Тәжірибенің басталуынан екі ай бұрын тәжірибеден өту бағдарламасы мен күнтізбелік кестесін мекемеге беруге



Дата08.12.2019
өлшемі55 Kb.
#53206
Байланысты:
қазақша азаматтарға
2нед срсп 444
Ф-ОБ-001/210

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

білім алушыларын өндірістік тәжірибеден өткізу туралы

КЕЛІСІМ-ШАРТ № _____

Түркістан қаласы «___»__________ 2019 жыл

Бір жағынан Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін Университет президенті Б. Абдрасилов бұдан былай «Университет» және екінші жағынан «Ордабасы ауданы орталық ауруханасы» Ордабасы ауданы орталық ауруханасы ШЖҚ МКҚК-ның бас дәрігері Мырзагелдиев Б.М бірлесе «Тараптар» деп аталып төмендегідей өзара келісім-шартқа отырды:


1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Университет оқу үрдісі барысында алған білімдерін бекіттіру, тәжірибелік дағдылар мен озық тәжірибені игерту мақсатына бағытталған өндірістік тәжірибеден өтуге білім алушыны ары қарай Келісім-шарт негізі бойынша жібереді, ал мекеме қабылдайды.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Университеттің міндеттері:

2.1.1. Тәжірибенің басталуынан екі ай бұрын тәжірибеден өту бағдарламасы мен күнтізбелік кестесін мекемеге беруге;

2.1.2. Оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбе бойынша тәжірибенің басталу мерзіміне сәйкес білім алушыны мекемеге жіберуге;

2.1.3. Университет тарапынан әдістемелік көмек көрсетуге;

2.1.4. Тікелей мекемеде тәжірибенің өтуін бақылау жасауға міндетті.

2.2. Университет құқығы бар:

2.2.1. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес 5В130200-Стоматология мамандығы бойынша оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімде өндірістік тәжірибеден өту үшін білім алушыны мекемеге жіберуге;

2.2.2. Мемлекеттік білім стандарты тәжірибе бағдарламасына және талаптарына сәйкес тәжірибеден өткізуге жетекшілік жасауға;

2.2.3. Тәжірибе мерзімі біткенге дейін білім алушының жұмыс сапасы мен қатысуы туралы ақпаратты алуға құқылы.



2.3. Мекеменің міндеттері:

2.3.1. Білім алушыны осы келісім-шарт тәртібі бойынша қабылдауға;

2.3.2. Білім алушыны тәжірибеден өту кезеңінде жетекшілік жасау үшін тиісті біліктілігі мен еңбек өтілі бар мамандармен қамтамасыз етуге;

2.3.3. Білім алушыға коммерциялық құпия болып табылмайтын әдебиеттер және басқа да құжаттар мен құрал-жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік беруге;

2.3.4. Білім алушыларды қауіпсіз және еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық талаптарына сай жағдаймен қамтамасыз етуге;

2.3.5. Білім алушының тәжірибеден өту кезінде еңбек уақытын есепке алуды қамтамасыз етуге;

2.3.6. Тәжірибеден өту кезеңінде білім алушыны жұмыс орнымен, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге;

2.3.7. Іс-тәжірибеден өту үшін қауіпсіз жағдай жасау, қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті нұсқаулық өткізуге;

2.3.8. Білім алушының мамандығына қатысты емес, сонымен бірге бағдарламада қарастырылмаған жұмыстарды орындауына жол бермеуге;

2.3.9. Іс-тәжірибе аяқталған соң, әрбір тәжірибеден өтуші білім алушының орындаған жұмысына мерзімі көрсетіліп, дайындаған есебі бағаланып мінездеме беруге міндетті.

2.3.10 Мекеме студент практика мерзімі басталған уақыттан негізсіз үш күн кешіккен жағдайда растайтын құжаттарды ұсынуға жазбаша түрде университетке хабар беруге;

2.3.11 Мекеме студент практика мерзімі көрсетілген уақытта техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін, ішкі тәртіпті бұзса жазбаша түрде университетке хабар беруге;



2.4. Білім алушының тәжірибеден өту кезеңіндегі міндеттері:

2.4.1. Өндірістік, тәжірибе бағдарламасын толық орындауға;

2.4.2. Мекеменің қолданысындағы еңбек және ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

2.4.3. Өндірістік тазалық пен техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін білу және қатаң сақтауға;

2.4.4. Өндірістік, жетекшісіне бекітілген үлгі бойынша барлық тапсырмалардың орындалуы туралы жазбаша түрде есепті тәжірибе базасының жетекшісі растап, қол қойған күнделікті өткізуге міндетті.
3. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МЕРЗІМІ

3.1. Осы Келісім-шарт Тараптар қол қойып, тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және «31» желтоқсан 2025 жылға дейін қолданыста болады.


4. ТАРАПТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

4.1. Шарт талаптарын орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайларды Тараптар шартта көрсетілген ҚР Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.



5. БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

5.1. Осы келісім-шарт 2 данада жасалады, әрқайсысы заңдық күшке ие, Тараптарға бір-бірден беріледі.

5.2. Осы келісім-шартта көрсетілген барлық мәселелер бойынша тараптардың толық келісімін көрсетеді.

5.3. Осы келісім-шарттан туындаған даулар мен шағымдарды Тараптар келіссөздер арқылы шешеді.

5.4. Келіссөздер арқылы келісу мүмкін болмаған жағдайда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

5.5. Егер келісім-шарттың қандай да бір ережесі өз күшін жойып, заңсыз жарамсыз болып келсе немесе қандай да бір себептермен орындала алмайтын болса, келісім-шарттың басқа ережелерінің жарамдылығы немесе заңдылығына әсер етпеуі тиіс. Мұндай жағдайларда тараптар жарамсыз ережелерді заңды күші бар ережелермен ауыстыра алады.

5.6. Келісім-шартта нақты көрсетілмеген барлық қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасын басшылыққа алады.
6. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН БАНКТІК РЕКВИЗИТТЕРІ

Университет Мекеме

161200, Түркістан қаласы,

Б.Саттарханов даңғылы, 29

ИИК КZ436010291000010707

БИК HSBKKZKX

Қазақстан Халық банкі АҚ

Кбе 16, БИН 990440008043

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ң

ректоры


________________Б.С.Абдрасилов
Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту орталығының басшысы

________________С.М.Мухиддинова


Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

________________Ғ.Мұсаханов





160600, Ордабасы ауданы, Қажмұқан Д.168А «Ордабасы ауданы орталық ауруханасы »

БИН________________



Ордабасы ауданы орталық ауруханасы ШЖҚ МКҚК-ның бас дәрігері___________Мырзагелдиев Б.М
Тел/факс:+7(72530) 2 14 41



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет