Тапсырма. Эпителий тіндерінің құрылысын сипаттаңыз



бет1/8
Дата25.06.2020
өлшемі25,04 Kb.
#74542
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЭПИТЕЛИЙЬ
Инклюзивті білім берудің қағидалары, treatise192903, лабораториялық жұмыстар мазмұны-1, 104,105 сұрақтар

Тапсырма.

  1. Эпителий тіндерінің құрылысын сипаттаңыз.

1.Шекаралылығы – эпителилер әдетте сыртқы орта мен ішкі орта тіндері арасында орналасуы. Осы белгіге қарай, эпителилердің жамылғы және астарлық түрлерін ажыратады.

2. Эпители жасушаларының бүйір жақ беттеріндегі жасушааралық контакттары бірігіп, пласт, яғни тұтас үздіксіз қабат қалыпастыру қабілеті. Пласт өзінің астында тіндерді сыртқы ортадан берік шектейді . Ол үлкен беттердің жамылғыларын және қуысты мүшелердің ішкі беттерінің төсемдерін – жазықтық астарын құрайды. Эпителиоциттердің пласт құру қабілеті, оларды арганизмнен тыс, мысалы тіндер дақылдарында, яғни жасанды жағдайда өсіру кезінде де сақталады.

Ішкі ортада эпителиоциттер жасушалық бірлестіктердің пласттан да басқа түрлерін - түтікшелер, аралшықтар, тәжілер, фоликулдар және торларды құруға қабілетті. Түтікшелер -цилиндрге бүктелген пласт (мысалы нефрон өзекшелері, тер безі). Аралшық-организмнің ішкі ортасына тереңдеп батқан эпителиоциттер тобы (мысалы, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары). Тәжілер- бір-бірімен байланысқан эпителиоциттердің қатарлары (мысалы, бауырдың паренхимасын құрайтын эптели тініне жататын гепатоциттердің тәжілері). Фоликулдар- эпителиоциттердің қуысты аралшықтары (мысалы, қалқанша безінің фолликулдары). Тор -бір-бірімен анастамоздар арқылы байланысқан өсінділі эпители жасушаларының жиынтығы (мысалы, тиму- айырша бездің эпителийлі қанқасы)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет