Теориялық және өндірістік оқытудың формалары, әдістері



Дата06.02.2022
өлшемі20,04 Kb.
#77405
түріСабақ

Теориялық және өндірістік оқытудың формалары, әдістері.

ХVII ғасырда сынып – сабақ жүйесі ене бастады. Оның контурын неміс


педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы жəне практикалық технологиясын құрушы
Я.А. Коменский болды.
Оқыту –білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-əрекеттері, сондықтан ол екі жақты біртекті процесс, біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті дағдыны игереді жəне оларды өмірде қолданады. 


Форма сыртқы пішін, түр, қалыптасқан белгілі бір тəртіп. Кез келген заттың, процестің формасы оның ішкі мазмұнымен шартталады. Сонымен қатар форманың өзі мазмұнға əсер етеді. Оқыту ұйымдастыру формасы оқыту процесінің арнайы конструкциясы. Бұл конструкция оқыту процесінің мазмұнымен, əдістерімен, құралдарымен, оқушылардың іс-əрекеттерінің түрлерімен анықталады.


Кәсіптік - техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:
1. Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық-сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалык, семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
2. Өндірістік оқыту: оқу шеберханасындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны т.б.
3. Сыныптан тыс жұмыстар мен косымша сабақтар: Факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары т.б.
4. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция-біліктілік байқау жұмыстары.


Сабақ - оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ – оқу - тәрбие барысының нақты түрі. Мұның, нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады.
Сабақ беру — білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс - әрекетінің күйі. Оқу - оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс. Оқушылардың есін, зейінін елестеуін (қиялын), ойлауын дамытуды, жан-жақты тәрбиелеуін қамтамасыз етеді. Сабақты дұрыс ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім және тәрбие алуды қажетсінуін туындатады. Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогикалық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс - әрекетінің сипаталауына (мотивтеріне), оқуға олардың қатынасына тәуелді болады. Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер - педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей нақты топтарға, топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі бір мерзім ішінде, ақпарат береді.

Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:


· теориялық оқыту сабағы;
· практикалык оқыту сабағы.
Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кәсіби - қызметін жүзеге асыруда ғылыми - теориялық білім мен парасат, білік, дағдылық қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі.

Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі.


1 Жаңа білім негіздерін игеру;
2 Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
3 Қайталама - жалпылау;
4 Бақылау - тексеру;
5 Аралас сабақтар т.б.

Аталған тақырыпты оқығанда өндірістік оқытудың формаларының анықтамасынан бастаған дұрыс. Өндірістік оқытудың формасы деп сабақ барысында оқыту шеберімен (оқытушымен) оқушылардың өзара қарым-қатынасын айтады, сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастыру жолы болып табылады, және оған өндірістік оқыту режимі мен өткізілетін жерін жатқызуға болады.


Сондықтан да оқыту формалары мынандай құбылыстарды қамтиды:


- сабақтың дидактикалық мақсатын;
- сабақтың өтетін жерін, оның режимін және оқушылардың құрамын;
- сабақтың құрылымын былайша айтқанда оның өту кезеңдерін;
- оқушылардың өзіндік жұмысы деңгейін.

Кәсіптік мектепте өндірістік оқытудың мынадай формалары бар екенін ескертіп өту қажет;



  • шеберханасында өткізілетін сабақтар;

  • оқу шаруашылығында немесе өндірісте өткізілетін сабақ;

  • өндірістік практика (өндірістегі жұмыс орнында ұйымдастырылған);

  • диплом алды практикасы.

Өндірістік оқытуды жалпы үш топқа бөлуге болады:


- белгілі бір операцияның немесе тәсілдің алғашқы дағдыларын үйрететін сабақ;
- сол алғашқы дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ;
- кешенді жұмыстарды үйретуге арналған сабақ.
Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.
Каталог: public -> files -> 2020
files -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
files -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
files -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
files -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
files -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
files -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
files -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
files -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»
2020 -> Өндірістік оқыту процесін ұйымдастырудың формалары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет