Тәрбие сағатының тақырыбы «Тұңғыш Призедент» Мақсаты



Дата01.12.2016
өлшемі84,58 Kb.
#2916
№6 Шұбарқұдық негізгі мектебінің мұғалімі: И.Жұманова

Күні:28.12.2015ж



Сыныбы:8

Тәрбие сағатының тақырыбы «Тұңғыш Призедент»
Ма
қсаты: 1.қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы          
                     Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет  
                     еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;
                   2.елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын   
                     сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге 
                     тәрбиелеу;
                  3.шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  
                    ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев  
Әнұран орындалады.
1-   жүргізуші Перизат: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2-   жүргізуші  Хамза. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұңғыш Призедент» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 
1-жүргізуші: Саламат сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші Хамза: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Перизат сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 25 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1-    Жүргізуші Перизат. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 
2-    Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін тыңдайық.
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
 1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
 2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Туған жердің жайқалған алқабы егін
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 
І жүргізуші: Қазақстан
 Қазақстан дейтін менің бар елім,
 Жатыр алып жарты дүние әлемін!
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
 ІІ жүргізуші: 
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
 Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
 Бұның бәрі Елбасының арқасы.
І жүргізуші: Шықты тарап ой-данадан,
 Бері қарап жұлдыз беті.
 Өзі қалап сайлап алған,
 Елімнің бар Президенті
ІІ жүргізуші: Оянады көңілден қайдағы арман,
 Бақыт желі ескендей жайлап алған.
 Президентім бар менің елі түгел,
 Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
  
Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер»
1-оқушы:  Мерлан
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың,
Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері, 
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың.
2-оқушы:  Гүлсана
Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр,
Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,
Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:  Нұрсая
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.
4-оқушы:  Айдос
Жесірге  пана,қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға,
Саған  сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
Оқушы Монологы. «Менің Президентім».  Гулнұр
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.  
Оқушы Монологы «Менің Президентім». Мерлан 
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?
Ән: «Жаса Қазақстан»
 1- оқушы. Әділ
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2- оқушы. Әбділдә
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы. Біржан
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4- оқушы. Нұрсая
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
5- оқушы. Нұрбақыт
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
6- оқушы. Әлібек
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
7- оқушы. Гүлсана
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.
8- оқушы. Нұрдана
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
І жүргізуші Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. 
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.
ІІ жүргізуші 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.
І  жүргізуші 
Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ІІ  жүргізуші 
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.
І  жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
ІІ  жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды
І  жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.
ІІ  жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.
Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.                                          
І  жүргізуші :   Шаңырақ –Отан отбасынан  басталады.ортақ шаңырақ  биік ,босаға берік  болсын деген  мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін  дегенді  білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің  шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің  жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай  берсін» деген асыл  арманды арқалап тұр
ІІ  жүргізуші :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында  шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі  бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.                  
І жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
 Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
ІІ  жүргізуші :
1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Нұрбақыт «Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
                                                       
І  жүргізуші :Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

ІІ  жүргізуші :  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан.


Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
1-оқушы: «Елбасына» Әділ 
Ауыр күнді артымызға тастауы – 
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
2-жүргізуші:  
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                                 
1 -жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші:  Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
 Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында
Каталог: uploads -> doc -> 10c0
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10c0 -> Сабақтың тақырыбы: Қысқа және орта мерзімді жоспарлау Жалпы мақсаты
10c0 -> Сабақ Математика. 6 сынып. Рационал сандарды салыстыру
10c0 -> СабақТЫҢ Әзірлемесі пән: «Электрлік өлшемдер»
10c0 -> Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!»
10c0 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекші есебі. Психологиялық дайындық. Тіл дамыту кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет