенсек, бір жыл ішінде ұлттық бірлік үкіметінің қол жеткізген айтарлықтай нәтижелері жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде үкіметтің дәрменсіздігі байқалады. Тіпті, саяси срапшылардың жорамалдары бойынша, қазіргі жүйенің соңы мемлекетте Талибандар мен Ислам мемлекеті лаңкестік топтарының күшеюіне алып келеді. Осы жағдайдың жалғасы адамдардың елден кетуіне әкеледі. Бейресми мәліметтерге сәйкес, күнделікті 3000 адам төлқұжат және виза жасау үшін өтініштерін беруде. Елдегі тұрақсыздық халық арасында сенімсіздік, алаңдатушылық тудырады. Кұнделікті медиа арқылы президент Ашраф Ғаниге жүздеген адамдардың балағаттамалары мен қарғыс сөздері айтылады.

Хамид Карзайдың билік кезеңіне келсек, Карзай Талибан режимі құлағаннан кейін Ауғанстанда бірінші сайланған президент екені белгілі. Карзай билікке келген кезде, Ауғанстан инфрақұрылымы жоқ жаңа өмір басталды. Ол билік басына келген кезде, қираған экономика мен саясаттан басқа, елде ештеңе де болмады. Бірақ қазір, мыңдаған қыздар мектепке барады, , инфрақұрылым экономика әр саласында қалыптастырылды, жоғары оқу орындар мен мектептер белсенді жұмыс атқарып, жастарды тәрбиелеуде, технологиялар бірте бірте дамып, сөз бостандығы мен таңдау еркіндігі бар. Кенттер мен ауылдар салынды. Бірақ сыбайлас жемқорлық және Талибан лаңкестік топтарының қайта жандануы Карзай кезеңіндегі ең нашар тұсы деуге болады.

2001 кейін заңды тұлға деген ұғым қалыптасты. Адамдар сайлауға бірнеше рет қатысып, демократиялық құндылықтарды бағалай бастады. Денсаулық сақтау, білім беру мүмкіндіктері, адам құқықтары, әсіресе әйелдер бостандығы – ең мағызды өзгерістердің бірі ретінде белгілі. Сонымен қтар, сөз және БАҚ бостандығы осы кезеңнің басты жетістіктерінің бірі болып табылатындығын да еске алған жөн. 2001 кейін адамдар қоғамдық өмірге ынтамен қарап, демократия құндылықтарға көбірек қызыға бастады. Бірақ, Карзай елде кеңінен дәстүрлі этникалық саясатқа жақын болып, заманауи мекемелер мен институттарға қарсы күресті. Талибан құлағаннан бері жеткен жетістіктерінің бірі – конституцияның қабылдануы болды. Бірақ елдегі Карзайдың ұстанған дәстүрлі саясаты заң бұзушылықтарға әкелді. Он үш жыл ішінде ол конституция заңдарын кем дегенде он үш рет бұзып, заңды құрметтеу – Ауғанстан саяси мәдениетінің бастапқы нүктесі екендігін айқындады. Бұл деген елдегі сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік заң бұзушылықтардың кең таралғанын көрсетеді.

Қорытынды

Талибтер режимі құлаған соң, қазіргі Ауғанстан Республикасы жарияланды. 2001 жылы желтоқсанда ауған саяси қайраткерлерінің Бонн конференциясында Хамид Карзай Ауғанстанның өтпелі әкімшілігінің басшылығына қойылды.

Карзай Ауғанстанның тарихы адам ретінде белгілі болуы мүмкін, бірақ ол елдің мұрасын жақсы басқарып, болашаққа жақсы үлгі болуы мүмкін емесі анық. Алтын кезеңде Карзай Ауғанстанның бас көшбасшысы ретінде елді жетектеді. Карзай елдегі ресурстарды тиімді пайдаланып, халықаралық қоғамдастықтың бұрын-соңды болмаған қолдауын тапты, сондай-ақ, оның қызмет етуге дайын тәуелсіз армиясы болды. Карзай ел қиын жағдайда болғанда: өткен мен болашақтың қиысқан ауыр нүктесінде билікке келді.

Иммиграция елдің саясатына нұқсан келтіреді. Жас және білімді ұрпақ болмаған жағдайда – мемлекеттік өте әлсіз болады. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланылмауы – экономиканың әлсіреуіне келіп соқтырады. Осының барлығы елдің ішкі және сыртқы саясатына өз әсерін тигізеді.

Осы жерде туындайтын ең негізгі сұрақ: бейбітшіліктің орнауы мүмкін бе? «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дегендей елде бейбітшілік болмаса, өркендеу, өсіп-өну, тұрақтылық болмайды. Өтйкені, бірлік бар жерде – тірлік бар.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі




  • Ansari, B. (2004). Afghanistan in the Fire of Oil. University of Michigan. Maiwand Publication, Kabul, Afghanistan, 205 pages.

  • Mark, F. A. (2010). A Review of the 2001 Bonn Conference and Application to the Road Ahead in Afghanistan, Strategic Perspectives 8, http://ndupress.ndu.edu/Portals/68/Documents/stratperspective/inss/Strategic-Perspectives-8.pdf

  • Mozhdeh, V. (2003). Afghanistan and five years of Taliban rule, Tehran: NAI Publishing, 188 pages.

  • Qurbani, N. (2011). Geopolitical characteristics of Afghanistan, Publication of State University of Herat.

  • Zartosht, M. (2014). Afghanistan post-Taliban, Itlaat Rooz newspaper, Kabul, Afghanistan.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет