Текелі қаласында геологиялық зерттеулер жүргізген тұЛҒалардың ЕҢбектері



Дата28.01.2018
өлшемі100,88 Kb.
#34980
ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ
Жұманов Айдос, «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК 1201000 Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығының 2 курс студенті, жетекші: Карсайдаров С.К.





Көркіне көз тоймас келбетті,

Үйлерің әшекей, өрнекті.

Тауларың жарасып шығыстан,

Кеншілер қаласы сәулетті.


Қорғасын, мырышың – қазынам,

Мәрмәрің тауыңнан қазылған.

Кеншілер тұғырға ту тігіп,

Есімі ерекші танылған!

Мәлс Керейбаев


Зерттеудің мақсаты: Текелі қаласында геологиялық зерттеулер жүргізген тұлғалар жайлы

деректерді зерттей келе, Қазақстан тарихы пәнінен өткізілетін факультативтік сабақтарға және «Өлкетану» пәніне тақырып ретінде енгізу.



Зерттеудің міндеттері:

  • Текелі қаласында геологиялық зерттеулер жүргізген тұлғалар жайлы тереңірек зерттеп-білу;

  • «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Текелі филиалы және «Талдықорған мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып іскерлік байланыс орнату;

  • Зерттеу жұмысының тақырыбын Қазақстан тарихы пәнінен өткізілетін факультативтік сабақтарға енгізу;

  • Зерттеу жұмысының нәтижесін жергілікті «Текелі тынысы» газетінде жариялау арқылы қала тұрғындарын зерттеу жұмысымен таныстыру.

Зерттеудің болжамы:

  • Текелі қаласында геологиялық зерттеулер жүргізген тұлғалар жайлы деректерді студент санасына жеткізе отырып патриоттық, тарихи сауаттылығын арттыру.

Зерттеу кезеңдері:

  • Қосымша ақпарат көздерін, интернет-ресурстарын пайдалану арқылы Текелі қаласында

геологиялық зерттеулер жүргізген тұлғалар туралы мәлімет қорын қалыптастыру;

  • «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Текелі филиалы және «Талдықорған мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемелерімен байланыс орнату;

  • «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» жауапкершілігі шектелген серіктестігімен байланыс орнату;

  • Жергілікті «Текелі тынысы» газетінде зерттеу жұмысының нәтижесі туралы мақала жазу.

Зерттеудің жаңалығы:

Моноқалаларды дамыту бағдарламасына енген Текелі қаласында геологиялық зерттеулер

жүргізген тұлғалар туралы студенттердің патриоттық сезімдерін ояту мақсатында зерттеу тақырыбы жайлы толық ақпарат беру.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

«Текелі – тіршілігі қайнаған, тұрғындары екі қолға бір күрек тауып, қарекетсіз отырмайтын еңбекқор жандардың қаласы» деп Текелі қаласының бұрынғы әкімі Қаныбек Айтжанов айтқандай, моноқала бағдарламасы аясында Алматы облысынан енген бірден-бір қала – Текелі қаласы. Аталған бағдарлама қаланың өзекті мәселелерінің шешімін тауып, әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына жаңа тыныс береріне сенім мол. Осы орайда, студенттерге қаланың дамуына геологиялық зерттеулер жүргізген тұлғалар жөнінде ақпарат беру, факультативтік сабаққа тақырып ретінде енгізу қажеттілігі туындап отыр.



Зерттеу жұмысының нәтижесі:

«Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Текелі филиалы және «Талдықорған мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемелерінде зерттеу жұмысының алғашқы кезеңі жасалынды. Алайда, алдағы уақытта аталған зерттеу жұмысының толық қанды нәтижесін көру үшін оны жалғастырып, Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясы Алматы облыстық ғылыми-практикалық конференциясына баяндама ретінде ұсыну қажет.


КІРІСПЕ




Жер жаннаты Жетісу өлкесінің тарихи тағылымы терең әріден сыр шертеді. Тылсым табиғаты да ерекше көз тартады. Ұлы дала төсін байрақты бабаларымыз қол бастаған батырларымен бірге жоңғар шапқыншылығынан қорғаған... ІХ-ХІІ ғасырларда осы өлкедегі көркем, шырайлы шаһарларымыздың көрші Қытай елін тамсандырғаны шындық. Бұл аймақтың келешекте кең қанат жаюына ықпал ететін экономикалық әлеуеті зор деп білемін.

Нұрсұлтан Назарбаев




Ұлан-ғайыр қазақ даласының қасиетті бір бұрышы жер жаннаты атанған Жетісу өлкесі

болса, жерұйық іздеген Асан Қайғы бабамыздың «Ағашы тұнған жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен, жерұйық деген осы екен» деп тамсанған өңірдің шырайлы да шұрайлы мекендерінің бірі – Текелі қаласы. Текелі қаласының аумағы 6133 га немесе 61,3 км2, Талдықорған қаласынан 39 км қашықтықта оңтүстік-шығысқа қарай және Алматыдан 285 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан, темір және автокөлік жолдарымен байланысады. Қала халқының жалпы саны, қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігіне енетін Рудничный поселкесін қоса алғанда, 29,3 мың адамды (2012 жылғы 1 шілдеге) құрайды.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасына Алматы облысынан енген бірден-бір қала – Текелі қаласы. Аталған бағдарлама 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала. Моноқалалар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы отырысында мақұлданған. Бағдарлама моноқалалардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге, еңбек және экономикалық әлеуетті ескере отырып оларды одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ табиғи басымдықтарын анықтауға бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстанда 27 моноқала бар.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тарихты жасайтын адамдар. Текелі қаласының геологиялық дамуы «Текелі кенді қайта өңдеу

кешені» жауапкершілігі шектелген серіктестігімен тікелей байланысты, өйткені қаланың кен игеру жолында қазақтың бірқатар зиялы тұлғаларының маңдай тері Текелі кенін өндіріске шығару жолында төгілген. Текелі кеніне алғаш бұрғы салып, ғылыми тұрғыда оның болашағын зерттеген қазақтың тұңғыш геологтарының бірі Оразалы Қиқымұлы Жандосов (1904 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туған) пен Мерғали Қадылбеков (1907 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаманқыстау ауылында туған). 1936 жылы КСРО ауыр өнеркәсібінің халық комиссариаты Текелі кен басқармасының директоры Оразалы Жандосов пен техникалық жетекші Мерғали Қадылбековке кеніштің жобалық қуатын жылына 500 мың тоннаға дейін арттыру жүктелген. 1933 жылы инженер-геологтар Мерғали Қадылбеков пен Михаил Юдичев Текелі өзені бастауының оң жақ беткейінде түрлі-түсті кен орындарын тапты.

Текелі қаласының геологиялық дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімдері мен қызметтері:





Аты-жөні

Қызметі

1

Оразалы Жандосов

1924-25 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кооперативтік курсында оқып, 1933 жылы Мәскеу геологиялық барлау институтын бітірді. 1933-34 жылдары Семей қаласындағы «Қазсирекметаллбарлау» тресінде бастықтың орынбасары, бастығы болды. 1935-36 жылдарда Қаскелең геологиялық барлау партиясының бастығы, 1936-37 жылдары Текелі кен басқару мекемесінің директоры қызметін атқарды. Текелі кенішінің тарихы туралы жазылған, әрине, оның барлығы кеңес кезеңінде қағазға түскен, алайда, деректерге қарасақ, О.Жандосовтың есімі мүлдем кездеспейді. Оның себебі, көкірегі ояу, білімді Оразалы Қиқымұлы отаршылардың арам ойларына тұсау болғандықтан, 1937 жылы тұтқынға алынып, арандатушы деген жалған айып тағылып, 1938 жылы ату жазасына кесілген.

2

Мерғали Қадылбеков

1928 жылы Мәскеу тау-кен институтын бітірген.

1928-1930 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңіріне және Қырғызстан жеріне геологиялық барлау жасаған экспедицияның бастығы болды. 1930 жылы Шымкент қорғасын зауытына қажетті шикізат қорын іздеу мақсатында Қаратау, Іле және Жетісу Алатауындағы Ащысай, Қарасай Хантағы, Байжансай, Қастек, Қаскелең, Ұзынсу, Шынасылсай кен орындарының зерттелуіне жетекшілік етті. «Қазақполиметалл» тресін ұйымдастырушылардың қатарында болды. Қарағайлы мен Қайрақты түсті металл (Қарағанды облысы) және Текелі қорғасын-мырыш (Алматы облысы) кен орындарын ашты. Қаратаудағы «Мерғалисай» кен орны Қадылбеков есімімен аталған. Техникалық кітаптарды қазақшаға аударуды ғылыми жолға қою жөнінде мәселе көтеріп, геология мен тау-кен ісі жөніндегі терминологиялық сөздік жасады. Текелі кен басқармасының бас инженер қызметін атқарып жүргенде 1937 жылы 30 мамырда тұтқындалып, Кеңес үкіметіне қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі деген жалған айыппен сотталып, ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының Әскери алқасының шешімімен 1960 жылы 11 маусымда ақталды. Текелі қорғасын-мырыш кен орны (1996 ж.) мен Қарғайлы және Қайрақты түсті металл кен орнын (1997 ж.) ашқаны үшін «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» деген диплом мен омырау белгісі берілді.



3

В.М.Гулий

Г.Пашинцев



Текелі қорғасын-мырыш комбинатын басқарды

4

И.Б.Еділбаев

А.Қ.Дәуренбеков

Е.Н.Шкуратов

Е.Б.Берікбаланов



Текелі кенішінде ауысымды басқару шеберлерінен кәсіпорын директорлығы лауазымын атқарды

5

Ұ.К.Көбеев

Текелі кенішінің бастығынан ҚазКСР түрлі-түсті металлургия министрлігіне ауысты.

6

Ү.З.Төреғожин

Текелі ақалық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.

7

А.В.Милкин

Еңбек жолын Текелі кенішінде бастап, түрлі-түсті металлургия министрлігіне шақырылып, кейіннен Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына тағайындалды.

8

А.Қ.Дәуренбеков

ҚазКСР түрлі-түсті металлургия министрлігінің аппаратынан ауыстырылып, жобаларды сараптау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Кейіннен ол КСРО түрлі-түсті металлурия министрінің бұйрығымен кеңестік мамандардың жетекшісі ретінде Африкаға. Конго Халықтық демократиялық республикасына жолдамамен жіберіледі. Осы сапардан соң ол ҚазКСР Ғылым академиясының Президиумында қызмет етті.

9

Е.Б.Берікбаланов

Текелі кенішінде қарапайым жұмысшыдан ауысым шебері, кеніш учаскесінің бастығы, Текелі партия комитетінің хатшысына дейін көтерілді. Комбинат директорының орынбасары, 1985 жылдан Текелі қорғасын-мырыш комбинатының директоры, ал 1996 жылы «Текелі қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ бас директоры болып тағайындалды.

10

И.Б.Еділбаев

ҚР өнеркәсіптік өндірісі саласындағы көрнекті қайраткері. Оның еңбектері: геология, тау кен ісі, кен байыту және металлургия, «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл ту ордендерінің «Кенші даңқы» үш дәрежелі медальдарының, ҚР «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері, «Кенші даңқы» төсбелгісімен, ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. КСРО құрметті кеншісі.

Сонымен, менің ғылыми жұмысымның алдына қойған проблемасы: қаланың геологиялық дамуына үлес қосқан тұлғалар жайлы деректердің жоқтығы, әлі күнге дейін толық зерттелмеуі, олар жайлы тарих сабағында, қосымша сабақтарда оқытылмауы, сондықтан студенттердің қаланың геологиялық дамуына үлес қосқан тұлғалар жайлы білмеуі.

Патриоттық тәрбие өміршең. Осыған орай, Қазақстан тарихы пәнінен өткізілетін факультативтік сабақтарға тақырып ретінде, Өлкетану пәніне тарау ретінде аталған тақырып енгізілсе. Әрбір аймақтың, елді-мекенге еңбегі сіңген тұлғалар жайлы әр студент оқып-білсе, сонда ғана студент бойында қазақстандық патриотизм оянады.

Ғылыми жұмысымның шешу жолдары: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдеге мақаласында 20-тапсырма жарияланған болатын. Аталған мақаланың 13-ші тапсырмасы Қазақстан Респуликасының Білім және ғылым министрлігіне тікелей бірнеше тапсырмалар бағытталған еді, соның бірі:

- Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан

өткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын;

- орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс жасасын (Өлкетану — белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу).

Қорытындылай келе, ғылыми жұмысымның нәтижесінде, Текелі қаласында геологиялық зерттеулер жүргізген тұлғалар жайлы біраз мәлімет алынды. Өзімнің және қатарлас студенттердің тарихи сауаттылықтары туралы білімдері жетілдірілді.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Редакциялық алқа: Айтжанов Қ.Қ., Калиновский Н.В. және т.б., Текелі құтты мекенім Алматы: «Золотая книга», 2012 – 232 бет

  2. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы

  3. «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Текелі филиалынан алынған материалдар.

  4. «Талдықорған мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінен алынған материалдар.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет