Тәрбие сағатының тақырыбы: Абайла, балақай!



Дата16.05.2020
өлшемі17,8 Kb.
#69017
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Word (5)


Тәрбие сағатының тақырыбы: Абайла, балақай!

Сабақтың мақсаты: 1.Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түсініктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.

2. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.

3. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер , Бағдаршам, жол белгілері, схема

Барысы:


І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе.

Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.

- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?

1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.

3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.

4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау - саламат жүреміз.

Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.

- Балалар, жол деген не?

5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.

- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?

6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.

- Тротуар деген не?

7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.

- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?

8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,

Жайбасардың, баяудың.

Машинаның жолы – көше ортасы,

Соны ұмытып кете көрме, аяулым.

- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?

Хормен: Жол белгілері

- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?

10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)

деп атайды.

ІІІ. Көрініс. (Музыка әуенімен жол сақшылары шығады. Бір бала жолдың бойына жүгіріп шығады)

Ей, бала! Сен неге жолда жүру ережесін бұздың?

Ол қандай ереже? Мен бұл ережелерді білмеймін.

Ендеше бізді тыңда, Біз саған түсіндіреміз.

(Ысқырады, қасына қалған реттеушілер келеді)

1-бала: Бас көшеде қырағы

2-бала: Үш көзді дәу тұрады

3-бала: Ашса кезек үш көзін

4-бала: Айтты деп ұқ үш сөзін

5-бала: Тоқта!Сақтан!жол ашық!

1-бала: Жүрме жолға таласып.

2-бала: Қызыл көзін ашқанда

Бәрі: Сынық сүйем, баспа алға!

3-бала: Сары көзін ашқанда

Бәрі: Қарап қалма аспанға.

4-бала: Жасыл көзін ашқанда

Бәрі: Өте бергін, жасқанба.

Рахмет. Енді түсіндім. Жолда жүру ережесін бұзбайтын боламын.

(Музыка әеунімен бәрі шығады)

ІҮ. Жол белгілері бойынша балаларды топқа 5 бөлу

Ескерту белгісі:

Қып - қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған.

Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты

Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.

Нұсқау белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолында

Абай бол, шартымды міндетті орында.

Ақпаратты-көрсеткіш белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.

(Әр топ өз белгілері туралы айтып, қорғайды, балалар бағалайды)

Ү. Әр топқа тапсырма: Үйден мектепке дейінгі ең қауіпті жолды және ең қысқа жолды көрсет.

Біздің ауданда бағдаршам жоқ. Жолды қалай кесіп өту керек?



Көрініс

ҮІ. Қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет