Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы



бет1/2
Дата27.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#40946
  1   2
Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы” КММ



Баяндама тақырыбы:

Лексиканы меңгертудің жолдары және жұмыс түрлері

Баяндамашы: Ақтолқын Оразқызы Кафизова







Лексиканы меңгертудің жолдары және жұмыс түрлері

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл — өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған.

ХХ ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді. Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз.

Белгілі ғалым Махмұд Қашқари «Тәрбие басы – тіл» деп көрсетеді. Жалпы, қай тәрбиенің де бастауы отбасынан басталатыны рас, патриоттық сезім де отбасынан қалыптасады. Тіл туралы айтылғандардың бәрі желге ұшып, қоқысқа айналмасын десе, әр қазақ өз шаңырағында ағарту ісімен айналысса, нұр үстіне нұр болар еді.

«Елге деген сатқындық оның болашағына сенбеуден басталады. Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол – ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да»- деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу, сонымен қатар білім ордаларынан бастау алуы тиіс. Адам баласы тек қана білім арқылы дүниенің құпия сырын ашады. Білімнен тағылым алып, болашағын болжап, келешегіне бағыт белгілейді. Білім алдымен тіл арқылы игеріледі. «Тіл бесікте бекиді, үйде қалыптасады, бойға ұялайды, шаңырақта шыңдалады, мектепте дамиды, сөйлегенде жетіледі, жазғанда қалыптасады» деген Асылы Османованың сөзімен толық келісемін. Өте әдемі айтылған, терең мағыналы сөз.

Қазақ тілін меңгертетін мұғалімдер жаңа заман технологиясымен қаруланған, білімді, сауатты, оқушы бойына патриоттық құндылықтарды игерте алатындай деңгейде болуы тиіс. Себебі, кез-келген пәнді игертудің бір жолы –тіл үйренушінің бойындағы қызығушылықты арттыру.

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету жолында тіл үйренушілерге берілетін жұмыстарды жоспарлаудың маңызы зор. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін педагог мамандар түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасай алулары қажет.

Мемлекеттік тілді орыс сыныптарындағы оқушылардың тілін дамыту – аса күрделі әрі үнемі ізденісті қажет ететін іс. Сондықтан бүгінгі семинарға таңдаған баяндамамның тақырыбы: «Лексиканы меңгертудің жолдары және жұмыс түрлері», өйткені сөздік қор қалыптаспаған жерде, ауыз екі сөйлеу дағдысы да қалыптаспаған деген сөз. Сол себепті, өткен кез- келген тақырыпты пысықтау үшін, сіздерге «Сөзжұмбақ» шешуді ұсынамын:



І- тапсырма

Мақсаты: сөздік қорын байыту, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту, ізденуге қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтиже: өткен зат есім, сын есім грамматикалық тақырыптарын өткен кезде меңгерген лексика минимумын бекіту.

І- нұсқа

Көлденең


Тігінен

1. Кірпі қандай болады? тікенек




2. Онда ағаштар, гүлдер өседі, адамдар жүреді.

3. Сиыр сүт ..........................

5. Кәмпит, шоколад,қарбыздың дәмі қандай болады?

4. Ол киім үтіктеу үшін керек.

6. Онымен есікті ашады. Ол не?

7. Мектепте сабақ болады, тағы не болады?

10. Мен телефонмен не істеймін?

8. Оның төрт аяғы бар, онда сабақ жазады.

11. Түлкінің құйрығы қандай болады?

9. Ол жазда, көктемде,күзде ұшады. Ол өте әдемі. Ол қызыл, сары, көк ...... болады.

12. Сен оны кілтпен ашасың. Ол не?

14. Қашан аспанда күн болады?

13. Онда диван, үстел, орындық, теледидар бар. Ол не?

16. Пышақ қандай болады?

15. Сиыр не береді?

17. Алма не?

17. Оны мал(сиыр, қой,ешкі.....) жейді. Бұл не?

18. Тамақ қандай болады?

21. Суды ішеді, ал алманы не істейді?

19. Сүтті, суды адамдар не істейді?

22. Ондай киім іледі. Ол не?

20. Бұл түс.

23. Жаңа сөзінің қарама- қарсы мағынасы?

21. Көшеде, жолда автобустар не істейді?

- нұсқа

Көлденең


Тігінен

2. Мен бүгін дүкеннен көйлек сатып алдым. Ол қандай?

1. Қыста онымен сырғанайды

4. Мектепте күніне 5 немесе 6 ........... болады.

3. Оқушылар сабақта не алады?

5. Ұйықтау үшін не керек?

4. Ол уақытты көрсетеді.

7. Онда суреттер ілулі тұрады.

6. Оны аралар береді.

11. Шұбат, айран денсаулық үшін ...................

8. Бұл құс қара, кейде ала болады, ол қарқылдайды.

12. Онымен қағаз кеседі.

9. Сіз ыдыс- аяқты жудыңыз, енді ол қандай?

14. Жазда ауа райы қандай?

10. Адамдар ауылда және қалада ......

15. Мен сабақта не істеймін?

13. Лимон қандай болады?

17. Онымен сызады.

16.Пияз қандай болады?

19. Онымен тамақ ішеді?

18. Көктемде ауа райы қандай?

22. Бұл кішкентай құс.

20. Доп қандай болады?

23. Онда адамдар тамақ ішеді.

21. Қыста адамдар не тебеді?

24. Онда адамдар отырады және ұшады.

24. Қиярдың формасы қандай болады?

27. Оқушылар онда жазады.

25. Мен кітап ................ .

28. Ол салғанда керек.

26.Онда қарайсың, өзіңді көресің.




29. Ол биік болады.

ІІ- тапсырма

Ойын: «Күнделікті әрекеттер»

Мақсаты: Екі сөйлесуші адамның бір-бірін түсініп, дұрыс жауап берулері қажет.

Тапсырма:

Нәтиже: Телефонмен сөйлесу мәдениетін үйренеді, сұрақтарды дұрыс қойып, өз ойларын нақты жеткізе алады.

Балалар жазда әдетте допты алады және футбол ..........

Түнде сіз төсекке жатасыз және не істейсіз?

Кинотеатрда жаңа фильм болып жатыр, ол жақсы фильм екен, сіз не істейсіз?

Балалар волейбол ойнайды, олар жүреді, жүгіреді, тағы не істейді?

Адамдар Медеуде не істейді?

Сіз үйге келесіз, диванға отырасыз және не істейсіз?

Сіз дәптерді ашасыз, қолыңызға қаламды аласыз, сосын не істейсіз?

Сіз шайды кесеге құясыз, сосын не істейсіз?

Сіз кітапты аласыз, ашасыз және не істейсіз?

Сіз үтікті аласыз, тоққа қосасыз, сосын не істейсіз?

Адамдар тамақ ішеді, сосын ыдыс- аяқты не істейді?

Сіздің машинаңыз жүрмейді, сіз не істейсіз?

Әнші микрофонды алады, сосын не істейді?

Адамдар қыста коньки тебеді, ал жазда не тебеді?

Асханада, кафеде адамдар не істейді?

Сіз магнитофонды қосасыз, сосын не істейсіз?

ІІІ- тапсырма «Сен сұра, мен айтайын»

Мақсаты: сұраулы сөйлем құрастыруға жаттықтыру, сұрай есімдіктерін орынды пайдалануға үйрету.

Күтілетін нәтиже: тіл үйренушілерді сұраққа жауап беру арқылы, сұхбаттасу әрекетіне түседі .












Каталог: uploads -> doc -> 11d7
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11d7 -> Сабақ «Мейрамханалар мен асханалар. Құрмалас сөйлем.»
11d7 -> Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
11d7 -> Коммунального учреждения
11d7 -> 1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -теңге айналымға енді.  1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз тм6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.  1995 жыл 30 тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет