ТӘкен әлімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесі- классикалық шығарма ш. Д.Әділова, Жаппарқұлова А



Дата11.01.2017
өлшемі72,32 Kb.
#6924
ӘОЖ 821.512.122(092)

ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВТЫҢ «ҚАРАОЙ» ӘҢГІМЕСІ- КЛАССИКАЛЫҚ ШЫҒАРМА

Ш.Д.Әділова, Жаппарқұлова А.

ОҚМПИ, Шымкентқ.



Резюме

В этой статье рассматривается художественные особенности в рассказе «Карой» Т.Алимкулова

Summary

This article discusses the artistic features in the story "Cara" T.Alimkulova
70-90 жылдардағы әдебиетте шағын жанрдағы туындылар ұлттық құндылықтар мен ұлттық болмысты арқау ете отырып, қазақ прозасын жаңа биікке, белеске көтерді. Оның ішінде ең алдымен, елдің, халықтың рухани тарихын, өткен өмірін, әлеуметтік-қоғамдық дамуындағы орнын, айтулы өнер иелерінің тағдырларын, қысқасы, тарихи кезеңдер шындығын арқау еткен әңгіме, повесть, романдар оқырман назарына көбірек ілікті. Міне, сол оқырман назарға іліккен шығармалардың бірі-Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі. Қазақ прозасының тарихындағы классикалық әңгімеге айналған Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінің шеберлік сырларына көптеген әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншыларымыз Т.Тоқбергенов, А.Сүлейменов, С. Жұмабеков, К.Сыздықов, Б.Кәрібаева, М.Байғұт, Ө.Қырғызбаев, А.Әлімұлы т.б жоғары баға бергені белгілі. Ал, әңгіменің қазақ прозасындағы айрықша туынды екенін алғаш танып, оны бүге-шігесіне дейін классикалық тұрғыдан талдаған айтулы сыншы Т.Тоқбергенов болды. Т.Тоқбергенов әңгіменің қазақ әдебиетіндегі жаңаша ізденіс үлгісіндегі туынды екенін алғыр сыншы ретінде сол тұстағы әдеби үрдісте қырағылықпен байқай отырып: «Тәкен өзінің «Қараойымен» классикалық әдебиетке қадам ұрды. Шағын әңгіменің шалымдылығы, сурет, бояуының анық- қанықтығы сондай, бұл өз алдына, бөлек бір тосын туынды, тұп-тұтас тұнып тұрған ойға жетелейтін парасатты көркем дүниеге айналған. Бұл шығармада басы артық бір сөз жоқ. Сан сапырлысқан ой-теңіз шашырап жатпай, шарадай жерге қалайша сыйып тұр деп таңқаласың. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын жазбастан бұрын «Татьянаның қырдағы әнін» дүниеге келтіріп еді. Кішкентай ғана әңгіме ғып, соншама сұлу, соншама ғажап, әсем дүние ғып, жасап тастай салған-ды. Ән, сезім, махаббат, ақындық шабыт аралас айрықша лирикалық дүние өмірге келген еді. Шын шебердің сүйріктей сұлу мүсіні боп келген еді. Тәкеннің «Қараойы» да сондайлық сұлу соншама терең әңгіме-новелла болып шықты»-дейді. [1,249]

Ұлттық идеяның ең бір жарқырап көрінер тұсы - ұлттық мүддені мақсат ететін кейіпкерлердің рухты бейнесін сомдау болса, осы бағытта Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі осы сәтті көркемдік ізденістердің озық үлгісі бола алды. Оның осы «Қараой» атты туындысындағы Махамбет тұлғасының өзі ұлттық мүддені көксеудің, ұлттық тәуелсіздік үшін күресудің ең бір жарқын мысалын анық көрсетеді. «Қараой» әңгімесінің арқауы қазақтың батыр ұлы, халықтың мүддесін ойлаған, талантты, дүйім елді аузына қаратып, өнерімен, ерлігімен көзінің тірісінде аңыз болған Махамбеттің трагедиялық тағдыры болып табылады. Әңгімеге Махамбет өмірінің ең бір трагедиялық тұсы арқау болған. Күрескер ақынның талас-тартыстан бір сәтке де толастамаған өмір-тағдырының ең соңғы сағаттары терең психологизм арнасында суреттеледі. Жазушы шағын әңгіме жанрында Махамбеттің өмірінің соңғы сәтінің шындығын психологиялық тұрғыда шынайы жинақтайды. Шығарманың сюжетіне тоқталар болсақ, елсіз далада қара дауылға қасқайып қарсы тұрып, ештеңеден қаймықпаған, ешкімге бас имеген қайратты ақынның ғұмыр кешіп жатқан соңғы тұрағына күтпеген жерден сау етіп қанды қол жендеттер жетеді. Оларды бастап келген Ықылас, ал көздеп келгені Махамбетті өлтіру еді. Қараой жер атауы. Махамбетке жасалған соңғы қастандық, қаралы оқиға да осы жерде өтеді. Сондықтан да осы қасіретке бастаған қаралы оқиға тарихы жазушы суреттеуінің басты көркемдік нысанасына алынған. Бұл әңгіменің рухани негізі Махамбет өлеңдері. Махамбеттің: « Уа, қызғыш құс, қызғыш құс, - деп келетін өлеңінде үлкен қайғының сарыны жатыр. «Әуеде ұшқан қызғыш құс: «Екеуміздің тағдырымыз бір» дегендей, қанатымен бәйек болады» деген әңгіме мәтіндегі сөйлемдер әңгіменің поэтикалық рухани күшін барынша артыра түседі. Әңгіме сюжетінің көтеріп тұрған жүгі жайлы шығармаға классикалық дүние деп баға берген Т.Тоқбергенов: «Қараойды» айтқанда оның өң бойы суретке, тебіреніс-толғанысқа, қимыл-әрекетке малынып, шиыршық атып жатқан сюжетін айтамыз. Көркемдігі жағынан тіпті қандай жүкті де болса қайыспай көтеріп тұрғанын айтамыз»-дейді. [1,250] Әңгімеде авторлық баяндау дәлдігі, табиғат, ботаның, түйенің, құстың бейнесі, ай мезгілі, бала әрекеті, Айдың тұтылуы, Күннің батуы – барлығы көркемдік жүк көтеріп тұр. Төгілген қан, кесілген бас, атыс-шабыс, тағы да басқа көп әрекеттердің көшірмесі, солғын суреті жоқ бұл әңгімеде. Оның барлығын жазушы жіпке тізіп, сөзбұйдаға салмаған. Көпсөзділік, созбалай суреттеуден саналы түрде бойын алыс ұстаған. Бірақ солай бола тұра, қандықол жендеттердің қасиетті ақын шаңырағын қас-қағым сәтте ойрандап, ортасына түсіріп, бір үйлі жанды сорлатып кеткенін автор көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп, шеберлікпен суреттейді. Ер-азаматын жоқтап жары, баласы шын мәнінде жылаған шығар. Ал ботаның боздауы, енесінің аңырауы, барлығы көркемдік шеберлікке саяды. Ақын өліміне адамзатпен бірге табиғаттың, жан-жануардың да тебіренісін, күйзелген көрінісін көрсетіп, тарихи шындықты өрнектейді. Тіл өнері бейнелей алмайтын өмір құбылысы жоқ. Сөз өнері басқа өнер түрлері жеткізе алмайтын, бейнесін жасай алмайтын шындық сырларын да тайға таңба басқандай анық танытады, бұл орайда қаламгердің қиялы суреткерлік қиял қызметінің орны ерекше зор. Махамбет өмірінің бір сәтін арқау етіп алған «Қараой» әңгімесінде Т.Әлімқұловтың, қазақ халқының өрлігін, ақын өлімін сығымдай келе кішкене шығармаға сәтті сыйдырған шеберлігі байқалады. Осы тұста әдебиет сыншысы Б.Кәрібаеваның: «Әңгіме композииясы басынан аяғына дейін осы ырғақтан, осы бүтіндіктен босаңсымайды. Яғни, образ, оқиға динамикасы драматизм табиғатты ең алдымен өзінің аса шынайылығымен оқшауланады. Артық сөзге еш орын жоқ. Шап – шақ әңгімеде Махамбеттің басын алуға келген «сұмдардың» өзі бір жақты бояумен суреттелмейді. Автордың бір жақты жеккөрініш сезімімен айыпталмайды. Өз көзқарасын білдіруге тіпті де асықпайды. Барынша объективтік шындықты қалпына келтіруге тер төгеді. Бұл – шеберлік суреткерлікпен астасудың көрінісі», - деп жазушы шеберлігі жөнінде білдірген пікірі біздің тұжырымымызды нақтылай түседі. [2,228] .

Әңгімеде ақынның ақырғы өліп бара жатқандағы сәтін суреттейтін «Ақырғы үні «Әуес» болса, ақырғы ойы «Қайран халқым!» деген екі ауыз сөзге саяды» деген детальда жазушы ақынның құрбандыққа өзін шалып жібере алатын морт мінезін оқырманға сендіре суреттейді. Ал ел теңдігін ақыра сұрап, ашық айқасқа шыққан қаһарман ақынның өліп бара жатқан сәтін сөз арқылы суретке айналдырып, процесс күйінде беру жазушының қиялының ғана жемісі емес, суреткерлік даралығымен шеберлігінің де көрінісі болып табылады. Жазушы Махамбеттің көз жұмып, үзіліп бара жатқан сәтінің шындығын дәл осылай суреттеу арқылы шығармасының эмоциялық мазмұнын барынша күшейткен. Әңгімедегі жазушының осы стильдік ерекшелігі жайлы тәкентанушы Қ.Әбдезұлы: «Осы берілген сөйлемдердің әрқайсысын тұйықтап тұрған күрделі етістік сөздер де көркемдік жүк көтеріп тұр. Қайталанып келіп, оқиғаға екпін дарытып, авторлық ойға көркемдік салмақ қосады. Осындағы «келмей кетті, өткізіп жатты, арыздасты, қала берді, етпеттеп еңіреді, айнала берді, боздады, аңырады, дөңгеленіп бара жатты, ай тұтылды» деген сөздер ақын трагедиясының, жалпы адам мен бар шындығын ширықтыра жеткізудегі дәл табылған бейнелеу құралдары болып табылады. Осылардың әрқайсысы кейіпкерлер басынан өтіп жатқан қайғылы оқиғадан терең сыр береді. Осылардың әрқайсысы үлкен оқиғаны, трагедиялық ахуалдың өзімен шешімін қатар білдіретін көркемдік деталь болып табылады. Бұл детальдардың экспресивтік мазмұны әңгіменің көркемдік шешімі ұсынылар тұстағы суреті бар бояумен өте әсерлі жеткізеді», -дейді. [3,112]. Сонымен бірге бұл әңгімеде қаламгер ұлттық психологиядағы ұғымдарды да орнымен пайдаланған. Қазақтың ұғымында тиым салынған ырымның бірі –адамның үй айналуы. Осы мәтіндегі: «жас бала шырылдап үй айнала береді» деген сөйлем ауыр оқиғаның болып өткенін айғақтап тұр. Үйдің іші бүлінгенде, отбасы ойран болғанда жас баланың өзі медет тұтар ештеңе таба алмай, үй айналып жылауы да қаралы елдің байырғы заманнан көзі қаныққан көрініс, трагедиялық күйдің белгісіндегі көрініс. Үйге кіруге, үй іші ойран болған. Одан пана табу жоқ. Үйден тыс безіп кетуге баланың сәби танымы тартыншақтайды. Ақыры ол үй айналып жылауға мәжбүр. Айдың тұтылуын да халық жамандыққа жорыған. Күннің батар шағы да адамның игілікті істі бастатын шағы емес. Бұлар енді табиғатпен сабақтас шыққан ырымдар Жазушы бұлардың мәнін жете біліп, шығарма желісіне шеберлікпен кіргізіп отыр. Жалпы адам өлімі-қай кезде де, қандай заманда да басы жұмыр пенде үшін теңдесі жоқ қасірет. Осыны қаралы үйдің Махамбет жарық дүниеден кеткеннен кейінгі қайғы-қасіретін, қаламгер ұлттық психология арнасында бедері бейнелеп жеткізген. Қаламгердің тіл өрнегіндегі шығармашылық даралығы да осы жерде бой көрсеткен.

«Қараой»- жазушының шын шеберлігінен, эмоциялық қуатынан туған туынды. Бұнда Т.Әлімқұлов- суретші, әңгімеші, тілмар, ойшыл, сергек сезімнің иесі. Ал Тәкен Әлімқұлов шығармашылығын 70-80 жылдардағы әдебиетпен бірлікте қарастырған ф.ғ.д., профессор тәкентанушы Қ.Әбдезұлы: «Осы ретте «Қараой» аса маңызды. Әзірге қазақ прозасында бұл қысқа жанрда Махамбетке арналған мұндай дүниенің енді қайтылып жазылуы екіталай. Айтпағымыз-бұл әңгіменің біртуар, озық дүние екендігі. Махамбет Өтемісұлының өмірі туралы бүгінде бірнеше роман, повесть бары белгілі. Олардың әрқайсының мазмұны мен пішіні әр түрлі, көркемдік дәрежесі, стильдік табиғаты да басқа-басқа. Ал ақын өмірінің соңғы сәтінің суретін жасауда Т.Әлімқұловтың әңгімесі басқа жазушылардың шығармаларынан қай тұрғыдан да ерекше табиғатымен ерекшеленеді»-десе. Т.Тоқбергенов: «Тәкеннің «Қараойы» да сондайлық сұлу соншама терең әңгіме-новелла болып шықты. Бірақ Мұхаң «Татьянаның қырдағы әнінен» кейін оны жалғастыруға әлі де көп мүмкіндігі бары анық көрінген – ді. Ал, Тәкен өзін-өзі таусып алған сияқты «Қараойдан» кейін Махамбет өміріне соға алмайтын сияқты. Айтар ойын түгел түгесіп, сарқып алғандай. Ендігі қосары болса, ол тек бояуын тым баттитып, қалыңдатып, баттастырып алатындай»-дейді. [1,249].

Демек бұл жерде сыншы Т.Тоқбергеновтің айтқанынан біз Махамбеттің өмірі туралы енді бұдан артық айту, сөз қозғау Тәкен Әлімқұловтың өзіне -өзі қиянат жасауы болар еді деген ойды ұғамыз. Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі әлемдік классикалық әңгімелер антологиясына кіретін бірден-бір шығарма.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т. Тоқбергенов. Қос қағыс. А., Жазушы, 1981, -282-б

  2. Б.Кәрібаева. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму арналары. Сын-зерттеу. Астана: Елорда,2001.-312б

  3. Қ.Әбдезұлы. Тарих және тағдыр.-Алматы. «Қазғұрт»,2004-208б

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет