«Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі Ақсуат ауылы 2011 жыл



Дата12.03.2018
өлшемі97,44 Kb.
#38665
«Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

Ақсуат ауылы

2011 жыл

«Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай ауданы әкімдігінің 6 маусым 2011 жылғы № 185 қаулысы негізінде «Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі құрылды.

1.2. Мемлекеттік мекеменің қазақша атауы – «Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орысша атауы – государственное учреждение «Тарбагатайский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии».

1.3. Бөлімнің құрылтайшысы Тарбағатай ауданы әкімдігі

1.4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілеріне және осы ережеге сәйкес атқарады.

1.5. Бөлім мемлекеттік тілде өзінің атауымен мөрі, мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкіде шоты бар заңды тұлға болып табылады. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

1.6. Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрық түрінде актілер шығарады.

1.7. Бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесін Тарбағатай ауданы әкімдігі бекітеді.

1.8. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 071500, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, № 13 үй.



2. Міндеттері және функциялары
2.1. Бөлім төмендегі негізгі міндеттерін іске асырады:

1) АӨК-інде экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын жетілдіру мен басқару және осы негізінде аграрлық сектордың дамуын белгілеу, даму сатысын талдау, нарықтық инфраструктураны қалыптастыру және нарықтық құрылымның түрін ұйымдастыру, біртұтас қаржы-инвестициялық саясат және есепті жүргізу.

2) Барлық меншік түрі негізінде ауылдағы әртүрлі ұйымдық-құқықтық шаруашылық жүргізуші тұлғалардың дамуы мен қалыптасуына ықпал жасау.

3) Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілдердің нарық саласында өнімдерін өткізуге және қажетті жағдайды жасауды ұйымдастыру.

4) Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және маркетингіні ұйымдастырудың негізгі принциптерін дайындау, республика және облыстың экономикалық аймақтары бойынша нарық коньюктурасын, ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару мүмкіндіктерін зерттеу.

5)Жаңадан құрылған агроқұрылымдарды мемлекеттік қолдауды іске асыру және ұйымдастыру.

6) Ауыл шаруашылық құрылымдарда жаппай экономикалық оқуды жүргізуге ықпал жасау.

7) Агроөнеркәсіп комплексі тұлғалары арасында мемлекеттік агроызықтүлік саясатының негізгі бағыттары мен механизмі туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.

8) Агроөнеркәсіп комплексі дамуы саласының аймақтық бағдарламасын зерттеу және мониторингі жүргізу, дайындау, іске асыру.

9) Агроөнеркәсіп комплексі саласында жедел ақпаратты жинақтауды жүргізу және жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тапсыру.

10) Ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын, оны іске асырудың жолдары мен әдістерін анықтау және іске асыруға ықпал жасау, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау.

11) Мал шаруашылығында және тұқым шаруашылықтарында селекциялық сұрыптау жұмыстарын жүргізу, жергілікті климатқа шыдамды тұқым түрлерін іріктеп өндіріске кіргізу, өнімді өндіруде және қайта өңдеуде алдынғы қатарлы технология мен бағыттарды енгізуді іске асыру.

12) Ауыл шаруашылық және ветеринария саласында аудан әкімдігінің қаулысы және аудан әкімінің өкімін, шешімдерінің жобасын дайындау.

13) Ауыл шаруашылық және ветеринария саласында даму бағдарламасын дайындау және аудандық маслихат сессиясында бекітуге ұсыну.

2.2. Ауданның агроөнеркәсіп саласында электірлендіруді, механизациялауды, ауыл шаруашылығындағы техникалық, экономикалық, технологиялық, мемлекеттік саясатты іске асыру.

2.3. Барлық меншік және шаруашылық құрылымдарын дамуына, аграрлық секторда нарықтық қатынастың қалыптасуы мен дамуына және сауда, қайта өңдеуде агросервис енгізуге ықпал жасау.

2.4. Ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өңдеуді болжау, агроөнеркәсіп комплексінің дамуының әлеуметті-экономикалық индикативті жоспарын жасау.

2.5. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруде және қайта өңдеу өнеркәсібінде жаңа техниканы және прогрессивтік технологоияны енгізуге ықпал жасау.

2.6 Экономикалық реформа мемлекеттік бағдарламасын орындалуын қамтамасыз ету.

2.7. Ауыл шаруашылығын техникамен қайта жабдықтау, агросервис ұйымдастыру, лизинг бойынша техника алуды ықпал жасау.

2.8. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер қорына қаржылай көмек көрсетуге ықпал ету.

2.9. Ауылдық тауар өндірушілерге контракт, бизнес-жоспар жасауға көмек жасау, оларды экономикалық сараптамадан өткізіп іске асыруға ықпал жасау.

2.10. Аудандағы агрокомплекс ұйымдары мен кәсіпорындар қызметінде есеп және қаржы заңдылықтарының сақталуына үнемі талдау жасап отыру.

2.11. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру.

2.12. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру.

2.13. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың эпизоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру.

2.14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;

2.15. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру.

2.16. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау болып табылады.

2.17. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.

2.18. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді ұйымдастырады.

2.19. Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың эпизоотиялық ауруларының тізімін әзірлейді.

2.20. Жануарлардың эпизоотиялық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жоюы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы және жоюы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

2.21. Ветеринариялық есеп және есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленгентәртіппен табыс етеді.

2.22.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және олар бойынша компьютерлік деректер базасын жүргізуді, сондай-ақ жануарларды сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) сою алдында тексеріп қарауды жүзеге асырады.

2.23. Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша оқу ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.

2.24. Жануарларды өсіруді, жануарларды дайындауды (союды), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссияны ұйымдастырады.

2.25. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерттейді.

2.26. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулардың профиалктикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.

2.27. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдары мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады.

2.28. Елді мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды анықтайды.

2.29. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырады.

2.30. Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

2.31. Жануарларға ветеринариялық паспорт беру.

2.32.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру.

2.33. Ветеринария саласындағы қызметке лицензия беру.

2.34. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу.

2.35. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу.

2.36. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрай және алу.

2.37. Заңнамамен белгіленген тәріпте, ветеринария сакласында жеке кәсіпкерлікпен айналасытан заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешімдірді шығару.

2.38. Белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотияға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс шығару.

2.39. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқару органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығару.

2.40. Тиістік әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқару органына жануарлардың жұқпалы ауруларының тарлауын тоқтатуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алу жөнінде ұсыныс шығару.

2.41. Жануарлар мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдау.

2.42. Уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару.
3. БӨЛІМНІҢ МҮЛКІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫСЫ
3.1. Бөлімнің жедел басқару құқында мүлкі бар. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

3.2 Бөлімге бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады. Заң бойынша бекітілген шеңберде бөлім мүлікті басқару құқы болу мүмкін.

3.3. Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміні ұстау және шығыны аудандық бюджет есебінен қаралады.

4. БАСҚАРМА ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1. Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімін бөлім бастығы басқарады, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Еңбек кодексі» заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімі тағайындайды.

4.2. Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі өзіне жүктелген міндетті атқару үшін бөлім бастығының құқы:

1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Еңбек кодексі» заңдарының талаптарына сәйкес, бекітілген штаттық кестеге және еңбек қоры көлемінде бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2) Бөлімге жүктелген міндеттерді және функцияны орындауда тікелей жауап береді, орындалуға тиісті істерге жауап беретін қызметкерлердің жауапкершілігін белгілейді.

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызмет шеңберінде бұйрық, нұсқау шығарады,түсінік береді.

4) Мемлекеттік органның қызметкерлеріне белгіленген заң шеңберінде тәртіптік жаза қолданады.

5) Мемлекеттік органдарға, басқада өкілеттіліктерді атқарады.

4.3. «Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ереже мен құрылымын аудан әкімі бекітеді.



4.4. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы негізінде мекеме бастығы жауапкершілікке тартылады.
5. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖОЮ.
5.1. Бөлімді қайта құру мен жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

Аппарат басшысы Қ.Мауадинов
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет