Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта» Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі102,57 Kb.
#5152
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта»

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақын – А. Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Көрнекіліктер: электронды оқулықтар, интербелсенді тақта, проектор, бүктемелер, кітап көрмесі

Эпиграф:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз. .



Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі:

Құрметті қонақтар, оқушылар! Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана , Абай – дара қазақта» тақырыбында 10 сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М. Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

1 – оқушы. Ақжолтай: Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүние ге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала - Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.

Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

Туған елінің, Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.



2 – оқушы. Ерлік: Ізденіс жолында

Абай медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайт қаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н. И. Долгополов және Е. П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.


Абай дүние жүзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының еңбектерін оқиды. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философиялық және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Атақты данышпан Сократтың да шығармасын білген.
Абай В. Г. Белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. А. С. Пушкин шығармаларын оқып, үлгіге тартқан. «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды «Амал жоқ, қайттым білдірмей» /«Татьяна хатына»/ әнін шығарды. Сондай-ақ И. А. Крылов,

М. Ю. Лермонтов, И. Гете шығармаларынан да аударды.


3 – оқушы: Құттыбек «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»

4 – оқушы: Алтынай - «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Мұғалім сөзі: Абай табиғат лирикасына көп көңіл бөлген. Сондай өлеңдерінің бірі – «Қыс» өлеңінде қысты адам бейнесінде кейіптейді.Сол туралы электронды оқулықтан тыңдап көрелік.

5 – оқушы: Рабиға - «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»

6 – оқушы: Инабат - «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

7 – оқушы: Ақерке – «Құлақтан кіріп бойды алар»

Ерлік:

Ақжолтай: Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмаларын жазды. «Ескендір» поэмасынан үзінді оқу.

Мұғалім сөзі:

Абай әндері: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдени еттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - демекші Абай әндеріне кезек берейік.

Ақерке: «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»

Мұғалім сөзі: Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіш тер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арнал ған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Сондай мұражай туралы бейнекөріністі электронды оқулықтан тыңдап көрелік.

Мұғалім сөзі: Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады. Абайдың қара сөздеріне кезек берейік.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философия лық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Алтынай: 31- ші қара сөзі:

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі-көкірегі байлаулы болмақ керек. Екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғыну керек. Үшінші - сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдеріне: уайымсыз, салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.



Рабиға: (оқушылар шығармашылығы) «Абай – дана, Абай – дара қазақта»

Мұғалім сөзі: Абай шығармалаы туралы тағы не білеміз?

Инабат:

Ақерке:

Құттыбек: «Дүние де өзі мал да өзі»

Алтынай: Абай өлеңдерінің тілі

Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.

Қорытынды. Мұғалім сөзі: Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғын дары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті

1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді. Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды. Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.



Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте шаманизмдік түйсіктер]] мен түсініктер басым болды. Қос дінділік қазақ халқының сол кезеңдегі наным-сенімі мен дүниетанымынан айқын байқалады. Шаманизмдегі негізгі категория-«Тәңірі», исламдағы - «Алла» қазаққа тән ұғымдар. Шаманизмде тәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы «жын» болса, исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы «періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті өміріңде шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі - жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде - өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын қожалар болды. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды. Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.[12]

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет