Тасөткел негізгі мектебі Тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!»



Дата15.09.2017
өлшемі87,24 Kb.
#33442
Тасөткел негізгі мектебі
Тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!»


2017 жыл


Өткізген: С.К. Бектемисова


Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Мейірамбек: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Жанэль: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
Мейірбек: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
Жанэль: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
Мейірбек: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
Жанэль: Ендеше көктемнің шуағын ала келген мерекесі құтты болсын!
Мейірбек: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
Жанэль: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.

Мейірбек: Иә, наурыз сөзі Нау-«жаңа», рыз-«күн» деген сөзден шыққан. Яғни, бұл қазақша күнтізбеде жаңа жыл мейрамы. Жыл басы наурызда айтылған ақ тілектің бәрі толық орындалады деп ата-бабамыз айтып кеткен. Сол секілді баршаңызға жаңа бақыт, жаңа шаттық, жаңа өмір, жаңа қуат тілейміз! Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық !
Бәріміз міне бас қосып,
Мейрамды қарсы алайық,

Ұлыстың ұлы күнінде, 
Наурыз шашуын шашайық ( шашу шашу)

Жанэль: - Наурыз тойы – көктем тойы, көңіл тойы,
Жақсылық жаусын бәріңе өмір бойы.
Осы тоймен құттықтап үлкен - кішіні
Мектеп директоры құттықтап сөз сөйлейді.

Құттықтау сөзі зейнеткер төрағасына Асылзат Мукановнаға және ауыл әкіміне Сауле Толегеновнаға беріледі.

Әң: « » 8 сынып

Мейірбек: Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалаар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді ( наурыз көже беру)

****** Сахна сыртынан шу естіледі***************

Жанэль: Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

 /Қар ( Чингиз)мен Күн ( Әділет) болып киінген балалар шығады/

Чингиз: Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

 Әділет: Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?



Чингиз: Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,

Жаздың несі керемет?

 Әділет: Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет?

 Чингиз: Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?



Әділет /көніп/:Мешін кетті,

Ұлы жетті,

Бер жолыңды, Қар аға!

 

Чингиз: Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!  ****Қыс кетеді*****

 ************* аластау рәсімі*************

 /жаулық тағынған Айсұлу арша жағып шығады/:

Айсұлу: Алас, алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас,

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.

Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

Атар таң, ақ ниет бере гөр,тәу-тәу,

Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!

Жанэль: Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас»деп, қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды Жыл бойы дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп тілейді

Мейірбек: міне Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата(Чингиз): Асалаумалейкум халығым. Сәлем бердім баршаға.

Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кезеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!

Аумин!
Жанэль: Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ауылдын жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен биді, көріністерді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық – деп Ортамызға  мерекелік ән шашуымен  7 сынып оқушыларын шақырамыз
Мейірбек: Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Қазақтың тағы салтымен танысайық. 

Ортамызға: 6 сынып және 1 сынып оқушыларын шақырамыз. Салт дәстүрлерді тамашаланыздар.

Ән: « » 8 сынып


Жанэль: Қазақ қалқында той ұлттық ойынсыз, сайыстарсыз өтпейді. Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. 
1. «Қол күресі» ойыны

2. 2 – 4 сынып


Би:
Мейірбек: Қазақ халқының  ертеден келе жатқан  дәстүрлерлерінің бірі « » ортаға 3 сыныпты шақырамыз.

Қөрініс: « » 8 сынып

Жанэль: Тойға өз билерін әкелген 5 сынып оқушыларын шақырамыз.

Мейірбек: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!



1 сынып оқушыларының ән шашуы
Би:
Жанэль: 9 сынып оқушыларын қарсы алыныздар, көрініс
Мейірбек: Тойымызды тағы бір ойынбен жалғастырамыз. « Күміс алу » ойыны.
Ән: « » 8 сынып

Жанэль: Қорытынды сөз мектеп директорына Бибигуль Толешовнаға беріледі.

Жанэль: "Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер" деп аталарымыз айтпақшы

Той соңында бата беру кезеніде жетті.

Әділет: Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!


Әумин!

1- 2 – жүргізуші: Наурыз құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын!
 
Наурыз тойы келе берсін!
 
Барлық халық бақытты болсын


Жанэль: Осымен ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тойымыз аяқталды. Жылдан жылға аман – есен жете берейік! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау саламат болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет