Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет14/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   203
ӘОЖ 37.035.6
А 14


ХАЛЫҚТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР МЕКТЕБІ – ТӘРБИЕ БЕРУ НЕГІЗІ


Абдрасилова Г.Л.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру — өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалық білімі осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты. Қазақ халқы - елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, жасалуы керек. Бастауыштағы барлық пәндерді салт-дәстүрлерді пайдалана отырып байланыстыра оқыту, шын мәнінде оқушылардың алған білімінің тиянақты болуына, оны саналы түрде меңгеруіне, кеңінен ойланып, есіне сақтауына мүмкіндік тудыратын әдіс екендігін дәлелдеу үшін халқымыздың салт-дәстүрлерінің бай үлгілерін айтуға болады.


Оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттардың ішінде негізгі мәселелерін бөліп қараймыз:
- салт-дәстүрлер арқылы қалыптасатын адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің біртұтастығына бағытталған мазмұнның қалыптасуы;
- тәрбие үрдісіне бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық мәдениеттілігін қалыптастыруға әсер ететін ұйымдастыру формалары мен әдістерді енгізу;
- салт-дәстүрлер арқылы қалыптасатын адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің тиімділігі критерийлерін жасау;
Кез-келген тәрбиенің принципі, соның ішінде эстетикалық тәрбиенің де қалыптасуы адамгершілік бағытта болатыны белгілі нәрсе. Эстетикалық тәрбиенің ерекшелігі сол, ол өте күшті эмоциялық-жекелік реакциясын тудыратын көрнекі-сезімдік құралдар арқылы жүзеге асады. Біздің пікірімізше, бұл принцип бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты, оларды адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеуде маңызды және жетекші болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері- практиканттар кейбір пәндердің, сабақ процесінің мүмкіндіктерін өз тәжірибелерінде пайдаланған жөн.
Сабақтардың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына халықтық салт-дәстүрлер арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру. Әрбір сабақ белгілі міндеттерді көздейді:
- балаларға халықтық салт-дәстүрлер туралы бастапқы білім беру, ұғымдарымен таныстыру;
- жас ерекшелігіне байланысты игере алатын білім мазмұнымен қамтамасыз ету;
- халықтық салт-дәстүрлер негізінде балаларды гуманды-көркемдік сезімдерді бастан кешіруге баулу;
- халықтық салт-дәстүрлер негізінде балалардың бойында адамгершілік-эстетикалық дағдыларды қалыптастыру;
- алған білімдері, білік-дағдылары негізінде адамгершілік-эстетикалық әсерленуін, талғамын, эмоциональды-бағалау қатынасын дамыту. Мысалы, 1-сыныпта «Ана тілі» пәнінен (Атамұра, Алматы) «Төрт түлік» бөлімін өткенде көптеген тақырыптар – «Мал атасы», «Құлыншағым», «Төлді қалай шақырады?» т.б., «Шаңырақ шуағы», «Үлкенге құрмет – кішіге құрмет», «Әке көрген оқ жонар...», «Талаптыға нұр жауар», «Сәлем –сөздің анасы», «Кішіпейілділік – кісілік белгісі» бөлімдері қазақ этнопедагогикасы материалдарына негізделіп берілген. Яғни бұл тақырыптарды өткенде қазақтың ата кеәсібі, тұрмыс-салт дәстүрлері, қолөнері, әлеуметтік дәстүрлерін кеңінен қолдануға болады. Осы бірінші сыныптың «Математика» пәнінде мынадай тақырыптарды өткенде халықтық педагогика элеменеттерін қолдануға болады: «Нешінші?» тақырыбы (Мысалы, «Көкпар» ойынын қолдануға болады, «Біріктіру және бөліп алу.» (Төрт түлікке қатысты ата кәсіп дәстүрлері) т.б.
«Дүние танудан» - «Табиғат», «Түн тынысы», «Айналадағы дүниемен танысу», «Отбасы», «Ауыл»; «Бейнелеу өнері» пәнінен «Графика», «Живопись», «Қазақ халқының өнері», «Ертегі бойынша сурет салайық», «Өрнек құрастырайық», «Халық шеберлерінің ісімен танысайық», «Үй жануарларын мүсіндейік», «Ұлттық киімдерді әшекейлейік», «Наурыз мерекесі»; «Музыка» сабағынан «Тұрмыс-салт әндері», «Төрт түлік малға арналған әндер», «Наурыз келді, алақай!» бөлімдері; «Еңбекке баулу» сабағынан «Қоржын жасау»; «Киім кескіндерін аппликациялау», «Қолданбалы өнер» бөлімінен – «Ұлттық киім үлгілері», «Зергерлік өнер», «Шаршы оюлар», «Көркем қолөнердің ерекшеліктері» тақырыптарын өткенде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен олардың элементтерін пайдалану арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие берудің мүмкіншілігі артары сөзсіз.
Екінші сыныпта да халықтық салт-дәстүрлерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ана тілі пәнінен «Туған елім – Қазақстан», «Асыл сөз», «Адам болам десеңіз», «Еңбек түбі – береке», «Өнегелі өмір», «Табиғат – тіршілік бесігі», «Біздің тілегіміз – достық» атты бөлімдерде ұлттық салт-дәстүрлер арқылы сабаққа сәтті жол тапсақ, оқушылардың белсенділігі дамып, пәнге деген құштарлығы ояна түсері сөзсіз. Олар - халықтық педагогикада балалар тәрбиесінің таптырмайтын құралы, әдіс-амалы, тәсілі, белгілі ережелері мен әдет-дағдылары болды, сонымен қатар құнды адамгершілік қасиеттерін (қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық т.б.) және сезімдік-эстетикалық қасиеттерін (өнердегі, табиғаттағы әдемілікті, әсемдікті талғаммен, сүйіспеншілік сезіммен қабылдау, әсерлену, эстетикалық тұрғыда баға беру қалыптастыратын тәрбие құралы.
«Қазақ тілінен» – «Зат есімді» өткенде әр түрлі ұлттық жиһаздар, мәдени бұйымның атаулары: киіз үй, сандық, кебеже, күбі, мес, ожау, диірмен, сырға, шолпы, оймақ т.б. пайдалану арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерін, «Етістікті» өткенде жан-жануарлардың төлдеуі, дыбыс шығаруына байланысты ұғымдарды меңгерту, мысалы: қой қоздайды, маңырайды, түйе боталайды, боздайды, жылқы құлындайды, кісінейді, сиыр бұзаулайды, мөңірейді, ешкі лақтайды т.б. және «Сын есімді» өткенде қазақтың ұлттық заттарын, мысалы, жылқының түр-түсін ажыратуға байланысты: жирен, құла, қара қасқа т.б. ұғымдар арқылы ата кәсіпке байланысты дәстүрлерді,, «Сан есімді» өткенде қазақта қасиетті сан болып табылатын жеті саны (жеті қазына, жеті жарғы, жеті ата, жеті шелпек, жеті күн, жұт - жеті ағайынды) туралы, он үш саны (он үш мүшел жас) әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерді т.б., «Сөйлем»тақырыбын өткенде «Жеті ауылға саяхат» және «Мәтін» тақырыбын өткенде «Хан талапай» ойынын ойнату арқылы бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді пайдалану тәрбие мазмұнын арттырып, байытады.
Математикадан – «Жүз көлеміндегі сандар» бөлімінде – «Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту», «Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту», «Кестелік қосу және азайту», «Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту», «Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту»; «Мың көлеміндегі сандар» бөлімінде - «Сандарды оқу, жазу, салыстыру», «Қосу және азайту» тақырыптарын өткенде қазақ халқының сандарға байланысты игі дәстүрлерін пайдаланған жөн.
Дүние танудан – «Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы», «Табиғат», «Өсімдіктердің тіршілігі», «Жануарлардың тіршілігі», «Отан» бөлімдеріне енген көптеген тақырыптар халықтық мұра салт-дәстүрлерді пайдалануды өз-өзінен қажет етеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері – халықтың ғасырлар бойы сыннан өткен халық тағлымы екендігі айқын. Олай болса, халықтық салт-дәстүрлер мектебі тәрбиелеудің кені дей аламыз. Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп. Мысалы: салт-дәстүрлерге арналған әңгімелесу, тәрбие сағаттары, саяхат, экскурсия, кездесулер, онкүндік, түрлі ойындар, КВН-дар ұйымдастыру арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие берудің тың жолын салуға болады.
Бағдарламадағы «Ұлттық салт-дәстүрлер туралы түсінік» тақырыбына әңгіме жүргізуге болады. Әңгімені жоспарлы түрде жүргізген жөн. Алдын-ала қаралатын сұрақтары мен әңгіме барысын айқындау алу керек.
1) Ұлт, ұлттық сезім ұғымдарына анықтама.
2) Салт дегеніміз не?
3) Дәстүр дегеніміз не?
4) Ұлттық салт-дәстүр дегеніміз не?
«Ұлттық отбасы тәрбиесі» тақырыбына КВН өткізіп, отбасындағы қыз бала, ұл бала тәрбиесіне орайластырылған «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» атты конкурстар ұйымдастыруға болады. Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының қазақ салт-дәстүрлерінен алған білімдері, іскерліктері мен дағдылары түрлі әдіс-тәсілдер (ауызша, жазбаша, әңгімелесу және т.б.) арқылы айқындалады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің бастауыш сынып оқушыларына қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбие беруге дайындығының деңгейіне талдау жасасақ, дайындық көрсеткіштері ретінде қазақ салт-дәстүрлері жөніндегі білімдері, салт-дәстүрлерге оқушыларды тәрбиелеу іскерліктері, салт-дәстүрлер бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдыларын алдық. Қазақ салт-дәстүрлері жөніндегі білімі деп этнопедагогика ғылымының теориялық негіздерін, салт-дәстүрлер іскерлігін, сол салт-дәстүрлер бойынша білімін практикада қолдану қабілетіне ие болуын, ал салт-дәстүрлік дағдылар бойынша ұлттық тәрбие беру іскерліктерінің қалыптасуын айтамыз. Сонда бастауыш сынып мұғалімдерінің қазақ салт-дәстүрлері бойынша дайындық көрсеткіштерінің деңгейлерін, олардың қазақтың салт-дәстүрлерінен алған теориялық білімдерін, қазақ салт-дәстүрлері жөніндегі іскерліктері мен дағдыларын анықтауға болады.
Жоғарыда айтылғандардан төмендегідей шешімдерге келдік:
1.Халыққа білім берудің қазіргі кезеңінде адамгершілік-эстетикалық тәрбие үрдісі өн бойына аймақтық және ұлттық ерекшеліктерге орай халықтық салт-дәстүрлерді енгізу керек.
2.Жеке адамның бойына жоғары адамгершілік-эстетикалық қасиеттерді қалыптастыруда басқа да құралдармен қатар, ұрпақтардың жалғасын тауып келе жатқан іс-тәжірибесі көрінетін халықтық салт-дәстүрлер үлкен рөл атқарады, мұнда халықтық педагогиканың бай іс-тәжірибесін және салт-дәстүрлерін өн бойына жинаған жеке адамның тәрбиесіне қатысты ақылдары мен нақылдары бар.
3.Халықтық салт-дәстүрлер халық ауыз шығармашылығында, оның ішінде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, өлеңдер, жырлар, дастандар мен ертегілерде кеңінен кездеседі. Бұлардың барлығын өзінің сезімділігімен, тілінің жеңілділігімен балалардың жүрегіне жақын болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісінде табысты қолдануға болады.
4.Қазақ халқының халық ауыз шығармашылығы өмірдің ащы шындығын бейнелейтін терең реалистік шығармалар. Халықтық салт-дәстүрлердің мәні өте зор, өйткені оларда адамның жоғары адамгершілік-эстетикалық қасиеттеріне қатысты тәжірибелері беріледі.
5.Халықтық шығармалардан көрініс тапқан халықтық салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу халық шығармашылығының көптеген түрлеріне бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын қалыптастырады.
6.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сабақтан тыс уақытта пайдалану (таңертеңгіліктер, конкурстар, викториналар, тәрбие сағаттары және т.б.) балалардың сезімдік ортасына елеусіз түрде әсерге жол ашады, олардың халық шығармашылығына, ондағы идеяға қызығушылығын тудырады, яғни тәрбиелеу үрдісін жеңілдетіп, оны әрекетті етеді.
7.Сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта қолданылатын салт-дәстүрлердің тәрбиелеу мүмкіндіктерін пайдаланудың қажетті шарттары болып, балалардың жас ерекшелігін ескеру болып табылады.
8.Мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасы жағдайында ғана халықтық салт-дәстүрлер арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде алдын-ала болжанған нәтижелерге қол жеткізуге болады.
9.Адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу құралы ретінде халықтық салт-дәстүрлерді пайдалануды мазмұнның мақсатты бағытталған, ұйымдастыру түрлері мен жұмыс әдістері жүйесінде жүзеге асыру.
10.Бағдарламалар мен оқу кітаптарына енген халықтық салт-дәстүрлер көрініс беретін шығармаларда оқушылардың адамгершілік-эстетикалық дүниетанымын қалыптастыруды көздейтін тәрбиелік идеялар мен ойлар жатады.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   203




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет