Тексерілді: пән



Дата26.08.2017
өлшемі127,85 Kb.
#29400
Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: «Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі»

Күні: 24.04.2017ж

: 30



Мұғалімі: Рахмеджанов Азимжан

Сыныбы: 4-«А»

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Су – өмір көзі

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Денсаулық пен тазалық,уәдені орындау,батылдық.

Мақсаты: Оқушыларға судың табиғатта, адам өмірінде алатын мәнін аша отырып, дұрыс әрекет жасау құндылығын қалыптастыру. 

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға суды таза ұстаудың маңыздыдығын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың суға қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.



Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тыныштық сәті.
«Су асты патшалығына ойша саяхат». 
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады). 
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. 
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.( бірнеше секунд үнсіз қалу). 
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. 
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №29 – сабақ.Ш.Сариев өлеңін жат алу.

2. Келесі сабақ. №30, Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер? 
2. Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білдіңдер? 
3. Адам тіршілігі үшін судың қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар? 


1.http://talimger.org

2.http://bilimdiler.kz

ұнтаспа,

оқулық,


дәптер,

Ы.Алтынсарын

«Кел, балалар,

оқылық»кітабі,

фотосуреттер,

үнтаспа,маркер,

ватман,

видеобейне,



үлестірме

қағаздар,

«Құндылықтар

ағашы» суреті.




3. Сабақтың дәйексөзі.

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат. 
М.Хакімжанова 

Мәриям Хакімжанова (16 қараша 1906, қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданы Қобыланды а. — 1995, Алматы) — ақын, ҚР-ның халық жазушысы (1986).

  • Абай атынд. ҚазПИ жанынан ашылған жұмысшылар ф-тін бітірген (1934).

  • “Әйел теңдігі” журналында әдеби қызметкер (1929 — 1932), жауапты хатшы (1932),

  • Орынбор облысы Адамовка ауданы “Екпінді” газетінде бөлім меңгерушісі (1936 — 1937),

  • Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің меңгерушісі (1938 — 1944),

  • Тіл және әдебиет ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1945 — 1947),

  • Респ. кітап палатасында (1947 — 1951),

  • “Жаңа өмір” журналында (1951 — 1956),

  • Қазақстан мемл. көркем әдебиет баспасында аға редактор (1956 — 1958) қызметтерін атқарды

Сұрақтар:

1. Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу: 
- Адамдар судан тынбай еңбек етуді, еліне қызмет жасауды, мақсатына жетуді, ешкімнен ақы сұрамауды, риясыз жақсылық жасауды, өзін таза ұстауды, ақжарқын көңілді жүруді үйрене аламыз. 






4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.



Таза бұлақ.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.


Сұрақтар: 
1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?

3.Бірінші жігіт тастағы жазуды қалай түсінді?

4.Екінші жігіт өз ойын қалай жеткізді?

5.Үшінші жігіт қай ойға тоқтады?





5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тапсырмалар ұсынылады.Тапсырмаларды әр топқа бөліп беру. 


І топтың тапсырмасы: Қазақстан өзендері,көлдері,теңіздерін жазыңыздар 
ІІ топтың тапсырмасы: Өзіміз тұрған мекендегі Ақсу өзенін суретте бейнелеу.

ІІІ топтың тапсырмасы: Су туралы мақалдар жазамыз.

IV топтың тапсырмасы:Адам және судың ұқсастығын жазыңыз.
Әр топ тапсырманы орындап болған соң жария етеді.Оқушылардың ойларын қорыту. 




6. Топпен ән айту.

АйгерімҚалаубаева

Ертегілер әлемі

Ғажайып түс көрдім,


Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,


Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.м






7. Үйге тапсырма.

1. №30 – сабақ. «Су – өмір көзі» атты шығарма жазу.

2. Келесі сабақ. №31, М.Аяғанова «Табиғатпен тілдессем» өлеңін оқу




8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет