Тарих және құқық факультетінің деканы Е. Е. Хайдаров


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



бет3/5
Дата27.07.2017
өлшемі1,22 Mb.
#22105
1   2   3   4   5

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:курстық жобалардың (жұмыстардын) тақырыптары,графикалық- есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.,орындалу уақыты, бақылау түрлері (тестілер, экспресс-сұрақтар, есептер, рефераттар, баяндамалар т.б.).

Төменде мысал келтірілген
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты



7 және 8 апта

Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест





4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, және студиялық сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра: «құқықтық пәндер»

Тьютор: Асильбекова Галия Абдикадырқызы

Пән: «ҚР Әкімшілік құқығы »

Кредит саны 3







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7




А.А.Таранов .Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық Алматы; Жеті Жарғы. 2003

20

1

30 %

-

-




Ибрагимов . Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы Алматы; Жеті Жарғы, 2000 ж. .

10

1

30 %

-

-




Жетписбаев Б.А. Административная ответственность в Республике Казахстан: Учебное пособие / Под общей ред. проф. С.С. Сартаева. – Алматы: Данекер, 2000. – 233с.


10

-

4,2

-







Жетписбаев Б.А. Административно-правовые меры профилактики и пресечения правонарушений несовершеннолетних. Алматы. Академия труда и социальных отношений. 1998.


3

-

1,8

-






Ибрагимов Х.Ю. Административное право. Алматы: Данекер, 2000. – 256 с.


10

-

4,2

-







Комментарий к КоАП РК. В двух книгах./ Под ред. А.А. Таранова Алматы: ТОО Издательство «Норма-К» - 2002г.


10

-

4,2

-







М.А. Алпысбаева, О.К. Акымбеков Административное право РК (альбом схем) Алматы: Данекер – 2003 г.


6

-

2,9

-







Жетписбаев Б.А. Административный процесс (производство по делам об административном правонарушений в РК) Учебник. Алматы., 2002 г.


13

-

4,5

-







Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы. 2000

4

-

2,8

-







Бахрах Д.Н. Административная ответственность: Учебное пособие. М. 1999.


7




3,8









5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

    1. Дәрістердің тезистері

1 тақырып: Әкімшілік құқық -пәні және әдістері. (2 сағат)

Мақсаты: Әкімшілік құқық ғылымының заңгерлер үшін маңыздылығын түсіндіру.

Негізгі сөздер: басқару, полицей, норма.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Әкімшілік құқық туралы түсінік. Әкімшілік құқық ғылымының пайда болу тарихы және дамуы. Әкімшілік құқық ғылымының қоғамдағы алатын орны. Әкімшілік құқық пән туралы түсінік. Әкімшілік құқық пәнінің ерекшеліктері. Атқарушы органдар жүйесімен әкімшілік құқықтың байланысы. Әкімшілік құқықық әдістері түсінігі және ұғымы. Әкімшілік құқық әдістерінің түрлері. Басқа құқық салалары әдістерінен айырмашылығы.

Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет министрлер мен ведомствалар, өзгеде орталық атқарушы органдар, әкиматтар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктер мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтарымен және өздерінің құзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұымдармен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықпен қатынастар реттеледі.

Әкімшілік құқық жалпы әмбебап жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саламен реттелетін қатнастар құрамының күрделі болуына байланысты. әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құқықтық қатынастарды нормалары бар және осы қатнастары реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болатын халықаралық-құқықтық келісімдер болып табылады.



2 тақырып: Әкімшілік құқық көздері. (2 сағат)

Мақсаты : Әкімшілік құқықтың қайнар көзерінің ұғымын және түрлерін түсіндіру, сонымен қатар әкімшілік құқық қайнар көздерінің формалары мен түрлерінің айырмашылығын студентерге жеткізе білу. Заңдылықтағы қайнар көздердің маңызын көрсету.

Негізгі сөздер: сот прецеденті, конституция, шарт, құқықтық доктрина.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Әкімшілік құқық қайнар көздерінің түсінігі және мәні. Құқықтағы қайнар көздердің алатын орны. Қайнар көздердің формалары түсінігі. Со прецеденті, әкімшілік шарт, ғылыми құқықтық доктрина, сот тәжірбиесін талдап қорыту, нормативтік құқықтық актілер. Әкімшілік құқық қайнар көздерінің түрлері: ҚР Конституциясы, ҚР Үкіметі бұйрықтары және т.б. туралы толық мәлімет беру. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - әкімшілік құқық субъектілерімен атқару-билік жүргізу қызметі аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі.

Әкімшілік құқық қайнар көздер терминінің негізгі түсінігі заңды түрде басқарушы субъектілерге қарым-қатынас тәртібін бекіту. Қайнар көз ретінде саналу үшін, әр форма бірнеше факторларға, белгілерге ие болуы керек, сонымен қатар “әкімшілік құқық қайнар көздері” терминде мемлекеттік билік қабылдап, бекіткен басқару субъектілерін іске асыру тәртіптері жатады.

Заң әдебиетінде көптеген авторлар әкімшілік құқығының қайнар көздері ретінде негізгі 6 нысанын атап өтеді, олар:



  1. Нормативтік актілер.

  2. Құқықтық салт-дәстүр.

  3. Сот прецеденті.

  4. Шарт (соның ішінде тек әкімшілік шарттар).

  5. Сот тәжірибесін жалпылау.

  6. Ғылыми құқықтық доктрина.


3 тақырып: Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар. (2 сағат)

Мақсаты : Әкімшілік құқықтың нормалары және қатынастары түрлерімен таныстыру.

Негізгі сөздер: процессуалдық, тиым салушылық, материалдық, обьективтік.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Әкімшілік құқық нормалары туралы түсінік, оларды қолдану тәртібі. Әкімшілік құқық нормаларының орынды, заңмен рұқсат етілген іс әрекеттің мемлекеттің билік органдары белгілеген және атқару билігі өрісіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелері екендігін түсіндіру. Материалдық және процессуалдық нормалар. Тиым салушылық, міндеттеушілік және өкілеттік беруші нормалар. Заңдық салмағына қарай заңнамалық және заң күшіндегі нормалар. Әкімшілік құқық қатынастарының түсінігі және ұғымы, ерекшелігі. Әкімшілік құқық қатынастарының түрлері. Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз-міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданған, (яғни, атқарушы және заңды) атқарушы билік сферасында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.

Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критериларға байланыты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.

Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негзгі критерилар мыналар:


  1. мазмұны;

  2. субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;

  3. белгілі бір мақсатты тағайындау;

  4. белгілі бір ортада қоданушы (в сфере);

  5. заңды күші;

  6. қолданулы шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына қолданулы).

4 тақырып: Әкімшілік құқықтың жеке және ұжымдық субьектілері. (2 сағат)

Мақсаты: Студенттерді жеке және ұжымдық субьектілердің түрлерімен таныстыру.

Негізгі сөздер: қоғамдық бірлестіктер, діни және жастар ұйымдары.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Азаматтық ұғымы және түсінігі. Жеке субьектілер түсінігі. Азаматтардың әкімшілік құқық және әрекет қабілеттіктері. Азаматтар әкімшілік құқық субьектісі ретінде. Ұжымдық субьектілер түсінігі және түрлері. ҚР Президенті және Үкіметінің өкілеттіктері. Қоғамдық ұйымдардың ерекшеліктері. Саяси партиялар. Діни бірлестіктер. Жастар және балалар бірлестіктері. Әкімшілік-құқықтық субъектілерге тоқталмас бұрын, ең алдымен “әкімшілік құқық субъектісі” ұжымына түсінік беру кре. Әкімшілік құқықтың субъектісі болып азаматтар, қоғамдқ және мемлекеттік емес бірлестіктер мен олардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар және еңбек ұжымдары саналады.

Әкімшілік құқық субъектілері мынадай үш шарт бойынша ғана әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады:


  • субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқық нормалары;

  • субъектілердің құқықтық және әрекет ету қабілеттілігінің болуы;

  • құқықтық қатынастардың өзгеруі мен тоқтатылу негіздерінің қалыптасуы.

Әкімшілік-құқықтық субъектілер жэеке және ұжымдық болып 2-ге бөлінеді.

5 тақырып: Орталық және жергілікті атқарушы органдардың -әкімшілік құқықтық статусы. (2 сағат)

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Министрліктері және агенттіктері туралы толық мәлімет беру.

Негізгі сөздер: министрлік, агенттік, ведомства, комитет.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Орталық атқарушы органдар түсінігі. Орталық атқарушы органдардың түрлері. Орталық атқарушы органдардың құзіреті және қызметі. Жергілікті атқарушы органдар түсінігі және жергілікті атқарушы органдар түрлері. Басқа мемлекеттік органдардан атқарушы органның айырмашылығы.Министрліктер қызметі және қоғамда алатын орны. Министрліктер түрлері. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган –Агенттіктер. Жергілікті атқарушы органдардың құқықтық статусы. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомствалар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесінің орталық органдар ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалауын қалыптастырады.



6 тақырып: Басқарудың әдістері және формалары. (2 сағат)

Мақсаты:Биліктің кез-келген тармағының басқарудың әдістерін қолданумен анықталатынын түсіндіру.

Негізгі сөздер: әдістер, топтастыру, алқа, кеңес, субординация.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Басқару әдістерінің түсінігі. Басқару әдістерін топтастыру. Мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері. Субординация әдісі. Үйлестіру әдісі. Кординация әдісі. Басқару формалары ғымы және олардың түрлері. Басқарудың құқықтық формалары. Басқарудың құқықтық емес формалары. Басқару әдістері арқылы атқарушы органдар өздерінің барлық қызметтерін реттеп қалыпқа келтіріп отырады. Басқару формалары құқықтық және құқықтық емес деп екіге бөлінеді.



7 тақырып: Басқарудың құқықтық актілері. (2 сағат)

Мақсаты: Басқарудың құқықтық актілерімен таныстыру.

Негізгі сөздер: Регламент, ереже, қағида, нұсқаулық.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Басқарудың құқықтық актілері ұғымы және олардың белгілері. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері:жалпы, салалық, аймақтық, локольдық. Басқарудың құқықтық актілерін дайындау, ұсыну, талқылау тәртібі. Актілердің заңды күшіне енуі, оларды өзгерту, күшін тоқтату және күшін жою.



8 тақырып: Мемлекеттік қызмет. (2 сағат)

Мақсаты : Мемлекеттік қызмет құрылымымен таныстыру.

Негізгі сөздер: аппарат, отставка, саяси және әкімшілік.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның принциптері. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру. Мемлекеттік қызметтің лауазымдарын жинақтау. Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі. Мемлекеттік қызметтен қысқарту негіздері.Мемлкеттік қызмет атқару және мемлекеттік қызметкердің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік тәртіп, мемлекеттік қызмет мәдениеті. Мемлекеттік қызметшілердің этикасы. Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік және саяси болып екіге бөлінеді. Әкімшілік қызметшілерге-конкурстық негізде жұмысқа қабылданатын қызметшілер жатады, ал саями қызметшілерге –президентпен тағайындалатын және байыс беру арқылы сайланатын қызметшілер жатқызылады.


9 тақырып: Әкімшілік процесс.(2 сағат)

Мақсаты : Әкімшілік процесс ерекшеліктерімен таныстыру.

Негізгі сөздер: процесс, талап арыз, құқықтық форма, принциптер, юрисдикция.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Әкімшілік процесс ұғымы және оның принциптері.Әкімшілік процестің субьектілері. Әкімшілік процесте азаматтар құқығына кепілдік беру. Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары. Әкімшілік іс жүргізу -әкімшілік процестің құрылымдылық бөлігі, әкімшілік іс жүргізу кезеңдері. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу. Әкімшілік іс жүргізу-материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құралған әрекеттер жиынтығы немес басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс-әрекеттерінің әкімшілік процессуальдық нормамен реттелуі деп түсіндіруімізге болады.

Заңмен алдын ала қарастырылған жағдайда-ол басқару органдарының нормативтік басқару актілерін қабылдаумен материалдық құқықтық нормаларын қолдануы. Кез келген іс жүргізу сияқты, әкімшілік іс жүргізу де қандай да бір нәтижелі әкімшілік мақсатқа жетуге бағытталған.

10 тақырып: Әкімшілік жауапкершілік.

Мақсаты: Қандай да болмасын құқықбұзушылық үшін жауаптылыққа тартылатынын түсіндіру.

Негізгі сөздер : жауапкершілік, позитив, мәжбүрлеу,

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Әкімшілік жауапкершіліктің ұғымы. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі белгілері. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар. Әкімшілік жауапкершіліктен босату. Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқы болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайы. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғмағы т әртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерінен рнатылады. Барлық қарым- қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі, ол көп салалы және көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі - заңды жауапкершілік.

Заңды жауапкершілік – жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат - мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызд шара. Оның әрбір салға байланысты бөлінетін түрлері бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы - әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі. Басқа заңды жауапкершіліктің түрлеріндегідей, әкімшілік жауапкершілікттің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидалар заңды жауапкершіліктің негізінде құрылып, әкімшілік құқықтың қағидаларымен айқындалады. Со сияқты, әкімшілік жауапкершіліктің нақты мақсат – мүдделерін және міндеттерін айқындайды.

11 тақырып: Әкімшілік құқық бұзушылық

Мақсаты: Әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпыға міндетті шара екенін түсіндіру.

Негізгі сөздер: обьекті, субьекті, кінәлілік, кінә.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісті дәлелдеу.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау мерзімі. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті, не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзігінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарынан алдын-ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе де оған немқұрлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің зиянды салдарының туындауы мүмкіндігін алдын-ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшары ойласа, не тиісті назар салған және ескрген жағдайда оның алдын-алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын-ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.


12 тақырып: Әкімшілік жазалар.

Мақсаты : Әкімшілік жаза түрлерімен таныстыру.

Негізгі сөздер: ескерту, айыппұл салу, лицензиясын алып қою, арнайы құқығынан айыру, қамауға алу.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Әкімшілік жаза ұғымы. Әкімшілік жазалардың түрлері. Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері. Әкімшілік жазалардан босату жағдайлары. Әкімшілік жаза қодану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану. Ескерту, айыппұл, құқықбұзушылықтың обьектісі болып табылатын заттарды алып қою, қамауға алу, лицензиясынан айыру. Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымын уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпал ету шарасы деп түсінуге болады. Әкімшілік құқық нормасы қандайда бір әрекетке әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді және сол арқылы ерженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қоданылады. Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкімшілік – құқықтағы жазаны қолдануға көздейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:


  1. Ескерту жасау;

  2. Айыппұл салу;

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп алу;

  4. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты тәркілеу;

  5. Арнаулы берілген құқықтардан айыру;

  6. Берілген арнаулы рұхсаттан, біліктілік аттестаттан (куәліктен) айыру, яғни, ол дегеніміз бегілі ббір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядан айыру;

  7. Тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

  8. Кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған мүлдем тыйм салу;

  9. Әкімшілі қамаға алу;

  10. Азаматтығы адамды немесе шетелдікті Қазақстан Республикасының (территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу.

Кішігірім, елеусіз әкімшілік теріс әрекет жаағандық үшін тартылатын әкімшілік жауапкершіліктің ең жеңіл түрі ескерту жасау болып табылады. Ескерту жасау бір жағынан тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады, онда теріс әрекет жасаған адам басқа азаматтарға қоғамдық және мемлеттік институттарға зиян келтіретін әрекеттерді алдағы уақытта қайталап жасамауы жөнінде ескертеді.

13 тақырып: Әкімшілік құқықтық режим.

Мақсаты: Режим қажеттілігін баяндау.

Негізгі сөздер: төтенше режим, әскери режим, ерекше режим, соғыс режимі.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Әкімшілік құқықтық режимдер ұғымы. Әкімшілік құқықтық режимдер түрлері. Төтенже жағдайдың құқықтық режимі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету режимі. Төтенше режим түрлері. Төтенше режимді енгізуге себеп болатын мән-жайлар. Әкімшілік режимдерді топтастыру. Режим түрлерінің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру. Әкімшілік - құқықтық режим дегеніміз – заңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға баланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады.

Құқықтық режимнің мәнін – адамдардың іс-әрекетінің белгілі бір бекітілген құқықтық норманы рттеуі деп түсіндіруімізге болады, арнайы құқықтық реттеу іс-әрекет объектілерінің (наркотикалық режим, автокөлік құралдары, мәдени құндылықтар және т.б.) уақыты мен орнының жүзеге асуын, нағыз іс-әрекетт ің спецификасын, бәрінен бұрын – бұл фаторлардың байланысуын айтамыз. Құқықтық режим түсінігі құқықтық мәртебе түсінігімен байланысты. Кейінгісі субъектінің құқығы мен міндеттерін білдіреді, қандайда бір адаммен байланыстырады; ал құқтық режим іс-әрекетті сипаттайды және оныме қатысушыларының құқығы мен міндеттерін байланыстырады.

Режимдер салааралық (межотреслевый) болуы мүмкін, яғни бірнеше құқық салаларымен (мысалы, заңдылық режим, кәсіпорын) және салалармен (әкімшілік-құқықтық, азаматтық құқықтық және т.б.) реттеледі.



14 тақырып: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.

Мақсаты : Іс жүргізу процесін түсіндіру.

Негізгі сөздер: қамтамасыз ету, жол кесу шаралары, құқықтық мәжбүрлеу, жүру бостандығын шектеу.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Қамтамасыз ету және жол кесу шаралары ұғымы және олардың мәні. Әкімшілік қамтамасыз ету және жол кесу шаралары. Бағыттылық сипаты бойынша жол кесу шаралары. Құқық бұзушыны жеткізу. Әкімшілік ұстау. Үсті басын қарау және заттарын қарау. Әкімшілік қадағалау. Арнайы құралдар мен атылатын қаруды қолдану. Құқықты мәжбүрлеу дегеніміз – заңды норма негізінде қолданылатын жеке мемлекеттік билік белгілеуіндегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.

Мәжбүрлеу деп-белгілі объективтік физикалық немесе психологиялық жағына әсер етуді айтады. Мәжбүрлеуді өкілеттілердің құқық бұзушылыққа қарсы санкциялар мен құқықтық нормаларда көрсетілген шараларды мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен қауым құрамындағы субъектілердің санасы мен мінез-құлқына процессуалдық тәртіп бойынша әсер ету арқылы іске асырады.

Мәжбүрлеуді қолдау туралы мәселе өте даулы. Кейбір ғалымдар (С. Алексеев) мемлекеттік мәжбүрлеу саласында әкімшілік бұлтартпау шаралары өмір сүрмейді десе, екіншілері (Н.С. Самощенко, М.Х. Фарукшин) – олардың маңызды орны бар және олар санкция емес, құқықтық нормалар диспозициясымен қарастырылады деп пайымдаған.



15 тақырып: Әкімшілік қызметтегі заңдылық

Мақсаты : Заңдылықтың маңыздылығын студеттерге жеткізе білу.

Негізгі сөздер: заңдылық, заңнамалық, бақылау түрлері.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны :

Заңдылық ұғымы және оның мазмұны. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін бақылау. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау. Заңдылықты қадағалаудың өзіне тән ерекшеліктері. Заңдылықты қамтамасыз ету шаралары. Заңдылықтың мәні. Заңдылық заң әдебиеттерінде бірнеше мағынада қаралады:



  1. Ұйымдастыру және қызмет қағидасы;

  2. Басқару әдісі;

  3. Мемлекет және оның азаматтарының бір-бірімен әрекеттесу қағидасы.

Заң және бақа нормативті актілер азаматтардың құқықтық санасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің эволюциялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Адам мен азаматтардың абсолютті ажырамайтын құқықтары, халықтың мәдениеті мен менталитеті – заңның тірегі болып саналады. Бұл – заңдылықты қамтамасыз етудің басты шарты. Заңдылық әкімшілік құқықта тек қана заң актілерімен сәйкес әрекет ету арқылы көрсету ғана емес (мысалы, лауазымды орынға тағайындау, заңды тұлғаларды тіркеу және т.б.) сонымен қатар, заң және басқа да актілерді орындау барысында ынталық көрсету (мысалы, әкімшілік бақылау барысында, құқық бұзушылықтың алдын алу және т.б.).

Сонымен заңдылықты – нормативті құқықтық актілердің және олардың орындалуы мен қолданылуы арқылы жалпылай мемлекеттік еркіндікті қамтамасыз ететін құқықтық жүйе деп білуге болады.


6. CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ



Тақырып

мазмұны

апта

әдебиеттер

1.

Әкімшілік құқық -пәні және әдістері.

  1. Әкімшілік құқықтың ұғымы және түсінігі.

  2. Әкімшілік құқық ғылымының пайда болу тарихы.

  3. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдісі.

  4. Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі орны.

  5. Әкімшілік құқықтың реттеу әдісі.




1

9,17

2.

Әкімшілік құқық көздері.

1.Әкімшлілік құқық қайнар көздерінің ұғымы және түсінігі.

2.Әкімшілік құқық қайнар көздерінің формалары: Нормативтік құқытық актілер, әкімшілік шарт, сот прецеденті, сот жүйесін талқылау, ғылыми құқықтық доктрина, әдет-ғұрыптар.



Әкімшілік құқық қайнар көздерінің түрлері.


2

19,28

3

Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар

  1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі.

  2. Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлеріне сипаттама.

  3. Әкімшілік құқықтық қатынастың басқа құқық саласындағы қатынастардан айырмашылығы.

  4. Әкімшілік құқықтық қатынастың түрлері.




3

3,30

4

Әкімшілік құқықтың жеке және ұжымдық субьектілері



  1. Қазақстан Республикасының Президенті.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

  3. Ұйымдар әкімшілік құқық субьектілері ретінде.

  4. Қ.Р.қоғамдық үйымдардың статусы

  5. Жеке субьектілер түсінігі.

  6. Діни бірлестіктер ұғымы.




4

17,20,23

5

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың -әкімшілік құқықтық статусы.


  1. Министрліктер қызметі және қоғамда алатын орны.

  2. Министрліктер түрлері, агеттіктер, ведомствлар.

  3. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган –Агенттіктер.

  4. Жергілікті атқарушы органдардың құқықтық статусы.




5

28,34

6

Басқарудың әдістері және формалары.


  1. Басқару әдістеріне сипаттама беру.

  2. Басқару әдістерін топтастыру.

  3. Басқару формаларының түсінігі және олардың түрлері.




6

3,7,16

7

Басқарудың құқықтық актілері.


  1. Басқарудың құқықтық актілерінің түсінігі.

  2. Басқарудың құқықтық акітлерінің түрлері.

  3. Басқарудың құқықтық актілерін дайындау жолдары.

  4. Актілердің заңды күшіне енуі, оларды өзгерту, күшін тоқтату және жою.




7

25,31

8

Мемлекеттік қызмет.


  1. Мемлекеттік қызмет атқару және мемлекеттік қызметкердің құқықтық мәртебесі.

  2. Мемлекеттік тәртіп, мемлекеттік қызмет мәдениеті.

  3. Мемлекеттік қызметшілердің этикасы.

  4. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы.

  5. Мемлекеттік қызметтен шығару.




8

25,26,27

9

Әкімшілік процесс.


  1. Әкімшілік процесс түсінігі.

  2. Әкімшілік іс жүргізу -әкімшілік процестің құрылымдылық бөлігі, әкімшілік іс жүргізу кезеңдері.

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу.

9

16,19,25

10

Әкімшілік жауапкершілік


  1. Әкімшілік жауапкершіліктің ұғымы.

  2. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі белгілері.

  3. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар.

  4. Әкімшілік жауапкершіліктен босату.




10

3,7,10

11

Әкімшілік құқық бұзушылық


  1. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері.

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы.

  4. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау мерзімі.




11

2,3,11

12

Әкімшілік жазалар


  1. Әкімшілік жаза түсінігі.

  2. Әкімшілік жаза түрлері.

  3. Әкімшілік жаза қодану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі.

  4. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану.




12

2,14,20

13

Әкімшілік құқықтық режим.


1.Әкімшілік құқықтық режим түсінігі.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету режимі.

3. Төтенше режим түрлері.

4. Әскери режим.

5. Соғыс режимі.


13

19,23,27

14

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары


  1. Әкімшілік мәжбүрлеудің мәнісі

  2. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары

  3. Арнайы құралдармен атылатын қарудың бұлтартпай шарасы ретінде қолданылу ережесі.

  4. Медициналық сипаттағы шаралар.




14

20,23,31

15

Әкімшілік қызметтегі заңдылық


  1. Заңдылық мазмұны және түсінігі.

  2. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін бақылау.

  3. Заңдылықтың қамтамасыз етілуін қадағалау.




15

6,8,19


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет