Тексерген: Стамбекова А. С



бет1/7
Дата01.10.2024
өлшемі59,1 Kb.
#205467
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Баяндама 1




АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




БАЯНДАМА

Тақырыбы: Болашақ бастауыш педагогтарының кәсіби даярлығы. Ғылыми-зерттеу даярлық

Тексерген: Стамбекова А.С.

Орындаған: ПМНО 2 курс


Сүйеуғали Н.А.
Алматы 2024

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

3

1.Дүниетану және жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік даярлығы

4

1.1 Тәжірибелік дағдыларды дамыту

4

1.2 Тәжірибелік даярлықтың маңыздылығы
1.3 Өндірістік практика, оқу практикасы және тәрбиелік іс-шаралар

5
6

1.4 Оқыту әдістемелері және инновациялық технологиялар

9

ҚОРЫТЫНДЫ

11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

12
13


КІРІСПЕ
Болашақ бастауыш педагогтарының кәсіби даярлығы бес сатыдан тұрады. Олар:
- Теориялық-әлеуметтік даярлық (болашақ бастауыш педагогтарының қоғамдағы білім беру жүйесінің рөлі мен маңызын түсінуге бағытталған. Болашақ педагогтар қоғамның әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси дамуындағы білім берудің ықпалын білуі қажет);
- Педагогикалық-психологиялық даярлық (болашақ бастауыш мұғалімдерінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тиімді оқыту және тәрбиелеу дағдыларын дамытуға бағытталған);
- Әдістемелік даярлық (болашақ бастауыш мұғалімдеріне пәндерді тиімді оқыту әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл дайындық оларды сабақты ұйымдастыру мен өткізуге, оқушыларды белсенді түрде оқуға тартуға дайындайды);
- Тәжірибелік даярлық (болашақ бастауыш мұғалімдеріне мектепте жұмыс істеу барысында практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған);
- Ғылыми-зерттеу даярлық (болашақ бастауыш мұғалімдеріне білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу және талдау дағдыларын дамытады).
Болашақ бастауыш педагогтерінің тәжірибелік даярлығы – бұл педагогикалық білім алушылардың кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру процессі. Бастауыш білім беру мұғалімдерінің кәсіби даярлығына практикалық компоненттерді енгізу, олардың құзыреттілігін арттыру, студенттердің теориялық білімдерін практикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік даярлықтың негізгі аспектілері:
1. Педагогикалық практика. Бастауыш педагогтар үшін оқу процессінде тәжірибелік практика ұйымдастырылуы маңызды. Бұл практика мектептерде, балабақшаларда, білім беру ұйымдарында өтеді. Студенттер тәжірибелік сабақтар, білім беру процесін бақылау, балалармен жұмыс істеу сияқты дағдыларды меңгереді.
2.Курстық жұмыстар мен жобалар. Студенттер теориялық білімдерін жетілдіру үшін курстық жұмыстар, жобалар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл тәжірибелер болашақ мұғалімнің креативтілігі мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.
3. Семинарлар мен тренингтер. практикалық дағдыларды жетілдіру үшін түрлі семинарлар, тренингтер мен мастер-класстар ұйымдастырылады. Бұл шаралар болашақ педагогтарға жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге, заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.
4.Рефлексия. Тәжірибелік даярлық барысында рефлексия жүргізу, яғни өткен тәжірибені талдау, нәтижелерді бағалау, алдағы уақытта қолдану жолдарын қарастыру дағдыларын дамыту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет