Тәрбие сағатының құрылымы: І. Ұйымдастыру ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі308,59 Kb.
#30145
  1   2   3
Тақырыбы: Табиғатты аяла

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбие сағатының құрылымы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын (постермен жұмыс)

ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа

2.Тіршілік көзі –су

3. Табиғат байлығы – өсімдіктер

4.Орман сәні –құстар

5.Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар



IV Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!»

V. Ой-толғау (Үй тапсырмасы) «Мен табиғатты сүйемін»

VI. Табиғаттың әсем көрінісі (таныстырылым)

ҮІІ. Міне, қызық!

ҮІІІ. «Арманына жеткен ағаштар» көрме

ІХ. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту

Х. Сабақты қорыту.Ән шашу « Атамекен »

І. Мұғалім: — Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын білу үшін, мына үнтаспаны тыңдайық. (Оқушылар үнтаспадан судың сылдырын, құрсың дауысын, араның ызыңын естиді. Осыдан барып естігенін қағаз бетіне түсіреді.)

ІІ. Оқушылар салған суреттерді талдай келе, бүгінгі күннің тақырыбын жариялаймын. «Табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ІІІ. Табиғат әлеміне саяхатқа шығайық:

Ондағы мақсатымыз: сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!



Видеоролик «Табиғат деген не?»

Табиғат дегеніміз не? Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?

Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…

Олай болса,оқушылардың өлең –шумақтарына кезек берейік.



1.Аружан: Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.



2.Аяжан: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!



3.Амандық:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.



4.Ұлан:Қадір тұтып табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.



5.Әмина: Ашық болса менің байтақ аспаным,

Туған жерім бітпейтін мол дастаным.

Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,

Керегі не, керегі не басқаның



6.Мадина:Туған жерім өзіңе не жетеді,

Далам мені мәпелеп тербетеді.

Құшағыңда ең алғаш перзенттерің

Балғын жырын бұлақтай селдетеді.



7. Ясмина: Табиғат, қызығамын сенің суретіңе,

Бас иемін сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.



8. Еламан: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек жырын бәріміз.



9. Евгений: Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын

Саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

Ясмина: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут қана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.



Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?



Аружан: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.Туған еліміздің тамаша табиғатының бір байлығы «көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер.

Мен сүйемін сылдыраған салқын суды,

Судағы салқындаған қаз бен қуды

Мен сүйем күн шығарда көтерілген

Көгілдір көк жібектей көкшіл буды.

Мұғалім:Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.

Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?



Аяжан:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкеміздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман- сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?

Евгений: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. (Еламан)

Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. (Ясмина)

Қарға қарқылдаса -қар жауады.(Әмина)

Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.(Аяжан)

Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.(Ұлан)

Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.(Мадина)

Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.(Аружан)



  • Құмырсқалар илеуінен шықпаса, жаңбыр жауады.(Евгений)

Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)

Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады.

Амандық: Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті –жануарлар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.

Мұғалім: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

Мұғалім:Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.

Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады.



ІҮ.Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!»

Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Айдай әсем бол! Қыстың ақша қарындай сұлу бол!Бұлақтай мөлдір таза бол! Жұлдызың жарық болсын! Айың оңыңнан тусын!Көңілің көлдей шалқысын! Гүлдей жайнай бер! Таудай талап бер!Қызғалдақтай құлпыра бер!



Ү.Ой-толғау: Мен табиғатты сүйемін

(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отырған шағын шығармалар солардың ішінен таңдап алынғаны)



Ясмина: «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім.

Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.

Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!»

Мұғалім:(` Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң)

Ұлан мен Ясмина табиғаттың әдемілігін осылай жырласа, қалған оқушылар өлеңмен былайша өрнектепті. Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші.

ҮІ.Табиғаттың әсем көрінісі (таныстырылым)

(АКТ-мен әзірленген әсем табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады)



Аружан: Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік –биік шыңдарым да әдемі.



Аяжан:Айдын көлде аққу қандай әдемі

Сұңқар құстың самғағаны әдемі

Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі



Евгений:Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.



Мадина:Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!



ҮІІ.Міне, қызық! Ең аумағы үлкен ағаш-бәріміз білетін фикус тұқымдас баньян ағашы. Оны тоғай ағашы деп те атайды. Себебі баньянның діңі басқа ағаштар секілді біреу емес, бірнешеу. Оның жас шыбығы жан-жаққа бұтақтарын жаяды. Ал бұл бұтақтардан жапырақтар ғана емес, тамырлар да өсіп шығып, төмен иіледі. Ең үлкен баньян ағашының 4 мыңнан астам діңі бар екені анықталған.

Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяқтарын жасайды. Бұл өсімдіктің аты-бамбук. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бамбук ауа-райы ыстық Қытайда, Үндістанда, Кавказда, Африкада өседі.

Дүниежүзіндегі ең биік ағаш-алып Эквалипт. Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбінен ойып, отбасына үй жасайды., түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті атқорасын да соның ішінде жасапты дейді.

Каталог: BEDFC24BAFF83CC1
BEDFC24BAFF83CC1 -> Жамбыл 1846 жылы туған. Ақпанның үскірік боранында атасы Ыстыбайдың ауылы үдере көшіп, Шудың бойына қарай бет алады. Ыстыбайдың немересі, Жабайдың үшінші перзенті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Семинар Шығармашылық жазу жұмыстарының тәсілдері Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
BEDFC24BAFF83CC1 -> Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Сабақтың тақырыбы: Математикалық ғаламға саяхат Сабақтың мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Осылай ел халқының, келген қонақтардың асыға күткен ескерткіштің ашылу салтанаты басталып та кетті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ағылшын тілін оқытудағы ойынның маңызы және оның түрлері
BEDFC24BAFF83CC1 -> Махаббат қайда деме жүрегіңде
BEDFC24BAFF83CC1 -> Cынып озаты Сабақтың мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы. Қазақ-тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет