Талов ауылдық округінің әкімінің



Дата11.11.2016
өлшемі159,57 Kb.
#1527
түріӨмірбаяны

Талов ауылдық округінің әкімінің

Өмірбаяны

Закарин Нүркен Сансызбайұлы 1975 жылы 2 шілде күні Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданы,Жаксыбай ауылында дүниеге келді.1992 жылы Жақсыбай ауылының Я.М.Свердлов атындағы орта мектепті бітіріп,сол жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенті атанды.1997 жылы география - биология - химия пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғарғы білім алып шықты.Бітірген соң Жақсыбай орта мектебінің мұғалімі,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Талов ауылдық округінің әкімінің қызметін атқаруда.

Талов ауыл округінде 2010 жылдың

11 айында атқарылған жұмыстар туралы

Талов ауылдык округінде 1024 адам тұрады. Соның ішінде Талов ауылында 839 адам (235 аула-317 отбасы), Майтүбек ауылында 134 адам (32 аула-34 отбасы), Аманат ауылында 35(9 аула-9 отбасы) адам, Комсомол ауылында 16(5 аула-5 отбасы) адам тұрады.

Құрамдық жас жөнінен: 82-і мектепке дейінгі, 182-і мектеп жасында, 141-і зейнеткер; соның ішінде: бір Ұлы Отан соғысының ардагері, 38 мүгедек, 7 мүгедек бала бар. Бес адам кәсіптік-техникалық білім, ал 33 адам орта арнаулы және жоғары білім алуда. 237 адам тұрақты жұмыс істеуде. 11 бала дүниеге келіп, 10 адам қайтыс болды. Табиғи өсім +1.

Талов ауыл округінде 2011 жылдың І жартыжылдығында жоспар

бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп

Талов ауылдык округінде 1032 адам тұрады. Соның ішінде Талов ауылында 851 адам (232 аула-266 отбасы), Майтүбек ауылында 130 адам (32 аула-34 отбасы), Аманат ауылында 35(9 аула-9 отбасы) адам, Комсомол ауылында 16(5 аула-5 отбасы) адам тұрады.

Құрамдық жас жөнінен: 88-і мектепке дейінгі, 182-і мектеп жасында, 143-і зейнеткер; соның ішінде: бір Ұлы Отан соғысының ардагері, 35 мүгедек, 7 мүгедек бала бар. 33 адам орта арнаулы және жоғары білім алуда. 231 адам тұрақты жұмыс істеуде. 6 бала дүниеге келіп, 4 адам қайтыс болды. Табиғи өсім +2.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы ауыл экономикасы үшін маңызды сала болып табылады. Оның қазіргі дамуы мен жағдайына ауыл тұрғындарының жақсарту үшін, өзімізде өндірілетін мал өнімдері, азық-түлікпен қамтамасыз ету мен өндеу кәсіпорындарының қызметіне және басқа да ауыл шаруашылығының аралас салаларына байланысты екені белгілі.

Мал шаруашылығы бүкіл шаруашылықтары бойынша 2011 жылдың 1 шілде бойынша 1170 ц ет (тірілей салмақ), 3927 ц сүт, 97,2 мың дана жұмыртқа, 86 ц жүн өндірілді.

2011 жылдың 1 шілдесіне ауыл округі бойынша ірі қара - 2894 бас, соның ішінде 1012 сиыр, қой мен ешкі - 4060 бас, жылқы - 189 бас, құс - 4515. Олардан тиiсiнше 948 бас бұзау, 1500 қозы мен лақ, 69 құлын, 2165 балапан алынды. Қолдағы мал түгелдей 2 мезгіл мал дәрігерлік алдын алу шараларын белгіленген жоспар бойынша егіледі. 2000 бас ірі қарадан, 4326 бас ұсақ малдан қан алынды. 2011 жылы ірі қара бас малдан 248 бас бруцеллез ауруына шықты, 228 тапсырылды. Ауруға шалдыққан мал тұрған аулаларда толықтай дезинфекция жасалды.

2011 жылдың алты айында 2844 бас мал бірдейлендіру тиісті, 2100 бас бірдейлендірілді(74%).

Биылғы жылы «Жұма» шаруа қожалығы 1920 гектар ақ бидай екті. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар негізінде округ бойынша «Жалмұқан», «Нұрым» шаруа қожалықтары әрқайсысы 2 га бау-бақша егіп, ауыл және аудан тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Талов ауылдық округінде 35 шаруа қожалығы бар, онда 70 адам еңбек етеді. Оларда 861 ірі қара, соның ішінде, 232 сиыр, 980 қой, 59 жылқы, 270 құс бағылады. Олар ауылдық округтің экономикасының дамуына өздерінің үлесін қосып отыр. Күні бүгінге шаруа қожалықтарда 41 трактор, 7 комбайн, 20 автокөлік бар.

Биылғы жылы екі шаруа қожалығы 3000 мың теңге мөлшерінде несие алды, соның ішінде, «Равиль» ШҚ-2 млн. теңге, «Құбаш» ШҚ-ғы-1 млн. теңге,.

Ауыл халқының жеке шаруашылығында: 1636 ірі қара, 2742 қой мен ешкі, 108 жылқы, 3460 құс бағылады. Тұрғындар мал шаруашылығы өндірісімен, картоп, көкөніс, жеміс-жидек өсірумен шұғылданады.

Округ тұрғындары қысқы мал азығын толықтай дайындауда. Округ бойынша 30 мың ц шөп дайындалды. Ауыл тұрғындарының басы көпшілігі жеке малдарынан түсетін табыспен күнелтіп отырған біздің ауыл үшін ауыл шаруашылық өнімін өндіру, өндеу және өткізу мәселесі. ҚР Премьер-Министрдің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысы бойынша сатылатын төрт-түлік малдарды сою тек арнайы мал сою орындарында жүргізілуі тиісті. Біздің округте «Равиль» ШҚ-ның басшысы Ш.Салахов мал сою алаңын салып, малдың бәрі сонда сойылады. Сойылған малды аудандық лабораториядан өткізу ауыл тұрғындарына қиындық тудырады.

Ал мал тұқымын асылдандыру ісі бойынша ауыл округіне берілген ұрық толықтай пайдаланылды, ірі қара малы аналықтарының 132 басы қолдан ұрықтандырылып, жоспар 94 пайызға орындалды.

Ауылдық округі бойынша 7 кәсіпкер еңбектенуде. Ауылда бір наубайхана бар, тұрғындарды нанмен қамтамасыз етеді.

2011 жылы Талов ауылдық округі бойынша жергілікті бюджетке 1368 мың тенге жиналды.

Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларды, зейнеткерлер мен мүгедектерді, соғыс және еңбек ардагерлерін қамқорлыққа алу ауыл әкімшілігінің назарындағы істер. 2011 жылы ауыл округі бойынша атаулы әлеуметтік көмек алған 1 жанұяға 66,7 мың теңге көмек көрсетілді, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 102 балаға 745,9 мың тенге мөлшерінде тағайындалды. Жұмыссыздар орталығында 5 адам тіркелген, 15 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы әртүрлі жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 19 адам әртүрлі ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, тиісті еңбек ақысын алды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар ардагерлердің, жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің үй-қораларын сылап, әкімшілік ғимараты басқа жұмыстарды атқарды, қысқа дайындалуға 10 үйге көмек көрсетілді. Қайырымдылық айлығы аясында округ бойынша 63 мың тенгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі 10 отбасыға 68,1мың теңге мөлшерінде көрсетілді.

Білім сапасы

Ғ. Сарбаев атындағы орта мектеп-балабақшада 166 бала, «Арай» бастауыш мектепте 15 бала білім алып отыр. Бүгінгі таңда мектепте физика, химия, биология, лингафон, мультимедия кабинеттері, заман талабына сай жасақталып, қызмет етуде. Округтегі екі мектеп толық компьютерленіп интернет жүйесіне қосылған. Мектеп-балабақшада 86 бала ыстық тамақпен оқу жылы бойы қамтамасыз етілуде, күніне 1 балаға 130 теңгеге тамақ беріледі. 37 аз қамтылған жанұя балалары киім көмегін алады. Балабақшада 20 бала тәрбиеленуде. Балалар үш мезгіл тамақтанады, күніне 1 балаға орташа 180 теңгеге тамақ беріледі.

Мектеп жанындағы жатақханада тәрбиеленіп отырған 22 балаға бүкіл жағдай туғызылды. 1 балаға 220 теңгеге тамақ беріледі, оларды мектепке дейін және мектептен кері үйлеріне тегін жеткізілуі ұйымдастырылған.

Талов ауылдық округінде тұрғындар арасында электрондық сандық қолтаңба алу жұмысы бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында мектеп спорт залында ауыл жастары сейсенбі, сенбі күндері шұғылданады. Спорттық ойындардан жарыс әрбір мереке күндері мекемелер арасында ұйымдастырылады. Соның бірі ауыл әкімі, ауыл азаматы Махмуд Масекейұлы Коняевті еске алуға арналған жастар арасында волейболдан турнир өткізілді. Турнирге Жәнібек спорт мектебі командасы, көршілес Жақсыбай ауылдық округі командасы, Питерка құрама командасы, шекара командасы және өзіміздің ауылымыздың құрама командалары қатысты.

ҚР Сарбаздар күні мен ҰОС 66 жылдық мейрамы қарсанында ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында, ауылда волейбол, футбол ойындарын дамыту, спорт арқылы соғыс, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында волейболдан және футболдан жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында волейболдан қыздар және ерлер арасында жарыстар ұйымдастырылады. Мәдениет үйінде орналастырылған үстел теннисінен де жарыстар өткізіледі. Жазғы уақытта футболдан жарыс ұйымдастырылады. 19 наурыз күні ауылымызда салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдармен достық қарым-қатынас, шекаралас Ресей Федерациясының Питерка ауданымен шекаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жастар (ерлер) арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Округтегі 3 ауылдық округтің тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз етіп отыр. Аурухана ұжымының елге көрсетіп отырған жұмысы жоғары дәрежеде. Жыл басынан 1208,7 мың теңгеге дәрі-дәрмек алынды, 1 жасқа дейінгі балаларға 143815 теңгеге, 5 жасқа дейінгі балаларға 59907 теңгеге, 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 68,498 мың теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді. 50% жеңілдікпен 14704 теңгеге дәрі-дәрмек берілді. Талов ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 3553 адам қабылданды, үйге шақырылғаны-345, күндізгі стационарда 890 адам емделді, соның ішінде, 173 бала, оларға 1322,057 мың теңге жұмсалды.

Мәдени-көпшілік шаралар

Мерекелік шараларға концерт ұйымдастырылады. Мәдениет үйінде ауыл өнерпаздары мен студенттердің ұйымдастыруымен концерт өткізілді. 8 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні мерекесіне мәдениет үйінде ауыл өнерпаздарының қатыстырылуымен «Ананы құрметте және қастерле» атты мерекелік концерт өтті. Ұлы Жеңістің 66 жылдығына байланысты «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты мерекелік концерт өткізілді. 1 маусымда «Балаларды қорғау күні» мерекесіне мәдениет үйі алаңында бүлдіршіндерге арналып концерт ұйымдастырылды. Концерттен соң балаларға би кеші жасалды. Мерекелік шара өткен сайын көпшілікке арналған спорттық шаралар өткізіледі. Мәдени-көпшілік, спорттық шараларға жастар,ауыл тұрғындары белсенділікпен қатысады. Жұмаға 2 рет көпшілікке арналған би кештері өтеді.

Байланыс


Округте сымсыз байланыс жүйесін жүзеге асыратын қондырғылар орнатылып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күні округте абоненттердің саны 136, 2011 жылы абоненттердің саны әлі де көбейеді. Округ бойынша 225 үй газбен қамтылған.

Күні бүгінге ауылда жарықтандыру үшін көшелерде 24 прожектор, 28 лампочка орнатылған.



Тазалық

2011 жылға ауылдың тазалығына 970 мың теңге, с.і., 30 мың теңге ит атуға бөлінді. 2011 жылғы 12 сәуірдегі облыс әкімінің орынбасары Е.Салықовта өткен кеңесте берген тапсырмалары бойынша Талов ауылдық округі бойынша санитарлық-экологиялық айлықты ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып ауыл әкімімен бекітілді, 7 адамнан жұмыс тобы құрылды.



«Жасыл жапырақ–Зеленый лист» акциясы 2011 жылғы 23 сәуірде жергілікті сағат 09.00.-де басталып, ауылдық көлемінде өткізілді. Акцияға ауылдық округтегі мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары, барлығы 320 адам, соның ішінде 140 адам жастар, белсене қатынасты. Белгіленген орындарға округ бойынша 300 түп ағаш – бұта тектес көшеттер отырғызылды және ағаштарға күтім жасауға және ағаштардың сақталуына жауапты адамдар бекітілді. Қажетті екпе материалдарымен Талов ауылдық округі әкімінің аппараты қамтамасыз етті. Жалпы алғанда «Жасыл жапырақ–Зеленый лист» акциясы ұйымшылдықпен өткізілді. Сонымен қатар, округ аумағында көгалдандыру жұмыстары үнемі өз жалғасын таба береді. Айлық барысында Талов ауылдық округінде 3 сенбілік өткізілді. Округтегі мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары, барлығы 840 адам қатысты, аула, көшелер тазаланып 20 тонна күл-қоқыс шығарылды, Бобров су қоймасы, ауыл тоғанының айналасы тазартылды.Ауыл тұрғындарының бәріне күл-қоқысты шығару туралы ұйғарымдар берілді. Қазіргі уақытта 200 тонна күл-қоқыс шығарылды. Биылғы жылға иесіз күл-қоқыс шығаруға 970 мың теңге бөлінді, «Құбаш» шаруа қожалығының басшысы С. Джакушевамен келісім шарт жасалды.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет