Таран ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің



бет2/14
Дата17.06.2018
өлшемі7,75 Mb.
#42648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Қайта оралған есім»

(Елдес Омарұлының туғанына 125 жылдығына арналған библиографиялық көрсеткіш)

«Возращенное имя»

(библиографический указатель, посвященный 125-летию со дня рождения Ельдеса Омарова)

Таран ауылы

2017 жыл

Құрастырушыдан

2017 жылы Таран ауданынын тумасы, белгілі ғалым, математик, аудармашы, лингвист, қоғам қайраткері Елдес Омарұлының туғанына 125 жыл. Осы мерейтойға арнап Таран аудандық орталық кітапханасы библиографиялық көрсеткішті өз оқырмандарына арнап шығарып отыр.

Елдес Омарұлының есімі көптеген жылдар бойы аталмай келді. «халық жауы» деп атылып, тек қана 1989 жылы ақталып, есімі елге қайта оралды. Сондықтан да Елдес Омарұлы туралы мағлұмат өте сирек кездеседі, көптеген еңбектері әлі де жарияланбаған. Қалың оқырманға, өскелең ұрпаққа арнап кітапхана қызметкерлері Елдес Омарұлы туралы әдебиет тізімін реттеп шығаруды ұйғардық.

Көрсеткіште 1997 жылдан 2017 жылдың қазан айына дейінгі шыққан мерзімді басылымдардан мақалалар, кітаптар тізімі енгізілген. Барлығы 28 библиографиялық жазылым. Көрсеткішті құрастыруда негіз болған Л. Н. Толстой атындағы ОҒӘК және Таран АОК каталогтары.

Көрсеткіш қалың оқырманға, студенттерге, ұстаздарға, кітапханашыларға арналған. Электрондық нұсқасы кітапхана сайтында орналасқан http://trbs.kz/page-121.html.
От составителя

В этом году исполняется 125 лет со дня рождения Ельдеса Омарова казахского ученого, математика, переводчика, лингвиста, общественного деятеля - уроженца Тарановского района. Тарановская центральная районная библиотека подготовила библиографический указатель, посвященный этой дате.

Имя Ельдеса Омарова долгое время было под запретом, только после реабилитации в 1989 г. стали произносить его имя. Много еще не известно в творчестве ученого. Очень мало автобиографического материала. Цель издания указателя выявить и систематизировать материал о нашем земляке. Его имя должны знать, оно должно быть с нами во имя нашего исторического будущего. Данный указатель содержит материал, который мы смогли собрать по крупицам. Указатель включает книги, статьи из газет и журналов и охватывает материал с 1997 г. по октябрь 2017 г. В указателе отраженно 28 библиографических записей.

Источником при составлении данного указателя послужили каталоги Костанайской ОУНБ им. Л. Толстого и Тарановской ЦРБ. Отбор материала закончен в ноябре 2017 года.

Материал в указателе представлен на казахском и русском языках.

Книжные источники и статьи из периодических изданий в библиогра- фическом указателе располагаются в алфавитном порядке.

Библиографический указатель предназначен для преподавателей, историков, литературоведов, библиотекарей, студентов, а так же для широкого круга читателей.

Материал указателя отражен на сайте библиотеки http://trbs.kz/page-121.html







Елдес Омарұлы Қостанай өңірінің Тобыл болысында, қазіргі Таран ауданына қарасты Қожай ауылы 1892 жылы туған. Елдес ағаның

тікелей ұрпағы Марат Шуақаев мұрағат материалдарынан (қор.95, бума.2, іс.170) оның жеке куәлігін тауып алған. №40 куәлік, 1907 жылы 19 шілде күні берілген. Онда оның Омар Тиесовтың ұлы екені, Дамбар болысына қарасты №2 ауылда 1893 жылы 1 наурызда (ескі стиль бойынша) туғаны жазылған.

«Казахский Ломоносов» так современники называли Ельдеса Омарова, за многогранную деятельность. Елдес Омарулы – видный общественный деятель, ученый (лингвист и математик), публицист и переводчик.

Елдес Омарулы родом из аула Кожай (№ 13) Дамбарской волости Кустанайского уезда (ныне это территория агроконцерна им. Белинского Тарановского района).




Өмірбаяны

Әкесі Омар ерте хат таныған, ауылдағы сауатты кісілердің бірі болған. Елдес әуелі Ыбырай Алтынсарин ашқан Қостанайдағы екі жылдық қазақ-орыс мектебінде білім алып, кейін Орынбордағы мұғалімдер институтын үздік бітіріп шығады.

Елдестің туысы, мұғалім Қапаш Шуақаевтың айтуына қарағанда, Елдестің арғы аталары Орта жүздің Қыпшақ руының ішіндегі Қарабалықтың белгілі билері болған. Қоржынкөл ауылының маңайында ертеректе Қаракөз деген елді мекен болыпты. Кейінгі жылдарға дейін сол жерде диқандар бригадасы тұрған. Қаракөз Омардың туған шешесі екен. Жаугершілік жылдары қалмақтан тұтқынға келген қыз екен деген де әңгіме бар.

Елдес аға өзі қызмет атқарған жылдары елдегі балаларды да оқуға алдырып, адам қылуды көздеген, талаптанған жастарға қолдау жасап, қолқабыс беріп отырған. Осы кісінің жәрдемімен оқып шыққан, кейін оқуларын Орынборда жалғастырған қостанайлық жастардың өзі бір төбе. Олардың ішінде Ахмет Тәшбаев, Жүсіпбек Жақаев, Қайдар Ибрашев секілді кезінде ел басқарған азаматтармен бірге Рақатқызы Күләй, Күлқадиша, Күләйім, Қатира есімді қостанайлық қыздар да болған.

Елдестің туған шешесі Шолпан жастай қайтыс болады. Ал Омар атайдың екінші әйелі Ғалия бертінде, 1953 ж. кайтқан. Қаратомарға жерленген. Омардың үш ұл,  бір қызы болған. Елдестің інісі Ескендір сұм заманның құрбаны болып кетсе, Ғалиядан туған Әбдеш аурудан 1948 жылы көз жұмған. Бүгінде жасы тоқсанға келген Биғанша Райысқызы Елдесті көзі көрген кісі. Омарқызы Мәруаш болса Қайыңдыкөл ауылында (қазіргі Белинский атындағы АҚ) тұрып, тоқсаныншы жылдары қайтыс болды.

Ұлы Отан соғысы басталған жылдары Омар ақсақал жетпістен асқан екен. Сол жылдардың өзінде көнекөз қария ауыл адамдарына майданнан келген хаттарды, газеттерді оқып беріп отырған. Кіші баласы Әбдешті ағаларының ауыр жолын қумасын деп әдейі оқытпайды. Өмірінің соңғы күні жайнамаз үстінде өтіп, намаз кезінде өмірмен қоштасады.



Білім жолындағы алғашқы қадамдар...

Елдес Омарұлы Қостанай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды, кейін Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер мектебін бітіріп шығады. Уақытша үкіметтің Торғай уездік комиссарының көмекшісі, Торғай облысы азаматтық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Бірінші және екінші жалпықазақ сиездеріне қатысты. Қостанай уезінде Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықтың Алаш автономиясын қолдауға шақырды. 1922-26 жылдары Қазақ халық ағарту комиссариатының академиялық орталығында, Қырғыз (қазақ) халыққа білім беру институтында қызмет істеді. 1926-29 жылдары Ташкент педагогикалық институтында, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқытушы болып жұмыс істеді. 1934-35 ж. Қазақ мемлекеттік медицина институтында қазақ тілінен сабақ берді. 1935-37 жылдары ҚазМУ-да қазақ тілі кафедрасының доценті болып қызмет істеді. Елдес ағаның қазақ тарихында алтын әріптермен жазылып қалуға тиісті үлкен еңбегі оның Ахмет Байтұрсыновпен бірге 1926 жылы Әзірбайжанның астанасы Бакуде өткен тюркологтардың, яғни, түркітанушылардың бірінші құрылтайына (съезіне) қатысуы. Мұнда ол қызықты баяндама жасайды, баяндамасы мамандар тарапынан жақсы бағаға ие болады. Елдес аға Оқу комиссиясының мүшесі болған жылдарда да өнімді еңбек етеді, қазақ мектептері үшін арнаулы оқулықтар жазып, бірқатар кітаптарды орыс тілінен қазақ тіліне аударады. Ғалымның көптеген кітаптары Орынбор, Ташкент, Қызылорда қалаларында жарық көреді. Бұл кітаптардың біразы тілтануға, қазақ тілінің грамматикасына арналса, енді біразы хрестоматиялық негізде құрастырылған. Қалай болған күнде де ғалым қазақ мектебі үшін ауадай қажет оқулықпен қамтамасыз етуге өзі де жан аямай кірісіп, өзге кісілерді де осы мақсатқа жұмылдыра білген. Қазіргі уақытта кейбір тілші-ғалымдарымыз бен аудармашылар орыс тіліндегі көптеген сөздердің баламалары мен қазақша атауын дәл таба алмай, бас қатырып жүрсе, әрі ұстазы, әрі досы болған Ахмет секілді Елдес аға да көптеген қазақ сөздерін ұтымды әрі шебер қолданады. Мәселен, Ақаң публицистиканы көсем сөз, афоризмді ділмар сөз деп атаса, Елдес аға ана тілінде жарық көрген геометрия оқулығын пішіндеме, тригонометрияны кескіндеме деп аударған. Ал математиканы есеп-қисап деп атаған.



Саяси-қоғамдық жұмыс

Ел басына қара бұлт үйірілген ауыр жылдарды Елдес Омарұлы өзінің жан аямас достары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтармен бірге өткізеді. Осы бесеуіне ашылған № 6 іс бойынша 1929 жылғы 16 тамызда Біріккен саяси басқарманың Шығыс бөлімі бастығының көмекшісі Саенко Қылмыстық кодекстің 207 статьясын басшылыққа алып, қаулы шығарады. Мәскеудің атышулы Бутыр түрмесіне де Елдес аға өз әріптестерімен бірге түседі. Ал 1929 жылы 24 қарашада Біріккен саяси басқарманың Шығыс бөлімінің бастығы Міржақыпты 14-ші камераға алып кеткеннен кейін бұған дейін бір камерада отырып келген Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Елдес және тағы бірнеше адамды бір-бірінен бөлектеп, жеке камераға отырғызуды сұраған құжат та мұрағат деректерінде сақталған.

Азаттық аңсаған есіл ер абақтыға сан қамалып, азап тартып жүріп, соңғы рет 1937 жылдың 22 қарашасында тұтқынға алынады. Ол кезде Елдес аға өзінің отбасымен Алматы қаласындағы Виноградов кашесіндегі 95-ші үйде тұрған. Отыз жетінші жылдың 1 желтоқсанында Алматы облыстық НКВД бөлімінің үштігі тергеп-тексермей-ақ, оны ату жазасына кеседі.

Елдес ағаның ел деп соққан жүрегі тоқтаған жоқ, 1992 жылы Елдес Омарұлының тұғанына 100 жыл толуын туып-өскен жері – Таран ауданының жұртшылығы атап өтті. Оның атымен мектеп аталып, есімі көшелерге берілді.



Биография
В дате его рождения имеются разночтения: по собственноручным записям — 29 февраля, по другим документам — 1 марта 1892 года. Это, скорее всего, вызвано тем, что тот год был високосным.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет