Тәрбие сағаты: Достық әнін шырқаймыз Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі111,61 Kb.
#31929
Лермонтов атындағы № 17 жалпы орта мектеп

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Достық әнін шырқаймыз

Сынып жетекшісі: Набиева Л.А.

Сынып: 3 «Ә»

Шымкент қаласы

2016 – 2017 оқу жылы

Тәрбие сағаты: Достық әнін шырқаймыз
Мақсаты: Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін,салт-дәстүрін,өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым –қатынасы мен тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1 мамырға арналған ұран сөздер.Шар мен гүлдерден безендірілген сахына іші.Буклеттер,кітап көрмесі.
Сахнаға 2 жүргізуші 2 жақтан шығады.
1Ж: Ассалаумағалейкүм, құрметті ұстаздар!

2Ж: Саламатсыздар ма қадірлі ата-аналар!

1 Ж:2016ж-біздің еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толды.Бұл-қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістердің 25 жылы.

2 Ж: Ия,осы жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл толды. Бұл-бейбітшіліктің,келісім мен жасампаздықтың 20 жылы.

1 Ж: Біздің мемлекетіміз-бейбітшілікті жақтаушы,достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел.

2 Ж: Олай болса,бейбітшілікті,достықты, тыныштықты сақтай отырып,ел мүддесін бірінші кезекке қоятын,қуаты мен шуағы бірге астасқан ынтымақ мерекесі-1 мамыр Бірлік күніне арналған «Достық әнін шырқаймыз!» атты салтанатты кешімізге (екеуі бірге) қош келдіңіздер!
Әнұран .


Ғалымжан : Нұрға бөлеп даланы,

Жырға бөлеп қаланы.

Мамыр келіп сипады,

Кекілімнен самалы.



Алияна : Алып аспан күркіреп,

Ақ жауыннан сіркіреп.

Мамыр келді алдымнан,

Гүлдер шықты дүркіреп.



Ғалымжан : Ажарланды бар аймақ,

Тасығандай береке.

Мамыр келді арайлап,

Құтты болсын мереке!



Алияна: Сәулесі мен жарқынын,

Төксін ләйім күн нұры!

Қазақстан халқының,

Арта берсін бірлігі!



2.

Сахнаға шаңырақ іспеттес форманы көтеріп,ұлттық киімдегі түрлі ұлт өкілдері шығады. Ортасында-қазақша киінген ұл бала.
1.(қазақ) Ортақ мекен –жер шары, Нұрәли

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан



2.(орыс)Ортақ бізге бір Отан, Әсел

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ,жыр ортақ

Ортақ бізге барлығы.



3.(өзбек) Туған жерім тірегім Хадиша

Сен деп өстім,тіледім.

Бір сен деп үнемі

Соғады менің жүрегім.



4.(ұйғыр)Асқарлым менің,биік шың, Әлішер

Аялаған ән құсым.

Туған жерім армысың,

Қабылда елдің алғысын!



5.(кәріс)Ақпыз,сары,қарамыз, Гүлім

Бәріміз де баламыз.

Бір қалада тұрамыз

Бір мектепке барамыз



6.(қырғыз)Ақ,қара деп бөлмейміз, Арай

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз,татумыз,

Биіктерге өрлейміз!



7.(шешен)Тілегі бір,жүрегі бір, Баязит

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда,құрыштан да,

Берік біздің іргеміз.



8.(татар) Много слов сказано Айғаным

Сколько песен сложено

И стихов искренних,

На разных языках.



Барлығы: Достық-ұлттық туымыз,

Дос боламыз бәріміз!


Алияна : Хор: Ортақ мекен – жер шары
Алияна : «Туған ел» орындайтын Минаш Әділхан

3.
2 Жүргізуші шығады.

1 Ж: Жер –Ана бәрімізге ортақ.Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті,ынтымағы жарасып,бауырластықта өмір сүруде.

2 Ж:Қазақ жері-ортақ Отан,ортақ өлке болып,әр азаматтың мекеніне айналған. Кезінде аштыққа,репрессияға ұшыраған әр ұлт өкілдері Қазақстанға келіп,тұрақтап қалды.

Автор: 1944 жыл.Күздің қара суығы.Сталиндік саясаттың желеуімен үдере көшкен бір топ шешен жанұясы Оңтүстік Қазақстан облысына келіп қоныстанды.
Көрініс. Көңілсіз музыка ойнайды.
Сахнада шешеннің жаңадан көшіп келген жанұясы.Олардың киімі жүдеу.

Дасдарханда да ешнәрсе жоқ.1 ұл бала мен 2 қыз балалар жәутеңдеп стол басында кесені айналдыра төңкеріп отыр.Бір баласы төсекте ауырып жатыр.

Отағасы етік тігіп отыр.Ауру баланың қасында әйелі жүннен орамал тоқып отыр. Анда-санда баланың басына сулы орамалды тағып қояды.

Әйел:Отағасы-ау,мына бала ауру.Біздің ішерге тамағымыз жоқ.(жылайды)Енді не істейміз?Қайтіп күн көреміз?

Отағасы:Маған не істе дейсің? Менің қолымнан не келеді?Ертең басқармаға барып жұмыс сұраймын.Оған дейін мына қазақ көршілерден бидай сұрап келсеңші.Мына балалардан обал болды ғой.Олай етпесек болмас енді,- деп басын салбыратады.

Әйелі (аянышты)Балалар,қарындарың ашты ма?Жарайды,қазір көршіге барып келейін,-деп шыға бергенде қазақ көршісі кіреді.

Көрші: Қоныстарыңыз құтты болсын! «Көрші ақысы-тәңір қақысы»дейді біздің халық.Сіздерді мен ерулікке шақыра келдім.Біздің елде сондай жоралғы бар.Үйге жүріңіздер.Ауырып жатқан баланы көріп;ойбуй ауырып қалған ба? деп сұрайды. Қазір деп асығыс шығып,қолына май алып келеді.

-Мына жақпаны жағыңыз,бұл қойдың құйрық майы.Денедегі суықты бірден алады.

-Рахмет,айналайын.Не істерімді білмей сасып отыр едім...

-Е-е.Кімді оңып отыр дейсіздер.Әлі-ақ адам қатарына қосылып кетесіздер. Жүріңіздер,жүріңіздер.Біздің үйге барып шай ішіңіздер.Апам байқұс бағана диірменге бидай тартып,талқан істеген еді.


Ғалымжан: ән «Балдәурен» орындайтындар Ашенова Алияна, Айдынбек Хадиша

Автор:Көшіп келген шешен жанұялары қазақ жерін өздерінің екінші Отаны санап,өсіп-өніп жатты.Бүгінші шешен жанұясының тұрмысы;
4.
Көрініс.

Отағасы(газет оқып отыр):Біздің жанұяға қазақ жері құт болды.Тәубе.Бұған да мың тоба,шүкір.Есіктен ақ халат киген бір баласы кіреді.

-Әке,жағдайыңыз қалай?

-Ә,сен бе Магамед.Нәйлә да келді ме?

-Ия,әке,мен де келдім.(ол да ақ халат киген)Әкесін құшақтайды

- (әкесі қуанып)Әй,сендер қайда шықтыңдар?

-Біз жол жүргелі тұрмыз.Астана қаласында үлкен дәрігерлер семинарына біздің бәрімізді шақыртты.Өйткені,біз отбасылық дәрігерлерміз ғой,-деп күліп 3-ші баласы есіктен кіреді.

-Ия,мен де баратын болдым.Қалай қуанып тұрғанымды білсең ғой анашым,-деп анасын құшақтап бір қызы да кіреді. Отағасы:Айналайындар!Еңбектерің жансын!Қазақ еліне мың да бір рахмет!
Анасы: Қамқор да кішіпейіл халықтың арқасында сендер осындай күнге де жеттіңдер.Бәрің оқып білім алдыңдар.Тоба,тоба деп бәрі шығып кетеді.

Алияна: ән « Туған ел»

2 Ж шығады:

1 Ж: «Ел бірлігі-асыл қасиет»Бірлік,ынтымақ,сабырлылық пен парасаттылық,ең алдымен өзімізге-қазақтарға керек.

2 Ж: Біз көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі- Қазақстан халықтарының бірлігін,Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі-еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмірін мақтанышпен айта аламыз.

Компазиция: Оқушылардың қолдарында шар,жалауша бар.
1.Ағайын-туған,бар адам, Елдос 5.Біз тілейміз бар бөбекке, Әділхан

Адалдық үшін жаралған. Бақытты өмір сүргенін.

Барлық қымбат туыстық, Туған елге еркелеп,

Баянды болсын тыныштық! Қуанғанын,күлгенін.



2.Сусынымыз қанады, Толғанай 6. Біз –оқушы тең басқан Жансая

Өнер білім нәрімен. Дос құшағын елге ашқан.

Әлемдегі баланың Тілейміз біз бейбіт күн

Дос боламыз бәрімен. Ашық болсын кең аспан!



3.Сәулесі мен жарқынын, Айғаным 7. 134 ұлттың өкілі, Мұхтар

Төксін лайым күн нұры. Жүзге де бөлмей бауыр боп.

Қазақстан халқының Қазақстан халқының

Арта берсін бірлігі! Арта берсін бірлігі.



4.Достығымыз жарасқан, Асылжан 8. Ортақ жұтар ауамыз, Әсем

Ақпыз,қоңыр,сарымыз. Ортақ жарық күніміз.

Қара жер мен көк аспан, Достық-туған анамыз

Ортақ дала,тауымыз. Жердің ұлы-қызымыз.



5.

9. Жер-анамыз жасайды тарлық кімге, Хадиша

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып,жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.



10. Жалғыз ғана өзіңе сендік сүйіп, Гүлім

Сенің ғана атыңа келдік сыйып.

Саған саулық тілейміз,Адамдар мен,

Жұмыр жердің бақыты-бейбітшілік!




Хор: «Ақ көгершін»

2 Ж шығады.
1 Ж:Біздің ортақ үйіміз-Отанымызда бейбітшілік пен келісімді,адамдардың жүрегінде өзара түсіністік пен сенімді сақтай алдық.Қазақстандықтар ұлттық төзбеушілік пен өшпенділікке ұрынбастан,шынайы біртұтас халыққа айналды.

2 Ж:Осының бәрі алғашқы күннен бастап біз ұлттық келісімді өзіміздің басты басымдылығымыз және мемлекет саясатының өзегі ретінде айқындауымыздың арқасында ғана мүмкін болды.
Сахнаға Қазақстан халықтарының Ассамблея өкілдері шығады.Билеп біткен соң орындарына қайта келіп тұрады.

Орыс мәдени орталығы: Біздің елімізде ешқандай қақтығыс,төңкеріліс болған емес.Қазақстанда осындай тұрақты қалып болып,төбемізден күн күліп тұрса дейміз.Біз үшін басты қуаныш-барлық ұлттың өзара бір-біріне түсіністікпен қарауы.Жасасын Қазақстан!

(орыс частушкасы айтылады) Әсел


Өзбек мәдени орталығы: Мен ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтам.Қазір қазақ тамырларымыздан қыз алып,қыз беріп,тату-тәтті болып кеттік.Жүрегі кең бауырмал қазақ достарым да көп.Мың рахмет бауырластыққа! (жүрегінің тұсына қолын қойып,иіледі)

(өзбек биі) Хадиша, Жансая


Татар мәдени орталығы: Мүмкіндікті пайдалана отырып айтарым:қашанда жүзіміз жарқын,көңіліміз шат болсын!Ұлтаралық ынтымақты одан да мықты жүргізейік!

(татар биі) Айғаным, Елдос


Ұйғыр мәдени орталығы: Біз қазақ халқының шексіз дархандығына алғыс айтқымыз келеді.Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алса деймін.Өйткені біз-достығы,бірлігі мықты елміз!

(ұйғыр биі) Ұлпан, Әлішер


6.
Украйн мәдени орталығы: ҚР-да тұратын,мақтан тұтатын ұлттың бірі-біздер украйндармыз.Дініміз бөлек болса да,түпкі мақсатымыз бір.Қазақ жеріндегі жақсы тұрмысымыз туралы сырттағы бауырларымыздың аузынан естігенде төбеміз көке бір елі жетпей қалады.Жасасын,достықты жақтаған Қазақ елі!

(украйн биі ) Толғанай


Шешен мәдени орталығы: Ата-бабаларымыздың қалай келіп,тұрақтап қалғаны тарихтан мәлім.Қонақжай қазақ халқына өте ризамыз.Еліміз аман болсын! Бірлігіміз ажырамасын!

(шешен биі ) Баязит, Асылжан


Қырғыз мәдени орталығы: «Қазақ-қырғыз бір туған» демей ме дана халық!Дана халқымнан айналдым.Дара халқымнан айналдым!Достық деп соққан жүректеріңнен айналдым!

(қырғыз әні «Ало» ) Мұхтар, Арай



Кәріс мәдени орталығы: Біз барлық мерекелерде басқа халықтармен қосылып ән саламыз,би билейміз.Той тойлаймыз.Себебі,біз тыныштықта,шаттықта өмір сүріп жатырмыз.Осындай бақытты елде ғұмыр кешкенімізге,бізді бауырларына басқан қазақ халқына өте ризамыз.

(кәріс биі ) Гүлім


Үнді мәдени орталығы: Біздің ата-бабаларымыз Қазақстанға қоныстанғанда төрінен орын беріп,табағынан ас берген қазақ халқының дархан пейіліне шын ризашылығымызды білдіреміз.Ынтымақ жүрген жерде,ырыс та бірге жүреді екен.Біз Қазақстанның беделін одан әрі арттырамыз!

(үнді биі) Феруза


Қазақша киінген қыз көрермендерге сұрақ береді.
Достығымыз,ынтымағымыз одан да асқақтасын десек бірнеше сұрақтарға жауап берейікші:

1.Достық туралы Сіз қандай даналы сөздер білесіздер?

(Ынтымақ-достықтың белгісі.Ырыс алды –ынтымақ)

Сіз дұрыс жауап бердіңіз.Ендеше сахнаға шығыңыз.
2.Достық туралы мақал –мәтелді кім айтады?

(Достық түбі-береке,береке түбі-мереке.Бірлік болмай-тірлік болмас.Бірлігі жоқ ел тозады,бірлігі күшті ел озады.Еңбек етпей ер оңбас,бірлік болмай ел оңбас.)



Қазақ қыз:Өте жақсы.Сіз де жоғары,сахнаға шығыңыз.Олай болса,бәріміз тағы да ынтымағымызды,достығымызды білдіріп би билемейміз бе?

7.

«Қара жорға» барлығы билейді.(орнында қалады)
2 Ж шығады:

Алияна: Қазақстаным,Қазақстаным менің абатым!

Көркіңді көрсе-мейірі көздің қанатын.

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достықты бірге табатын.



Ғалымжан : Қазақстаным,Қазақстаным менің келбеттім!

Кең бесігіңде кемел еліңді тербеттің!

Кіндігі сенің қазағым үшін жер,көктің!

Алғысын айтам ақ жүрегімнен мен көптің!


Алияна: Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін қазақ,орыс,ағылшын тілінде орындайды.
Ғалымжан :Осымен 1 мамыр Ынтымақ пен Бірлік мерекесі күніне арналған «Достық әнін шырқаймыз!» атты салтанатты кешіміз өз мәресіне жетті.Кешті қорытындылау үшін сөз мектеп басшысына беріледі.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет