Тасымалдауды ұйымдастыру және



бет10/10
Дата12.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#11558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.5-сурет. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы өтетін ұшу маршруттары

Қазіргі уақытта көптеген шетелдік әуе компаниялары Қазақстан арқылы жүйелі рейстер атқаруда. Мысалы, British Airways, Cathay Pacific, Lufthansa, KLM, Air France, Аэрофлот, Swiss Air, Азал Карго, Turkish Airlines, EL AL Israel Airlines, Korean Airlines, Crgolux және басқалары. Тасымалдау бағыты батыста Лондоннан шығыста Манилаға дейін алуан түрлі. Қазақстан әуе желісінің ұзындығы 2004 жылы 400 мың км-ге жетті, бұл дүниежүзілік әуе жолдарының 4,2 пайызын құрайды. Қазақстан халықаралық ынтымақтастық саласында әуе қатынасы туралы 40-тан астам келісімдерге қол қойды, олардың ішінде 13-і жақын шетелдермен жасалды. «Казаэронавигация» тәулігіне 250-300 рейске қызмет көрсетеді, оларды 90 пайызы транзиттік рейстер болып табылады. Қазақстан Республикасынан өтетін әуе жолдарының ұзындығы 61 мың км-ден асады, олар 72 әуе дәлізіне бөлінген.

2006 жылдың басында Қазақстанда 54 әуе компаниясы қызмет етсе, оның 31-і жолаушылар мен жүк тасымалдады, оның 8-і жүйелі негізде, 28 әуе компаниясы – авиация жұмыстарын атқарды. Тұтас алғанда, республиканың әуе компаниялары 2005 жылы ішінде 1,66 млн жолаушы және 20,4 мың тонна жүк тасымалдады, бұл 2004 жылдың деңгейіне тиісінше 127 және 114,7 % құрады. Жолаушылар айналымы 24,6 %-ға өсіп, 3,3 млрд ткм құрады. Жүк айналымы 1,5 есе артып, 99 млн ткм құрды.

Қазақстан Республикасында 21 әуежай жұмыс істейді. Қазіргі уақытта халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге мынадай 14 әуежайға рұқсат етілген: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Павлодар, Семей.

Қазақстан Республикасының әуежайлары 2005 жыл ішінде 3,4 млн жолаушыға қызмет көрсеткен, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен 114 % жоғары. Өңделген жүк, поштаның көлемі 1,5 есе артып, 70,3 мың тонна болды. Мұнда өндірістік көрсеткіштер Астана, Алматы, Атырау, Ақтау әуежайларында барынша артқан.

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға арналған конкурстық, жүк және кеме жалдау әуе тасымалдарын реттейтін нормативтік құқықтық базаның негізінде былайша дамитын авиация рыногы қалыптасқан: Астана, Алматы, Атырау қалаларында үш «хабты» дамыту Қазақстанның барлық қалаларын тек өзара емес, сондай-ақ алыс шетелдермен байланыстыруға мүмкіндік береді.



Дәріс№14 Флоттың жүріс графигі туралы ұғым. Жүріс графигін өңдеу үшін қажет бастапқы берілгендері. Жүк ағынын игеру жоспары.

Жүріс графигі және техникалық жоспар

Флоттың жүріс графигі (ФЖГ) дегеніміз – бұл жүзу маусымы – навигация бойында кеме шаруашылығының (сабақтас шаруашылықтар тобының) флотын пайдалану жоспары. ФЖГ-нің негізгі мақсаты – еңбек шығындары мен флоттың техникалық құралдарын барынша аз жұмсай отырып, навигациялық тасымалдау жоспарын орындау. Бұған жүк кемелерін телімдерге тиімді орналастыру, өздігінен жүре алмайтын кемелер мен тартым құралдарының жүрісін, кемежайларда өңдеуден өтетін флоттың жүрісін үйлестіру, оларды шлюз арқылы өткізу, зауыттарда (РЭБ-терде) техникалық қызмет көрсету және жөндеу арқылы қол жеткізуге болады.



ФЖГ-ні тұрғызуға қажетті бастапқы мағлұматтар:

  • жергілікті, бассейн ішіндегі және бассейн арасындағы транзиттік тасымалдауды бөлім көрсете отырып, алдағы жүзу маусымындағы жүк ағындарының қағаздары;

  • флоттың балансы және оның техникалық-экономикалық сипаттамалары;

  • жалпы және ерекше пайдаланылатын айлақтардың сипаттамасы мен мамандануы;

  • бассейндердегі жол жағдайларының сипаттамасы;

  • жөндеу-пайдалану базаларының сипаттамасы, олардың мамандануы және бассейнде орналасуы;

  • флотқа кемежайлар мен жолда жүк тиеу, жылдамдық сақтау, өңдеу және қызмет көрсету нормативтері.

ТЖ-нің негізгі құжаттарына мыналар жатады:

  • жүктерді жөнелту мен флоттың түрлері бойынша тасымалды бөлудің жиынтық жоспары;

  • флоттың жұмысының жоспары;

  • сабақтас кеме шаруашылықтары арасында флот алмасу жоспары;

  • пайдалануда болатын флоттың орташа тәуліктік нормалары.

Флот жұмысының жоспары айдың уақытша шекараларындағы жүк айналымы бойынша тапсырманы белгілейді (айдың бірінші күнінің 0 сағатынан соңғы күніндегі 24 сағатқа дейін). Флот жұмысының жоспарын жөнелту бойынша жүк айналымын , жоспарлау алдындағы айдан «кіретін» және жоспарлаудан кейінгі айға «өтетін» жүк айналымын ескере отырып есептейді:

, (3.55)

Флоттың жұмысын шұғыл есептеу

Шұғыл жоспарлау мен реттеудің нақтылығы мен тиімділігі шұғыл бақылаудың алға қойылуына, флоттың жұмысын және тұтас алғанда, бүкіл тасымалдау үрдісінің барысын есепке алу мен талдап отыруға байланысты болады.

Шұғыл бақылау жұмысы мыналарды сипаттайтын негізгі параметрлерге бақылау жүргізуден тұрады: кеме жұмысындағы технологиялық үрдістің жеке элементтерінің – ең алдымен, айналма рейстің басталуы мен аяқталуы, бастапқы қосыннан жөнелту және ақырғы қосынға келу, аралық қосындардан жүріп өту, сондай-ақ белгілі бір сәттегі (тәуліктің соңындағы) кеменің тұрған орны мен жұмысының сипаты; жүктеме, жылдамдық, уақыт нормаларының орындалуы және т.с.с.

Шұғыл есепке алу жұмысы дегеніміз, тұтас алғанда, әрбір жеке кеме мен флоттың, сондай-ақ кемежайлардың белгілі уақыт аралығында – тәулік, онкүндік, ай, тоқсан, жүзу маусымы ішінде атқаратын жұмысын сипаттайтын ақпараттарды жинау, қорыту және өңдеу болып табылады.

Кеме шаруашылығының бас диспетчерлігінде тұтас алғанда осы шаруашылық бойынша тәуліктік және онкүндік жоспарлардың орындалу қорытындысы шығарылады. Диспетчерлік қосынға «бағыттардан» келіп түсетін және төмендегідей есеп беру-атқару құжаттамасы түрінде толтырылатын жедел ақпарат жедел есепке алу көзі болып табылады:

- флот жүрісінің атқарылған тәуліктік графигі;

- диспетчерлік тәуліктердің соңында флоттың (кемелердің, құрамдардың, салдардың) жүріс және жүкті өңдеу алаңында орналасуы;

- есепке алу журналдары: жүріс графигінің орындалуын; кемелердің жөнелтілуін, жүріп өтуін және келуін; өңдеу және қызмет көрсету (кемежайлардың диспетчерлігі); жөнелтілетін жүктердің мөлшерін; кемелерге қызмет көрсету өтінімдерін;

- авариялар мен оқиғалар, кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналдары;

- диспетчерлік жарлықтардың көшірмелері.

Есеп беру-атқару құжаттамасы диспетчерлік ауысымның өз кезекшілігі тұсындағы флот пен кемежайлардың қызметін басқару жөнінідегі жұмыс нәтижелерін көрсетеді.

Кемелерді пайдалану уақытының және тасымалдау операцияларына кемелерді пайдаланудың есебін алу тоқтаусыз жүргізіледі.

Кеменің берілген есептік кезеңдегі (тәулік, онкүндік, ай, навигация) бүкіл жұмыс істейтін уақыты пайдалану уақыты мен пайдаланудан тыс уақытқа бөлінеді. Кеменің жүк, жолаушылар тасымалына, рейдтегі және ақылы жұмысқа, жалға пайдаланылған уақытыпайдалану уақыты деп есептеледі. Кеменің резервте, яғни бос тұруы, аяқталмаған қысқы жөндеуде, шлюзде (докта), жөндеуде тұру уақыты пайдаланудан тыс уақытқа жатады (егер олардың ұзақтығы жоспарлы кезеңнің бес тәулігінен кем болмаса). Мұнда кеме үстінде оның командасы болмауы тиіс, өйтпейінше кеме пайдалануда тұрған болып есептеледі. Есеп беруде мыналар пайдалану уақытына қосылмайды: кемені қарусыздандыру және қаруландыру уақыты, флоттың қысқы тоқтау қосындарында оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оны күзетуге және құтқаруға жұмсалған уақыт, мұз жару жұмыстары, шығанақтағы кезекшілік, осндай-ақ жүк кемелерінің іс жүзіндегі рейске шығу сәтіне дейінгі қысқы жұмсалған уақыт.

Шұғыл талдау жүргізу тасымалдау жұмысының жоспарлы мерзімінен ауытқуын анықтап, оның себептерін түсіндіруді, жалпы және жекелеген элементтері бойынша мұндай ауытқушылыққа сандық баға беруді, сондай-ақ тасымалдау жұмысы барысында анықталатын жасырын резервтерді тауып, бағалауды көздейді. Шұғыл талдау нормалау мен болжау жасаудың негізі болып табылады.



Жолаушылар флоты

Жолаушылар кемелерінің атқаратын жұмысы тасымалданған жолаушылар санымен және жолаушылар айналымымен өлшенеді.

Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны олардың нақты санымен және жүріп-тұруымен анықталады. Халықтың жүріп-тұруы дегеніміз – бұл орта есеппен жылына бір адамға келетін сапар саны.

Жалпы алғанда, жолаушылар тасымалын жоспарлау әр түрлі уақытша полигондағы жүк тасымалын жоспарлауға ұқсас жүргізіледі. Алайда жоспарлаудың жеке мәселелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда стратегиялық және ағымдағы жоспарларды жасау міндеттерінің зор маңызы бар.

Стратегиялық жоспарлау кезеңінде халықтың жүріп-тұруына әр түрлі факторлардың әсері анықталады.

Әдетте стратегиялық жоспарлау алдында жекелеген аудандардағы халықтың санын, оның құрылымын (жұмысшылар, шаруалар, қызметшілер, оқушылар), тұрғылықты орнын (қала, жұмысшылар поселкесі, ауылшаруашылық кәсіпорындары және т.с.с.) анықтау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізіледі.

Болжау әдістерін қолдану арқылы таяу болашақтағы жолаушылар санын анықтауға болады. Қазіргі уақытта мұндай бірнеше әдісті атауға болады, алайда олардың кез келгенін қолданудан жуықтатылған нәтижелер алынады. Олардың негізгілері мыналар:

1) қарапайымдатылған («аңғал») болжам;

2) өзгермелі орташа мәнді әдіс;

3) сараланған орташа мәнді әдіс;

4) болжамданатын көрсеткіштің өзгеру үрдісінің желілік теңдеуін пайдалану.

Жолаушылар тасымалын жоспарлауда кеме шаруашылығында қалыптасқан желінің сызбасы негізге алынады.



Жолаушылар қатынасы желісін жіктеу

Тасымалдау бағыты мен қашықтығына, ұсынылатын қызмет түрлері мен олардың қолайлығына қарай жолаушылар желісі тасымалдау, туристік және экскурсиялық-серуендеу желілеріне бөлінеді.

Тасымалдау желісі белгілі бір қосындар арасында, көбінесе – ірі әкімшілік, мәдени, өнеркәсіп орталықтары арасында кемелерді кесте бойынша уақтылы (жүйелі) жөнелту арқылы жолаушылар тасымалдау үшін ұйымдастырылады. Туристік желілерде демалыстағы жолаушылар тамақтану, мәдени және экскурсиялық қызметті пайдалану арқылы арнайы туристік маршруттар бойынша тасымалданады. Сапардың ұзақтығы – 24 сағаттан астам.

Экскурсиялық-серуендеу желілері: тынығатын, тарихи ескерткіштермен және басқа көрікті орындармен танысуды мақсат ететін ұжымдарды немесе жекелеген азаматтарды тасымалдауға арналған. Сапардың ұзақтығы – 24 сағаттан аспайды.

Тасымалдау желілері өздерінің жұмыс сипаты мен ұзақтығына қарай былайша бөлінеді:

- кеме шаруашылығына тіркелген флот қызмет көрсететін транзиттік желілер;

- бір кемежай немесе жолаушылар басқармасы қызмет істейтін аудандағы сабақтас кемежайларды немесе басқа қосындарды өзара байланыстыратын жергілікті желілер;

- қала мен ең жақын ұсақ елді мекендер немесе 100 км-ден астам қашықтықта, ал жүрдек флот қызмет көрсететін жағдайда – 150 км-ден астам қашықтықта орналасқан халықтың жаппай демалу аймағы арасында қатынайтын қала маңындағы желілер;

- ірі қаланың жекелеген аудандарын байланыстыратын қала ішіндегі желілер;

- өтпелі көпірлері жоқ автомобиль жолдарымен қиылысу ауданындағы өзендердің қарама-қарсы жағасында орналасқан қосындарды немесе қала аудандарын байланыстыратын өткізу желілері.

Жолаушылар желілерінің негізгі сипаттамаларына мыналар жатады: оның қызметін пайдаланаын бастапқы, ақырғы және аралық қосындар; ұзындығы; кемелерді жөнелту аралығы (интервал), олардың айналма рейс жасау уақыты; жолаушылар сыйымдылығын пайдалану коэффициенті және кеменің тасымалдау мүмкіндігі; желіге бекітілген кемелер саны; желінің кіріс, шығысы және қаржылай нәтижесі.

Өзендегі жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның құрамына мыналар кіреді: су жолы, флот, жолаушылар бекеті, айлақ, кеме жөндеу кәсіпорны, кеме жасайтын орын және байланыс.



Дәріс №15. Флот жұмысын басқару жүйесі. Диспетчерлік басқарудың құрылымы. Жедел жоспарлаудың мазмұны. Флот жұмысының тәуліктік жоспарын есептеу. Жедел ақпаратты жинау мен өңдеуді ұйымдастыру. Флот жұмысын жедел жоспарлау мен талдау
Флот жұмысына диспетчерлік басшылық жасау

Флот жұмысын басқару жүйесі. Диспетчерлік басқарудың құрылымы.

Флот жұмысына диспетчерлік басшылық жасау дегеніміз тасымалдау флотының бүкіл жұмысына орталықтандырылған шұғыл басқаруды ұйымдастыру және, сайып келгенде, осы тасымалдау кәсіпорнының көлеміндегі тасымалдауды басқару болып табылады. Диспетчерлік басшылық жасау өзінің орталықтандырылған шұғыл басқару болатындығымен белгілі.

Диспетчерлік басшылық жасауды орталықтандыру дегеніміз бұл оның шұғылдігі жөнінен бүкіл тасымалдау флотының бірыңғай диспетчерлік аппаратқа бағынатынын білдіреді, ал аппарат флот жұмысын шұғыл басқару және реттеу жөнінідегі барлық міндеттерді, сондай-ақ оларды флотқа қызмет көрсететін және оның қызмет етуіне қажетті қалыпты жағдайларды қамтамасыз ететін басқа бөлімшелердің жұмысымен үйлестіру қызметін атқарады.

Диспетчерлік аппараттың құрылымы

Кеме шаруашылығының диспетчерлік аппарат флот жұмысын шұғыл басқаруды жүзеге асырады. Диспетчерлік аппараттың флот жұмысын басқару жөнінідегі негізгі міндеттері мыналарды атқарудан тұрады:

- жүк тасымалдау жоспарының және жүкті дер кезінде жеткізу жөнінідегі шарттық міндеттемелердің орындалуы, яғни халыққа және экономика салаларына өзен, каботаж және сыртқы сауда тасымалымен көлік қызметін көрсетудің сенімді жүйесін қамтамасыз ету;

-флот жүріс графигіне сәйкес жұмыс істеуі негізінде тасымалдау көлігінің тиімді пайдаланылуы;

- өзен көлігінің техникалық қайта жабдықталуы мен қайта жаңғыртылуына мүмкіндік беретін мүлде жаңа техника мен ең соңғы технологияның, флоттың жаңа түрлері мен оны пайдалану әдістерінің енгізілуі;

- реттеліп отыратын нарықтық экономика жағдайларында шаруашылықты жүргізу түрлері мен әдістерін жетілдіруге белсене қатысу.

Диспетчерлік аппараттың құрылымы тасымалдау жұмысы операциясының барлық түрлерінің орындалуына орталықтандырылған үздіксіз басқару мен бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді, ол диспетчерлік қосындар мен операторлық қосындарды, аудандық басқармалар мен кемежай-айлақтардың диспетчерлік қосындарын қоса алғанда кеме шаруашылығының диспетчерлік қосындарын қамтиды.

Кеме шаруашылығының бастығы тасымалдаудың көлемі мен сипатына, пайдаланылатын флоттың санына қарай диспетчерлік аппараттың құрылымын белгілейді.

Транзиттік флоттың жүрісін орталықтандырылған басқаруды және өңделуін бақылауды жүзеге асыратын кеме шаруашылығының диспетчерлік жүйесі аумақтық, қызметтік немесе аралас (аумақтық-қызметтік) белгі бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

Аумақтық белгі бойынша ұйымдастырылған диспетчерлік басқару жүйесі бассейннің жекелеген аудандарында, мысалы, «жоғарғы» және «төменгі айналым», «солтүстік аудан» (әдетте жолдың теңіз телімдерін қамтитын) және т.с.с. диспетчерлік қосындар ұйымдастыра алады.

Диспетчерлік қосындар қызметтік белгілеріне қарай флоттың түрлері (жолаушылар, жүк теплоходтары, тартым, өздігінен жүре алмайтын тоннаж) немесе тасымалдау сипаты (салдармен тасымалдау, мұнай тасымалы, шетелдік тасымал, Солтүстік жүк тасымалы, шағын өзендерге жеткізу және т.с.с.) бойынша ұйымдастырылады.

Кеме шаруашылығының диспетчерлік басқаруын ұйымдастыру құрылымында көбіне аралас белгі пайдаланылады.

Кеме шаруашылығының әрбір диспетчерлік қосынын аға диспетчер басқарады, ол осымен бірге тиісті қызмет көрсету ауданы немесе флоттың түрі бойынша бас диспетчердің орынбасары болып есептеледі, ол шұғылдік қызмет жөнінен кеме шаруашылығының бас диспетчеріне бағынады.

Кемежай-айлақтар мен аудандық басқармалардың диспетчерлік қосындары өздеріне белгіленген шекарада транзиттік флоттың жүрісіне, өңделуіне және оларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ жергілікті жүк пен жолаушылар тасымалына шұғыл басшылық жасауды жүзеге асырады.

Жүк айналымына, тиеу-түсіру жұмыстарының көлеміне және жергілікті тасымалдың көлеміне қарай кемежайда мынадай диспетчерлік қосындар ұйымдастырылуы мүмкін: транзиттік флоттың жүрісі мен өңделуі, оған кешенді қызмет көрсету қосыны, рейдтік жұмыстар (командасыз жұмыс істейтін өздігінен жүре алмайтын флотқа қызмет көрсетуді қоса алғанда), жергілікті жүк тасымалы, жергілікті, қала маңындағы және қала ішіндегі жолаушылар тасымалы қосындары. Шлюз болатын жағдайда – шлюздеу диспетчерлік қосыны ұйымдастырылады. Кеме шаруашылығындағыдай, бұл қосындарды да кемежайдың бас диспетчерінің орынбасарлары болып табылатын аға диспетчерлер басқарады.

Диспетчерлік аппараттың атқаратын қызметі

Кез келген басқару деңгейіндегі диспетчерлік аппарат мынадай жұмыс түрлерін атқарады:

- жалпы алғанда және негізгі номенклатура бойынша тасымалдау жоспары мен шарттық міндеттемелердің біркелкі орындалу шарттарын басшылыққа ала отырып, тасымалдау флотының жұмысын ұйымдастырады;

- тасымалдау кемелерінің жүріс графигімен белгіленген жүктеме, жылдамдық, уақыт нормативтерін және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларды орындауы үшін жағдайлар туғызады;

- жүріс графигінің нормативтеріне сәйкес жолда, кемежайларда, кеме жөндеу кәсіпорындарында флоттың жүрісіне, өңделуіне және оған қызмет көрсетуге шұғыл бақылау жасауды жүзеге асырады;

- жүк баратын кемежайлар мен жүк қабылдаушыларды жүктің түрі мен мөлшерін, оның келу уақытын көрсете отырып, олардың атына жүк тиелген кемелердің (немесе жүк тиеу үшін бос кемелердің) жөнелтілгені туралы хабардар етеді;

- жүк жөнелтудің, тоннажды берудің және флотқа кешенді қызмет көрсетудің шұғыл (онкүндік, тәуліктік) және ауысымдық-тәуліктік жоспарларын жасап, орындалуын қамтамасыз етеді;

- рейдтерде, тоқтап тұру қосындарында, шлюздерде салдардың, құрамдар мен жекелеген кемелердің қауіпсіз орналасуын қоса алғанда, флоттың авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдайды;

- рейстік тапсырмаларды орындау жөнінідегі диспетчерлік жарлықтарды түзеп, оларды кемелерге жеткізеді, тәуліктік және ұзақ мерзімдік ауа райы (Гидрометеоқызмет) болжамдарын және жол габариттері болжамдарын қоса алғанда, оларды қажетті навигациялық аппараттармен қамтамасыз етеді;

- өзінің жұмысын өзінің және сабақтас кеме шаруашылығындағы басқа телімдердің жиспетчерлерімен үйлестіреді;

- диспетчерлік тәулік ішіндегі өз жұмысының нәтижелерін көрсететін есеп беру-атқару құжаттамаларын жүргізеді;

- флот пен кемежайларда озық еңбек әдістерінің енгізілуін зерттеп, ұйымдастырады, жаңа техника мен озық технологияны дамыту және енгізу жоспарының орындалуына көмектеседі;

- нақты жағдайларда, кемелерді өңделу үшін кемежайларға ырғақты беріліп отыратын және кемежайлардың өздері ырғақты жұмыс істейтін жағдайларда тасымалдау үрдісін реттеу есебінен жүріс графигінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кейбір пайдалану міндеттерін тиімді шешу нұсқаларын таңдайды.

Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау

Шұғыл (онкүндік және тәуліктік) жоспарлау, ал кемежайларда, бұған қоса, ауысымдық-тәуліктік жоспарлау флот жұмысының жоспарларын одан әрі тереңдету және нақтылау болып табылады. Шұғыл жоспарлар кеме шаруашылығының пайдалану жұмысының жоспарына (жыл), ФЖГ (навигация), Техжоспарға (ай) қарағанда жеке кемежай-айлақтар, тасымалдау кемелері үшін айтарлықтай қысқа мерзімге – уақыт аралығына – онкүндікке, тәулікке (одан әрі – ауысым, сағатқа) арналған нақты міндеттерді белгілейді.

Онкүндік кезеңі үшін тиелуге берілетін тоннаждың онкүндік жоспары жасалады. Оның міндеті – жүк жөнелтушілердің онкүндік өтінімдеріне қосылған барлық жүктердің жөнелтілуін қамтамасыз ету. Басқаша айтқанда, мұндай онкүндік жоспар онкүндік ішінде әрбір кемежайдың бос жөнелтілетін барлық жүкті тиеуге жеткілікті болатындай бос тоннаж мөлшерін қабылдай алуын көздейді.

Кеме шаруашылығының диспетчерлігі флоттың жұмысы мен жүк тасымалына қатысы бар басқа да қызмет пен бөлімдердің қатысуымен тоннаж тиеудің онкүндік жоспарын жасап, бас диспетчердің бекітуіне ұсынады. Мұнда мыналар бастапқы құжаттарға жатады:

- алдағы айда жүк жөнелту жоспары (Техжоспардың Т-1 формасы);

- жүк жөнелтушілердің онкүндік (жауапты) өтінімдері;

- ФЖГ-не енгізіліп, Техжоспарда нақтыланған жүктеме, жылдамдық және уақыт нормалары;

- флоттың онкүндік жоспарды жасау сәтіндегі нақты орналасуы және жоспарлау алдындағы онкүндіктің соңындағы болжам;

- алда тұрған онкүндікке қысқа мерзімдік ауа райы болжамы және жол жағдайларының өзгеру ықтималдығы;

- ағымдағы онкүндікте жөнелтілген жүк есебінің шұғыл мағлұматтары және олардың кемежайлары мен жүк жөнелтушілердің айлақтарындағы мөлшері.

Онкүндік жоспар жасаудың үлгі тәртібі мынадай. Жүк жөнелтушілердің алда тұрған онкүндікке берген жауапты өтінімдерін (олардың өткен кезеңде жинақталған орындалмау шамасын қоса алғанда) және Техжоспарда белгіленген жүктеме нормаларын басшылыққа ала отырып, әрбір кемежай-айлақ, жүк жөнелтушінің айлағы және әрбір жүк түрі бойынша бос тоннаждың мөлшері анықталады. Онкүндік жоспардың жасауы сәтінде флоттың орналасуы және оның орналасқан орнын болжау және ағымдағы онкүндіктің соңындағы жұмыстың сипаты туралы шұғыл мағлұматтарды пайдаланып, Техжоспар белгілеген жылдамдық және уақыт нормаларының негізінде бос кемелердің болжамды жүк тиеу қосындарына және жүк тиелген кемелердің – жүк түсіру қосындарына келуінің, жүк түсіруді аяқтау уақытының және кемені болжамды жүк тиеуге қою уақытының болжамы жасалады.

Қабылданған және Техжоспармен бекітілген әрбір бағыт бойынша бірінші кезекте жөнелтілетін аса маңызды жүк тиелген кемелер мен құрамдарды жөнелту жиілігіне сәйкес бос кемелерді оларға жүк тиелетін қосындарға жекелей бөлу реті белгіленеді. Осының нәтижесінде онкүндік жоспарда әрбір тәулікте әрбір қосынға жүк тиеуге берілуге тиісті кемелер (аталып), жалпы және номенклатура бойынша жөнелтілген жүктердің тонна мөлшері көрсетіледі.

Кеме шаруашылығы бастығының талқылауы мен бекітуінен өткен онкүндік жоспар осы шаруашылықтағы диспетчерлікаппараттың, кемежай-айлақтардың және басқа флотты өңдеу мен оған қызмет көрсетуге қатысы бар басқа бөлімдер мен қызметтің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті жауапты құжатқа айналады.

Тоннаж тиеудің онкүндік жоспары тәуліктік жоспарлаудың негізгі болып табылады, ал оның өзі мыналардан тұрады:

- жүк жөнелтудің тәуліктік жоспары (әрбір кемежай және тұтас алғанда кеме шаруашылығы бойынша);

- кемелер мен салдарды шлюзден өткізудің тәуліктік жоспары;

- әрбір кемежайдың ауысымдық-тәуліктік жұмыс жоспары.

Тәуліктік жоспар онкүндік жоспардың көрсеткіштерін талдап, нақтылайды. Тәуліктік жүк жөнелту жоспарында әрбір жүк тиелген кемені немесе құрамды жөнелту, оларға жүк тиеу мерзімдері (айы, күні, сағаты), баратын қосыны, график желісінің нөмірі, тіркеп сүйрейтін кеменің атауы көрсетіледі. Шлюздің тәуліктік жұмыс жоспарында әрбір кемені, құрамды немесе салды шлюзден өткізу уақытының басталуы мен аяқталуы көрсетіледі. Тәуліктік жоспар жасауда диспетчерлік тәуліктік басталуы ретінде Астана уақытының 18.00 сағаты қабылданады.

Тәуліктік жоспар тасымалдау және флотты пайдалану қызметінің бастығы жанындағы диспетчерлік кеңесте талқыланып, сағат 17.00-ге дейін оны орындаушыларға жеткізіледі.

Су көлігімен тасымалдау үрдісін жоспарлау

Кеме кәсіпорын пайдалану жұмысының жоспары дегеніміз – бұл мол пайда табу жолында еңбек және материалдық ресурстар шығынын барынша азайта отырып, жүк тасымалдау жоспарын орындауға бағытталған жоспарлау-ұйымдастыру шараларының жиынтығы.

Жүк тасымалын жоспарлауда мына бөлімдер қамтылады:

I – жоспар жасауға қажетті бастапқы мағлұматтар;

2 – жүк тасымалы мен флот жұмысын ұйымдастыру;

3 – жоспарды орындаудың ұйымдастыру-техникалық шаралары;

4 – кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігі.

Бастапқы мағлұматтардың құрамынан екі бөлім бөлініп көрсетіледі:

- физикалық және пайдалану навигация жағдайлары;

- жүк тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарының жоспары.

Әрбір кеме кәсіпорнының жүзу маусымына белгіленетін жоспарлы жүк мөлшері мынадай көздерден тұрады:

1) мемлекеттік тасымалдау тапсырысы;

2) дәстүрлі жүк жөнелтушілер мен кеме кәсіпорны арасында жасалған жүк тасымалдау шарты;

3) өзен көлігіне жүк тапсыратын қосымша көздер.

Тасымалдау флоты кемежайлар мен флот жұмысының технологиялық үрдісіндегі негізгі буын болып саналады. Пайдалану жұмысының жоспарын жасауда ең алдымен, жоспарланатын кезеңге кеме кәсіпорнының балансында флоттың болуы анықталады және жүк тасымалдау жоспарын орындау үшін қажеттігі айқындалады.

Кемелердің саны, олардың жиынтық қуаты және өздігінен жүретін, өздігінен жүре алмайтын флоттың әрбір түрі бойынша жеке алғандағы олардың жүк көтерімділігі флоттың бар екендігін дәлелдейтін көрсеткіштер болады.

Ағымдағы (яғни жоспарлау алдындағы) жылдық 1 қаңтары қарсаңындағы флоттың тізімдік құрамы, сондай-ақ жоспарланатын жыл ішінде келіп-кететін кемелердің жоспары кемелердің бар-жоқтығын анықтау үшін негіз болады.

Кемелердің келіп-кетуі ескерілетін флоттың тізімдік құрамы жұмыс тобы мен жарамсыздар тобына бөлінеді. Жұмыс тобына пайдалануға жарамды кемелер, ал жарамсыздар тобына – күрделі жөндеуде, «авариялық» жағдайда тұрған, тозуына байланысты пайдалануға болмайтын кемелер енгізіледі.

Флот құрамы түрліше жолдармен толықтырылады: жаңа кемелер алу, өзге кеме шаруашылығынан қабылдау, күрделі жөндеуден өткен кемелердің келуі, кемелерді жетілдіру есебінен олардың қуаты мен жүк көтерімділігін арттыру.

Флот құрамының кемуі мынадай баптармен анықталады: олардың басқа кеме шаруашылығының немесе тасымалдау саласына жатпайтын ұйымдардың балансына беру, белгіленген тәртіппен бұзуға тапсыру, техникалық күйінің нашарлауы себепті олардың қуаты мен жүк көтерімділігінің кемуі.

Флоттың бар-жоқтығы абсолюттік және орташа навигациялық (тоқсандық орташа, айлық орташа) есептеу арқылы анықталады.


  1. МАШЫҚТАНУ САБАҚТАРЫ



Практикалық сабақ №1 (2 cағ.)

Көлік объектілерінде атқарылатын технологиялық операциялардың нормативтік мөлшерін анықтау

1. Аралық станцияда құрама поездарды өңдеу



Практикалық сабақ №2 (4 cағ.)

Көлік желiлерiнің өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетiн анықтау



1. Темір жол телімінің өткізгіштік қабілеті

2. Темір жол телімінің тасымалдау қабілеті


Практикалық сабақ №3 (4 cағ.)
Тасымалдаудың реттеуші құжаттарының элементтерін анықтау

1. Поездар жүріс графигінің элементтерін есептеу

Практикалық сабақ №4 (2 cағ.)

Көлік қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы

1. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы

Практикалық сабақ №5 (2 cағ.)

Көлік желiлерiнің өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетiн анықтау

1. Жолдың өткізгіштік қабілетін есептеу


Практикалық сабақ №6 (2 cағ.)

Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру шараларды бағалауды жүргізу

1. Тиiмдiлiк коэффициентiн пайдалану арқылы шараларды бағалау

Практикалық сабақ №7 (2 cағ.)

Көліктің тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау

1. Автоколонналардың тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау


Практикалық сабақ №8 (2 cағ.)

Көлік жүрісінің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау

1. Жүрістің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау


Практикалық сабақ №9 (2 cағ.)

Көлік өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау

1. Автомобильдің өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау


Практикалық сабақ №10 (2 cағ.)

Көлік терминдері мен анықтамалары

1. Терминдер мен анықтамалар


Практикалық сабақ №11 (2 cағ.)

Көліктің тасымалдау құжаттарын рәсімдеу

1. Әуе көлігінде тасымалдау құжаттарын рәсімдеу


Практикалық сабақ №12 (2 cағ.)

Көліктің тасымалдау құжаттарын рәсімдеу

1. Коносамент түрлері


Практикалық сабақ №13 (2 cағ.)

Көлік жолдарының классификациясы



1. Ішкі су жолдарының классификациясы

4. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ өздік жұмысы

4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: білім алушының өздік жұмысы (БАӨЖ) реферат түрінде орындалады және білім алушылардың өздік жұмысы қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.

Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:

– жасалған жұмысты көрсету;

– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;

– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;

– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.

Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.



Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.

4.2.Өздік жұмыс тақырыптары:

  1. Темір жол көлігінің жұмысын реттеуші құжаттар.

  2. Пойыз туралы түсінік. Жүк пойыздарының классификациясы, нөмірленуі және индексикациясы

  3. Станцияның түрлері

  4. Аралық станцияның қызметі.

  5. Телімдік станцияның қызметі мен техникалық жабдықталуы

  6. Сұрыптау станцияның қызметі мен техникалық жабдықталуы

  7. Станциялар жұмысын реттеуші негізгі заңнамалық құжаттар

  8. Темір жол көлігіндегі маневрлық жұмыс

  9. Маневрлық жұмыс элементтері

  10. Тартым жолдарда маневрларды жүргізу тәсілдері

  11. Дөңес құрылғылары мен пойыздарды тарқату мен құрастыруды басқару жүйелері

  12. Пойыздарды дөңестен тарқату мен құрастыру технологиясы

  13. Пойыздар жүріс графигі

  14. Пойыздар жүріс графигінің эелеметтері

  15. Темір жол көлігінде шұғыл басқару

  16. Жолаушы тасымалдау сапасын бағалау

  17. Автомобиль көлігінде лицензия беру тәртібі

  18. Тасымалдау циклдерінінің көлік жұмысы

  19. Халықтың көлікпен қозғалуы.

  20. Жылжымалы құрамды таңдауды негіздеу.

  21. Тасымалдауды ұйымдастыру негізі.

  22. Қозғалғыш құрамды таңдаудың негізгі ережелері.

  23. Автобустар қозғалысымен жүргізушілер еңбегін ұйымдастыру.

  24. Тиеу көліктерінің өнімділігі.

  25. Аэропорттарды жетiлдiру және олардың жұмыс технологиясы. Әуе көлiгiнiң қозғалысын автоматты басқару мәселелерi

  26. Әуе жол көлiгiнде қауiпсiз тасымалдауды қамтамасыз ету

  27. Аэропорттардың жұмысын ұйымдастыру

  28. Әуе кемесін ұщуға дайындау технологиялық графигі

  29. Әуе көлігіндегі диспетчерлік басқару

  30. Өзен порттары және оның жұмыс технологиясы

  31. Коносамент түрлері

  32. Су көлігіндегі диспетчерлік басқару

  33. ЖКО талдау

  34. Халықаралық автомобиль жолдары мен негiзгi автокөлiк коридорлары

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет