Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Біздің Президент ұлы көсемі» Мақсаты: Балаларға



Дата03.12.2016
өлшемі36,66 Kb.
#3064
түріӨмірбаяны
Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Біздің Президент ұлы көсемі»

Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.«Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтелдер,шарлар,туы.

Өтілу барысы:

-Армысың,қайырымды аспан ата!

-Армысың, мейірімді жер ана!

-Армысың,шұғылалы алтын күнім!

-Армысың,балабақша дос-жараным!

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.

Бейнетаспадан қазақ елі,тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.

Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалады.

Шеңберге тұрып,жаңа күнмен амандасады.

Бейнетаспадан тұңғыш президент жайлы фильмді тамашалайды

1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. . Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.

Өмірбаяны 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы. 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады.

1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).

Барлығы тұрып әнұранды айтады.

Біз 1-желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосу және бәсекеге қабілетті болуға бастаған күн деп те санаймыз.

Кім,не жайлы екенін өз сөздерімен баяндап береді.

а)Қазақстан Республикасының картасын көрсету.

-Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет.



ә)Мақал-мәтелдер:

«Халықтың ортақ үйі-Отаны.»

«Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.»

Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес.

Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз.

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

-Елордасы қай қала?

-Астана қандай қала

-Алматы ше?

б)Тұңғыш президенттің отбасы туралы әңгімелесу.

г) Президент мұражайынан көргендерін әңгімелеу.

ғ)Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу:



Дастан:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Арайлым:

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Айлана:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Қазақстанның картасынан еліміздің жер көлемімен танысады.

Тәуелсіз,егемен сөздерінің мағынасымен танысады.

Тұңғыш президент-Назарбаев Нұрсұлтан.

Алматы –бас қала

Астана- жас қала.

Мұражайдан не көргендерін ортаға салады.

Елбасының отбасы,өскен ортасы,туған жері туралы өз түсінгендерінше әңгімелейді.

Президент жайлы менде өлеңдім айтайын.

-Елін сүйген еңселім де, еркінім,

Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.

Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!

Қорытындылау.

Бүгіннен бастап бүгінгі ұрпақ та ,дүниеге әлі де келер талай бір ұрпақтар да тарихы маңыздылығы жылдар көші ұзаған сайын терең айқындалып, анықтала түсер 1-желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп мәңгілік атап өтер де, бұл күнді 21 ғасырдың алып та көрнекті тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін мәңгілік ел болуға бастаған күн деп те әспеттей беретіндеріне бек сенімдеміз.



Ән: Көк тудың желбірегені.

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен тәрбие сағатын аяқтаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 0fef
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fef -> Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі А. Азмағанбетова
0fef -> Сабаққа қатысқандар: Сабаққа қатыспағандар: Сабаққа негізделген оқу мақсаттары
0fef -> «Индустриялық инновациялық Қазақстан» Қазақстан индустриалды-инновациялық даму жолында


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет