«Таран аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (111700, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 60, телефондар 8-714-36-49031, 8-714-36-37229 (факс), электрондық мекенжай



Дата15.09.2017
өлшемі116,68 Kb.
#32485
«Таран аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (111700, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 60, телефондар 8-714-36-49031, 8-714-36-37229 (факс), электрондық мекенжай: tar-maslihat@mail.ru), ұйымдастыру бөлімінің бас маманы «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды (Е-4, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты - 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейiн.

  Функционалдық мiндеттерi: Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша және жазбаша өтініштерін, сессия шешімдерін және мәслихат хатшысының өкімдерін, мәслихаттың және оның аппаратының басқа да құжаттарын қажеттілік мөлшері бойынша қазақ тілден орысша тілге және орыс тілден қазақша тілге аударуды қамтамасыз етеді.

Әзірлеушілермен ұсынылған мәслихат шешімдерінің жобаларын мемлекеттік тілдегі олардың мазмұнының сауаттылыққа тексереді, құқықтық актілер жобаларының қазақша және орыс тілдеріндегі мәтіннің дұрыстығына сараптама жасайды.

Аудандық мәслихатпен қабылданатын шешімдер мен қаулыларды жүзеге асыруды бақылауды жүзеге асырады.

Кіріс және шығыс құжаттаманы тіркейді, ақпараттың және есептің уақытында ұсынылуын бақылайды.

Аудандық мәслихат сессияларын өткізу және дайындау бойынша жұмысқа қатысады.

Сессияға шықырылғандар мен депутаттарды тіркеуді қамтамасыз етеді, оларды тіркелуі туралы сессия төрағасын хабардар етеді.

Аудандық мәслихаттың шешімдерін және оның тұрақты комиссияларының қаулыларын таратуды қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарын және сессиялардың хаттамаларын қалыптастыруды жүзеге асырады, олардың рәсімделуінің дұрыстығы үшін жауап береді. Бос қызмет орнына орналасуға конкурстарды өткізу және аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің аттестациясын өткізу үшін құжаттарды дайындайды.

Комиссиялар жұмыстарын жоспарлауда көмек көрсетеді.

Істер номенклатурасына сәйкес істерді рәсімдейді. Белгіленген номенклатура бойынша орындалған істерді қалыптастырады, сақтайды және мұрағатқа тапсырады. Іс жүргізу үшін жауап береді.

Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: қызмет көрсету, экономика және басқару (іс қағаздармен жұмыс және мұрағаттану (салалар және қолдану салалары бойынша), аударма ісі, құқық (құқықтану).

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын).

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналғанконкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.



Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес нысанда

толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.



Көрсетілген құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде «Таран аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көш., 60, № 3 кабинет мекен жайы бойынша ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефондар: 8-714-36-49031, факс 8-714-36-37229, электронды пошта tar-maslihat@mail.ru.



Конкурстық комиссияның қарауына қолма-қол тәртіпте немесе «Таран аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің электронды поштасына, немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттары электрондық почта арқылы берілген жағдайда, азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей келтіреді.



Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Таран аудандық мәслихатының аппаратында кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін «Таран ауданы мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінде бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Таран ауданы мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешiмiне уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
31.07.2017
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________

(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ ____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / ФОТО

фамилия, имя, отчество (при наличии) (түрлі түсті/

цветное 3х4)

_________________________________

лауазымы/должность, санаты/

категория (болған жағдайда/при наличии)



ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ


1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения






2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)






3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/ Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками






6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)






7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)






9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня- ется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, ме- сто работы, ме- стонахождение организации

қабыл- данған/ приема

босатылған/ увольнения




___________________

Кандидаттың қолы/



Подпись кандидата

_____________ күні/дата

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет