Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасу



бет1/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,82 Mb.
#35829
  1   2   3   4   5

Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасу қағидалары

"Қазақтелеком" АҚ

2015 жылғы "___" ________ № _______

бұйрығына 1-қосымша



Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған

үлгі шартты жасасу

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы

5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес әзірленген.

  1. Қағидалар қызметтерді көрсету барысында туындайтын қатынастардың барлық қатысушылары үшін міндетті шарттарды, Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасу (бұдан әрі – Шарт), сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін алуға өтініштерді қабылдау, қайта ресімдеу, қосымша сервистерді алу және т.б. тәртібін (бұдан әрі – Қызмет) анықтайды.



2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар, терминдер мен қысқартулар
3. Осы Қағидаларда мынадай қысқартулар, терминдер мен ұғымдар қолданылады:

1) абонент байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

2) абоненттік жол – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;

3) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

4) абоненттік нөміршартты жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі, ол арқылы оған басқа абоненттік құрылғыларды жалғаған кезде жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік құрылғы сәйкестендіріледі;

5) абоненттік төлем – абоненттің тарифтік жоспарымен көзделген ақшалай қаражаттың белгіленген көлемі. Оны абонент есеп айырысу кезеңі ішінде Оператордың оған көрсететін қызметтері үшін дербес шотқа не аванстық төлеммен енгізеді;

6) авторландыру – оператордың серверінде абоненттің және/немесе пайдаланушының енгізген аутентификациялық деректерін талдау үдерісі, осының нәтижесінде абонентте және/немесе пайдаланушыда қызметтерді алу құқықтарының барлығы анықталады;

7) АЕЖавтоматтандырылған есеп айырысу жүйесі;

8) аутентификациялық деректер – интернет желісіне қатынау қызметтерін және/немесе олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді алу құқығын растау үшін абоненттің және/немесе пайдаланушының пайдаланатын бірегей логині (login) мен паролі (password);

9) делдал – заңды тұлға құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметтердің өтімділігін арттыруға «Қазақтелеком» АҚ филиалымен шарт жасасқан және абонент жағында инсталляциялау жұмыстарын жүргізуге құқығы бар заңды немесе жеке тұлға;

10) шарт – ҚР заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және талаптармен оператор мен абонент арасында жасалған қызметтерді ақылы көрсету туралы келісім;

11) қызметтердің қосымша түрлері "Қазақтелеком" АҚ көрсететін, әмбебап қызметтердің тізбесіне кірмейтін қызметтер (ҚҚТ – қосымша қызмет көрсету түрлері; КЖҚ – кеңжолақты қатынау қызметтері, ISDN желісінің қызметтері; қалааралық/халықаралық телефон байланысына және «8» қатынау коды арқылы көрсетілетін басқа қызметтерге қатынауды жабу/ашу қызметі және т.с.с.);

12) сәйкестендіру коды – зауыт-өндіруші беретін абоненттік құрылғының немесе абоненттік стансының коды, байланыс операторының желісіне осы құрылығыны қосу кезінде ол желіге беріледі;

13) ЖК (жеке кәсіпкерлер) – заңды тұлға құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

14) клиент – шарт жасасуды қалайтын жеке, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

15) контент – бір уақытта ақпаратты берудің және өңдеудің түрлі нысандарын пайдаланатын мультимедиялық ресурстарда орналастырылған ақпараттық мәнді материалдардың және басқа да ақпараттың, оның ішінде қызметтерді көрсету шеңберінде абоненттерге ұсынылатын авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың объектілері болып табылатын материалдардың жиынтығы;

16) БО – байланысу орталығы;

17) жеке кабинетөз-өзіне қызмет көрсетудің, қызметтерді бақылаудың және басқарудың, сондай-ақ өзге де маңызды заңға қатысты әрекеттерді жасаудың автоматтық интерфейсі бар абоненттің парақшасы, абонент оған пароль енгізу арқылы кіреді. Жеке кабинеттің көмегімен абонент қызметтерге жазылып, оны өзгерте алады, көрсетілген қызметтерге ақы төлейді, жеке кабинеттің функционалдық мүмкіндіктерімен көзделген өзге де әрекеттерді орындай алады;

18) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;

19) оператор «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;

20) FMS қызметтерінің топтамасы – мынадай қызметтер қосылған телекоммуникация қызметтерінің топтамасы:

тіркелген телефонияның;

SIP-платформа базасындағы;

Интернет желісіне кеңжолақты қатынау;

«Азия Селл» ЖШС кәбілдік телевидениенің;

«Alacast» ЖШС цифрлық телевидениенің;

«АЛТЕЛ» АҚ ұтқыр байланыстың: DEF-709 коды бойынша ұтқыр телефония, 3G/4G Интернет желісіне қатынау, қосымша қызметтер (SMS, MMS);

21) қызметке жазылу – шарттың, оған қосымшалардың және осы Қағидалардың талаптарымен абоненттің нақты бір қызметке қатынауды алуға бағытталған іс-әрекеттерді орындауы;

22) СЖО – филиалдың сервис желісі орны;

23) есеп айырысу кезеңіоператор белгілеген есептік кезең аяқталғаннан кейінгі кезең, абонент осы кезең ішінде көрсетілген қызметтерге төлем жасайды;

24) ілеспе қызметтер қызметпен технологиялық жақтан тығыз байланысты және олардың тұтынушылық құндылығын көтеруге бағытталған қызметтер;

25) тариф – оператордың көрсетілген қызметтер үшін белгілеген төлемі;

26) тарифтік жоспар қызметтердің құнын, оларды тарифтеу ерекешеліктерін анықтайтын, оператордың абоненттер үшін белгілейтін талаптарының жиынтығы;

27) есепке алу кезеңі – күнтізбелік ай, осы кезең ішінде тарифтік жоспарға қарай көрсетілген және есептелген қызметтер;

28) филиал – Қоғамның филиалы;

29) ЖТ – жеке тұлғалар;

30) КЖҚ – интернет желісіне кеңжолақты қатынау;

31) ЗТ – заңды тұлғалар;

32) ADSL (ағылш. Asymmetric Digital Subscriber Line – асимметриялық цифрлық абоненттік желіжол) – интернет желісіне кеңжолақты қатынауды ұсыну технологиясы;

33) DEF-кодGSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға арналған географиялық емес код;

34) GSM (Groupe Spécial Mobile) уақыты және жиілігі бойынша бөлінген цифрлық ұтқыр ұялы байланыстың жаһандық стандарты;

35) FMS (Fixed mobile solution) инфрақұрылымды және биллинг жүйелерін конвергенцияламастан, тіркелген және ұтқыр байланыстың шешімдерін (қызметтерін және тарифтерін) біріктеру.



3. Байланыс қызметтерін көрсетудің жалпы тәртібі


  1. Оператор Абоненттер ұсынған мәліметтерге қатысты құпиялықты сақтауды қамтамасыз етеді. Мұндай мәліметтерге дербес деректерден тұратын және Абоненттің келісімінсіз пайдалану оның ар-ожданына, абыройына, іскери беделіне, өзге де материалдық емес құндылықтарына және мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттар жатады.

  2. Абонент-жеке тұлға Оператордың көрсететін Қызметтерін жеке, отбасы, үй немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де мұқтаждықтары үшін ғана пайдаланады.

  3. Абонент телефония, деректер беру қызметтерін лотереялар, дауыс беру, конкурстар, сауалнамалар, жарнамалар өткізу, хабарламаларды жаппай жіберу және т.б. үшін пайдалана алмайды.

  4. «Жеке тұлғалар» санатының Абоненттеріне Қызметтер www.telecom.kz сайтында орналасқан, қандай да бір Қызметке қосылуға Абонент өтініш бергеннен кейін күшіне кіретін, Шарттың талаптарымен өтініш беруішінің келісімін растайтын жария Шарттың негізінде көрсетіледі («Тапсырыс бланкісі» өтінішінің нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшада берілген).

  5. «Заңды тұлғалар» және «жеке кәсіпкерлер» санатының Абоненттеріне Қызметтер жазбаша түрде жасалатын Шарттың негізінде көрсетіледі.

  6. Оператор мына талаптарды орындау кезінде Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындайды:

  1. Абоненттің өтініште көрсеткен бастапқы деректері кезінде Қызметтер көрсетудің техникалық мүмкіндігі бар;

  2. Қызметтерге жазылу кезінде Абонент көрсеткен бастапқы деректер дұрыс болып табылды;

  3. Абонент құжаттардың толық пакетін ұсынды немесе депозит енгізді (аванстық қызмет көрсету түрі кезінде);

  4. Абонент пен Оператор арасында жасалған байланыс қызметтерін көрсетуге арналған басқа шарттар бойынша Абоненттің Оператордың алдында мерзімі өткен берешегі жоқ.

  1. Оператордың жалпы міндеттері:

        1. Абоненттің таңдаған тарифтік жоспарының талаптарына сәйкес деректер берудің меншікті торабына дейін деректер беру жылдамдығын қамтамасыз ету;

        2. ресімделген өтініш талаптарының негізінде деректер беру қызметтерін орнату мекенжайы бойынша абоненттік жабдықты теңшеуді жүзеге асыру және олардың жұмыс істеуін көрсету;

        3. телефон нөмірлері бойынша телефонмен консультация алу мүмкіндігін ұсыну;

        4. Абоненттің өтініші бойынша (БО телефондарымен ауызша түрде, Оператордың ресми сайттарының кері байланысының үлгісі арқылы электронды нысанда) Оператордың жауапкершілік аймағындағы бұзылымдарды жою;

        5. Шарт бойынша және Оператор мен Абонент арасында жасалған басқа да шарттар бойынша Қызметтердің ақысы уақытында төленбегені үшін Қызметтерге қатынауды жабу кезінде Абоненттің дербес шотында берешек өтелгеннен кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Қызметтерге қатынауды ашу;

        6. Қызметтерді көрсетумен байланысты ақпаратты Абоненттердің талабы бойынша көрсету;

        7. Абонент жеке кабинетке кіру үшін авторландыру деректерін немесе сәйкестендіру кодын жоғалтқан жағдайда, оған жазбаша өтініші бойынша хабарлау. Абонент өтінішінде жеке куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, А.Ә.Т., дербес шотын және Абонентке жоғалтқан деректері хабарланатын ақпарат беру тәсілін (почта, электронды почта, факс және т.б.) көрсету керек;

        8. Абонентке Операторға меншік құқықтарымен тиесілі және үшінші тұлғалардың алдында барлық міндеттемелерден бос, жұмыс істейтін және жабдықты қабылдау-тапсыру актісі бойынша пайдалануға дайын клиенттік жабдықты жалдау талаптарымен, сондай-ақ тегін пайдалануға беру;

        9. жаңа автоматтық телефон стансыларын пайдалануға енгізуге және жергілікті телефон желілерін қайта құруға байланысты абоненттік нөмірлерді ауыстыру кезінде ауыстырып қосу күніне дейін күнтізбелік 30 күн бұрын Абонентке алдағы ауыстыру туралы хабарлау. Абоненттік нөмірлер жаппай өзгертілген кезде Абоненттерге ауыстырып қосу күніне дейін күнтізбелік 30 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау. Оператордың бастамасы бойынша абоненттік нөмірлерді ауыстыру тегін жүргізіледі.

  1. Абоненттің жалпы міндеттері:

        1. аутентификациялық деректер мен сәйкестендіру/тіркеу кодының құпиясын қамтамасыз ету және желілік ресурстарды теңшеу бойынша тиісті шараларды қабылдау, о.і. интернетке кіру үшін парольды және жеке кабинетке кіру үшін парольды тұрақты (айына кемінде 1 рет) өзгерту. Бұл үшінші тұлғалардың көрсетілген деректерді рұқсатсыз пайдалануына жол бермейді. Деректерді рұқсатсыз пайдалану фактілері анықталғанда, тез арада http://www.telecom.kz сайтында көрсетілген Оператордың байланысу телефондары бойынша хабарлау;

        2. Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық заңнаманың талаптарына сәйкес таратуға тыйым салынған ақпаратты Оператордың желісі бойынша жібермеуге;

        3. Оператордың http://www.telecom.kz сайтында Шарттың, Қағидалардың жаңа талаптарының енгізілгені туралы және тарифтердің өзгергені, желідегі авариялар және оларды жою мерзімдері туралы хабарламалардың болуын ұдайы тексеріп тұру;

        4. Оператордың Қызметтерді ұсынуын қамтамасыз ететін терминалдар, жабдықтар және байланыс құралдары орналасқан орынжайларға және аумаққа оларды байқау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін Оператордың өкілдерінің кіруін қамтамасыз ету;

        5. Қызметтерден бас тартқан жағдайда Операторға келтірілген нақты шығыстарын және Шартты бұзу күніне дейін дербес шоттағы Қызметтер үшін есептеулерді төлеп, жазбаша түрде бұл жөнінде Операторға хабарлау;

        6. Қызметтерді адамның абыройын қорлайтын, зорлық-зомбылықты немесе экстремизді насихаттайтын, нәсілдік, ұлттық немесе діни араздыққа от салатын, бұзықтық немесе алаяқтық мақсатты көздейтін материалдарды тарату үшін пайдаланбау;

        7. Оператордың жабдығын немесе бағдарламалық жасақтамасын теңшеуді өзгерту мақсатындағы іс-әрекеттерді немесе олардың жұмыс істеуі іркіліске әкелетін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырмау;

        8. Оператордың немесе оның өкілетті өкілінің рұқсатынсыз Қызметтер арқылы бағдарламалық жасақтаманы немесе авторлық немесе басқа да құқықтармен толықтай немесе жартылай қорғалған басқа да материалдарды жібермеу, жарияламау, тапсырмау, ойнатпау және таратпау;

        9. TCP/IP желісінде (бұдан әрі – IP-адрес) торапты (компьютер немесе құрылғы, мысалы, принтер немесе маршрутизатор) ерекше сәйкестендіретін 32 разрядты нөмірді және басқа желілік протоколдарда пайдаланылатын адрестерді, сондай-ақ Оператордың желісінде деректерді беру кезінде өзге де қызметтік ақпаратты фальсификацияламау;

        10. Оператордың желі ресурстарына рұқсатсыз қатынау, желілік шабуылдар мен желілік бұзу жүргізу және оған қатысу фактілеріне, оның ішінде:

Абонентке тиесілі емес Оператордың желі элементтерінің (компьютерлердің, басқа да жабдықтардың немесе бағдарламалық жасақтаманың) қалыпты жұмыс істеуін бұзуға;

Оператордың желі ресурсына (компьютерге, басқа жабдыққа немесе ақпараттық ресурсқа) рұқсатсыз, оның ішінде басым қатынауды алуға, сондай-ақ осы бағдарламалық жасақтаманың иелерімен немесе осы ақпараттық ресурстың әкімшілерімен келіспестен, мұндай қатынауды одан әрі пайдалануға (Абонентке тиесілі емес бағдарламалық жасақтаманы немесе деректерді жоюға немесе өзгертуге) бағытталған іс-әрекеттерге жол бермеу;



        1. жауапты сақтауға қабылданған жабдықты жоғалтқан жағдайда Операторға жабдықты қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген толық құнды төлеу, ал жабдықты бұзып алған жағдайда Операторға жабдықты жөндеуге жұмсалған соманы төлеу;

        2. жауапты сақтауға берілген клиенттік жабдықты ұрлатып алған жағдайда тиісті органның анықтамасын беру кезінде төлемақы өндіріп алмау;

        3. Қызметті пайдаланудың тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейін ресімдеу кезінде берілген нөмірге SMS-хабарлама жіберу арқылы Операторға Қызметті одан әрі пайдалануға дайындығы/одан әрі пайдаланудан бас тартуы туралы хабарлау.

  1. Оператор мыналарға жауапты болмайды:

1) егер жергілікті телекоммуникация желіжолдарына қосылған клиенттік жабдық қолдануға ұсынылған, Оператордың ресми сайттарында орналастырылған тізімге енгізілмесе, деректер берудің жылдамдығына және сапасына;

2) Қызметтерді пайдалану нәтижесінде Абоненттің тартқан шығындарына;

3) Операторға тиесілі емес бағдарламалық жасақтаманың немесе жабдықтың іркілісі жағдайында Қызметтерді көрсетудегі үзілістерге;

4) үшінші тұлғалар әкімшілендіретін бүкіләлемдік интернет желісінің жекелеген тораптарының немесе ресурстарының қолжетімсіз болуына. Мұндай қолжетімділік жағдайлары байланыс үзілістері болып табылмайды. Оператор интернет желісі арқылы уақытша немесе ұдайы қолжетімсіз деректер беру желісінің тораптарымен немесе серверлерімен ақпараттық алмасу мүмкіндігіне кепілдік бермейді;

5) берешегін төлемегені үшін телефон желісінен Абонентті ажыратқан жағдайда Қызметті көрсетудің тоқтатылғанына;

6) үшінші тұлғалар деректер беру желісінде жұмыс істеу, Қызметті алу үшін Абоненттің аутентификациялық/авторландыру деректерін және бірегей/тіркеу кодын пайдалану нәтижесінде Абонент пен үшінші тұлғалар арасында туындаған дауларға және егер мұндайлар Абонент пен үшінші тұлғалар арасында туындаса, оларды шешпейді;

7) жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы ауыстыруға немесе Оператордың техникалық құралдарының жұмыс істеуін қолдау және дамыту қажеттілігімен туындаған басқа да жұмыстарды өткізуге байланысты Қызметтерді көрсетудегі толық немесе ішінара үзілістерге. Бұл ретте Абонентке жұмысты өткізу күніне дейін кемінде бір тәулік бұрын мұндай жұмыстардың өткізілетіні туралы алдын ала хабарлау керек;

8) Операторға байланысты емес электр энергиясын берудегі іркіліс салдарынан байланыс қызметтерін көрсету кезіндегі үзілістер үшін;

9) Оператордың телефон консультациясы арқылы берген нұсқаулықтарын Абоненттің дұрыс орындамауынан туындаған, Абонент үшін жағымсыз болуы мүмкін салдарға;

10) Абоненттің бұрыс күйдегі және/немесе Оператордың талаптарына сәйкес келмейтін абоненттік жабдықты пайдалануынан болған Қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасына, Қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуына немесе Қызметтерді көрсетудегі іркілістерге;

11) басқа байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасы үшін;

12) Қызметтерді пайдалану кезінде Абонент беретін (алатын) ақпараттың мазмұнына;

13) ұтқыр байланыс қызметтерінің көрсетілу талаптарына (4G,GSM):

радиотолқындардың таралуына табиғи шарттар мен факторлар, рельеф пен құрылыстың жергілікті ерекшеліктері, метеорологиялық шарттар мен өзге де себептер, оның ішінде ғимараттардың, туннельдердің, жертөлелердің, жертөле түріндегі орынжайлардың және басқа да жерасты құрылыстардың жанында абоненттік жабдықтың орналасу орны мен шарттарына байланысты сигнал қабылдауды қиындататын кедергілер, радиокедергілер, нақты бір уақытта байланыс арналары жүктемесінің көптігі, Абоненттің жабдығында орнатылған бағдарламалық жасақтама, абоненттік құрылғының теңшеулері және басқа сипаттамалары әсер етуі мүмкін;

Абонентке көрсетілетін Қызметтер байланыс желісінің конструктивті ерекшеліктеріне қарай Оператордың құзыретінен тыс ұялы операторлардың жабдықтарының, жергілікті сым телефон желіжолдарының, халықаралық және қалааралық байланыс операторларының жабдықтарының сапасына байланысты болады;


        1. базалық стансының орналасу ауданына, қабылданатын сигналдың сапасына, яғни оның базалық стансыдан қашық болуына, жүктемесі мейлінше жоғары уақытқа, қосылу кезінде базалық стансымен қызмет көрсетілетін деректер беру абоненттерінің санына байланысты болатын интернет желісіне сымсыз қатынауды ұсыну кезіндегі жылдамдық пен сапаға.

  1. Абонент мыналарға жауапты болады:

1) Қағидаларға, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауға;

2)  үшінші тұлғалардың Абоненттің аутентификациялық деректерін және сәйкестендіру/тіркеу кодын пайдаланғанына;

3) GSM sim-картасын жоғалтқан немесе бұзып алған жағдайда Операторға GSM нөмірін бұғаттау туралы уақытында хабарлауға;

4) көрсетілген қызметтердің ақысын уақытында төлеуге.

14. СЖО-да, Оператордың сайтында мынандай ақпарат орналастырылады:

1) Қызметтерді және сервистерді алуға өтініштер беру тәсілдері (БО арқылы телефонмен, факс, электронды почта бойынша, корпоративтік портал, ақпараттық дүңгіршек және т.б. арқылы);

2) Шарт жасасуға қажетті құжаттардың тізбесі;

3) Қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігі бар аймақтар, техникалық мүмкіндікті анықтау және Қызметтерді орнату мерзімдері;

4) өтініштердің нысандары.

15. Әртүрлі түсініспеушілікке жол бермеу мақсатында (Қызметтерді ұсынуға «жалған» тапсырыстар, абонент туралы (телефон нөмірлері, электрондық пошта адрестері, телефонмен сөйлесудің анықтама парақтары, биллинг мәліметтері, оған көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер және т.б. туралы) қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жариялауға қатысты шағымдар) Қызметтер мынадай жағдайларда көрсетіледі:

1) СЖО-да – Абоненттің жекебасын куәландыратын құжатты көрсеткенде және/немесе өтініш беруші абоненттің мүддесін білдіруге, о.і. оның атынан өтініш беруге және шарттарға, келісімдерге қол қоюға және т.б оның (өтініш берушінің) тиісті құқығын растайтын құжатты көрсеткенде;

2) Абонент БО-ға өтініш білдірген жағдайда – код сөзін (парольды) не жеке деректерді сәйкестендіргенде;

3) ақпараттық дүңгіршектер, жеке кабинет, корпоративтік портал арқылы – Абоненттің тіркелген паролі бойынша жүйеге кіру кезінде.

16. Оператор қолданыстағы тарифтерді өзгертуге құқылы. Бұл ретте өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын http://www.telecom.kz сайтында мұндай өзгерістер туралы хабарламаларды жариялау керек.

17. Оператор Абонентке өтініште көрсетілген ұялы телефонның байланыс нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы оның өтінімдерін қарау нәтижелері, берешегінің бар екендігі және т.б. туралы хабарлауға құқылы.

18. Қолданыстағы тарифтік жоспарды қысқарту (толық жою) жағдайларын қоспағанда, Оператордың біржақты тәртіпте Абонентті оның таңдаған тарифтік жоспарынан басқа тарифтік жоспарға ауыстыруға құқы жоқ. Бұл жөнінде Абоненттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қысқарту күніне дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабарлау керек. Егер жоғарыда көрсетілген мерзімде Абонент басқа тарифтік жоспарға көшпесе, Оператор басқа қолданыстағы тарифтік жоспардың талаптарымен Абонентке қызмет көрсетуді жалғастыруға құқылы.

19. Оператор тарифтік жоспарларды, қолданыс мерзімін, оларға қосылған қызметтердің көлемін, сондай-ақ Оператордың өзге Қызметтерінің талаптарын анықтайды және Оператор ҚР заңнамасына сәйкес біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін. Үшінші тұлғалардың қызметтерін ұсыну талаптарын осы қызметтердің жеткізушілері анықтайды және тиісті жеткізушілер белгілеген тәртіпте өзгеруі мүмкін.



  1. Оператордың Клиенттерден және Абоненттерден өтініштер қабылдау тәртібі




  1. Қызметтерді көрсетуге арналған өтініштер/шарттар жасасу:

        1. Оператордың СЖО-да;

        2. Оператордың БО-да (телефонмен);

        3. Оператордың сервис агенттерінің делдалдық сату орындарында;

        4. Оператордың http://www.telecom.kz сайты арқылы;

        5. басқа да интерактивті арналар арқылы (ақпараттық дүңгіршектер, Homebank, SMS-хабарламалар және т.с.с.) қабылданады.

21. Клиенттің бірінші рет өтініш білдіргендегі Шарт жасасу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі:

1) ЖТ және ЖК үшін:

көрсетілген мекенжай бойынша клиенттің тіркелуін растайтын құжат немесе тұрғын үйді жекеменшікке сатып алу, жалдау немесе қосалқы жалдау туралы құжат;

клиенттің жекебасын куәландыратын құжат;

жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік (ЖК үшін);

2) ЗТ үшін:

тұрғын үйді жекеменшікке сатып алу, жалдау немесе қосалқы жалдау туралы құжат;

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы).

Клиент аванстық жүйе бойынша қызмет көрсету үшін депозит (алдын ала төлем) енгізген жағдайда тұрғын/тұрғын емес үйді жекеменшікке сатып алу, жалдау немесе қосалқы жалдау туралы құжатты ұсынбайды.


  1. Егер:

1) Абонент-ЖТ дербес шоттың нөмірін/қолданыстағы телефонының нөмірін/жекебасын куәландыратын құжаттың нөмірін/шартты жасасу кезінде өзінің анықтаған код сөзін (паролін) немесе ЖСН атаса;

2) Абонент-ЖК дербес шоттың нөмірін/шартты жасасу кезінде өзінің анықтаған код сөзін (паролін) немесе ЖСН атаса;

3) Абонент-ЗТ Абоненттің дербес шотының нөмірін/есеп айырысу шотының нөмірін/Шартты жасасу кезінде өзінің анықтаған код сөзін (паролін) атаса, Абоненттің қайталама өтініш білдіру кезінде Қызметтерді алуға арналған өтініші қосымша шарттарды және келісімдерді жасаусыз қабылданады (басқа байланыс тұлғаларымен бірге Оператордың ұсынатын қызметтерін, қызметтердің топтамаларын қоспағанда, мұндай жағдайда абонентпен бөлек шарт жасалады).

23. Клиент/Абонент Қызметтерге жазылу үшін СЖО-ға өтініш білдіргенде, Оператордың қызметкері:

1) осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттардың болуын тексереді, Клиентпен/Абонентпен Қызметтерге тапсырыс беру бланкісіне қол қояды;

2) Қызметтерді көрсету мерзімі туралы хабарлайды:

егер Қызметті орнату/көрсету мекенжайы қызметтерге қол жеткізудің 100% техникалық мүмкіндігі бар аймаққа кіретін болса, онда Қызметтерді көрсету өтініш берілген күні желіге қосылу құнын алдын ала төлеусіз мүмкін болады (Клиент/Абонент аванстық (депозиттік) төлем жасау түрін таңдайтын жағдайды қоспағанда, Клиентпен/Абонентпен уағдаластық бойынша желіге қосылу төлемі көрсетілген Қызметтер үшін жалпы шотқа қосылады);

егер Қызметті орнату/көрсету мекенжайы Қызметтерге қол жеткізудің 100% техникалық мүмкіндігі бар аймаққа кірмейтін болса, онда техникалық мүмкіндікті анықтағаннан кейін Клиент/Абонент Қызметтерді орнату үшін мүмкіндіктің бар екендігі немесе жоқтығы, белгіленген мерзімде қосымша салу жұмыстарын орындау тәсілдері туралы хабарланатын болады;

3) төлемді қабылдау, анықтамалық сипаттағы ақпаратты алу арналары, шоттарды жеткізу түрлері туралы хабарлайды.

24. Клиент/Абонент Қызметтерге жазылу үшін интерактивті арналар бойынша немесе телефонмен өтініш білдіргенде, Оператордың қызметкері оған:

1) Қызметтерге қосылу өтінішін қарастыру нәтижелері туралы байланыс телефон нөмірлері бойынша не пошта жәшігіне, не SMS бойынша хабарланатынын;

2) тапсырыс бланкісінде өзінің қолымен (мөрімен) расталған өтінішті, осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін поштамен, факс-хабарламамен жіберуге болатынын не Қызметтерді инсталляциялау/орнату кезінде қол қоюға болатынын;

3) Клиент/Абонент аванстық (депозиттік) төлем жасау тәсілін таңдайтын жағдайды қоспағанда, Клиентпен/Абонентпен уағдаластық бойынша желіге қосылу төлемінің сомасын көрсетілген Қызметтер үшін жалпы шотқа қосуға болатынын;

4) тапсырысты алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің деректерін, өтініштің мазмұнын, тапсырысты қабылдау күні мен алу тәсілін көрсете отырып, оны тіркейтінін хабарлайды. Клиент/Абонет хабарлаған деректермен және байланыс телефоны бойынша Клиенттен/Абоненттен сұрау кезінде Операторда бар деректермен сәйкестігі тапсырыстың растауы болып табылады.

25. Қызметтерді қосу үшін техникалық мүмкіндіктің бар болуы туралы оң қорытындыны алу кезінде Оператор бұл жөнінде Клиентке/Абонентке байланыс деректері бойынша (телефон, е-mail) хабарлайды. Техникалық мүмкіндікті алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Клиенттің/Абоненттің тарапынан растау болмаған немесе онымен хабарласу мүмкін болмаған жағдайда «Заңды тұлғалар» және «Жеке кәсіпкерлер» санатындағы Клиентке/Абонентке Шарты жасасу үшін шақыру жіберіледі (Қағидаларға 2-қосымша). Желіжол деректері техникалық мүмкіндік анықталған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік мерзімге броньға қойылады.

26. Қызметтерді көрсету үшін техникалық мүмкіндіктің жоқтығы туралы қорытындыны алу кезінде Оператор бұл жөнінде байланыс деректері бойынша (телефон, е-mail) Клиентке/Абонентке хабарлайды. Оператор Клиентке/Абонентке 3 жұмыс күні ішінде хабарласа алмаған жағдайда техникалық мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарлама (осы Қағидаларға 3-қосымша) не қосымша салу жұмыстарын өз бетінше орындау туралы ұсыныс (қажет болғанда) жібереді. Мұнымен қатар, Клиентке/Абонентке оның өтініші тіркелгені, есепке алынғаны және техникалық мүмкіндік болған жағдайда Қызмет (-тер) кезектілік тәртіппен орнатылатыны туралы хабарланады. Оператор хабарламаны кез келген қолжетімді тәсілімен жібереді (поштамен жазбаша немесе SMS-тарату).

27. Шартты қайта ресімдеу Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде және Оператордың ішкі құжаттарында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

28. Абоненттің мекенжайы өзгеруінен дербес шотта есепте тұрған Қызметтерді ауыстыру қажет болғанда, Оператордың қолданыс аймағында Абонентпен өзара іс-қимыл жасаудың мынадай тәртібі белгіленеді:

1) Абонент көшкен жағдайда, ол тиісті өтінішімен Шарт жасасу орнындағы СЖО-ға өтініш білдіруі керек;

2) Абоненттің дербес шотында есепте тұрған барлық Қызметтерді көшіру қажеттілігі туралы өтініші болмаған жағдайда, ол жаңа мекенжайы бойынша Оператордың Абоненті бола отырып, басқа мекенжай бойынша желіге қосылу төлемін төлеусіз осы филиалдың әрекет ету шеңберінде кез келген елді мекенде Қызметтерді алуға құқы барлығы туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) алуға құқылы. Анықтама филиалдың құрылымдық бөлімшесі басшысының қолымен және филиалдың мөрімен расталуы керек.

3) Анықтама Абонентке қосымша төлемді өндірместен, Шартты бұзғанға дейін Қызметтер үшін берешек болмаған жағдайда ғана беріледі. Анықтама берілгеннен кейін телефон тез арада ажыратуға, ал осы телефонда есепте тұрған Қызметтер алып тасталуға жатады;

4) Анықтама Абонент алған сәттен бастап үш жыл бойы жарамды болады. Бұл Абоненттің Анықтамада көрсетілген қызметтерді алу өтінішімен Анықтаманы берген Филиалға үш жыл бойы өтініш білдіруіне құқы бар екенін білдіреді;

5) Абонент жаңа мекенжай бойынша Қызметтерді алуға өтініш берген жағдайда Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа, қайта ресімдеу үшін Анықтаманың түпнұсқасын көрсету керек;

6) Анықтаманың қолданыс кезеңінде Абоненттен қосымша төлем (нөмірді, портты бұғаттау үшін) және желіге қосылу үшін төлем алынбайды, Қызметтерді қайта ресімдеу кезінде ақы төлеуге жататын тариф қолданылады;

7) Абонентке Анықтаманы бергеннен бастап Оператор бұрынғы Абоненттен нөмір(-лер)ді, Қызметтерді жаңа мекенжай бойынша қайта орнатуға өтініш болмаған жағдайда орынжайдың жаңа меншік иесіне немесе осы мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғаға абоненттік нөмірді (абоненттік нөмірлерді), портты беруге құқылы. Мұндай өтініш болғанда, нөмір(-лер)ді, Қызметтерді жаңа мекенжай бойынша қайта орнатудың техникалық мүмкіндігі бірінші кезекте қаралады;

8) бұдан бұрын бөлінген абоненттік нөмір (-лер)ді пайдалана отырып, жаңа мекенжай бойынша Қызметтерді, телефон(-дар)ды қайта орнатуға арналған өтінішпен Абонент өтініш білдірген жағдайда және техникалық мүмкіндік болғанда, Оператор мұндай қайта орнатуды Шартты тиісінше қайта ресімдей отырып жүргізеді.



29. Абонент Шартқа және Қағидаларға енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қызметтерден бас тартуға құқылы:

        1. Қызметтерден және сервистерден бас тартуға өтініштер қабылдау СЖО-да жүргізіледі (осы Қағидаларға 5-қосымша);

        2. Оператор Абоненттің Қызметтерден бас тартуын Абоненттің жекебасын куәландыратын деректерден тұратын оның жазбаша өтініші негізінде тіркейді;

        3. Абонентте жабдықты қабылдау-тапсыру актісі бойынша жауапты сақтауға қабылданған Оператордың клиенттік жабдығы болған жағдайда, Қызметтерден бас тарту өтініші жабдықты қайтару актісінде көрсетілген клиенттік жабдықты Абоненттің қайтару күнімен тіркеледі;

        4. Қызметті ұсыну абонент көрсеткен күннен бастап тоқтатылады;

        5. өтініште нақты көрсетілген күн болмаса – Абоненттің Қызметтерден бас тарту туралы өтінішін берген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;

        6. қосымша қызмет түрлерінен бас тартуға өтініштерді ауызша қабылдауға (оператордың БО телефондары бойынша) және электрондық адреске телефон сөйлесулері үшін шоттарды және анықтама парақтарын алуға жазылуға жол беріледі. Өтініштер берілген күні қаралады.



Каталог: media -> upload
upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
upload -> Жандарбек з
upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Боранбаева б. С
upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
upload -> Қазақстан тарихы
upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет