Тест спецификациясы Тапсырма: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын химия



Дата01.07.2018
өлшемі54,5 Kb.
#45252
Тест спецификациясы
1. Тапсырма: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын химия пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.

3.Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушыларының химия пәнінен білім деңгейлерін анықтау.

4.Тест мазмұны:

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 10 тапсырма, екінші деңгей – 6 тапсырма, үшінші деңгей – 4 тапсырма.



Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады.




Тақырып



Тақырыпша

01

Жалпы химия


01

Химияның негізгі түсініктері және заңдары

02

Реакцияның типтері

02

Бейорганикалық химия


01

Оттегі. Жану

02

Оксидтер

03

Сутек

04

Қышқылдар

05

Тұздар

06

Су

07

Ерітінділер

08

Негіздер

09

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыстар

03

Жалпы химия


01

Атом құрылысы

02

Химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі

03

Есептер

04

Электролиттік диссоциация теориясы

05

Ион алмасу реакциялар

04

Бейорганикалық химия

01

Бейметалдардың жалпы сипаттамасы және алыну жолдары

02

Күкірт және оның қосылыстары

03

Азот және оның қосылыстары

04

Фосфор және оның қосылыстары

5.  Тест жоспары:

I жартыжылдық: Жалпы химия - 10 тапсырма

Бейорганикалық химия - 10 тапсырма

II жартыжылдық: Жалпы химия - 10 тапсырма

Бейорганикалық химия - 10 тапсырма

6.Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар химия курсынан меңгеруі тиіс:

- химиялық заттардың формулалары, химиялық реакциялардың теңдеулері, химиялық элемент, атом, молекула, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса, химиялық реакциялардың типтері, атом құрылысы, ядро заряды, протон, нейтрон, электрон, электрондық орбиталь, иондар, изотоптар, химиялық байланыс, аллотропия, моль, мольдік масса, мольдік көлем, Авогадро тұрақтысы, реакцияның жылу эффектісі, реагенттер, металдардың белсенділік қатары, бейтараптану реакциясы, катализатор, электртерістілік, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш, тотығу және тотықсыздану, тотығу-тотықсыздану реакциялары; оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар, генетикалық байланыс; индикаторлар;

- негізгі заңдарды: зат массасының сақталу заңы, зат құрамының сақталу заңы; Д. И.Менделеевтің периодтық заңы, Авогадро заңы;

- химияның негізгі түсініктері: электролиттер, бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация, диссоциациялану дәрежесі, аниондар мен катиондарға сапалық реакциялар, бейметалдар.

- заттарды алудың жалпы әдістері, өндірістік синтездің заманауи технологиясы туралы түсінік;

- бейорганикалық заттардың кластары және олардың генетикалық байланысы;

- заттар мен материалдарды өндіруде, қоғамның дамуында және адам денсаулығын, табиғатты қорғаудағы химияның өскелең рөлі;

- қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғау және салауатты өмір салтын (тамақтану үйлесімділігі, тыныс алу) ұйымдастырудың химиялық жолдарын.

7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.



8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

Тест нұсқаларының баламалылығы:

-тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

9. Тапсырмалар формасы:

Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.



Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет