Техникасы мен технологиясы


 Дəріс сабақтарының конспектісі



Pdf көрінісі
бет8/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
2.2 Дəріс сабақтарының конспектісі
Дəріс  тақырыбы 1. Кіріспе. Қазақстан  республикасының  су
ресурстары. Су  ресурстарының  ластану  көздері.
  Су – Жер  бетіндегі
маңызды  заттардың  бірі. Жер  шындығына  келгенде – су  планетасы  деп
айтуымызға болады. Су жер бетінің ¾ бөлігін жауып қана жатырған жоқ, оның
бетінде  бұлт  болып  қалқып  жүрген  жоқ, құрғақты  тіршілік  ылғалымен
толтырады. Судың  біздің  планетамыздағы  тіршілік  көзі  болып  табылуға
мүмкіндік  беретін, ерекше  қасиеттері  бар. Саны  жағынан  тірі  материяның  ең
кең  тараған  бейорганикалық  құраушысы. Адам  денесінің 63 пайызы,
саңырауқұлақтардың - 80%, кейбір медузалардың – 98% судан тұрады. Жердегі


11
барлық негізгі экосистемалар, адам экосистемасы да, құрамында 0,01% -тен аз
тұзы  бар  ауыз  судың  жеткіліктілігіне  байланысты. Сусыз  тіршілік  болуы
мүмкін емес.
Тұқымында 10 пайыздан  аз  су  бар  өсімдіктердің  тіршілігі  баяуырақ
болады. Бұл  құбылыс  ортаның  қолайсыз  жағдайларында  судың  көп  мөлшерін
жоғалтып алулары мүмкін, омыртқасыздардың кейбір түрлерінде де байқалады.
Құрғақтағы  биомасса  ылғал  мөлшеріне  өте  сезімтал  келеді, себебі  су
биологиялық айналымға қатысады жəне тірі материя үшін сутек пен оттек көзі
болып табылады.
Су  табиғатта  үнемі  айналымда  болады – үнемі  жұмсалады  жəне  оның
орны қайтадан толтырылады.
Қазақстан  Республикасының  су  ресурстары.
ҚР  Су  кодексіне  сəйкес,
Қазақстан Республикасының су қорларын өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты
сулары жəне су қоймалары құрайды.  Өзендердің жалпы су ресурстары орташа
есеппен жылына 100,5 км
3
 құрайды, оның 56,5 км
3
 республика территорясында
түзіледі, ал  қалған 44,0 км
3
  көршілес  мемлекеттерден  түседі. Шаруашылыққа
қолданылатын су ресурстарының  көлемі барлығы 46 км
3
, себебі, судың негізгі
бөлігі  экологиялық, балық  шаруашылығы, транспорт  жəне  энергетикалық
қажеттерге  жұмсалады. Қазақстанның  əр  түрлі  жылдардағы  экономика
қажеттіліктеріне  жұмсалған  су  ресурстарының  көлемін  салыстырғанда,
жекелеген  аймақтар, сондай-ақ  түгел  республика  бойынша  су  тапшылығы
барлығын көрсетеді. Су ресурстары тапшылығының себебі, жер үсті суларының
республика  территориясында  біркелкі  таралмағандығы, өзен  ағыстарының
жылдар  жəне  маусым  бойынша  өзгеріп  тұруы  сияқты  табиғи  факторлардың
əсерінен, сондай-ақ  көршілес  мемлекеттердің  трансшекаралық  өзендердің
суларының  негізгі  көлемін  қолдануынан, жер  суаруға  қайтымсыз  қолданудан
жəне судың жойылуынан болады. Сонымен қатар су сапасының төмендігі оны
шаруашылық мақсаттарына пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Су  ресурстарын  қорғаудың  тиімділігі  жəне  оны  тиімді  қолдануды
қамтамасыз ету су қатынастарын құқықтық реттеуге байланысты. 2007 ж. жаңа
Су  кодексі  қабылданды. Бұл  құжаттың  негізіне  су  пайдаланудың  шындыққа
жəне  теңдікке  негізделген  халықаралық  принциптері  қаланған. Приоритет
ретінде ауыз сумен жабдықтау ерекшеленген. Жаңа Су кодексін жасағанда жер
асты  жəне  жер  үсті  суларын  пайдалануға  рұқсат  беру  жүйелері  Қазақстан
Республикасының  ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  су  ресурстары
комитетіне біріктірілген.
Судың  физикалық  жəне  химиялық  қасиеттері.
  Судың  планетадағы
негізгі  ролі  оның  физикалық  қасиеттеріне  байланысты. Мысалы, жылу
сиымдылығы үлкен, мұздың суда батпайтын қасиеті, жəне т.б.
Барлық  климаттық  өзгерулер  гидросферадағы  процестерге  байланысты,
сондықтан  гидросфераны  байқау, ғалымдарға  планетадағы  табиғи, сондай-ақ
антропогенді  факторлардың  əсерінен  ғаламдық  жəне  аймақтық  климатта
болатын  өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін база болып табылады. Ауыз
судың  негізгі  бөлігі үнемі  қар жамылып жатқан  мұздықтарда (68,0% ), ең  көп
бөлігі Антарктидада (61,7 %). Ауыз судың біраз бөлігі (30,1%) жер қыртысында


12
жəне жер асты мұз жыныстарында 0,86%) орналасқан. Өзен суларындағы ауыз
су барлығы 0,006%, ал атмосферада шамамен 10есе көп, (0,04%).
Қазіргі  кезде  табиғи  сулардың  ластану  салдарын  жою  жəне  тазалығын
сақтау  мəселелері  ерекше  маңызды  болып  тұр. Соңғы  кезде  атмосферадағы
сулар  да  ластануда. Қазір  атмосфералық  жауын-шашындар  бұрынғыдай  таза
емес. Олар атмосфераға завод, фабрикалардың мұржаларынан бөлініп шыққан
өндіріс 
қалдықтарының 
жерге 
түсуіне 
мүмкіндік 
беріп, құрғақ
гидросферасының табиғи суларының «екіншілік» ластануына əкеледі.
Адам өзінің қажеттеріне пайдаланатын  ауыз судың үлесін жер шарының
су ресурстарының аз бөлігі құрайды. ХХ ғасырдың ортасына дейін ең дамыған
елдердің өзінде ауыз су жеткілікті болып келді. Ауыз су таусылмайтын табиғат
байлығы  болып  көрінетін. Бұл  судың  айналым  процесі  нəтижесінде  қысқа
уақыт  ішінде  үнемі  қалпына  келіп  отыратын  тағы  да  бір  ерекше  қасиетіне
байланысты  болды. Табиғаттағы  су  айналымы  біздің  планетамызда  күн
энергиясы, атмосфера  мен  гидросфера  бар, ал  жер  беті  континенттер  мен
мұхиттарға  бөлініп  тұрған  кезде  тоқтамайтын  үздіксіз  процесс. Алайда
техникалық  прогресс  қысқа  уақыт  ішінде, айналымдағы  су  сапасын  өзгертіп,
ғасырлар бойы қалыптасып келген табиғи гидрогеологиялық айналымды бұзды.
Бұл бүгінгі күні «су кризисі» мəселесі тууына əкелді, мөлшері қалпына келеді,
бірақ ластанған сулар.
Басқа  химиялық  элементтермен  салыстырғанда, судың  көптеген
физикалық  қасеттерінде  ерекше  ауытқулар  бар – тығыздығы, меншікті  жылу
сиымдылығы, жұққырлығы, беттік керілуі жəне т.б.
Электр  зарядтарының  су  молекуласында  ассимметриялық  таралуы, оған
анық байқалатын полярлық қасиет береді. Сұйық күйіндегі судың молекулалық
массасын  өлшеу, оның  газ  күйіндегісінен  артық  екендігін  көрсетті. Бұл  су
молекуласының  ассоциациясы  сутектік  байланыстар  түзілуі  есебінен
болатынын  көрсетеді. Қалыпты  температура  мен  қысымда  судың  үш  түрлі
агрегаттық  күйде – сұйық, қатты (мұз) жəне  газ (бу) түрінде  болуы  да  оның
уникальды қасиеттерінің бірі болып табылады.
Су  температурасының  өсуі  екі  түрлі  əсер  етеді: тұрақты  структурасын
бұзады жəне жылулық кеңеюге əкеледі. Температура 0
0
С жəне  4
0
С аралығында
(мұздың  балқуы) сутек  байланысының  бір  бөлігі  ыдырайды, яғни  мұз
структурасы бұзылады. Бұл кезде  мұз тəрізді агрегаттың (клатраттардың)  бос
жерлеріне  жекелеген  молекулалардың  орналасуынан, молекулалардың  тығыз
жиынтығы  пайда  болады. Температураның  осы  интервалында  судың
тығыздығы  артады, 3,98
0
С  кезінде  ең  үлкен  мəніне  жетеді. Суды  ары  қарай
100
0
С  дейін  жылыту, тығыздықтың  төмендеуі  арқылы  жүреді. Бұл  аномалия
қысқы  уақытта  қататын  су  қоймаларында  тіршілікке  мүмкіндік  береді. Мұз
судан  жеңіл  болғандықтан (тығыздығы  судың  тығыздығынан  кіші), судың
бетінде  орналасып, судың  төменгі  қабатын  қатып  қалудан  қорғайды.
Температура  одан  əрі  төмендеген  сайын  мұздың  қалыңдығы  өседі, бірақ  мұз
астындағы  судың  температурасы +4
0
С  деңгейінде  сақталады, бұл  су
организмдерінің тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді.


13
Табиғат өмірінде судың аномальды жоғары жылу сиымдылығы да – 4,18
Дж/моль, маңызды роль арқарады. Судың жоғары жылу сиымдылығы жылудың
бір  бөлігі  сутек  байланысын  үзуге  жұмсалатындығына  негізделген. Табиғи
жағдайда  су  баяу  жылынады  жəне  баяу  салқындайды, Жер  температурасын
реттеуші болып табылады.
Судың  жұққыштығы (қозғалыстың  əр  түрлеріне  кедергі  келтіру
мүмкіндігі) температураға  байланысты  заңды  өзгереді: температура  өскен
сайын  азаяды. Судағы  тұздардың  концентрациясы  артқан  сайын, жұққыштық
азаяды. Сонымен қатар қысымның жұққыштыққа əсерінің өз ерекшеліктері бар:
температура  төмендеген  сайын  жеткілікті  қысымда  судың  жұққырлығы
көбеюдің  орнына  азаяды, ал  қысымды  аздап  өсірсек, судың  тəртібі  жалпы
ережелерге бағынады.
Судың  салыстырмалы  диэлектрлік  тұрақтылығы – 81, судың  үлкен
иондағыш күші осыған негізделген.
Судың  беттік  керілуі  ең  үлкен (сынаптан  кіші), бұл  өсімдіктер
шырынының, адам  мен  жануарлар  тамырларындағы  қанның  қозғалысына
мүмкіндік береді. Температура жоғарылаған сайын судың беттік керілуі азаяды.
Судың  оптикалық  қасиеттері  оның  мөлдірлігімен  бағаланады, бұл  су
арқылы  өтетін  сəуле  толқындарының  ұзындығына  байланысты. Ультракүлгін
сəулелер  су  арқылы  оңай  өтеді, сондықтан  су  организмдерінің  су
қоймаларының  түбіне  дейін  тіршілік  етуге  қабілеттері  бар, инфрақызыл
сəулелер су арқылы аз дəрежеде өтеді. Көрінетін жарықтың сарғыш жəне қызыл
компоненттерін сіңіруінен, су көгілдір түске ие болады.
Химиялық таза су электр тогын өте нашар өткізеді, бірақ аздаған болса да
электр  өткізгіштігі  бар, себебі, өте  аз  дəрежеде  сутек  жəне  гидроксил
иондарына диссоциацияға түзетін қабілеті бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет