Тәрбие сағат тақырыбы: «Біздің Президент – ұлт көшбасшысы» Тәрбие сағат мақсаты



Дата25.03.2017
өлшемі141,19 Kb.
#12326
Тәрбие сағат тақырыбы: «Біздің Президент – ұлт көшбасшысы»

Тәрбие сағат мақсаты:

1. Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру.

2. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білікті мамандар керек екенін аңғарту.



Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, студенттер шығармасы.

Тәрбие сағат барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

1 жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,


Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,


Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,


Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,


Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

ІІ. Сынып сағатын Әнұранмен ашу.

1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.


2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,


Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүргізуші: Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімінде ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысын сипаттау бойынша екі топ сайысады.

2 жүргізуші: Бірінші бөлімнің аты « Жобалар қорғау » (Үй тапсырмасы)

1 жүргізуші: Сонымен екінші кезең - «Тарихта із қалдырған тұлға» Ойтолғау жазу.


1 жүргізуші: Үшінші кезең - «Жарып шыққан жанды сөз»

Бұл кезеңде қоғамдық – саяси өмірдің, экономика және мәдениеттің,халықтың салт – дәстүрінінің маңызды бағыттары бойынша ҚР-ның президенті Н.Назарбаевтың мейлінше ең маңызды дәйек сөздерін жатқа айтып сайысады.

1 жүргізуші:Төртінші кезең - «Алғырлар кезеңі» сұрақ-жауап.

2 жүргізуші:Әділ қазылардан ұпай санын сұраймыз.

1 жүргізуші: Бесінші кезең - «Шешімін тап кезеңі»

2 жүргізуші: Н.Ә Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты құрылған сөзжұмбақты шешіп сайысады.

1 жүргізуші: Әділ қазылардан ұпай санын сұраймыз.

2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Көк Ту - ән.


(Ту ұстаған студенттер залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)

1 жүргізуші: (Марапаттау рәсімі)


Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз _____________________ беріледі.
2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі осы тәрбие сағатының ұйымдастырушылары әлеуметтік және гуманитарлық пән оқытушылары Дюсенгалиева М.Б және Дүйсенгалиева А.Е беріледі.

Ел тынысын тереңінен танып кең,


Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.


Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік тәрбие сағаты жабық деп жарияланады.



Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

___________Н.Ж.Амрешов

«_____» _________ 2014 жыл



Сыныптан тыс ашық сабақ.

Тақырыбы: «Біздің Президент –ұлт көшбасшысы»


Өткізген: Әлеуметтік және гуманитарлық

пәндер оқытушылары М.Б.Дюсенгалиева

А.Е.Дүйсенгалиева

Орал, 2014
Каталог: uploads -> doc -> 1215
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1215 -> Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар хикаяты»
1215 -> Тіл мүкістігі бар балалардың жанұясымен жұмыс түрлері
1215 -> Күні: 16/03/2015 Сынып: 6 «а» Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! Сабақтың мақсаты: Білімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет