Тәрбие сағаты 2-а сыныбы 23. 10. 2015 Тақырыбы: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»



Дата28.01.2018
өлшемі75,81 Kb.
#34766
Тәрбие сағаты 2-А сыныбы 23.10.2015
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»

Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау, ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқс тәрбиелеу.

Басқарушы: Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 3 сынып оқушыларының «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты зияткерлік ойынын ұсынғалы отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар.

I-кезең: «Таныстыру»

II-кезең: «Бәйге» ойыны.

III-кезең: «Мың бір мақал»

IY-кезең: «Тамаша алтылық»

Y-кезең: «Полиглот»


Басқарушы: Ойынның бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ.

Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.

Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Басқарушы: Бәйгіге түсіп жарыспай

Жүйріктің жаны жанар ма,

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік, сол алда—дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.



Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.

1-кезең: таныстыру.

Топ аты: «Алғырлар»

Ұранымыз: Алғырлар тобы бүгін

Жарысқа дайынбыз

Мақсатымыз жеңіп шығу.
Топ аты: «Тапқырлар»

Ұранымыз: Біз тапқырлар тобымыз

Ойланамыз табамыз

Жеңуге тырысамыз.


2-кезең: «Бәйге ойыны»

Ойын шарты: мына ұяшықтардан кез-келген сандардың біреуін таңдап сұраққа жауап бересіңдер. Егер сұраққа нақты жауап берсеңдер, сол ұпай сендердің топтарыңның еншісіне тиеді.


20-сол: Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы.Алтынсарин)

30-сол: мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

40-сол: Рейхстагқа ту тіккен кім? (Рақымжан Қошқарбаев)

10-орта: мен бір аяғыммен тұрғанда салмағым 55кг, екі аяғыммен тұрсам ше? (екі аяқпен тұрсада 55кг)

30-орта: Қазақтың атақты суретшісі кім? (Әбілхан Қастеев)

20-орта: Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атаймыз? (жел)

50-орта: Жеті қазынаны ата: (1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. . Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік ат)

30-оң: Бір ыдыстағы жұмыртқа 2 минутта піседі. 10 жұмыртқа ше? (2мин)

20-мин: Емен, қайың, терек өсімдіктің қай түріне жатады? (ағаш)

10-оң: Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз.


3-кезең: «Мың бір мақал» ойыны. Ойын шарты:Топ басшылары келіп мына қағаздардан мақал тақырыптарын таңдайды. Таңдаған тақырыптарына байланысты мақал айтудан сайысқа түседі. (1 мин уақыт)

Еңбек туралы:


  1. Еңбегі аздың өнбегі аз.



  2. Ердің атын еңбек шығарады.



  3. Еңбегің қатты болса. Тақаның тәтті болады.



  4. Жаңбырмен жер көгерер. Еңбекпен ел көгерер.



  5. Байлықтың атасы еңбек, анасы жер.



  6. Еңбек ет те міндет ет.



  7. Еңбек еткен емеді. Еңбексіз не өнеді.



  8. Еңбек етсең емерсің. Ерінбесең жеңерсің.



  9. Еңбегіңе қарай өнбегі



  10. Еңбегі ештің-күні кеш.



  11. Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.



  12. Рақаттың түбі кеңіс, еңбектің түбі жеңіс



  13. Еңбек ер атандырады.



  14. Еңбек ердің көркі. Ер елдің көркі.



  15. Еңбексіз құраған дәулет. Емсіз жабысқан дертпен тең.



  16. Еңбекке үйренем десең ерінбе.



  17. Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.



  18. Еңбек етсең ерінбей. Тояды қарның тіленбей.



  19. Еңбексіз жалқау еріншек. Көрінгеннен тілемсек.



  20. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.




Отан, туған жер, ел-халық туралы.


  1. Ел мен жер егіз.



  2. Ел іші алтын бесік.



  3. Жері байдың елі бай.



  4. Отан қуат, отбасы шуақ.



  5. Егемен елдің еңсесі биік.



  6. Әркімнің өз жері-Мысыр шаһар.



  7. Туған жердің түтініде тәтті.



  8. Отансыз адам. Ориансыз бұлбұл.



  9. Өз елің өзекке теппес.



  10. Елінен безген ер оңбас.



  11. Елің панаң, жерің анаң.



  12. Өз елім өлең төсегім.



  13. Туған жерің түсіңе кіреді.



  14. Ауылым алтын бесігім.



  15. Отан оттанда ыстық.



  16. Өз елің алтын бесік.



  17. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе.



  18. Ел даусыз болмас, жер даусыз болмас.



  19. Отан үшін отқа түс күймейсің. Арың үшін алыссаң өлмейсің.



  20. Елдің көркі елімен. Отан көркі желімен.




4-кезең: «Тамаша алтылық» Ойын шарты: 1-ден 6-ға дейін сандар тақтада жазулы тұр. Осы сандардан бірін таңдаймыз. Сұрақтарға жауап береміз.

1.Ана тілі: міне, сен өрісіңді тауып, жолыңды аштың. Ендігі қалған оқуда, одан арғы талап та осы ниетіңе жетектесін. Сен еліңе келіп, жалшылардың балаларын өнерлі, қайратты азамат етіп өсіріп шығарсаң, өз басың түгіл, менің де халық алдындағы көп қарызымды өтемес пе ең? Осы елдің жас буынына сен ұстаз боп, ақыл айтып отырсаң, мен арманы бар әке болам ба?-деп, үні өзгеріп барып тоқтады. Қай мәтіннен үзінді????

(Бұл үзінді «Әке арманы» мәтінінен үзінді)



2.Қазақ тілі: Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

3. Орыс тілі: Өз отбасың туралы орыс тілінде әңгімелеу.

4.Математика: Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Бұл көбейтудің қай қасиеті (терімділік қасиеті)

5.Дүниетану:Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді. (ойлау, сөйлеу алатындығымен)

6. Ағылшын тілі:Ағылшын тілінде сұрақтар: жауаптарында ағылшын тілінде айтады.

1.Сенің Отаның (Менің Отаным Қазақстан)

2.Сен қайда тұрасың? (Мен Рудный қаласынды тұрамын.)

3.Сен қай мектепте оқисың? (Мен № орта мектепте оқимын.)


5-кезең: « Полиглот» Ойын шарты: Әр топ үш-үштен жұмбақ жасырады. Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде айтады.

1.Қалқиып екі құлағы. Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц-rabbit )

2. Қыста киім тастайды. Көктемде киіне бастайды. (ағаш-дерево-free)

3.Қабат-қаьат қаттама.Ақылың болса аттама. (кітап-книга-book)

4.Дәу қара құс көрінеді. Көзінің жасы төгіледі. (бұлт-облоко-cIaud)

5. Жүрсе ізі жоқ. Сойса қаны жоқ. (қайық-лодка-boat)



6.Сырты жасыл қап-қатты. Іші қызыл тәп-тәтті. (қарбыз-арбуз-water melon)
Көрермендермен тренинг өткізу. «Психолгиялық мінездеме» деп аталады.

Ән шашу:
Каталог: uploads -> doc -> 0f2b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f2b -> Сабақ нөмірі: № Пән атауы: Қазіргі қазақ тілі Оқытушы аты-жөні
0f2b -> Үйірме жұмысы «Бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес техникалар»
0f2b -> Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет