Тегі: Каймолдина Аты-жөні: Лаура Әкесінің аты-жөні: Бакытжарқызы



Дата07.05.2017
өлшемі30,67 Kb.
  • Тегі: Каймолдина
  • Аты-жөні: Лаура
  • Әкесінің аты-жөні: Бакытжарқызы
  • Білімі: Жоғары
  • 6. Бітірген оқу орны: Семей Университеті
  • 7. Мамандығы: Тарих пәнінің мұғалімі
  • 8. Санаты: І
  • Ізденіс тақырыбым:
  • “Тарих сабақтарында ұтымды, жаңа әдістерді таңдай оқыту ”
  • Тақырыбы:
  • "Қазақстандағы 1916 жылғы
  • ұлт-азаттық қозғалыс"
  • Ашық сабақ
  • Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету. Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.
  • Тәрбиелік: 1916 жылғы қазақ халқының басына түскен нәубет жайлы айта отырып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
  • Дамытушылық: Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Сабақтың мақсаты:
  • Сабақтың түрі: Аралас сабақ
  • Сабақтың әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, хронологиялық таблица арқылы саяхат жасау, сұрақ-жауап.
  • Сабақтың көрнекілігі:
  • “Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс” картасы.
  • Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері, таратпалы карточкалар, слайдтар, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.
  • Тарихи және әдеби кітаптар:
  • С.Асфендияров “1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс”, М.Әуезов “Қилы заман”, С.Мұқанов “Ботакөз”, Ж.Аймауытов “Қартқожа”, С.Сейфуллин “Тар жол, тайғақ кешу”.
  • Пәндермен байланысы: Әдебиет, география, ән.
  • Сабақтың нәтижесі:
  • Оқушылар Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді, дүниежүзілік ұлт-азаттық қозғалыстармен салыстырып талдайды, ұлт-зиялыларының ұстанған бағытымен танысады, патша үкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады.
  • І. Ұйымдастыру бөлімі
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
  • ІІІ. Жаңа білімге даярлау кезеңі. “Ойталқы”
  • IV. Жаңа сабақ
  • V. Қорытынды бөлім. “Тәуелсіздік шыңы”
  • VI. Үйге тапсырма
  • VII. Бағалау
  • Сабақтың жоспары:
  • 1. XIXғ-дың аяғы мен XXғ-дың басындағы түбірлі өзгеріске қандай құрылыс жатады?/Шойынжол/ 2. Қазақ шекарасын басып өтетін ең ұзақ темір жол? /Ташкент-Орынбор/ 3. 1905-1907 жж революцияның түпкілікті себебі? /Аграрлық мәселелер/ 4. Қанша жер “артық” жер деп қоныс аударуға берілді? /17 млн/дес/ 5. 1902 ж Қазақстанда қанша өндіріс орны бар? /8887/ 6. Қазақстанда революциялық көзқарастың қалыптасуына кмдердің идеялары әсер етті? /Халықшылдардың/ 7. 1906 жылы көтерілісшілердің қарсылығын басу кімге тапсырылды?
  • /Дурнов-ішкі істер министрі/ 8. 1906 жылы Семейдегі ереуілде кен орындарындағы қожайындарға қандай талаптар қойылды? /Экономикалық/ 9. Қазақ-орыс еңбекшілері қандай өндірісте бой көтерді? /Успен кеніші/ 10. Қазақстандағы құпия ұйымдарға қандай газет қызмет етті? /Искра/
  • - Шығармашылық жұмыстарын тексеру
  • М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, А.Байтұрсынов, ұлт мерейі үшін күрес жүргізген “Алаш” қозғалысының өкілдері туралы
  • І. Ұйымдастыру бөлімі (амандасу, түгендеу, топқа бөлу)
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - Тест сұрақтары беріледі, оқушылар жауапты орындарында отырып белгілейді.
  • Сабақтың барысы:
  • 1916 жылғы қозғалыс
  • Амангелді Иманов
  • Тоқаш Бокин
  • патша жарлығы
  • 19 бен 43 жас
  • қара жұмысқа алу
  • қазақ зиялылары
  • ІІІ. Жаңа білімге даярлау кезеңі. “Ойталқы” 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс туралы қосымша білетіндіктері мен төменгі сыныптардағы білімдерін пайдалана отырып, оқушылардың айтқан сөздері тақтаға жазылады.
  • IV. Жаңа сабақ жоспары: Мұғалім І дүниежүзілік соғыс зардаптарын, Столыпин реформасының жергілікті халықтың жерін тартып алуға әсерін, соның салдарынан дәстүрлі шаруашылықтың дағдарысқа ұшырағанын, өлкені тонаудың күшейе түскенін, алым-салықтың көбейіп, отаршылдық саясаттың тереңдеуін, төмендегі жоспар бойынша карта, сызбалар арқылы көрсетіп, қысқаша түсіндіреді. 1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері мен басталуы 2. Қазақ демократтарының саяси көзқарастары 3. Қозғалыстың сипаты мен қозғаушы күші 4. Қозғалыстың орталықтары 5. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себебі мен тарихи маңызы
  • Либерал-демократиялық
  • Революцияшыл-демократиялық
  • V. Топтық жұмыс.
  • 1-тапсырма І топ 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарты, жалпы ұлттық сипаты ІІ топ Жазалаушы жасақтар қимылы /А.Н.Куропаткин, И Фольбаум/
  • 2-тапсырма “Шығармашылық жұмыс” І топ Торғайдағы көтеріліс және оның ерекшелігін айту ІІ топ Жетісудағы көтеріліс. Қарқара көтерілісі.
  • 3-тапсырма “Тұлғаларды танып біл” Амангелді Иманов, Жәмеңке Мәмбетов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин сурет арқылы әңгімелеу.
  • 4-тапсырма “Ой толғаныс” - “Венн диаграммасын” орындау
  • “Қазақ зиялыларының көзқарастары” ерекшелігі мен ортақ белгілерін анықтау
  • VІ. Қорытынды бөлім. “Тәуелсіздік шыңы” Үлестірмелі карточкалар арқылы екі топ жарысады, туды қай топ бұрын ашады?
  • 1. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы қабылданған жыл? 2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті ретінде ант беру рәсімі өткен жыл? 3. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүшелікке өтті? 4. Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды? 5. Қазақстанда 1998 жыл қандай аталыммен аталды? 6. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға қандай атақ берілді?
  • Маусым жарлығына байланысты оқиғалар Тәуелсіздіктің бастамасы болған оқиғалар
  • 1856-1857
  • 1837-1847
  • 1820-1830
  • 1847-1858
  • 1836-1838
  • 1783-1797
  • “Тәуелсіздік-бабалардың арманы” толғауы
  • Неше ғасыр еркіндікке ұмтылған, Даласына ат ойнаған, қан тамған Қолына ұстап бодандықтың алауын, Талай жастың өмірлері қырқылған Енді бүгін тәуелсіздік таңы атты, Нұрға бөлеп шаттандырды қазақты Ұмыт болған бабалардың есімі Жан-жағына шұғыласын таратты. Орындалып бабалардың арманы Қазағымның шырағының жанғаны Егемендік туын ұстап қолына, Ұрпағының шаттыққа бір қанғаны Әлі алда талай белес, асу бар Әлі талай армандалар армандар Елі, тілі бостандығы бар жерде Біз, ұрпағы биік шыңға апарар.
  • Тақырыпты оқу, хрестоматиядан 35-46 беттегі құжаттармен танысу.
  • Тарихи және әдеби кітаптардан қосымша деректер әкелу.
  • VІ. Бағалау
  • 1. Оқушылардың топ бойынша жұмысын 2. Жеке оқушылардың қатысуын 3. Шығармашылық ерекшеліктерін ескеру
  • VІI. Үйге тапсырма:
  • VІ. Бағалау
  • “Қазақстандағы 1916 жылғы
  • ұлт-азаттық қозғалыс” картасы
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың
  • хронологиялық кестесі
  • Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873–1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Ел ішіндегі даушарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896–1911 жж бірнеше рет түрмеге қамалды.
  • Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2–3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21–23-індегі Құмкешу, Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді.
  • Мәйіті бір жыл­дан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. 1939 жы­лы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған.
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басшылары
  • Тоқаш Бокин (1890–1918) – Жетісудағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Бұрынғы Жетісу облысының Верный уезінде көшпелі кедей шаруа отбасында дүниеге келді. 1898–1906 жылдары Верный қаласындағы ерлер гимназиясында білім алды. Одан соң 1914 жылға дейін Верный уезінің сот органдары мен қоныс аудару басқармасында тілмәш болды.
  • 1913 жылы Верный қаласында өзінің 1802 сөзді қамтыған қазақша-орысша сөздігін шығарды. 1914–1916 жылдары Санкт-Петербор қаласында сот палатасында жұмыс істеді. Осы кезеңде ол патша үкіметіне қарсы түрлі саяси ұйымдардың бағдарламаларымен танысады. 1916 жылы елге оралған Т. Бокин қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу ошағы жетекшілерінің бірі болды. Ол қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, дүнгендер арасындағы үгіт жұмысына басшылық жасады, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндіріп, патша жарлығын орындамауға шақырды.
  • 1917 жылы большевиктер басқарған саяси күштермен жақындасып, Жетісу облысында Кеңес өкіметін орнатуға ат салысты. Ол 1918 жылы қаңтардың 2–13-і аралығында Верный қаласында өткен Кеңес өкіметін орнатуды жақтаған Жетісу облыстық шаруалар депутаттарының 2-ші съезіне қатысты, одан соң Жетісу соғыс революциялық комитетінің мүшелігіне сайланды. Большевиктік өкіметтің жергілікті (болыстық, ауылдық, селолық) жүйесін құру ісіне қатысып, жергілікті әскери бөлімдерін жасақтап, оларды 1918 жылдың көктем және жаз айларында азық-түлікпен қамтамасыз етуге күш жұмсады.
  • Т. Бокин сол жылы өлкеде азамат соғысы етек алған кезде саяси күрестің құрбаны болды. Белгілі жазушы З. Шашкин көрнекті қоғам қайраткерінің өмірінен сыр шертетін «Т. Бокин» атты роман жазды. 1967 жылы Алматы қаласында оған ескерткіш орнатылды, Алматының бір көшесі, Іле ауданының бір ауылы Тоқаш Бокин есімімен аталады.
  • Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871–1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті.
  • 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады. Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен. Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 ж. республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен.
  • Ол қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы. 1996 ж. батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды. Жазушы А. Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы Құлан,
  • Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасындағы Кете батырлардың көркем тұлғалары осы Кейкі мерген өмірінен сомдалған.
  • Әліби Жангелдин (1884–1953 ж.), мемлекет қайраткері. Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 ж. Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылган. 1909–1912 ж. шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 ж. Жапония арқылы туған жерге оралады. Ел аралап, кино аппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ыкпал етті. 1915 ж. Ресей большевиктер партиясының қатарына өтіп, Қырымда астыртын революциялық қызмет атқарды. Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 ж. 21 наурыз — 3 сәуірде Орынборда өткен Торғай облыстық кеңестерінің 1-съезінде облыс атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Жангелдиннің ұсынысымен Торғай облысы атқару комитеті ұлт істері жөніндегі комиссариат кұрылды және Ұлттар халық комиссариаты жанынан тұңғыш ұлттык бөлім ұйымдастырылды. РКФСР Халық комиссарлар кеңесі Қазақстанда ақ гвардияшыларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қалпына келтіру мақсатымен қару-жарақ, азық-түлік, әскери көмек беру туралы шешім кабылдады. Осыған байланысты Жангелдин Далалық өлкенің төтенше комиссары болып тағайындалды да, өлкеде алғашқы Ұлттық әскери отрядтар құрып, ақ гвардияшыларға қарсы күресті. Ресейдің орталық аудандарында арнаулы қарулы отрядтар жасақтап, бірнеше қалада Кеңес өкіметін қалпына келтірді. 1918 ж. тамыз-қазан айларында Актөбе майданының әскерлеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген арнаулы отрядты басқарды. Жангелдин 1920 жылдан РКП (б) Қырғыз (қазақ) облысы комитетінің және Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1938 жылдан ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қостанай облысының бір ауданы, Қарағанды облысында көшелерге, елді мекен мен мектептерге Жангелдин есімі берілді.
  • Халық батыры туралы кітап
  • Амангелді Иманов атындағы шың
  • Амангелді Имановқа арналған ескерткіштер

Каталог: uploads -> doc -> 04e3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04e3 -> Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» Ресурстар
04e3 -> Сабақтың тақырыбы: «Фосфор. Фосфордың қосылыстары»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет